Пәні ; Кәсіптік педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының психологиялық аспектілері, сондай-ақ осы әрекеттің қарқынды дамуына немесе тежелуіне әсер ететін жеке тұлғалық ерекшеліктер.
Негізгі міндеттері:
Педагогтың шығармашылық әлеуетін және олар арқылы педагогикалық стереотиптерді жою мүмкіндіктерін анықтау;
Ұстаздың эмоционалдық тұрақтылығын зерттеу;
Ұстаз бен оқушы қарым – қатынасы даралық стилінің оңды ерекшеліктерін анықтау.
Педагогикалық психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы. Педагогикалық психологияның басқа ғылым салаларымен байланысу себептері:
Біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады.Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі (оның шыңы – жаратылыстану ғылымдары,оның тағандарының бұрыштары – философия және қоғамдық ғылымдар, ал ортасында осы ғылымдармен психология түйісіп тұр).
Екіншіден,білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені тасымалдаушы болып табылатындығында және осындай мәдениетте өркениеттік білімдердің таңбалық,тілдік формада шоғырлануында.
Үшіншіден, пәннің өзі танып білуші, тануға үйретілуші, басқа да көптеген ғылымдар тарапынан зерттелетін адам болып табылуында.
Педагогикалық жас ерекшелігі психологиясының өзара байланысы зерттелу объектісі – бала, жеткіншек,жасөспірім – ортақтығымен түсіндіріледі.Жас ерекшелігі психологиясы әр жас кезеңдеріндегі адам психикасының дамуын зерттесе, педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы адамның даму заңдылығын зерттейді.
Жас ерекшелігі психологиясының принциптері:
Белгілі бір жас кезеңі жеке дара зерттелмейді, ол жалпы тенденция бойынша осы жасқа дейінгі мен кейінгілерді ескере зерттеледі;
Жас ерекшелігі (хронологиялық шеңбер және мазмұн) статистикалық емес, олар қоғамдық – тарихи факторлар арқылы анықталады;
Әрбір жастың қоршаған ақиқат орта мен өзінің іс-әрекетіне қатысты ұйымдастырылған даму резервтері болады;
Бір жастан екінші жасқа өту ондағы психологиялық жаңа сапалардың қалыптасуымен, яки басты әрекет типінің өзгеруімен, дамудың әлеуметтік жағдаяттарымен, адамның қоршаған ортамен қатынас типімен және т.б. анықталады.