М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi
«Бекітемін»
Педагогикалық факультет деканы
_______________ Т.А.Ботагариев
«_____»___________2009 ж.
Жалпы педагогика және информатика кафедрасы
Педагогикалық психология
Пәнінің оқу - әдістемелік кешені
050115 «Құқық және экономика» мамандығының
2 курс студенттеріне арналған
Курс-2
Семестр-1
Кредит саны-3
Дәріс-30 сағат
Практикалық сабақ-15сағат
ОЖСӨЖ-45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан-1-ші семестрде
Барлыгы- 135 сағат
Орал, 2009 ж.
Пәннің оқу әдістемелік кешені Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің; 4.08.2003ж.№289 бұйрығымен мемлекеттік білім беру стандарты бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Құрастырушы оқытушы, магистр Жароллаева Жамиля Жароллаевна, аға оқытушы Каиргалиев Темиргали Каиргалиевич
Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі _________________ Какимова А.А.
Жалпы педагогика және информатика кафедрасы мәжілісінде қаралды
№ ___ хаттама «____»__________________200...ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ Медешова А.Б.
Факультет ОӘК төрағасы __________________ Иргалиев А.С.
2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы –SYLLABUS
Оқытушы туралы мәлімет
Жароллаева Жамиля Жароллақызы «Жалпы педагогика және информатика» кафедрасының оқытушысы, магистр, Каиргалиев Темиргали Каиргалиевич аға оқытушы.
Пән туралы мәлімет
№ 013-361,04.09.2009 ж. бұйрықтың көшірмесіне байланысты осы мамандықтар мемлекет аралық бақылаудан тест тапсыратындықтан педагогикалық психология пәнінің ішінде
жалпы психология пәнінің де мәселелері қарастырылған.
Сабақ кестесі
15 оқу аптасынан және 2 сессия аптасынан тұрады. Аптасына 3 кредит – 4 сағат өткізілді деп болжанады, әрбір кредит-сағат 1 байланыс сағатынан (дәріс, семинар) және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысынан тұрады.
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Байланыс сағаты
дәріс1
|
50 мин
|
Практикалық сабақ
|
50мин.
|
Байланыс сағаты
дәріс2
|
50мин
|
СОӨЖ, СӨЖ
|
50мин.
|
Байланыс сағаты
дәріс3
|
50 мин
|
Практикалық сабақ
|
50мин.
|
Кредит саны . Өту орны № 1,3,7,. оқу ғимараттары, сабақ кестесі бойынша.
Оқу жоспарынан көшірме
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
2
|
1
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
Емтихан
|
Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы.
Қазіргі даму кезеңінде педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға теориялық және практикалық дайындығы бар, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын меңгерген, өз бетімен білім алып, түрлі жағдайлардан шешім тауып шыға алатын педагогтарды қажет етуде.
Курс мақсаты – студенттерге адамды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негіздерін меңгерту.
Курс міндеттері: студенттерге психология ғылымының негізгі ұғымдарын, адам дамуының негізгі факторларын, жеке тұлғаның қалыптасуы ерекшеліктерін меңгерту.
Курс мазмұны: курс дәріс, практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік және оқытушымен өткізілетін өзіндік жұмыстары арқылы жүргізіледі. Студенттер кәсіби білім, біліктіліктер және дағды, іскерліктерді меңгереді.
Пререквизиттері:
- Жалпы орта білім беру мектептерінің оқу пәндерінің базасы.
Постреквизиттер:
- Студенттер бұл пәнді оқып бітіргеннен кейін мектептегі педагогикалық процеске жетекшілік етуге қажетті білім, біліктіліктерді меңгереді;
- мектептің тәрбие мақсаттарын, міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістер, ұйымдастыру формалары және құралдарымен танысады;
- мектеп мұғаліміның кәсіби мәдениетінің негіздерін игереді;
- курс бойынша меңгерген материалдар кейінгі курстарда өтілетін психология ғылымының салаларын меңгеруге жағдай жасайды.
Оқыту әдіснамасы. Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы өткізіледі.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Сабақ мазмұны мен кестесі
АПТА 1
1 кредит сағат
№ 1 дәріс
Тақырып: Психология пәні, міндеттері және әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |