«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет51/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиелеу теориясы мынадай жалпы ғылыми және жалпы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді: ғылымилық, адамгершілік, диалектикалық теория мен жүйелілік, саналылық, қол жетерлік тәжірибелердің байланысы. Осы тәжірибелердің тексерілген ұстанымдық талдауына сүйенсек, оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас пен жекелену педагогикалық шеберліктің білім және басқа да заңдылықтар мен сабақтастығында ерекше қасиет. Бірақ, бұл заңдылықтар өздігінен шеберлікке ие болу жолдарын көрсетпейді және оның негізгі мінездемесі болып табылмайды. Толық жауап алу үшін психологиялық-педагогикалық теориялар мен тәжірибелер жетістіктеріне терең талдау қажет.
Б.Скиннердің айтуынша, “Үйрету технологиясы – психология жетістіктерін педагогикада қолдану”. Оқытудағы жаңа технологияның нығаюы тұлғалық қызметтің педагогикаға ықпал етуімен тығыз байланысты. Мұндай ықпал ету белгілі мағынада әрекетшіл және өзіндік парадигмаларды педагогикалық психологияда теңестіреді.
Өмір педагогиканың алдына ұстанымдық жаңа мәселелерді ұсынады.
Фрейдтың шәкірттері Вильгельм Рейх, кейінірек Фредерик Перлз адам ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтарды жеңіп шығуы қиындықтан құтылудағы, өзгеруге тырысуындағы үрдіс болып табылады деп тұжырымдаған. Адам қиындыққа ұшыраса не қауіп төнсе уайымға беріледі. Яғни, төнген қатерді аса әсірелеп, күшейтіп жеткізу адамның қорғану әрекеттеріне шек қояды.
Мұғалімнің өзін-өзі актуаландыруындағы әрекеті өз талабы мен әлеуеттік мүмкіншілігіне негізделген. Өйткені, ол өзін дамыту, тәжірибелерін кенейту арқылы өз білімін көтеріп, білгенін өзгеге сіңіреді. Осы тұрғыдан алғанда, тұлғалық өсу заңдылығы өзін-өзі актуаландыру және қорғау, манипуляциялау қасиеттерін дамытудың балама жолдарын ұсынады:
адекватты қабылдауға тырысу, құштар болу;
өз бойыңа табиғилық, өзгергіштік қасиеттер дамыту;
өзіңді де, өзгені де сынаусыз қабылдай алу, философиялық көзқарас пен қалжыңды таразылай білу;
мүмкіншілігінше еркін жүруге, өз ойыңа және сезіміңе сенімді болуға, өзіңнің алдыңда адал болып, әр нәрсеге жауапкершілікпен қарай білуге тырысу керек;
өз шығармашылық қасиеттеріңді дамытып, мұқтаждығың мен қалауыңа мұқият болу қажет;
күресе білу, жинақылық, амал таба білу сияқты қорғану қасиеттерін танып білу, сезіну;
өзгемен бірлесе алу, оның өзіндік құқығын сыйлау, яғни өзіңді тең санау қасиеттерін дамыту.
Педагогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық мәдениеттің прагматикалық және руханилылық бөліктерінің арасында органикалық байланыс бар. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.
Педагогтің жеке-дара мәдениеті – тұлға әлемі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады, іс-әрекеттің кәсіби және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жағдайында туындайды.
Кәсіби мәдениет – еңбек нәтижесі мен адамзаттың жалпы мәдениетінің өнімі. Тұлғалық мәдениет дегеніміз, әлеуметтік іс-әрекеттің әр түрлі формалары арқылы әлеуметтік шараларды ережеге сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы, ал білім беру жүйесінде педагогтің қызметтік мәртебесіне барабар. Мұғалім-кәсіпкердің әлеуетті құндылығы осы мәдениеттің кірігуі мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Мәдениет өзін-өзі реттеу негізінде әлеуметтік-кәсіби ортада қалыптасып дамиды.

2. Педагогикалық қызметтегі оқытушылардың инновациялық - креативтілік мәдениеті.


Мектеп оқытушысының “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы төмендегі мәдениеттерді қамтиды:
материалдық және рухани;
тұлғалық және әрекеттік;
қарым-қатынас және тәртіп;
ізгіліктілік және әдіснамалық.
Басқаша айтқанда педагогикалық мәдениет феноменін педагог-профессионал тұлғаның интегралдық сапасы ретінде, тиімді педагогикалық қызметтің шарты және алғы шарты ретінде, оқытушының кәсіби құзіреттілігінің жалпылама көрсеткіші ретінде және кәсіби өзін-өзі жетілдірудің мақсаты ретінде қарастыруға болады.
Әдістемелік негіздеу тұрғысынан инновациялық – креативті мәдениет моделін аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық элементтері құрайды.
Инновациялық – кретивтілік мәдениеттің аксиологиялық компоненті адамзат құрған жоғарғы мектептің қалыптасуының қазіргі заманғы даму кезеңінде біртұтас педагогикалық құндылықтар жиынтығынан құралған. Педагогикалық қызмет үрдісінде оқытушылар идеялар мен тұжырымдамаларды меңгереді, педагогикалық қызметтің ізгілік технологиясының құрамдасы білім мен іскерлікті игереді және олардың нақты өмірде қолданыс табу деңгейіне байланысты қаншалықты дәрежеде маңызды екенін бағалайды. Осы сәтте қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін аса маңызды идеялар, тұжырымдамалар педагогикалық құндылықтар болып табылады.
Педагог педагогикалық құндылықтарды мойындай отырып, педагогикалық қызметті меңгеріп, дамытқанына қарай, педагогикалық капиталды игергеніне байланысты өз ісінің шебері болады. Жоғары мектеп пен педагогикалық ойлардың тарихы – бұл үнемі бағалау, қайта аңғару, түсіну, құндылықтарды орнату, белгілі идеялар мен педагогикалық технологияларды жаңа жағдайға көшіру процесі. Ескіден, дәстүрліден жаңаны көре білу, оны абыройына қарай бағалау, оқытушының педагогикалық мәдениетінің айқын компоненті.
Инновациялық-креативтілік мәдениетінің технологиялық компонентіне оқытушының педагогикалық қызметінің тәсілдері мен әдістерін жатқызуға болады. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен жетістіктері тұлғаның іс-әрекет процесінде меңгеріледі және құрылады. Бұл – мәдениет пен іс-әрекеттің үзілмес байланысын дәлелдейтін факт.
Педагогикалық қызмет өз табиғатында технологиялық, сондықтан оны әр алуан педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, ол тарихи ауысып отыратын әдістер мен қарым-қатынасқа байланысты іс-әрекет бағыттылығын түсіндіреді. Нақ осы жағдайда педагогикалық мәдениет педагогикалық шындықты реттеу, сақтау, қайта жаңғырту және дамыту функциясын атқарады.
Инновациялық-кретивтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компоненті шығармашылық акт ретінде оны игеру және іске асырудың механизмін ашады. Оқытушының дағдыланған педагогикалық құндылықтарды иемденуі тұлғалық-шығармашылық деңгейде өтеді. Педагогикалық мәдениетқұндылықтарын игере отырып, тұлға оларды қайта өзгерту, өзінше беруге қабілетті, бұл оқытушының тұлғалық ерекшеліктері және оның ғылыми-педагогикалық қызмет сипаттарымен сипатталады.
Инновациялық – креативтілік мәдениеттің эвристикалық компоненті “эвристиканың ұғынымдылығы” атты когнитивті эмпирикалық әдісі түсіндіреді. Эвристика – қарапайым тиімді ойлау стратегиялары. Эвристиканың ұғынымдылығы айқын сипаттамалар негізгі базалық статистикалық ақпаратқа қарағанда нанымды екенін көрсетеді.
3. Жоғары мектеп оқытушысы өзінің кәсіби іс-әрекетінің ерекшелігіне байланысты ғылыми және педагогикалық шығармашылықты үйлестіреді. Әрине, ғылым іс-әрекет сипаты, ғылыми міндеттерді шешу алгоритмін педагогикалық тұрғыдан себептестігінің заңдылығын зерттейді. Бірақ, педагогикада шығармашылық процесс сұлбасы жалпы түрде эвристикалық ашылған шығармашылық құрылымына сәйкес келетіні белгілі. Бұл жағдай мазмұндық жоспарда сәйкестік фактісі орын алса, процессуалдық қарым-қатынаста педагогикалық шығармашылық ерекшеліктер қатары табылғандығымен маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет