Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Педагогикалық қарым-қатынастағы коммуникативтік міндеттердің орындалу сатылары.
Педагогикалық қарым-қатынас бөліктері
Коммуникативтік міндеттің өнімділігі байланысты
Коммуникативтік дайындықты жүзеге асырудағы элемменттері
Студенттерді педагогикалық қарым-қатынасқа тәрбиелеу жолдары
10 тақырып. Педагогикалық қарым – қатынас шеберлігі.
Жоспары:
Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік, оның мәні
Педагогикалық қарым ‒ қатынас қызметі, құралы, түрлері
Педагогикалық қарым ‒ қатынастағы мұғалімнің тілі
1.Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.
Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника.
Педагогикалық қабілеттілік.
Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиеленушілерінің, ата-аналарының, бүкіл жұртшылықтың тарапынан мұғалімнің жеке басына, оның моралдік бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді. Ең бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап – педагогикалық қабілеттіліктің болуы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін ол ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Мұғалімде педагогикалық бейімділіктің болуы – оның еңбектегі нәтижесінің кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да педагогикалық институттарда әрі қарай дамып, жетіледі.
Демек, идеалдық жағдайда педагогикалық қызмет пен мамандыққа бейімділік аңғартқан, дарынды, қабілетті адамдар айналысуы қажет.
Педагогикалық қабілеттілік (талант, мамандықты сүю, нышан) педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің шарты болып табылады, бірақ шешуші кәсібі деп қарастыруға болмайды. Қаншама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде, педагог болып шыға алмайды, керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогикалық шеберліктің шыңына жеткені қанша? Сондықтан да педагогтің қажетті кәсіби сапаларына еңбек сүйгіштігін, тәртіптілігін, жауапкершілігін, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзіне кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.
Мұғалімнің кәсіптік - педагогикалық даярлау проблемасын зерттеуге арналған еңбектерде (Ф.Н.Гонобалин, Т.А.Воробьева, Н.В.Кузьмина, В.А.сластенин, Р.И.Хмелюк, Н.Д.Хмель, А.И.Шербаков және т.б.) кез келген адамның мұғалім бола алмайтындығы дәлелденген. Мұғалімдік мамандықтың соншама көптігіне қарамастан, оны меңгеру үшін қабілеттіліктер мен тұлғалық сапалардың ерекше қатаң құрылымы, белгілі әлеуметтік – психологиялық бейімділік қажет.
Психологтар профессиограмманы негіздеуде педагогикалық қабілеттіліктердің түрін анықтауға көңіл бөледі.
Мәселен, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, қабілеттіліктерді қарастырды. А.И.Шербаков негізгі педагогикалық қабілеттіліктерге дидактикалық, конструктивтік, перцептивтік, экспрессивтік, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді жатқызды.
Осы кездегі мамандықытардың ішінде ең көп және жан-жақты зерттелгені деп педагог мамандығын айтуға болады. Педагогтің жалпы кәсіптік іс-әрекеті мен қабілеттілігі, мамандығы жөніндегі икемділіктері мен дағдылары басқа мамандықтар үшін де пайдалы екендігі байқалады.
Педагогикалық қабілеттіліктер - шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімнің жоғары нәтижелерге жетудің шарты болып табылатын жеке тұлғаның белгілі психологиялық ерекшеліктері.
Педагогикалық қабілеттіліктерде жеке тұлғаның коммцникативтік қасиеттері жетекші рөл атқарады, ең алдымен, қабылдау саласына қатысты перцептивтік (олардың ішінде - бақылағыштығы) қабілеттілік. Олар мұғалімге шәкірттің психологиясын, жан-дүниесін, оның психикалық жағдайын нақты жағжағдайда соған сәйкес қабылдауға, сынып ұжымының жағдайын дұрыс бағалауға мүмкіншілік жасайды.
Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрамды бөлігі эмпатияға даярлығы, демек, шәкірттердің психикалық жағдайын түсінуге ұмтылуы деп білеміз. Осының қажетті шарты – балаға жүрек жылуы. Ең соңында, мұғалімнің коммуникативтік қасиетінің үшінші бөлігі әлеуметтік өзара әрекеттегі жоғары дамыған қажеттілік деп есептеледі, ол білім беруге ұмтылуды балалармен қарым-қатынасты, балалар ұжымының өмірі мен қызметін дұрыс ұйымдастыру қажеттілгінен аңғарылады.
Педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымына кіретін жеке тұлғаның кейбір қосымша қасиеттері мен ерекшеліктерін атауға болады. Бұл ең алдымен ақылдың белгілі сапалары: өткірлігі, сыншылдығы, бірізділігі және т.б. Мұғалімнің сөйлеу тілінің мәні орасан зор: шешендік қабілеттілігінің байқалуы, тілінің лексикалық байлығы және т.б. Мұғалімнің бойында артистік сапалардың болуы (бейнелі қиялдау, фантазияға бейімділігі) осы сапалардың бәрі педагогикалық қызметте жетістіктерге жетуде белгілі рөл атқарады.
Педагогикалық қабілеттер – тиімді педагогикалық қызметтің шарты ғана емес, сонымен қатар көп жағдайда мұғалімнің жемісті жұмысының нәтижесі. Педагогикалық қабілеттіліктер мұғалімнің психологиялық қасиеттерінің, қатынастарының және әрекеттерінің жалпы құрылымында байқалады, қалыптасады және дамиды.
Тәжірибе және арнаулы зерттеулер көрсеткендей, мұғалімнің өзінің педагогикалық қабілеттіліктерін мақсатты қалыптастыруы және дамытуы толықтай шындық болып табылады.
Жеке тұлғаның перцептивтік қасиетінің негізгі элементі – бақылағыштық педагогикалық тәжірибені меңгеру үрдісінде, сонымен қатар педагогтің арнаулы күш-жігерінің нәтижесінде дамиды және жетіледі.
Белгілі психологтар мен педагогтар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, Н.Д.Левитов, И.В.Страхов, В.А.Сластенин сонымен қатар басқа да психолог, педагог ғалымдардың зерттеулері педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымын қарастыруға мүмкіншілік берді. Бұл зерттеулердің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымында ерекше орын алатын бірнеше түрлеріне немесе компоненттеріне тоқталамыз (негізіне Н.Ф.Гоноболин ұсынған үлгі алынды).
шешуге оны жұмылдыру және жігерлендіру, екіншіден, өзінің жекеменшік жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттілігі. Өзінің ұйымдастыру жұмысын дұрыс жоспарлау іскерлігін және оны өзі Дидактикалық қабілеттіліктер – шәкірттерге оқу материалын түсінікті түрде жеткізе білу, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың өз бетімен белсенді ойын дамыту қабілеттілігі. Дидактикалық қабілеттіліктің негізіне шәкірттердің дара психологиялық ерекшелігін ескере отырып, жаңа материалды тиімді әдістерді және тәсілдерді пайдаланып түсіндіру.
Академиялық қабілеттіліктер – белгілі ғылым саласына қабілеттіліктер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және т.б.). Қабілетті мұғалім оқу материалын оқу курсының көлемінде ғана біліп қоймайды, одан кең және терең біледі, әр уақытта да өз ғылымы саласындағы жаңалықтарды біліп отырады. Мұғалім өте жоғары мәдениетті, эрудициясы жан-жақты болу керек.
Перцептивтік қабілеттіліктер – шәкірттердің ішкі жан дүниесіне бойлай білетін, шәкірттерді нәзік түсіне білумен байланысты психологиялық байқағыштық қабілетті мұғалім, тәрбиеші елеусіз белгілері бойынша сыртқы белгілерге шәкірттердің ішкі жағдайындағы сәл ғана өзгерістерді аңғарып отырады.
Тілдік қабілеттіліктер - өз ойын және сезімін тілдің мимика және пантомимиканың көмегімен ашық та және анық білдіре білу қабілеттілігі. Бұл мұғалімдік мамандықтарына ең негізгі қабілеттіліктерінің бірі, себебі ақпаратты мұғалімнен шәкірке жеткізу негізінен екінші сигнал жүйесі арқылы, сөздік сипатта іске асады.
Қабілетті мұғалімнің тілі әсерлі, бейнелі, ырғақтық жағынан мәнерлі, эмоциялық тұрғыдан көркем, сөйлеу дикциясы анық, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық қателіктер кездеспейді.
Ұйымдастырушылық қабілеттіліктер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыра білу қабілеттіліг, негізгі міндеттерді бақылауын қажет етеді.
Бедел қабілеттіліктері – балалармен қарым-қатынас жасау, шәкірттерге дұрыс қатынас жасауды таба білу ептілігі, олармен, педагогикалық тұрғыдан қажетті өзара қарым-қатынасты орнату, педагогикалық тәлімнің болу қабілеттілігі. Бедел (авторитарлық) қабілеттіліктер мұғалімнің еріктік сапаларына байланысты (тез тоқтамға келу, ұстамдылық, табандылық, талап қоя білу және т.б.), сонымен қатар, шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеу үшін жауапкершілік сезімі, мұғалімнің сенімділігіне байланысты.
Коммуникативтік қабілеттіліктер – балалармен қарым-қатынас жасау, шәкірттерге дұрыс қатынас жасауды таба білу ептілігі, олармен педагогикалық тұрғыдан қажетті өзара қарым-қатынасты орнату, педагогикалық тәлімнің болу қабілеттілігі. Педагогикалық тәлімді зерттеуде ерекше үлес қосқан И.В.Страховтың айтуы бойынша, бұл жағдайда негізгісі – шәкірке әсер етудің ерекше тиімді тәсілдерін табу икемділігі, тәрбие ықпалдарын қолдануда педагогикалық тұрғыдан орынды сақтау, нақты педагогикалық міндеттерді және шәкірттің ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, педагогикалық ахуалды ескеріп отырудың қажеттілігі.
Педагогикалық қиял – бұл өз іс-әрекетінің болашақта қалай болатындығын алдын ала білудегі арнайы қабілеттілігі, шәкірттің жеке басын тәрбиелік тұрғыдан жобалау. Бұл қабілеттілік педагогикалық оптимизммен байланысты, тәрбиеге сену, адамға сену.
Зейінді орналастыру қабілеттілігі мұғалімнің жұмысы үшін бір уақытты әртүрлі іс-әрекет түрлерінің арасында ерекше мәні зор.
Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалды баяндаудың мазмұны мен түрін зейін қойып қадағалап, барлық оқушылардың зейінін назарда ұстап отырады, шаршау, зейін болмау, түсінбеу белгілерін реттеп отырады, тәртіп бұзушылықтың барлық жағдайларын ескереді, ең соңында, өзінің мінез-құлқын қадағалап отырады (мимика және пантомимиканы, жүріс-тұрысты).
Тәжірибесіз мұғалім кейде материалды баяндауға мән беріп, осы уақытта шәкірттерді ескермейді, оларды назардан тыс қалдырады.
Педагогикалық техника – бұл мұғалімге өзін тереңірек, нақтырақ, талантты етіп көрсетуге, жұмыста ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін шеберліктер жинағы.
Педагогикалық қатынас икемділігі, сөйлеудің техникасы мен мәдениеті:
дауыс;
тыныс алу;
дауыс мәнері;
дауыс ырғағының мәнері;
сауаттылық және т.б.
Сезім мен қатынастарды мәнерлі көрсету:
ымдау;
пантомимика;
мұғалімнің жалпы сыртқы көрінісі;
Педагогтың өзінің психикалық жағдайын кәсіби өзіндік реттеуі:
өзін-өзі бақылау;
шыдамдылық, т.с.с.
педагогикалық техниканың элементтері болып саналады.
Педагогикалық техника – педагог хабарлайтын ақпаратты безендіреді десек болады. Бұлар мұғалімге қабылдаудың визуалды және аудиалды жағы арқылы тәрбиеленушілерге өзінің ойы мен сезімдерін жеткізуге көмектесетін, шығармашылық мінез бен балалармен өзара тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін шеберліктер.
Педагогтық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.
Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын жетілдіруге арналған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып өткізіледі. Студенттер әртүрлі жаттығулармен танысып, сол жаттығуларды орындайды. Сабақ соңында жаттығуларды өткізуге байланысты талдау жүргізіліп, қорытынды жасалынады, белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланады
2. Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
3.Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін
Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.
Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа амдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады (11). Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ. Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Негізінен педагог пен оқушы арасындағы қатынаста бірнеше талаптар ескеріледі:яғни белгілі дистанцияның болуы,сыйластық,түсіністік,тыңдай білу мен пікір айту қабәлеті секілді шарттық ұғымдар пайдаланылады.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде бала мен ұстаздың өзіндік ролі мен орны айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |