«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет67/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

Шығармашылыққа бейімделу кезеңі оған белсенді араласумен алмасады. Бұл кезеңде мұғалім өз тәжірибесіне жаңа талаптар мен өзінің ішкі қажеттіліктері тұрғысынан баға беріп, оның шеңберінен шығып, жаңа, нақты өмір сұраныстарына сәйкес қызмет етуге бет бұрады.
Өзін-өзі іске қосу кезеңінде мұғалім шығармашыл әрекеттің мәнін түсіну, сол жолда өзін сынап көру, өзінің ашылмаған мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін іске қосады.
2. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуының нәтижесінде болатын өзгерістер терістеуді терістеу және сабақтастық қағидаларына сәйкес жүріп отырады. Жаңа құндылықтар жүйесі, ойлау тәсілдері, тұлғаның шығармашылық тәжірибесі бұрынғыны мүлдем жоққа шығармай, соның негізінде жаңалықты тудырады. Бұл – мұғалімнің өзінің педагогикалық әрекетіне өзіндік сыни баға беру, оның бағытын айқындау, қайта құруды нәтижелі ететін рефлексивтік қабілеттерін дамытудың ең тиімді жолы.
Шығармашылық әрекетті жүзеге асыратын субъект – тұлға. Қандай типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұшқыр, ақылы алғыр болуы керек екендігі ғылымда дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісінен қанағат табу сезімі болуы қажет.
Осыған байланысты “адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады” – деген К.Г:Юнгнің сөзін келтіре кеткіміз келеді.
Бұл шығармашылық – адамды дамытады, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі екеніне – дәлел бола алады. Білімнің гуманистік пардигмасы тұрғысынан қарасақ, тұлғадағы шығармашылық басқа адамдарда жоқ немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады. Таза жаңалықта жаңа “адам” туады, оның келбеті кескінделеді.
Біліктілікті арттыру ісінің әлемдік тәжірибесі мазмұндық, процессуалдық, жеке адамның сұранысын қанағттандыруға бағытталған тәсілдеріне негізделген.
Бірінші жағдай дәріскердің мазмұнды тыңдаушысына жеткізуді мақсат етеді;
екінші тәсіл – оқыту үрдісін білім алушының өз әрекеті арқылы ұйымдастыруды көздейді, ал
соңғысында оқыту білім көтерушінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылады. Мазмұндық тәсілде дәстүрлі оқыту жүйесінің белгілері басым болса, ал процессуалдық - әрекеттік тәсіл андрагогикалық оқыту үлгісінің талаптарына сәйкес. Соңғы жол тәжірибеде кеңінен тарай қойған жоқ, себебі білім көтеруді бізде топтар, ағымдар бойынша ұйымдастыру үрдісі қалыптасқан.
Бұл үш тәсілдің қазіргі талаптарына сай келетіні – мұғалімді субъектілік жағдайға қоятын, тұлғаға бағытталған, белсенді танымдық әрекетке негізделген, тұлғаға бағытталған – оқытудың андрагогикалық үлгісі. Тұлғалық-бағдарлы оқыту – адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету. Оның өзін-өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Қоғамдық санада шығармашылық іс-әрекеттің негізгі басымдылық ретінде танылуы жаңаша педагогикалық ойлауды, білім беру деңгейлерінде мұғалімнің өзін-өзі, өзінің бар күш-қуатын іске қосуға бағытталған шығармашылығын дамытуға жағдай жасауды талап етуде.
Мұғалімнің кәсіби шығармашылыққа деген еркіндігі мол деп ресми түрде жарияланып жүргенімен, шеберлікті меңгеріп, шығармашылыққа жету үшін арнайы дайындықтың қажет екені даусыз. Сондықтан әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстардың басты мақсаты – мұғалімнің сұраныстарын қанағттандыру, тиісті ғылыми-педагогикалық сүйемелдеу арқылы жаңаша жұмысқа деген ұмтылысына дем беру, өз философиясына, кәсіби бағыттылығына сәйкес технологияны таңдап алуына көмектесу болып табылады. Демек, әдістемелік, білім көтеру жұмыстарының сапасын арттыру - кезек күттірмейтін шаруа. Осыған орай республикадағы мұғалімдердің біліктілігін арттыратын институттар жүйесі өз жұмыстарына инновациялық тұрғыдан қайта қарап, мамандардың шығармашылық әлеуетін арттыруды технологияландыру, оның мазмұнының тыңдаушылардың сұраныстарына жауап беруін қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың соңғы мүмкіндіктерін пайдалану жолға қойылып келеді.
Мұғалімдердің білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруды жоғарыдағы құрылымнан тұратын әрекеттік негізде жүргізу – олардың кәсіби шығармашылығын арттырудың басты кепілі. Жаңа білімді танымдық белсенділік арқылы меңгеру білімдік әрекеттер арқылы іске асады. Білімдік әрекеттер – тұлғаның өз өмірін өзгертуге бағытталған әлеуметтік белсенділігі. Білімдік әрекетте мұғалім жаңалықты ашып, оның дамуының диалектикасын меңгереді, “өткен тәжірибеге қайта қарап”, “оның құрылысын жаңартады”, сол арқылы өзін-өзі таниды, табады, айналаны, қоғамдық өмірді өзгерте алатын белсенді субъектілік жағдайына келеді.
Қазіргі педагогикалық технологиялардағы жаңашылдықты тану, тиімді қолдану барысында мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет-сапалары іске қосылып, танымдық үрдістерді өн бойынан өткізеді. Өйткені кез-келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелінеді.
Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интутивті түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыру алу – сөзсіз, шығармашылықтың нәтижесі.
Қорыта келе айтарымыз, “шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті” деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық , әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.
Шығармашылық жолы – ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала білу, жетер биігін белгілей алу, өзінің жетістіктері мен кемшін тұстарын талдай алу – мұғалімнің өзін-өзі шығармашылықпен дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Шығармашылық дегеніміз не?
2. Педагогикалық шығармашылық кезеңдерін ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, дәлелде.
3. Шығармашылықтың мұғалімдердің дамуына септігі тие ме?
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудағы әрекеттік ұстаным қағидасы туралы түсіндіріңіз.

Әрекеттің құрылымдары қандай?


“Шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы” деген пікірге көзқарасыңыз қандай?
Прогрессивті даму моделі шеңберіндегі мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің кезеңдері .
Шығармашылық бейімделу кезеңі неден тұрады?
Өзін-өзі іске қосу кезеңінде атқарылатын істер қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет