3. Ата – аналар жиналысы
Ата – аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата – аналар комитеті мен ата – аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата – аналар жиналыстарында оқу – тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізі жолдары белгіленеді. Кейбір ата – аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата – аналарды сынып ұжымының оқу – тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата – аналар комитетінің іс – жоспарларымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата – аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата – аналарды психологиялық – педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.
Сыныптық ата-аналар жиналысын даярлау ережелері:
1. Бірінші ереже. Ата-аналар жиналысының тақырыбы ата-аналар үшін өзекті болуы тиіс.
2. Екінші ереже. Ата-аналар жиналысы ата-аналарға қолайды уақытта өткізілуі тиіс.
3. Үшінші ереже. Ата-аналар жиналысын өткізу жоспары ата-аналарға белгілі болуы тиіс.
4. Төртінші ереже. Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынасы сыпайы әрі сенімді болуы тиіс.
5. Бесінші ереже. Сынып жетекшісі балаларға ат қойып, айдар тақпауы тиіс.
6. Алтыншы ереже. Ата-аналар жиналысы педагогикалыө жағынан пайдалы және жақсы даярланған болуы тиіс.
Ата-аналар жиналысының түрлері
• Ұйымдастырушылық,
• Жалпымектептік немесе сыныптық
• Жоспардан тыс (туындаған төтенше жағдайларға байланысты)
• Тақырыптық, ақпараттық-ағартушылық
• Дифференциалды (арнайы шақырылған ата-аналар тобы)
• Қорытындылау
Жиналыста қолданылатын әдіс-тәсілдер:
• Сөздік
– Әңгіме
– Баяндама
• Көрнекіліктелінген
– Таблицалармен жұмыс
– Слайдты демонстрациялау
– Диафильмдерді көрсету
– Компьютерді пайдалану
• Іс-тәжірибелік
– Тесттермен жұмыс
– Тренингтік жаттығулар
Ата-аналар жиналысында компьютерді пайдаланудың артықшылықтары
- Уақытты үнемдеу;
- Жеделдік;
- Байланыс жасау мүмкіндігі;
- Көрнекілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |