Ата-аналар жиналысына дайындалу І кезең. Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру.
Бұл кезең күн тәртібін анықтау және барлық қатысушыларды шақырудан басталады. Бұдан әрі сынып жетекшінің пән мұғалімдерімен әңгімелесу өткізгені жөн. Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың сабақтағы оқу жетістіктері мен мінез-құлық ерекшеліктерін оңаша талқыға салу. Ата-аналарды балалардың оқуы барысындағы егжей-тегжейлі нәтижелері қызықтыратыны сөзсіз. Сондықтан да, біздің ойымызша, ер балаға жеке-жеке үлгерім парағы толтырылуы тиіс. Бұл жұмыс қанша қиын болса да, өзін ақтайды, өйткені күнделік оқушының оқу процесіндегі тұтас дамуы туралы мәлімет бере алмайтыны баршаға белгілі.
Жиналысты дайындағанда ата-аналардың келуін ұйымдастыру да қарастырылуы тиіс. Тәжірибе бұл іс оқушылардың күнделігінде бақылау жазбаларын жасаудан да маңыздырақ екенін көрсетеді. Ата-аналарды алдын ала шақыру, балалардың сыныптан тыс өмірін көрсететін альбомдар мен бейне материалдарды даярлау, балалары конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан ата-аналарға алдын ала алғыс хат жазу. Дайындық кезеңінің ұйымдастыру бөлімі сынып бөлмесін ата-аналар жиналысын өткізу үшін безендірумен аяқталады.
ІІ кезең. Жиналыс сценарийін даярлау және өткізу.
Жиналыс сценарийі мен өткізу – педагог шығармашылығына байланысты. Кез келген жиналысқа мыналар кіреді:
Сынып оқушыларының оқу жетістіктеріне талдау жасау.
ІІІ кезең. Ата-аналар жиналысының қортындысын шығару.
Жиналыс қортындысын шығару жиналыстың өзінде-ақ басталады: қортынды шығару, қажетті шешімдерді жинақтау, келесі жиналысты дайындауға ақпарат беру қажет. Ата-аналардың өткізілген жиналысқа көзқарасын білу, ата-аналардың бағасы мен тілектерін білуге қажетті сауалнама парақтарын даярлау маңызды. Мұның барлығы кейін сынып жетекшісі үшін ой жүгірту нәрсесіне айналады.