«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет74/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

ПРАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Практикалық сабақтар


1 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Педагогикалық үрдістегі зейін және байқампаздық

Сабақтың жүру барысы
1-сабақ
Мақсаты: оқушының оқу процесінде зейін тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін, шоғырлануын қалыптастыру.
1. Жаттығу: «Мейірім»
2. Коррекциялық жаттығу: «Кім жылдам?»
А) Мәтіндегі барлық сөздерден «а» және «о» әріптерін сызып шығу.
Б) Мәтіндегі «а» әріпін толқынды сызықпен, «о» әріпін түзу сызықпен сызып шығу.
3. Коррекциялық жаттығу : «Байқағыштық»
Оқушылардан үйден мектепке дейінгі жолда күнделікті көріп жүрген барлық нәрселерді толығымен ауызша айтып шығуды тапсыру.
4. Коррекциялық жаттығу: «Корректура»
Мәтіндегі сөздердің арасынан бір әріптерді тастап кетіп жазып шығамыз. Оқушылар сол қателерді тексеріп, орнына қалып қойған әріптерді түсті қарындаштармен жазып шығады.
5. Коррекциялық жаттығу : «Саусақтар»
Оқушылар орындықта отырып тізесінің үстіне саусақтарын айқастыра отырады,бас саусақтарын бос қою керек және сол саусақты бір-біріне тигізбей айналдырамыз.Жаттығу 10 минут жасалынады.
6. Рефлексия. «Қоштасу»
2-сабақ
Мақсаты: оқушының оқу процесінде зейін тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін, шоғырлануын қалыптастыру.
1. Жаттығу: «Символика»
Мақсаты: сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылар өздеріне «жалған ат, девиз, белгі»ойлап табуы тиіс.
2. Коррекциялық жаттығу: «Судоки»
Мақсаты: оқушыларда зейінінің шоғырлануын қалыптастыру. Арнаулы кестедегі бірден алтыға дейінгі жетпес сандарды қойып шығу.
3. Коррекциялық жаттығу: «Мәтінді тер»
Мақсаты: оқушыларда зейі нтұрақтылығын қалыптастыру. Мәтіндегі әріптермен араластыра жазылған мәтін сөздерінің астын сызып шығу.
4. Коррекциялық жаттығу: «Селектор»
Мақсаты: оқушыларда зейінінің бөлінуін қалыптастыру. Бір оқушы жүргізуші болып, қолындағы белгісімен кезекпен мәтін оқып жатқан оқушыға белгі бере отырып, дауысты өзгертуге ықпал етіп отырады.
5. Коррекциялық жаттығу: «Ең зейінді»
Мақсаты: Оқушыларда зейіннің шөғырлануын қалыптастыру. Оқушылар жарты шеңбер құра тұрады да, алдында тұрған оқушы соңынан бастап тұрған оқушыдан бастап оқушылардың атын атап шығады.
6. Рефлексия. « Жылы сөз»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет