«Сезімдер атауы»жаттығуы.
Әрбір қатысушы кестеге білгенінше сезім “атауларын” жазады. Әр қатысушы ретпен жазғандарын оқиды (қайталамауға тырысу керек).
Бірінші колонкасында сезім “атаулары” жазылады. Содан соң осы сезім туындайтын орынды белгілейсіз, мұны сіз крестик арқылы белгілейсіз.
Сезімдер “ атауы “
|
Мен әдетте бұл сезімдерді бастан кешіретін орындар
|
Үйде
|
Көшеде
|
Мектепте
|
Жаңа ортада
|
Достар ортасында
|
Басқа орындарда
|
Ә Д Е Т Т Е
|
1. Ыза
|
|
|
|
|
|
|
2. Қуаныш
|
|
|
|
|
|
|
3. Қапалану
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
|
Б Ү Г І Н
|
1. Жабырқау
|
|
|
|
|
|
|
2. Үрей
|
|
|
|
|
|
|
3. Таң қалу
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
|
Жаттығу аяқталу кезінде топқа бірнеше сұрақтар қоюға болады: Соңғы емтихан болған сәтте қандай сезімде болдыңыз? Ең жағымсыз сезім не деп ойлайсыз?Өз сезіміңді бақылай, басқара аласыз ба?
3 тапсырма. “ Көрме ”.жаттығуы.
“Ыңғайлы отырыңыз, босаңсыңыз, көзіңізді жұмыңыз, 3-4 рет терең демалыңыз. Өзіңізді шағын көрмедемін деп елестетіңіз. Онда сіз ызаланатын, сізді ренжіткен немесе сізге әділетсіздік жасаған адамдардың фотографиялары бар. Бір портрет таңдап, бұл адамның сізді ренжіткен сәтін, ситуациясын еске түсіруге тырысыңыз. Өз сезіміңізді еске түсіріп, оған ойша не айтқыңыз келеді соның барлығын айтып тастаңыз, нені қалайсыз, немесе не істеуді қаладыңыз соның бәрін жасаңыз”.
Талқылау. Қандай сиуация болды? Өз түйсігіңізді елестету қиын болды ма? Сіздің түйсігіңіз өзгерді ме?
4 тапсырма. “Менің денемдегі эмоциялар”жаттығуы.
“Қазір сіз біреуге немесе қандай да бір нәрсеге өте ашулысыз деп елестетіңіз. Өз ашуыңызды бүкіл денеңмен сезінуге тырысыңыз. Мүмкін, сізге біреуге ашулы болып, жақында болған жағдайды еске түсіру жеңіл болатын шығар. Сіздің ызаңыз денеңіздің қай жерінде екенін сезініңіз. Сіз оны қалай түйсінесіз? Мүмкін ол ішіңіздегі алауға ұқсас шығар? Немесе жұдырығыңыз қышып тұрған шығар? Бұл бөлімдерді өзіңіздің суретіңізде қарындашпен белгілеңіз. Енді сіз қазір бір нәрседен оқыс үрейленген сияқты етіп елестетіңіз. Сізді не үрейлендіруі мүмкін? Елестеттіңіз бе? Сіздің үрейіңіз қайда орналасқан? Ол неге ұқсас? Бұл орынды өз суретіңізде басқа түстегі қарындашпен белгілеңіз.
Денеңіздің қай жерінде өз ызаңызды сезінесіз (үрей, жабырқау, қуаныш)? Қандай сезімді өз денеңізде сезіну және түйсіну жеңіл болды? Ал қайсысы қиынырақ?
5 тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Мұғалімнің сыртқы келбеті қандай болу керек деп ойлайсыз?
Мұғалімнің эстетикалық мәнерлілігі дегеніміз не?
Мұғалім оқушыларға қалай ықпал жасай алады?
Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатын нақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады?
Мұғалімнің өзін-өзі басқара білуін қалай байқауға болады?
Өзін-өзі басқара білудегі маңызды тәсілдерді ата.
“Аутогендік жаттығулар” дегеніміз не және оларды қалай жүзеге асырамыз?
Жас мұғалім өзін-өзі психологиялық жағынан қалай дайындайды?
3 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Мұғалімінің сырт келбетінің мәдениеті
Сабақтың жүру барысы
1 тапсырма. Студенттер «Оқушылардың мұғалімнің қандай сапаларын ерекше бағалайды?» сұрағына жауап беру арқылы ой түйеді. Төмендегі сілтемелерге толтыр.
2- тапсырма. Төмендегі ұяшықтарды толтыр. Мұғалімнің сырт келбетіне жатады?
3- тапсырма. Төмендегі ұяшықтарды толтыр. Мұғалімнің ішкі жан дүниесіне жатады?
4- тапсырма. Төмендегі ұяшықтарды толтыр. Мұғалімнің негізгі іс-әрекеттері байланысты?
5- тапсырма. Төмендегі тізбекті толтыр. Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері?
4 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Мұғалімнің сөйлеу техникасы
Сабақтың жүру барысы
1 тапсырма. Төмендегі бос ұяшықтарды толтырыңыз.
2 тапсырма. Тіл туралы халық даналығын ойын талқылау.
****
Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.
Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.
Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.
****
Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның,
Әр сөзіне бір тұсақ.
****
Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал
3 тапсырма. Педагог балалар аудиториясының алдында сөйлеу үшін маңызды арнайы дағдыларды көрсетіңіз
4 тапсырма. Артикуляциялық аппаратты жаттықтыру үшін жаттығуларды орындаңыз.
5 тапсырма. Әр түрлі дауыс ырғағымен өлең шумақтарын оқыңыз. Нұсқау: Өлең шумақтарын өзбетіңмен оқы, оқу барысында жоғары, орта, төмен темптерді мұқият анықтап, оқыңыз.
ТУҒАН ЕЛІМЕ
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын?!
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам ішіңде,
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын.
Тек қалауым сіздерден,
«Серіктікті» милаймын;
Сіздерге әкеп шашуға
Ілім-білім жинаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |