«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет64/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

  • Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

  • Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.

  • Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

  • Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

    Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.
    Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы – дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.
    Педагогикалық ойындар:
    Мақсатына қарай;
    Ұйымдастырылу құрылымына қарай;
    Олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай;
    Мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай жеткілікті дәрежеде алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен классификасын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.
    Белгілі педагог ғалым Г.К.Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей классификацияға жіктейді.
    -Әрекет саласына қарай:
    -Дене;
    -Интеллектуалдық;
    -Еңбек;
    -Әлеуметтік;
    -Психологиялық деп;
    Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:
    -білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау;
    -танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
    -қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік бағдарлық, психотхникалық деп;
    Ойын әдістемесіне қарай:
    -пәндік;
    -сюжеттік;
    -рөлдік;
    -іскерлік
    -иммитациялық;
    -драмалық;
    Пәндік саласына қарай:
    -математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық;
    -музыкалық, театрлық, әдеби;
    -еңбек, техникалық, өндірістік;
    -Дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы, туристік, халықтық;
    -қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық деп.
    Ойнау ортасына қарай:
    -нәрселік-нәрсесіз;
    -үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын, жергілікті;
    -компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ;
    -техникалық қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар деп жіктеледі.
    Осы ойындардың ішіне орта буын оқушысынан басқа педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі – бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар.
    Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет