Тақырып бойынша тапсырмалар:
Бастауыш сынып оқушыларына әр түрлі тапсырмалардың төмендегідей түрлерін жүргізуге болады. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып,оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.
Мәтін бойынша мақал негізінде әңгіме жазу.Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару.Берілген тірек сөздер арқылы мәтін құрастыру. Ребус, сөзжұмбақтардың шешуіне орай әңгіме не шығарма жазу. Мәтін бойынша қиял арқылы сурет салу.
Осы тапсырмаларды үнемі жүргізу оқушы бойындағы қабілет көзін ашып,тілін байытып,қиялын ұштауға,өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.Бала бойындағы қабілетті ашу-оқушының жан-жақты дамуына жете мән беру болып табылады. Қазақ тілі сабағында көптеген тапсырмалар орындатып отырамын.Оқушылардың ой-ұшқырлығын,тапқырлығын осы тапсырмаларды орындауда байқалады. Сөз таптарын өткенде
1Аты (не?) Саны(неше?)
Гүл бір
Саны(қандай?) қимылы(қавйтті?)
Қызыл өсті
Сөйлем құрау.Бір қызыл гүл өсті.
2. «Буыннан сөз құра» ойыны.
Абайдың «Қыс» өлеңін өткенде топпен жұмыс жүргізу тапсырылды.
1 топ. «Қыс» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
2 топ. «Өлеңді жалғастыр»
Мен айтпаймын (тақпақ)
Қыс айын (мақтап)
Қыс қызығын (тойлап)
Ән айтамыз (жырлап)
3 топ. «Қыс» тақырыбына шығарма жазу.
«Баспалдақ құру» ойыны. «Отан» сөзін қалай түсінеміз?
4 тақырып. Педагогикалық техника мұғалімнің мінез – құлқы, жүріс – тұрысын ұйымдастыру формасы ретінде.
Жоспары:
Педагогикалық техника ұғымы.
Жас мұғалімнің типтік қателері.
1. Жаңашыл мұғалімдердің табыстарының құпияларының астарына үңіле отырып, шебер қойылым және әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің дәлділігін аңғарамыз. Мұнда маңызды рөл кәсіби біліктіліктің үлесіне тимек, олар: интенсивті танымдық іс-әрекетке оқушыларды жегу, сұрақтар қою, жеке тұлғамен және ұжыммен қарым – қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысыңды, мимикаңды, қимыл-қозғалысыңды меңгеру.
“Тәрбиеленуші сіздің жан-дүниеңізді сізді көріп, сізді тыңдап барып қабылдайды” – дейді А.С.Макаренко.
Педагогикалық техника мұғалімнің іс - әрекетінің ішкі мазмұны мен оның сыртқы әлпетінің үйлесімділік бірлігін сәйкестендіреді (способствует).
Педагог шеберлік – рухани мәдениет пен педагогикалық мақсатқа сәйкес сыртқы мәнерлілік бірлігінде.
Олай болса, техника – тәсілдердің жиынтығы. Оның құралы – сөйлеу және невербальные средства общения.
“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу келісілген:
Бірінші топ компоненттері мұғалімнің өз мінез-құлқын басқара білу біліктілігімен байланысты:
өз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);
көңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау, шығармашылық көңіл-күй орната білу);
әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);
сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сөйлеу екпіні).
Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу және оқыту мен тәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу біліктілігімен байланысты:
дидактикалық;
ұйымдастырушылық;
конструктивтік;
коммуникативтік біліктілік;
талап қоюдағы технологиялық тәсілдер;
педагогикалық қарым-қатынасты басқару;
ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б.
ұйымдастыру.
2. Педагогтардың бір қатарына жүргізілген зерттеулер, мұғалімдік жұмысты енді бастағандардың педагогикалық техникасындағы типтік қателердің болатындығын көрсетті. Мұндай педагогтардың басым көпшілігі біліктілігінің жетімсіздігінен оқушылармен, олардың ата-анасымен жақынырақ әңгімелесе алмайтындықтары белгілі болған, кек сақтап қалу керісінше ашу-ызасын тудыру, сенімсіздік көрсету белең алған. Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларында былай деп жазады: сөйлеу мәнеріне көңілдері толмау, шектен тыс қаталдықта болуы, жай сөйлеуге қорқуы басынып кетеді деген оймен, қорқыныш сезімін бастарынан өткізуі, артық қылықтар көрсетуі немесе тұруы, тас сияқты қатып қалу және қолдарын қоярға жер таппауы. Студенттердің көпшілігі өздерінің сыртқы тұлғаларының еңкіштігіне, бастарының төмен түсіп кетпеуіне, дәрменсіз қолдарының қимылына зейін аударады.
Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктері бір қалыптылық, сөйлеудегі мәнсіздік, мәнерлеп оқу дағдыларының жоқтығы.
Сөйлеудегі көптеген жеке дара кемшіліктері – дикцияларының айқын, анық еместігі, дауыстап сөйлеудің оптималдық вариантын табудағы икемсіздігі.
Педагогтың оқушыларға нәтижелі ықпал етуіне осы айтылған кемшіліктердің барлығы кедергі келтіреді. Сондықтан жоғары оқу орындарында оларды оқу-тәрбие үрдісін басқара алатындай етіп тәрбиелеуіміз керек және соған баса көңіл аударылғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |