Зейіннің түрлері, қасиеттері Ырықсыз зейін. Егер мұғалімнің түсіндіру мазмұны жағынан қызықты болып келсе, көрнекі құралдар қолданылса оқушылар педагогтың сөздерін өздері-ақ ұйып тыңдайды,көрсеткендерін көңіл қоя қарайды. Мұны ырықсыз зейін деп атайды. Ол көбінесе адамда өзін қыспай, өзінен-өзі болатыны былай тұрсын, сонымен қатар бір нәрсені көруге, естуге алдын ала ниеттенбеседе пайда болады.
Ырықсыз(алдын-ала ниеттенбеген) зейіннің физиологиялық негізі адамды қоршаған ортада болып жатқандарға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлекісі болып табылады.
Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады?
Ең алдымен, күшті тітіркендіргіштерден пайда болады. Мәселен, күннің құлақты тұндыра күркіреуі немесе мылтықтың жақыннан атылуы қай адамды да олардың дауысына еріксіз назарын аудартады. Тітіркендіргіштердің салыстырмалы күшінің маңызы зор, түнгі тыныштықтан шыққан шамалы сыбдыр да адамның көңілін аударады. Адамның көңілін аудару үшін тітіркендіргіштердің күтпеген жерден пайда болуы, олардың күші онша үлкен болмаса да маңызды келеді. Қарама-қарсы заттар мен құбылыстар да осылай әсер алады. Мысалы: ұзын адамның қасында бойы қысқа адам тұрса, бірінші ұзын адамға көңіл аударады. Ырықсыз зейіннің аударылуына адамның ішкі жан дүниесі күйінің маңызы зор. Мәселен, қарны ашқан адам ас үйденшыққан тамақ иісін сезеді, ал тамағы тоқ адам ол иіске көңіл аудармайды. Музыканы жақсы көретін адам, әнді естігенде де зейінін салып тыңдайды.
Ырықты зейін.Алдына мақсат қойып түйілетін көздеген нәрсесін алдын-ала белгілеп, ал әдейілеп алып зейінін соған аударуды ырықты зейін деп атайды.
Бұл адамның еркімен істелетін зейін күші. Ырықты зейін жұмыстың басынан аяғына дейін күшті сарқып жұмсауды тілейді. Адам өз зейінін ырықты жұмсап шұғылданғанда қиыншылықтарды ығыстырып жеңеді. Оқушылар зейінін тек қана сабаққа бөлу үшін күш жұмсайды. Зейінге бөгде тітіркендіргіштер-ауыру , шаршау, басқа ойлар кедергі болады,алаңдатады. Зейінге мұндай кедергінің кеселі тимеу үшін іс-әрекет істеледі:алаңдатып тұрған нәрселерді алып тастау құлаққа қатты естілген дыбысты кемітеміз. Ырықты зейін тұрақты зейінмен байланысты. Адам жұмысты қызығып істесе, жұмыс нәтижелі болады. Оқушы кітаптан дәптерге көшіргенде «енді не істемекпін?» деген сұраудан бастаса зейінмен істейді, қатесіз орындайды. Ой жұмысына дегенің қимыл әрекеті қосылып отырғаны жақсы. Жаңадан оқып үйренген бала кітаптан оқып отырған сөзін қолымен көрсетіп отырса, зейін тұрақтайды. Ырықты зейін-ұйымдастырылған психика қызметі. Ырықты зейіннің ырықсыздан өзгешелігі бір белгісі:ырықсыз зейінмен істелген іс жеңіл істеледі, көп шаршатпайды. Ырықты зейінмен істелген іс көбірек шаршатады, терең ойлануды қажет етеді.