Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Психологиялық мәдениет дегеніміз
Мұғалім шеберлігін арттыру мәселесінде үлес қосқан педагог-ғалымдар
Зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, неге оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайтындығын түсіндіріңіз
Мәдениет туралы философияда қандай пікірлер бар, олардың авторлары
Мәдениет пен өркениеттіліктің өзара байланысы
Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы деңгейінің негізгі критерийлері
Рухани көрсеткіштерге жатады
Кәсіби-біліктілігінің көрсеткіштерін атаңыздар.
Шығармашылық белсенділік көрсеткіштері
7 тақырып. Мұғалімінің сырт келбетінің мәдениеті.
Жоспары:
Педагогтың сыртқы келбеті туралы.
Педагогтік әдеп және педагогтік тактика туралы түсінік.
Оқушылармен тіл табысуда , оларға әсер етудің әр түрлі құралдары.
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу.Ықпал жасау шамасы. Шешімге келу.
Көңіл қалдырмау. Оқушымен жеке әңгімелесудегі мінез-құлық.
Оралымды жолдар. Білімді бағалау. Көңіл күйі.
1. Мұғалімнің сыртқы пішіні эстетикалық талапқа сай мәнерлі болуы керек. Өзінің сыртқы пішініне ұқыпты қарамаған адам кешірімсіз, бірақ оған шектен тыс мән беруге де болмайды.
Шаштың сәні де, костюмі де, әшекей бұйымдары да мұғалім киіміндегі барлық уақытта педагогикалық міндеттерді шешуде бағынышты болуы керек – тәрбиеленушінің тұлғасына қалыптасуына нәтижелі ықпал етуі тиіс. Косметикаға, сәнді киім кию құқын иемдене отырып, мұғалім барлығына да шектен аспай, жағдайды түсініп тәртіп сақтауы керек. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет әлпетінің қаншалықты жылылығын, қимыл-қозғалыстағы ұстамдылығын, сыртқы келбетіндегі және жүрісіндегі жинақтылығын білдіреді. Оларға қарама-қарсы құбылмалылығы, әбіржушілік, жасандылық және немқұрайдылық. Керек десеңіз, сіз балаларға қалай кіріп келесіз, қалай қарайсыз, қалай сәлемдесесіз, қалай орындықты жылжытасыз, қалай сынып ішінде жүресіз – осы бір майда әрекеттердің өзінде сіздің балаға әсер ететін күшіңіз бар. Сіздің барлық қимыл-қозғалысыңыздан, мәнеріңізден, көзқарасыңыздан балалар өзіне деген өте үлкен сенімділікті, ұстамдылықтың күшін сезіне білетіндей болуы керек. Ұстамды, мейірімді, сенімді болудың арқасында – сіз мәнеріңіз жеткілікті адамсыз және осындай болу арқылы - сіз тәрбиеші ретінде күштісіз.
Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатын нақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады? Осы айтылған элементтердің барлығы адамның ішкі қалпынан өндірістік болып табылады, оларды педагогтың шығармашылық көңіл-күйін өзі реттеу техникасы ұғымымен бастап басқара білу керек.
2. Педагогтік әдеп және педагогтік тактика туралы түсінік.
Қазіргі кездегі мектеп – оқушылар үшін ақпарат берудің бірден – бір көзі емес. Олар мектеп өмірі, мұғалімдер, оқушылар өмірі туралы оқиды, радио тыңдайды, телевизия хабарларын, кинофильмдерді көреді. Олар біздің мамандығымыздың құпияларымен, біздің қоғамымыздың оқушыларды тәрбиелеуге қоятын талаптарымен де таныс. Олар біраз жағдайда біздің қылықтарымызды бізден жақсы ажырата алады. Оларға біздің тарапымыздан қойылатын талаптың орынды болуын зейін қоя қадағалайды, олар біздің талаптарымызға сын көзбен қарауға да бар, тіпті келіспейтін кездері де болады. Сондықтан да біздің оқушылармен қарым-қатынасымыздың мәні ерекше. Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарым-қатынас орнату – күрделі іс. Ол бізден жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, тиісті іскерлік пен дағдыларды қажет етеді. Ал біздің шеберлігіміздің аса маңызды бөлігі – педагогикалық әдеп пен педагогикалық тактика болып табылады.
Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан психологиялық бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К:Д.Ушинскийдің айтқанындай: “түптеп келгенде психологиялық әдеп”.
Педагогикалық әдепке және осы терминді қолдану өрісіне анықтама беру теорияда және педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді:
Достарыңызбен бөлісу: |