«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет54/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

3. Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. Сөз оқушылардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу жайында болып отыр. Педагогикалық әдеп мәнінің өзі адамды кемсітпеуде. Адамдық қадір-қасиет – адам бойындағы ең қымбат байлық. Біз оқушылармыздың, қоғамның болашақ құрылысшыларының бойындағы осы байлықтың әрбір бүршігін қызғыштай қорғауымыз керек. Оқушымен оның үлгерімі, тәртібі туралы сөйлесіңіз, екілік қойыңыз, екінші жылға қалдырыңыз, бірақ сөзбен де, көзбен де оның адамдық қадір-қасиетін қорламаңыз, оны күлкі етіп, мазақтамаңыз, ащы мысқылға үйір болмаңыз. Оқушыны қалай қатты ренжітуді емес, оған қалай жуысу, қалай көмектесу жолын ойластырыңыз.
Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілген жұмыста олардың адамдық қадір-қасиетін кемсіту арқылы емес, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту арқылы табысқа жетуге болады.
Ықпал жасау шамасы. Ықпал ету құралдарын пайдалану – медицинада дәрі-дәрмектерді жұмсаумен тең: оны дұрыс шамалай білу керек. “Көп болса, жақсы болады” принципі мұнда жарамайды.
Педагогикалық әдептің өзі көбіне шаманы сезіне білу ретінде де қарастырылады. Өйткені шамадан шығып кету әдептен озуға әкеліп соғады. Әдепті мұғалім – салмақты, ұстамды, байсалды (жақсы мағынада айтқанда) болады. Ол мінез-құлықтың да, сөйлесудің де, әдет-қылықтың да, киім киюдің де тым қалыптан шығып кетуіне жол бермейді. Ол шамалап кейиді, шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды. Бірақ кейісті тоқтататын, әзілді тежейтін, ақыл айтудан бұлтаратын сәтті қалайша дөп басып табасың? Міне, осы сәтті шамалауды – педагогтың өзі табуы, оны оқушылардың көздерінен, олардың назарынан, үнсіздігінен білуі, жайт-жағдайлардан ұғынуы, жалпы көңіл-күйден, жеке көріністерден сезінуі, ақыры тәжірибесі негізінде іштей сезініп түсінуі керек. Бұл мұғалімнің дара шығармашылығы. Сол шаманы сезінсе – табысқа қолы жетеді, сезінбесе – оның тактикасы ойдағыдай нәтиже бермейді. Олай болса, мүмкін, тәуекелге бармау үшін тәрбие құралының әрқайсысын ептеп қана (ептеп қана жеку, ептеп қана мақтау, т.б.) қолдану керек шығар? Тіпті де олай емес. Ондай қарым-қатынас біздің тәрбиелік құралдарымыздың әсерін шектейді. Бұл арада, тәжірибелі мұғалімдер сияқты бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған жөн. Тәрбие құралдарын пайдаланудағы сақтық та шектен тыс болмауы тиіс.
Шешімге келу. Белгілі бір жағдайда ең қажетті шешімге келу – педагогтық тактикадағы ең басты нәрсе емес пе? Ал ең жақсы шешім – байсалды ойластырылған шешім болдып табылады. Ашу, ыза үстінде көбіне оқушылардың қылығына немесе жалпы тәртібіне сай келе бермейтін шешімдер қабылданады. Педагогта адам, сондықтан оның да бар сезімге, ашулануға, буырқануға қақысы бар. Кей жағдайда мұндай сезімдерді тежеудің қажеті де жоқ, ал кейде солай ету керек те болады. Істің мәні олардың формасы мен көрініс беруінің шамасында. Мұғалім өз сезімдерін шынайы (жоқ жерде сезім білдіргенсімей), бірақ “жалпы адам” ретінде емес, шебер-педагог ретінде білдіруі икерек. Сіз ренжіп тұруыңыз мүмкін, бірақ ол қалайда педагогикаға жат формада болмауы тиіс, - А.С.Макаренконың бұл кеңесінің мәні зор. Ал ашу кернеп бара жатса ше? Ең жөні – сабаға түсу, барынша өзіңді-өзің ұстау. “Өзіңнің не өзіңмен сөйлесіп тұрған адамның шамдана бастағанын байқасымен сөзді тоқтат” деп кеңес бередщі Л.Н.Толстой. Ашу-нашар кеңесші. Біз өзімізге қойылатын талапты білгенімізбен педагогикалық әдепті көбіне шамданған кезде бұзамыз. Ашуланғанда талап ұмыт қалады.
4. Көңіл қалдырмау. Көңіл қалдыру – адамдардың өзара қарым-қатысындағы бәлекет көзі. Ол ызаны қоздырады, кек тудырады, достарды араздастырады. Мектепте ол, атап айтсақ мұғалімдер мен оқушылар арасындағы көптеген қайшылықтардың, байлансытардың жоқтығының себепшісі. Көңілі қалған оқушы өзінің көңілін қалдырған мұғалімнің ешқандай талаптары мен кеңестерін іштей қабылдамайды. Көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасында өзіндік психологиялық кедергі, ұзаққа созылатын психологиялық сыйыспаушлық тудырады. Көңілі қалған оқушы сырттай болмағанмен іштей сізге қарсы, ол сіздің шынайылығыңызға сенбейді, сіздің сөздеріңізге сезікпен қарайды, сіздің қайырым-ілтипатыңызға күмән келтіреді, сізден көңіл қалдырар жаңа қылық күтеді. Мұндай оқушымен байланысты қалпына келтіру қиынға соғады, бірақ ол бір кездерде өзінен-өзі қалыптасып кетеді деп күтуге де болмайды. Көңілдің қалуы әмәнде ізсіз өтпейді. Мұғалімнің өзінің кінәлі сіз бе, әлде оқушы ма, кінәлілігі үшін кешірімді оқушы бұрынырақ сұрай ма, әлде сіз сұрайсыз ба, тым санасып жатудың қажеті жоқ. Бұл мәселе әлдеқашан шешімін тапқан: кім әдептірек, кім тәртіптірек болса, кешірімді сол бірінші сұрайды. Оқушыдан дер мерзімінде кешірім сұрамау оны мұғалімнен жырақтатады, онымен ішкі байланысты салқындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет