«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен


тақырып. Жеке ықпал шеберлігінің негіздері



бет62/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

13 тақырып. Жеке ықпал шеберлігінің негіздері.


Жоспары:



  1. Сөйлеуді жүзеге асырудағы бағыттар.

  2. Қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін дамыта білу.

  3. Сөйлеу мәнерінің біліктілігін дамыту.

1. Студенттердің өзіндік жұмыстарында сөйлеуін жүзеге асыруда бірнеше бағыттарды бөліп қарастыруға болады: өзін-өзі бақылау және сөйлеу мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың барлық жағдайында дұрыс әдеби тілде сөйлей білу . Әңгіме, өзіңдегі әдеттер мен қажеттіліктерді білу және өзіңнің сөйлеу мәдениетіңнің деңгейін көтеру тәрбиесі туралы болмақ. Бұл жерде сөйлеудің тазалығы мен дұрыстығына баса назар аудару маңызды (қазіргі әдеби тіл нормаларына – екпін, айту, сөз жасау нормаларына және т.б. сәйкестігі). Мұнда үлкен көмек сөздікпен жұмыс істеуде көрінеді: түсіндірме сөздік, сөз қолдану қиындығы, сөз тіркестері. Қиын жағдайларда онымен жұмыс жасау әдеттеріне өзіңді тәрбиелеу, таныс емес сөздерге көңіл бөлу, оның мағынасын түсіндірудегі қажеттілік, есте ұстап қалу, өз тіл байлығыңды байыта түсуде оны сөздік қорыңа ендіру өте маңызды.
Өзіңнің сөзіңнің ерекшеліктерін оқып үйрен:
сөздерді, дыбыстарды дұрыс қолдана аласың ба?
сөзге екпінді дұрыс қоя аласыз ба?
Сіздің тіл байлығыңыз қалай немесе сіз өз баяндамаңызды қиындықпен құрастырасыз ба?
Жаңа сөздерді қолданғаныңызда, өзіңіздің келтірген анықтамаларыңыз дәл, тура шыға ма?
Сізде түрлі сөз таптарының формаларын жасауда қиындық тумай ма?
Алынған ақпарат сіздің сөйлеу дайындығыңыздағы осал жеріңізді айтады, ал әдебиетпен жұмыс істеу, жаттығу жұмыстары одан құтылуыңызға көмектеседі. Түрлі жағдайдағы қарым-қатынаста дұрыс әдеби тілде сөйлей білуді игеруге өзіңді саналы бағыттау өте маңызды – тек қана іскерлік жағдайларды шешуде ғана емес, оқытушылармен қарым-қатынас жағдайында ғана емес, ата-аналарыңызбен, құрбы-жолдастарыңызбен өзара қарым-қатынас жағдайында да сіз өзіңіздің сөйлеу мәдениетіңізді көрсете білгеніңіз абзал.
2. Өзін-өзі бақылау және сөйлеу мәнерінің біліктілігін дамыту.
Өздеріңіз білетіндей, сөйлеу мәнерлілігіне оның мазмұнға сәйкес дауыс ырғағын келтіре білуіне, қолдану жағдайына және тіл құралдарын (эпитет, метафора және т.б.) орынды қолдана білуіне, ауызша көрнекі бейнелерді (көркем-әдеби шығармалардан үзінді, афоризмдерді келтіру) қолдану арқылы қол жеткізіледі.
Өз сөздеріңіздің дауыс ырғағын бақылап көріңіз. Ол қандай?
Мәнерлі, әр түрлі қалыпты, эмоционалды реңкте ме немесе бір қалыпты, бір дауысты ма?
Түрлі жағдайлардағы қарым-қатынаста сіздің сөзіңіздің саздылығы қандай?
Өзіңіздің көпшілік алдында жасағалы тұрған баяндамаңызды дайындауда мына сұрақтарды шешіп алуыңызға көңіл аударыңыз:
тыңдаушылардың қандай ой-толғаныстарын тудыруым керек еді?
Аудиторияда қандай көңіл-күй жасау керек?
Менің баяндамамның мазмұны сөйлегенде қандай дауыс ырғағын, ритмді талап етеді?
Өз баяндамаңызды оқыған кезде жақсы бір әсер алған кезіңіз және қалай шыққаны туралы көңіліңіздегідей, сіз ойлағандай болды ма ? Алған әсеріңіз туралы ой бөлісіңіз.
Өз баяндауыңызға көркем-әдеби шығармалардан үзінділер, суреттемелер және өз бағаңызды және әсеріңізді қосып құрастырып көріңіз. Бірақ мынаны ұмытпаңыз: қолданылатын таңдап алынған тіл құралдарыңыз, ауызша көрнекі бейнелеріңіз шындыққа жанасымды, әрі табиғи болсын.
Өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас аясындағы әлеуметтік жағдайда, коммуникативтік біліктілікті, қабілеттілікті дамыту.
Сіз білесіз, мұғалімнің жемісті коммуникативтік мінез-құлқы оның дербес қарым-қатынас стилі болып табылады. Өзін зерттеп білу маңызды, сонымен бірге тек қана өзіңнің қарым-қатынас техникаңды ғана ретке келтіріп қоймай, қарым-қатынасыңдағы өзіңнің әлеуметтік бағытыңды да білгенің жөн:
мен серігіммен (партнермен) қарым-қатынасты қалай жасаймын: мақсат ретінде ме, құрал ретінде ме?
Маған процестің өзі қызықты ма, әлде тек қана оның нәтижесі ме?
Қарым-қатынас кезінде мен өзімнің сырқы келбетімді, көңіл-күйімді басқара аламын ба?
Адамдар, менің оларды барлық уақытта түсінуге тырысатынымды біле ме екен?
Менің сөйлеудегі мәнеріме, сөйлеу тоныма, қарым-қатынаста адамдардың көңілі тола ма?
Болашақ мұғалімнің мінез-құлық коммуникативтілігінің табыстылығы төмендегі арнайы қабілеттіліттіліктерінің дамуына байланысты:
әлеуметтік-перцептивтік (қарым-қатынастық серіктестікте оның ішкі дүниесін түсіне білуге қабілеттілік);
әлеуметтік-қиялдай білу қабілеттілігі (өзіңді басқа біреудің орнына қоя білу, оның реакциясын көре білу, сендіре білу).
3. Көптеген сұрақтарға талдау педагогикалық шеберлік сабағында жасалады, ал практикалық көмек осы жерде және психологияда, педагогикада, арнайы әдебиеттерді оқуда көрсетіледі.
Барлық уақытта қиялды (қайта жасау және шығармашылық), ассоциативтік және бейнелі есті, фантазияны дамытып отыруды есте ұстаған жөн. Естеріңізде ме, біз айттық, мұғалім сөзінің мәнерлілігінің міндетті шарты, оның баяндаған процестерінің, оқиғаның, заттардың ойша көрінісінің бейнесін тудыра алуы болып табылады. Мұндай жағдайда сөз эмоционалды, айқын болады, ол суретті қолмен емес, тіл қралдарымен салғандай болады, К.С.Станиславскийдің тілімен әсірелеп айтқанда “құлақ емес, көз”. Жасандылықпен мұндай сөйлеуге жету мүмкін емес. Өзіңде шындықтағы дүниені қабылдау, дыбысты, суретті көре білу және тыңдай білу біліктілігін дамыту керек және өзіңнің көргеніңді сөзбен жеткізе білуді үйрену керек. Бұл жерде театрлық педагогика жаттығулары жақсы көмек көрсете алады.
Осылайша, біз сіздермен педагогикалық шеберліктің элементтері болып табылатын мұғалім сөзінің бірнеше ғана сұрақтарын қарастырдық.
Айтылған әңгімелер, болашақ мұғалімдердің сөйлеу мәнеріне аса сақтықпен қарап, дамытуына негіз болады деп ойлаймыз, ал талантты педагог-жол салушылар тәжірибесі байытады және мәнерлі, айқын, сенімді педагогикалық сөйлеуді меңгеруде табандылық көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:


Сөйлеуді жүзеге асырудағы басты бағыттар қандай?


Өз сөзіңнің қандай екенін қалай білуге болады?
Өз сөзіңіздің мәдениеті қай дәрежеде екенін қалай білесіз?
Сөйлеудегі мәнерлілік дегеніміз не және оны қалай дамытуға болады?
Өз сөзіңдегі дауыс ырғағын қалай бақылауға болады?
Адамның ішкі дүниесін түсіне білуге тырысасыз ба? Оны қалай түсіндіресіз?
Мұғалім сөзінің мәнерлілігіне психикалық процестердің қатысы бар ма және ол қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет