«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен


тақырып. Дау – дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет



бет65/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

15 тақырып. Дау – дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет.


Жоспары:

  1. Өзіндік проблеманы түсіну,жою

  2. Келіспеушілікті болдырмау, шығу жолдары

  3. Дау-жанжал тиімді емес қарым-қатынас құралы


  1. Дау-жанжал- (латын тілінен conflictus) қарама-қайшылық қарысылық формасының көрнісі.

Дау-жанжал бұл:

  1. Қарсылыққа нейтрозациялық мақсат пен күрес оған шығын әкелу

  2. Педагогикалық-психологиялық толқу, қобалжу

  3. Конфликтілерді басқаруға арналған психологиялық жаттығулар

Дау-жанжал бағалаудың мақсаттың қызғушылығының сәйкессіздігінен және оның жасырын бақталастың сәйкессіздік көзқарасы мен талданады.
Дау-жанжал көзі- бұл қарама-қайшы қызығушылықты, мақсатты немесе қажеттілікті әрқашанда көрсететін ситуация немесе жағдай. Дау-жанжалды негіздеу –бұл әрқашанда түсініспеушіліктің себебі. Дау-жанжал шекарасы- бұл дау-жанжалдың өзара әрекеті жүзеге асатын аймағы. Субьект мінез-құлқында дау-жанжалда екі негізгі ой болды. Олар келесілер:
Жеңуге деген талпыныс
Дау-жанжалға қарсы тұру
Себеп-дау-жанжалдың практикалық мотиві.
2.Дау-дамайлар типтері:
А) артықшылыққа тырысу(мұғалімнің сөзін бөлу, ескерту , күлкіге айналдыру)
Ә) агрессияның көрінуі (мінез-құлықтың көрінуі)
Б)эгоизмнің көрінуі өзімшілдік-адамның басқа адамдардың қызығушылығы арқылы өзінің бағалық хабарлауды иемденуі.
Дау-жанжалдың бірнеше түрлері болады.Жеке адамның дау-жанжал, жеке адам мен топ арасындағы дау-жанжал және топаралық дау-жанжал.
3.Конфликтілерді басқаруға арналған психологиялық жаттығулар
Конфликтілер күнделікті өмірдің бөлігі болып табылады. Әр күн сайын бұқаралық ақпарат құралдары әр түрлі конфликтілер жайлы хабарлайды. Көптеген адамдар күн сайын қандай да бір конфликтіге қатысады.
Конфликт әлеуметтік салада екі жақтың таласы, конфликт ретінде олардың мүдделерінің, мақсаттарының қарама-қайшылығы ретінде болады. Келіссөздер саласындағы белгілі маман Р.Фишердің айтуынша, әлем неғұрлым әр түрлі болған сайын, соғұрлым көп мүдделер қайшылығы ситуацияларына тап болуға тура келеді.
Американдық зерттеуші М.Дойч конфликт қоғам станациясын болдырмауға мүмкіндік береді, оның дамуына әкеледі, мәселелерді шешу ізденісіне себепші болады және т.с.с. дейді. Сондай-ақ қарқыны аз, бейбіт жолмен шешілген конфликт анағұрлым күрделі конфликтілердің алдын алады. Осы айтылғандарға сүйене отырып, конфликтілердің олардың өршуімен, шешудің күштеу формаларына өтумен және т.с.с. байланысты жағымсыз функциялары ғана емес, сондай-ақ жағымды жақтары да бар екен деген қорытынды жасауға болады. Белгілі адамдардың пікірлерін пайдалана отырып, конфликтілер мен келісім бір медальдің екі жағы болып табылады, сондықтан «конфликтілерсіз қоғам бұл өлі қоғам» деп айтуға болады.
Мәселе конфликтілерді қалай шешуде? Конфликтіні реттеу жолының немесе тәсілінің үш түрі бар:

  • конфликтіге қатысушы жақтардың біреуі (немесе барлығы) жеңіске жетуге талпынады (бір жақты әрекеттер);

  • конфликтіге қатысушы (қатысушылар) оның бар екенін елемейді және әрекетсіз қалады (бір жақты әрекеттер);

- үшінші жақтың көмегімен немесе олардың қатысуынсыз қатысушылар өзара тиімді шешім табу үшін конфликтіні туғызған проблеманы талқыға салады (бірлескен әрекеттер);
Алғашқы жағдайда конфликтіге қатысушылар жақтар ортақ мүдделердің жоқтығына икемделеді. Әрбір қатысушылар басқасын күшпен бағындыруға тырысады. Мінез-құлықтың бұл типін өз уақытында Карл фон Клаузевиц егер қарсылас біздің ырқымызға көнбесе, онда біз оны одан да жаман ситуацияға қалдыруға тиіспіз деп жақсы айтып кетті. Жеңіске талпыну өз соңынан күштеуді туғызады, ал нәтижесінде, көбінесе мәселе шешімін таппай қалады. Екінші жол конфликтілі потенциалдың болуын мүлде елемеуді жөн көреді, бұл оның жинақталуына, ал кейін «тосыннан» стихиялы түрде шешілуіне әкеледі және көп жағдайда агрессияға ұласады. Үшінші тәсіл – келіссөздер арқылы өзара тиімді шешім табуға бағытталады. Көбінесе тәжірибеде үш тәсілдің бәрі бір мезетте іске асады, бірақ ішіндегі біреуі үстем болады. Тек шешімді бірлесіп іздеуге бағытталған соңғы жолды таңдау кезінде ғана конфликтінің жағымды функцияларын іске асыруға болады.
Сонымен, конфликтілерді реттеу мақсаты конфликтіні жою немесе елемеуді емес, қайшылықтарды шешудің деструктивті, күштеу тәсілдерімен байланысты конфликтілі мінез-құлықты болдырмауда, қатысушыларды өзара тиімді шешім табуға бағыттауда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет