Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Оқушылардың материалды дұрыс түсіне алуы мен мұғалім сөзінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
Сөйлеу техникасында тыныс алудың маңызы
Жаттықпаған тыныс алу белгілері
Диафрагмалық тыныс алуды дамыту үшінқолданатын жаттығулар
Мұғалім сөзіндегі ырғақтың кемшілігі туғызатын жағдайлар
9 тақырып. Педагогикалық қарым – қатынас және оның қызметі.
Жоспары:
Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынас.
Педагогикалық қарым-қатынастың коммуникативтік міндетпен байланыстылығы.
Коммуникативтік дайындық – педагогикалық қарым-қатынастың элементі ретінде.
1. Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынасты қалыптастыру мәселесіне талдау жасағанда кері қатынас барысында рефлексивтік жағдай төмендеп және диагностика нақты болмай қалуы мүмкін, бірақ, бұл, көбінесе, ескеріле бермейді. Сол себапті педагогикалық қарым-қатынастың технологиясын толық шешу үшін коммуникативтік міндеттердің орындалу сатысы төмендегідей болмағы ләзім:
қарым-қатынас жағдайына бейімделу;
сырттағы адамдарды өзіне қарату;
нысанның жан дүниесін жаулап алу;
сөздік қарым-қатынасты іске асыру;
эмоционалды және мазмұнды байланысты ұйымдастыру.
Педагогикалық қарым-қатынас келесі бөліктерді қамтиды және педагогикалық үрдіске (ой қорыту, талдау және баға беру) сәйкес бір қарқындылыққа ие болады:
мерекелік шараға немесе сабақты дайындау үрдісі кезінде қарым-қатынасты қалыпқа келтіру;
қарым-қатынастың үзбей ұйымдастырылуын қамтамасыз ету (қарым-қатынастың басталу кезеңі);
педагогикалық үрдісте қарым-қатынасты басқару.
2. Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынастың технологиялық мазмұны “коммуникативтік міндетпен” тығыз байланысты және бір жүйеде қалыптасады. Коммуникативтік міндеттің өнімділігі төмендегідей жұмыстардың мазмұнынан көрінеді: белгілі жағдайды талдау, тиімді шешімді табу, таңдау, коммуникативтік өзара әрекеттестік және нәтижесін талдау.
Мысалы, педагогикалық жағдаятқа талдау жасау, ең дұрыс жауапты таба білу, әдістеменің бағытын табу және педагогикалық әрекеттің мазмұнын аша білу керек. Барлық педагогикалық міндеттің шешімін табу мақсатында педагог қарым-қатынас технологиясын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырудың жолдарын қарастырып, іздестіреді.
Сонымен бірге, коммуникативтік міндеттер педагогикалық міндеттер болып табылады, яғни коммуникативтік міндет педагогикалық міндеттерді орындау барысында педжагогикалық көзқарастарға әсер ете отырып, оның коммуникативтік қабілетінің жүзеге асуына мүмкіншілік жасайды.
Кейбір педагогтер коммуникативтік міндетті педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде есепке алмайды. Жалпы айтқанда, коммуникативтік міндеттер хабар алуға және оны жалғастыру үшін қолданылады. Сонымен бірге педагог коммуникативтік міндеттерді шешу барысында екі негізгі мақсатқа жүгінеді: оқушыларға хабарды жеткізу немесе белгілі бір әрекетке ұмтылдыру.
Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынастың туындау және мағлұматтарды жинақтау бөліктері мінездемелеу болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынасты модельдеу өзара әрекеттестік жүйесін айқындаумен байланыстырылады. Осы педагогикалық өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық міндеттер коммуникативтік міндеттер ауысуын қамтамасыз етеді және олардың сәйкестігін айқындау маңызды рөл атқарады.
Коммуникативтік дайындық жас маманға сабақты бастаудағы педагогикалық қарым-қатынастың аса маңызды элементі. Оның іске асуының технологиясына негізгі негізгі элементтің бірі ретінде төмендегілер жатады:
белгілі бір топқа немесе ұжымға нақты білім беру барысын елестету;
нақты ұжыммен қарым-қатынас жасау барысында нақты топқа сәйкестендіру және жағымды эмоционалды жағдайды қалыптастыра келе жағымсыз әсер ететін факторлардың туындауына жол бермеу;
бұл топқа қарым-қатынастың қай түрі сәйкес келетіндігін анықтау;
сабақтағы материалды және сыныпты қалай қабылдайтындығына көңіл бөлу;
қарым-қатынас стилін (оқытушы, дамытушы, тәрбиеленуші) күн талабына сәйкестендіру;
конспектімен жұмыс жасауды сабақтың бір бөлігі және фрагменті ретінде жоспарлау және психологиялық ауанды бір қалыпқа келтіру, т.б.
Шапшаң ұйымдастырылыған педагогикалық қарым-қатынаста педагог барлық күш-жігерді өзі иемденеді және басқару барысында қолданады. Егер қарым-қатынас барысында оны тез иемдене алатын болса, ол өзінің педагогикалық стилін сезініп, қарым-қатынаста өзін сенімді, жоғары деңгейде көрсете алады.
Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынастың шынайы тұрғыдан әр түрлі жолдары бар. Яғни, жоғары оқу орнына қабылданған студенттерді алғашқы күндерден бастап-ақ оқуға ынталылығын арттыруға ұмтылып, қарым-қатынас мәдениетінің кейбір өлшемдерін меңгеру аса маңызды болып табылады. Себебі, студент қауымның ішінде тұлғалық көрсеткіші, мәдениеттілігі мен іскерлігі, әдептілігі жағынан “нашар” көрінгісі келетін студент жоқ.
Студенттер арасында қарым-қатынас мәдениетін қамтитын саулнамалар жүргізгенде, олардың ой-пікірлерін сарапқа салып тұжырымдағанда, соның нәтижесінен алынған мәлімет мынадай үш деңгейге сәйкестендірілді.
І деңгейі (жоғары)
|
ІІ деңгейі (орташа)
|
ІІІ деңгейі (төмен)
|
Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысы бір қалыпты, әңгіменің бағыт-бағдарын тез ұғынып, сөзді бөлмейді. Әңгіменің барысында мақсат қоюға дағдыланған, қоғамдық орындарда мінез-құлық дағдысы, ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасау дағдысы бекітілген. Құрбылармен қақтығыс барысында юмормен кикілжіңсіз шығып кете алады.
|
Сөйлеу икемділігі бар, бірақ көп жағдайда әңгімені ұштастыра алмай қалады. Дегенмен, әңгімені мұқият тыңдап, сөзді бөлмейді. Өзін-өзі бағалауы орташа, орташадан жоғары. Құрбылармен ренжісу барысында сөз таластыруға дайын, алайда, өзін-өзі тез меңгереді. Әңгімені өз бетінше іліп алмай, өзгелердің сілтемесін қажетсінеді.
|
Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысы, сұрақ қою икемділігі төмен. ҚҰрбылармен сөз таластырып, айқай, дау-жанжалға, төбелесуге дейін бар. Әңгіменің барысын жүргізе алмайды (өз бетімен). Рухани-сөздік тұрғыдан өзін-өзі реттеу қабілеті төмен. Сөздің барысында мақсат қоя білу икемділігі жоқ.
|
Осы әдістеме негізінде қарым-қатынас мәдениетінің негізгі үш бөлігін айқындадық, олар: білім, дағды, икемділік. Ал қарым-қатынас үрдісінде сабақ үстіндегі әр түрлі оқыту мәселелерін шешу барысында әр түрлі педагогикалық функциялар қолданылады. Атап айтқанда, мына функциялар: сүйемелдеуші, басқарушы, ұйымдастырушы.
Болашақ маман иесі тек оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырып, басқарып қана қоймай, оның оқу әрекетін айқындаудың жолын табатын педагогикалық коммуникативтік міндеттерді шешуге талпынуы тиіс-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: |