«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет42/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

а) тұлғаның қажеттілік – мотивациялық саласы;
б) операциялық – техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады);
в) тұлғаның өзін-өзі тануы.
2. В.А.Сластениннің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю.П.Азаровтың пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.
И.П.Адриади педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп және интеллектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік – мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырадлы және де теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді.
В.А.Мижериков және М.И.Ермоленко педагогикалық шеберлік педагогтік қызметтің дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтің педагогикалық технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге асқан қызметтің деңгейімен анықталады.
В.П.Куравлеваның анықтамасында педагогтік шеберлік “... теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс-тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі” делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы шығармашылықпен бекітіледжі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу – тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді.
А.А.Сидоров, М.В.Прохорова және Б.Д. Синюхин педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтің жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық – педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды.
Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкиннің дәлелдеулерінше, педагогикалық шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылығымен, оқыту өнерін үздіксіз жетілдіруімен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі деседі. Алғашқы анықтаманы нақтылай келе, олар педагогикалық шеберлік:
Біріншіден, педагогтің жеке тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни, шебер – педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оқу-тәрбие жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек. Олардың ішіндегі ең маңыздылары азаматтық және патриотизм, гуманизм және зиялылық, жоғары рухтағы мәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік және адамдармен тіл табысу атап айтылған.
Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастар жүйесі – кәсіби білім, қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзірет болып табылады деген тұжырым жасайды.
А.М.Новиков педагог тұлғасының әлеуметтік рөлі өлшеусіз артып келеді, ол педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінде, қарым-қатынасында, әдебінде, оның жан дүниесі байлығында. Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьютермен немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармен ауыстыруға болмайтынына көз жеткіздіреді. Осылайша нені үйретесің, қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық тұрады. Осыған байланысты А.Н.Новиков педагогикалық шеберліктің мазмұнын жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда ашып береді, оқушыға өз мақсатына-мұратына тез жетсем, өз орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты екеніне назар аударады. Педагогикалық шеберлік туралы түсініктерді талдай келе төмендегі пікірлерге мән берейік.
А.Б.Орлов өз мақаласында “шебер” және “жасаушы” деген түсініктердің оптималды қатысын негізге алады, “шебер” “жасаушының” құлы болады, ал шеберлік – шығармашылық құралы деп жазады (өзектендіру)”. Бұл дегеніңіз педагог тиімді әрі іс-тәжірибеде ақталған әдістерді шебер меңгерген, бірақ оларды өзінің жеке кәсіби жаңалықтарымен байытуға ұмтылмайды, өзінің шығармашылық потенциалын іске асыра алмайды. Дегенмен, педагогикалық шеберлікті қажетті және жеткілікті деңгейде игермесе, кез-келген маманға өзінің кәсіби саласында шығармашылығын өмірге келтіру қиын болады.
3. Оқытушылық қызметтің моральдық мәні. Мұғалім - өзінің әлеуметтік қызметі жағынан бірден-бір қоғамдық тұлға. Ол – белгілі бір әлеуметтік қауымның мұраттарын жүзеге асырушы, соны болашақ адамдардың негізгі қасиеттеріне айналдыру жолында еңбек ететін адам. Оқытушы қоғамның тәрбиелік функцияларын орындаумен қатар осы қоғамның әлеуметтік функцияларын орындайды, яғни оның қызметі тек қана белгілі бір білімдер қосындысын жас буынға берумен ғана тынбайды. Ол сонымен қатар өзі қызмет ететін қоғамның әлеуметтік мәнін, оның рухани байлығын өзінің барлық іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өнегесі арқылы жастарға жеткізеді.
Оқытушы – ең алдымен қоғамның рухани байлығын, оның құрамында моральдық сана және этикалық принциптер мен ережелері өзінің бойына сіңіріп, белгілі бір дәрежеде меңгерген адам. Осының салдарынан оқытушының жас өспірімдерге ететін әсері, сайып келгенде, қоғамның, ал дәлірек айтқанда, жеке алынған педагогикалық ұжымның әсері. Бұдан оқытушылық қызметтің қоғамдық мәні айқын көрінеді.
Әрқашан да қоғамдық тұрмыстың күрделілігін, оның қарама-қарсылықтар күресі, қайшылықтардың тартысы арқылы дамитынын көрсету –моральдық тәрбиенің негізгі принципі. Қоғамдық тұрмыстағы қайшылықтарды бүркемелеп, өмірді тек жағымды жағынан ғана көрсетудің пайдасы шамалы. Бала өзінің азды-көпті тәжірибесінде өмірдегі кемшіліктерді, кейбір адамдардың әділетсіздігін, мейірімсіздігін байқап қалады. Оның моральдық тәжірибесіндегі осы сияқты білімдер оқытушының айтқандарымен қайшы келсе, ол өмірге нигилистік тұрғыдан қарауы мүмкін. Сөйтіп, балалар санасында сенбеушілік сияқты ұнамсыз қасиет ұялайды. Осыған байланысты мұғалімнің міндеті өмірде кездесетін қайшылықтарды, олардың арасындағы күресті көрсете білу және осыдан шығатын білімдерді жас буынның рухани байлығына, іс-әрекеттерінің мызғымас берік тірегіне айналдыру. Сонымен қатар балаларды қиыншылықтарды жеңіп шығуға үйрету, олардың ерік күшін қалыптастыру – мұғалімнің ұстаздық парызы. Егер мұғалім өмірдегі қиыншылықтардың мәнін шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, сол қиындықтарды жеңіп шығудың жолын көрсете білсе, бұл жас ұрпақты өзіне-өзі сенімділік рухында тәрбиелей білгені.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет