Педагогикалық теория мен практиканың бірлескен әрекетінің диалектикасы



Дата08.02.2022
өлшемі94,93 Kb.
#121371
Байланысты:
№3 дәріс

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ БІРЛЕСКЕН ӘРЕКЕТІНІҢ ДИАЛЕКТИКАСЫ

№3 дәріс

ЖОСПАР

  • 1. Тұлға теориясы
  • 2. Іс-әрекет теориясы
  • 3. Құндылықтар теориясы
  • 4. Басқару теориясы
  • 5. Тұтас педагогикалық процесс теориясы

Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша жеке адам туралы теориялар:

  • Психодинамикалық
  • Социодинамикалық
  • Ракционисттік 

  • Психодинамикалық теориялар типіне жеке тұлғаны сипаттаушы және психологиялық және ішкі субьективтік мінездемесіне сүйене отырып әректтерін түсіндіретін теориялар жатады.
  • Социодинамикалық теориялар жеке адамның мінез – құлқының сыртқы орта әсеріне тәуелді және ішкі күйіне мән бермейді деп түсіндіріледі.
  • Интеракционисттік теориялар бойынша адамның мінез-құлқының мәселесін шешудегі әрекеттері сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен пайда болады. Мұндай әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.

Тұлға теорияларын жіктеуде маңызды:

  • тұлғаның ішкі қасиеттері;
  • тұлғаның қырлары мен қасиеттері;
  • Тұлғаның сыртқы көріністері.

Тұлға теориясы – бұл болжамдардың жиынтығы мен немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы

Іс-әрекет категориясын қарастырды:

И.Кант, Г.Гегель, Л.Фейербах, К.Маркс, М.Я.Басов, С.Л.Рубинштейн, К.А.Абульханова, А.В.Брушлинский, В.А.Лекторский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, В.И.Слободчиков, А.В.Петровский, А.Г.Асмолов, т.б.

  • Іс-әрекет - процесте психикалық образдың туындауы, оның объектіге айналуы, заттық шындықта субъектінің қатынастарының психикалық образбен жанама жүзеге асырылатын субъектінің сыртқы дүниемен өзара әрекетестігінің динамикалық, өзбетті жасақталатын иерархиялық жүйесі.
  • Іс-әрекет - бұл адамның қоршаған ортамен арасындағы осы белсенді мақсатқа бағытталған іс-әрекет формасы.

Оқу әрекеті

  • оқу міндеттері немесе тапсырмалар;
  • оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой-тәсіл амалдары);
  • бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап тексеріп отыруы);
  • бағалау (мұғалімдердің және оқушының өзіне өзі беретін бағасы).

Іс-әрекеттің мазмұны - бұл оқушыларға орындауға тиісті білімдер (елестетулер, түсініктер). Оларға белгілі болған білімдер ғана емес сондай-ақ оқушылар келешекте іс-әрекет үстінде яғни мұғалім берген тапсырмаларды шешу барысында меңгерген тиісті білімдер.

Адам, іс-әрекет субъектісі ретінде, оны жоспарлайды, ұйымдастырады, бағыттайды. Осы уақыта іс-әрекеттің өзі адамды оның субъектісі ретінде, тұлға ретінде қалыптастырады

Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады

Құндылықтар теориясы - нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы - жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында ілім.

Мектепті басқару туралы білімдер жиынтығы – мектептану.

Мектепшілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі.

Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтердің педагогикалық процесте жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты басқару

Ғылыми басқару – белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспарланған жүйелерді басқару.

Ғылыми басқарудың белгілері:

Процесс

  • Жағдайлардың, даму деңгейлерінің бірізді өзгеруі;
  • Белгілі бір нәтижелерге жету мақсатындағы іс-әрекеттің жиынтығы.

Педагогикалық процесс

Педагогикалық процесс – оқушы тұлғасының жағдайын өзгертуге бағытталған, мазмұны жағынан толықтырылған және арнайы ұйымдастырылған тәрбиешілердің жүргізуші және бағыттаушы әрекетінің және баланың белсенді әрекетінің негізіндегі өзара әрекеттесу процесі.

(Б.Т.Лихачев)

Педагогикалық процесс

белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған жағдайға өзгеруіне әкелетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің дамып отыратын өзара әрекеттесу процесі.

(И.П.Подласый)

Біртұтас педагогикалық процесс – жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі (Н.Д.Хмель - Қазақстанда біртұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғалым).

Біртұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері – мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық.

  • Мақсаттылық - БПП әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжамданады.
  • Екіжақтылық – процестің нәтижесінің тиімділігі мұғалім мен оқушының әрекеттерінің өзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты.
  • Тұтастық – процестің нәтижелілігі оның шеңберінде іске асырылатын тәрбие мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет