Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері


Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру



бет24/35
Дата20.12.2022
өлшемі104,04 Kb.
#163477
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
Ïåäàãîãèêàëû? çåðòòåóä³? ?ä³ñíàìàëû? íåã³çäåð³ ìåí ?ä³ñòåð³ ïåäà
1-100 пед ОТВЕТЫ (копия), Презентация отчет к педагогическому совету Адаптация 5 класса (копия)
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. Ұжымдық ғылыми зерттеуді ұйымдастыру жұмысы педагогикалық әдебиеттерде басқару-шылық, психологиялық және әлеуметтік қырларынан қарастырылған.
Ұжымдық ғылыми жұмысты ұйымдастыру үшін жетекші керек. Зерттеуді басқарушының алдында күрделі міндеттер тұрады.


  1. Ең алдымен ол өзі ғылыми зерттеудің әдіснамасын меңгеруі және өзіндік зерттеу тәжірибесіне, сонымен қатар белігілі бір ғылыми беделге ие болуы;


  2. Өз еркімен зерттеушілер ұжымын қалыптастыруы, оларды ғылыми зерттеуді жүргізу әдіснамасына үйрету;


  3. Осы кезеңде қажетті ғылыми зерттеудің бүкіл кешенін жос-парлау. Ұжымның әрбір ғылыми қызметкерінің зерттеуін жоспар-лауға, ұйымдастыруға көмектесу, барлық жоспарлардың орындалуына бақылауды қамтамасыздандыру, алынған нәтижені жинақтау.


  4. Зерттеу тұжырымдарын жариялау жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, алынған нәтижелерді практикаға ендіру.





3.5.Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі. Қазіргі уақытта білімнің түрлерінің көптігі ғы-лымның да, жеке тұлғаның да үздіксіз дамуының кепілдігі болып та-былады, себебі олардың мәнінің бекітілуі немесе терістелуі арқылы ғылыми нәтижелерді өндіру үдерісінде және оларды бағалау мен қайта бағалауда рефлексия жүріп жатады. Ғылымның мәдени мәні зерттеу-шілік ізденістің этикалық және құндылық толыққандылығын, ғылыми жаңалықтың салдары үшін әлеуметтік жауапкершілік, ғалымның адам-гершілік көзқарасын, ғылыми ұжымда жоғары адамгершілік ахуалды талап етеді.

Педагогикалық ізденістер нәтижесі білім беруді дамыту жоспа-рын жасақтауға пайдаланылатын, ақыл-ой және руханият қоғамының қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметін атқаруға мін-детті.

Ғылыми дидактикалық жұмыстың табысты болуы үшін зерт-теушіге постклассикалық емес әлемнің ғылыми бейнесін сезіну өте маңызды. Ол бірден талдаудың үш аймағын уақыт жағынан дәл сәйкес келтіреді: а) тарихи; ә) сыни-рефлексивті; б) теориялық. Бұл дидак-тикалық ақиқатты зерделеу және ұсыныстарды жасақтау кезінде ғылыми және ғылымнан тыс факторлардың өзара қарым-қатынасын, синергетикалық көзқарасын, жаңа ғылыми-педагогикалық парадигма-ны негізге алуға мүмкіндік жасайды. Ғылымның мұраты мен нор-малары ол үшін реттеуші ұстаным ретінде қызмет етеді. Олар мақсат, зерттеу әрекетінің логикасын анықтайды және нақты-тарихи сипатта болады.

Ғылыми зерттеудің белгілі бір кезеңге сәйкес мойындалған идеалдары мен нормалары ғалымдардың байланыстарына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оларды рәсімдеуде өзіндік із қалдырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет