Педагогикалық зерттеудің Əдіснамалық негіздері мен əдістері



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі82,29 Kb.
#97737
1   2
Байланысты:
1025584757171 Лек.4

1 кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның өзектілігін, зерттелу деңгейін, пәні мен объектісін, тақырыпты негіздеу. Жалпы және аралық мақсаттарды құрастыру және мақсаттарға сәйкес міндеттерді айқындау.
2 кезең. Әдснаманы таңдау – зерттеу жұмысының барысын, нәтижесін анықтайтын бастапқы тұжырымдаманы, негізгі теоретикалық жағдайларды анықтау.
3 кезең. Зерттеу жұмысының болжамын жасау – дәлеледейтін мәселені теориялық тұрғыда құрастыру.
4 кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Бастапқы жағдайды анықтау үшін констатациялық эксперимент жүргізу.
5 кезең. Қалыптастырушы эксперимент жүргізу.
6 кезең. Зерттеу жұмысының қорытындыларын шығару, нәтижелерді әзірлеу.
7 кезең. Практикалық нұсқаулар ұсыну.
Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қорытындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қорытындылар мен нақтыландырулардың негізін құрастыру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет