ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ƏДІСТЕРІ
Мақсаты – ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен, оны ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерімен таныстыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Әдіснама туралы түсінік және оның деңгейлері
Педагогиканың философиялық негіздері
Ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру әдістемесі және оны жүргізу
Әдіснама туралы түсінік және оның деңгейлері
Ғылым жаңа фактілермен толыққан жағдайда ғана ол дами алады. Ал мәліметтердің жинақталуы үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет. Зерттеу әдістері теоиялық әдістердің жиынтығына тәуелді, ол өз кезегінде әдіснама деп аталады.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінң дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет.
Ғылыми әдіснаманы ғылыми танымдық іс - әрекетті құру принциптері, формалары, тәсілдері туралы ілім деп көрсетеді. Ғылымныңзерттеудің құрамдас бөліктері: оның объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, зерттеу құрамының жиынтығынан, зерттеу жұмысының кезеңдерінің бірізділігін қамтамасыз етуден тұрады (И.В.Сластенин)
Педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және шынайылықты қайта жаңғыртудың теориялық жағдайларының жиынтығы деп түсіндіреді (И.В.Сластенин).
Педагогикада әдіснама дегеніміз танымның принциптері, әдістер, формалары, процедуралары және педагогикалық ақиқатты қайта жаңғырту деп көрсетеді (Смирнов).
Ғылым әдіснамасы бұл – табиағат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялардың жиынтығы.
Ұзақ уақыт бойы философияның бір бөлігі болған педагогиканың екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды.
Әдіснама реттеушілік және нормативті функция атқарады. Нормативті функция ғылыми іс - әректті ұйымдастырудың ережесі және тиімді ұсыныстар құрастыруға байланысты қажет міндеттер тудырады.
Білім әдіснамасы дескриптивті және перспективті формада дамиды:
Білім әдіснамасы
дескриптивті форма перспективті форма
зерттеу процесінің бағыт іс - әректті ретттеушілікке
беруші ғылыми танымның бағытталады.
заңдылықтары, ғылыми
білімнің құрылым туралы
білім.
Зерттеуші Э.Г.Юдиннің көрсетуі бойынша әдіснамалық ілімнің негізгі құрылымы төмендегідей құрамадас бөліктерден тұрады:
Сызба № Әдіснамалық ілімнің деңгейлері
Әдіснамалық ілім деңгейлері
Технологиялық
деңгей
Нақты ғылыми
деңгей
Философилық
деңгей
Жалпы ғылымилық
деңгей
Жалпы ғылым категориялары
ның құрылым мен жалпы принциптерінен құралады
Барлық немесе көпшілік ғылыми пәндерге ортақ теориялардың тұжырымдама-
ларынан құралады.
Белгілі бір арнайы ғылымда қолданылатын әдістер, зерттеу принциптері және процедуралар жиынтығы
Зерттеу техникалары, әдістемелерден құралады, яғни алғашқы эмперикалық материал жинақтауды қамтамасыз етеді
Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды, оларда белгілі бір деңгейде өзара байланыс болады. Философиялық деңгей барлық білімнің мазмұндық негізі болады.
Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педогогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттерден тұрады: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық талдауды талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теориясының логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педогогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты
2. Педагогиканың философиялық негіздері
Қазіргі уақытта әр түрлі философиялық ілімдер (бағыттар) көптеген ғалымдардың әдіснамалық негіздері ретінде көрініс тапқан. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Педагогиканың философиялық негіздері төмендегідей негізгі ілімдерден құралған: экзистенциализм, прагматизм, диалектикалық материализм, неоатомизм, неопозитивизм және т.б. Төмендегі кестеде педагогиканың философилық негіздері болған ілімдерге қысқаша сипаттама берілген:
Кесте № педагогиканың философилық негіздері болған ілімдер
Ілім түрлері
|
Негізгі өкілдері
|
Идеялары
|
Экзистенциализм
|
Н.А.Бердяев, Л.И.Шестов, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Ж.Сартер, Э.Брейзах, П.Тиллих
|
Адам болмысының әлемде өмір сүру философиясы, адамдардың өз болмысын әлемде сезінуі туралы зерттейді. Негізгі ұғымдары - өмір сүру. Объективті әлем субъектінің болмысы үшін өмір сүреді. Сыртқы әлем тұлғаның ішкі әлемінің көрінісі, сезінуі ретінде анықталады. Объективті ілімді жоққа шығарады, мектептегі бағдарлама мен оқулықтарға қарсы шығыды.
|
Неотомизм
|
Неігізін салушы Фома Аквинский, Ж.Маритен, У.Канингхем,
М. Адлер,
М.Казотти т.б.
|
Сана – бұл құрал. Ғылыми білім туралы қарастырады. Әлем: рухани және материалдық деп бөлінеді. Әлемнің мәнін ашуға ғылымның күші жетпейді, оны құдай анықтайды. Жоғары ақиқатақа тек «жоғары санамен» жетуге болады, яғни құдайды тану арқылы әлемді танимыз. Ұрпақ тәрбиесіндегі діннің маңызы жоғары қояды. Мектептегі рационалдылықты сынға алады.
|
Прагматизм
|
ХІХ – ХХ ғасыр аралығындағы пайда болған философиялық ағым Дж.Дьюи,
Т.Брамельд, А.Маслоу,Э.Келли және т.б.
|
Гректің «прагма» сөзінен шыққан - тәжірибе, іс дегенді білдіреді.ақиқатты тану адамның жеке тәжірибесміне байланысты, объективті ғылыми білімді жоққа шығарады. Бала ата – анасынан берілетін нышандарының негізінде қабілеті, бейімділігі қалыптасады. Ол өзінің жинақтаған өмірлік тәжірибесі арқылы дамиды.
|
Позитивизм
|
ХІХ-ХХ ғасырдың тоғысында пайда боды. Ірі жаратылыстанушы ғалымдар
|
Жаратылыстану ғылымының нәтижелерін философиялық мәнде түсіндіріп, жаратылыстану ғылымын, әдістерін абсолюттендірді. Олар сандық әдістер бойынша зерттеу жүргізуді ұсынды.
|
Диалектикалық материализм
|
ХІХ ғ. 40- жылдары дүниеге келген, өкілдері - К. Маркс,
Ф. Энгельс
|
Диалектика – ойлаудың және қоғамның, табиғаттың дамуының неғұрлым жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
Диалектикалық – материалистік педагогика - тұлға қоғамдық қарым–қатынастырдың субъектісі, әрі объектісі деген тұжырымдамаға тіреледі. Тұлғаның дамуына - орта, тұқымқуалаушылық және тәрбие әсере етеді. Тұлға іс - әректте қалыптасады.
|
Неопозитивизм
|
Дж. Конант және т.б.
|
ХХ ғ. 60 -70 жж. бұл ағымның өкілдері жаратылыстану – математикалық білім мазмұнының қайта қарастыруды көздеген. Олар білімнің мазмұны негізгі емес, керсінше таным әдістерін дәріптейді.
|
Философиялық білімдердің даму сатыларының әдіснамасының орынды негіздері уақыт өте келе қортындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауына айналып отыр.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты ғылыми деңгейде жүргізілген зерттеулерге сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты ғылыми деңгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психологиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогика ғылымында педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесінің көлемі кең. Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, анализ және синтез, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Зертеу әдісі дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығынан тұрады. Зерттеу әдістері педогогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педогогикалық ғылым мен тұтас педогогикалық білімнің дамуы педогогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педогогикалық зерттеу белгілі бір ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылысытарының мәнін ашуға бағыталған жан-жақты танымдық іс-әрекеттің бір түрі.
Педогогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар:
- Бақылау;
- Интервью;
- педагогикалық эксперимент;
- Сұрақ – жауап әдістері: әңгіме – сұхбат, сауалнама,
- Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу
- Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу;
- Педогогикалық құжаттарды зерттеу
Бақылау заттар мен құбылыстарды мақсатты байқау, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылауды жүзеге асыру үшін зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап-зерттеу құралдары – видеоаспаптар, аспан-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары анықталыну керек.
Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесі ажыратуға болады:
тікелей бақылау - мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
жанама бақылау - ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
жасырын немесе елеусіз бақылау - тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;
үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс-оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;
дискретті (үзік-үзік) бақылау - объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылып-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
монографиялық бақылау - бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
бір бағытты бақылау - жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
бақылау - көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларын зерттеуге бағытталған. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың мәніне жету мен қалыптастыру.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабороториялық - оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу объектісінің педогогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастырушы түрі – зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған.
Эксперимент жаңа зерттеу материалына қол жеткізуге бағытталған. Ол тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеріп, болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін. Эксперименттік жұмыстың жоспары, мақсаты болуы қажет, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы қажет.
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса, өзара байланысты «субъект – субъект» жүйесінің қасиеттері танытып, есепке алуға мүмкіндік жасайды.
Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
а) Интервью. Бұл ұйымдастырылу мен мазмұны жағынан еркін диалог, әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Интервью алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгіме-сұқбатты тіркейтін құралдарды дайындайды (бейне таспа, аудио таспа, стенография), бұлар көбінесе әңгімелесушіні ашық әңгімеге тартуға кедергі жасауы мүмкін. Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен сыпайылық сезімі болуы қажет, сол арқылы ғана ол әңгімелесушіні ашық әңгімеге тарта алады.
Интервью әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар, білім-берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады.
ә) Сұқбат-әңгіме -сұқбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірмен қоса психологиялық-педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті зерттеу объектісінің әңгімесін қолдау. Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибелігін қажет етеді. Сұқбаттың мақсаты – зерттеу объектісінің педагогикалық жағдайға деген көзқарасын қайта құру, зерттеушінің сұрақ-жауап алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу. Сұқбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
б)Сауалнама. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының нұсқаларының қатал логикалық құрылысы. Сауаланама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадаға сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиындық туғызады.
Сауалнама әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.
Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу әдісі. Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зерттеудің көзі бола алады. Оған тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зерттеушінің жеке дара қасиеттерін есепке ала отырып сүйенуге болады.
Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі. Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу, олардың жазбаша, графикалық және басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және бос уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.
Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат-мүдделеріне, бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педагогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу, сынып журналдары мен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен ақыл-ой іс-әрекетінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді.
Педогогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.
Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері:
- Әдебиет көздерін зерттеу;
- Талдау мен синтез;
- Абстракциялау;
- Индуктивті және дедуктивті әдістері;
- Ұқсастыру әдісі;
- Модельдеу әдісі;
- Болжау әдісі;
- Математикалық және статистикалық әдіс;
- Тіркеу әдісі;
- Тізбектеу әдісі.
Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйі және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы.
Ғылмның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіе керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жасып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.
Талдау мен синтез. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қастынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Таладау кезінде конъюгация (лат. Conjuncion – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.
Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.
Индуктивті және дедуктивті әдістері - бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
Модельдеу әдісі теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары қолданылады. Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік сияқты түрлері болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделігіне байланысты.
Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет.
Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оынң мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.
Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оның бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет. Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады.
Тізбектеу әдісі деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объектілері немесе құбылыстары белгілі бір белгінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналасады. Сандық тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерде анықтау әдісі нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру өзара үйлесімдік коэффициенттерді есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.
Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категоритя ретінде «құбылыс» деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер «мәні» деңгейінде зерттейді. Бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей - әдістемелік деңгей.
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру әдістемесі және оны жүргізу
Педагогика саласындағы зерттеу бұл білім берудің жаңа заңдылықтарын, оының құрылымы және механихзмдері, мазмұндық принциптері және технологиясын ашуға бағытталған ғылыми зерттеу процесімен оның зерттеу нәтижесі. Педагогикалық зерттеулер фактілер мен құбылыстарды болжайды және түсіндіреді. Педагогикалық зерттулерді бағыты бойынша фундаментальды, қолданбалы, разработкалар деп бөлуге болады. Төмендегі кестеде зерттеу жұмыстарының классификациясы берілген:
Сызба № Педагогикалық зерттеулердің классификациясы (Смирнов бойынша):
Фундаментальды тәрбие процесінің заңдылықтарын ашады, ғылыми білімдердің тереңдетуге бағытталған, ғылымның әдіснамасын дамытуға, жаңа саларды ашуға бағытталады. Зерттеудің практикалық міндеттерін атқаруды қарастырмайды.
Қолданбалы
білім беру мен тәрбие мазмұнына және педагогикалық технологияларды құрастыруға қатысты жекелеген теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешеді; ғылым мен практиканы, фундаментальды зерттеулерді байланыстырады.
Разработкалар бағдарламалар, оқулықтар, тәрбие мен оқытуға байланысты инструктивті - әдістемелік нұсқаулар, оқушылар мен мұғалімдердің іс - әрекетін ұйымдастырудың формалары мен әдістері, тәрбие жүйесін басқаруды құрастыру мақсатын жүзеге асырады.
Экспериментальдық
Теоретикалық
Кез келеген педагогикалық зерттеулер жалпығы ортақ әдіснамалық көрсеткіштерді анықтауды қажет етеді. Оған зерттеудің мәселесі, тақырыбы, зерттеу пәні мен объектісі, мақсаты, міндеттері, болжам мен қорғалуға ұсынылыған жағдайлар кіреді.
Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және процедуралық. Әдіснамалық бөлімде тақырыптың өзектілігін негіздеу, объектісі мен пәніні анықтау, зертеудің мақсаты, міндеттері, негізігі ұғымдары анықтау, зерттеу объектісін алдын – ала жүйелі талдау және жұмыс болжамын әзірлеу. 2- бөлімде зертеудің стратегиялық жоспары ашылып сипатталады, жолспар және алғашқы мәліметтерді негізгі жинау процедурасы және талдау жазылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мыналардан тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша, әдебиеттер тізімі. Кіріспе бөлімде мәселенің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, болжамы, зерттелу дәрежесі, пәні, объектісі, зерттелу кезеңдері, зерттеу көздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, практикалық маңызы, құрылымы жазылады. Негізгі бөлімде ғылыми жұмыстың негізгі мазмұны баяндалады. Қорытынд бөлімде зерттеу жұмысының ең негізгі ойлары сарапталып, қорытынды жасалады. Қосымша бөлімінде жұмыстың мазмұнына сәйкес кестеоер, сызбалар, суреттер және т.б. беріледі.
В.А. Сластениннің көрсетуі бойынша зерттеу жұмысы өзара байланысқан бірнеше кезеңдерден тұрады: эмпирикалық, гипотетикалық, экспериментальді – теориялық, прогностикалық кезеңдер.
Эмпирикалық кезеңде зерттеу жұмысының объектісі туралы функционалды түсінік қалыптасады, білім беру тәжірибесі және ғылыми білім мен құбылыстың мәніні түсінуі қажеттілігі арасындағы қарама - қайшылықты танып білу іске асады, ғылыми мәселені құрастырылады. Эмпирикалық талдаудың негізгі нәтижесі зерттеу жұмысының болжамын құрастыру болып табылады.
Гипотетикалық кезең объект туралы фактілік елестету мен оның мәнін түсіну арасындағы қарама – қайшылықты шешуге бағытталады. Бұл кезең зерттеуді эмпирикалық деңгейден теоретикалық кезеңге өтуге мүмкіндік жасайды.
Теориялық кезең функциональді және гипотикалық елестету арасындағы қарама – қайшылықты шешуге бағытталады. Зерттеу мәселісі туралы жүйелі елестетуді жүзеге асыруға болады.
Теорияны құрастыру зерттеу жұмысының прогностикалық кезеңіне өтуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде объект туралы жинақталған нәтижені жаң жағдайларда оның даму мүмкіндіктерін болжауды талап етеді.
Ал зерттеуші Смирнов болса ғылыми – педагогикалық зерттеудің құрылымы мен кезеңдерін төмендегідей ұсынады:
Достарыңызбен бөлісу: |