Монография – (грекше monos – біртұтас, grapho - жазу) – белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрле сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер.
Монографияны жеке қаламгер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазуы мүмкін.
Ғылыми мақалалар – қандайда бір тақырыпты ашатын, зерттеу нәтижелерін жариялайтын , ғалымдармен не өз мамандармен жазылған, аяқталған әрі логикалық шығарма.
Ғылыми жинақтар – белгілі бір ақпараттық мазмұны бар логикалық байланыстағы обьектілер жиыны.
Диссертациялар – ( латынша dissertatio – талдау , зерттеу) – ғылыми дәреже алу үшін көпшілік алдында қорғауға даярланған ғылыми еңбек.
Бақылау – тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.
Сауалнама – нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі.
Әңгіме – оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Сұхбаттасу – жұмысқа қабылдау кезіндегі әлеуетті жұмыс берушімен немесе оның өкілімен кездесу.
Тест - психологияда адамның жеке басындағы псхологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.
Зерттеу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыруда барынша тәуелсіз, сонымен қатар өзара қисынды түрде байланыстан танымдық әрекеттердің бірнеше түрлерін айырып алу маңызды:
Құбылыс қызметінің механизмін ашатын бір немесе бірнеше жұмыс болжамдарын құрастыру;
Белсенді зерттеу кезеңдерін ұйымдастыруға бағытталған зерттеу міндеттерін құрастыру;
Зерттеу әдісін таңдау және нақты зерттеу әдістемесіне айнадыру.
Зерттеу үрдісі ғылыми ойды жүзеге асыруға бағытталған және соңғы кезеңі мүмкін болатын төрт мақсатың біреуіне жетуге бағытталған:
Ғылыми нәтижені мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізу.
Жеке зерттеу таңдамасы ретінде құрастырылған, теорияға иерархияның қатынастағы кей ғылыми теорияны жетілдіру.
Зерттелетін нысананың қосымша ерекшеліктерін енгізуді қарастыратын күрделі мәселелерді алға қою.
Теріс нәтижелер алынған жағдайда, бұрын ғалымда қарастырылма,ан заңдылықтар барлығын алға ұсыну.
Педагогиканың зерттеулердің негізгі белгілері мыналар:
Мәселенің болуы, яғни шешім қажет ететін және оған арнайы ғылыми-зерттеулер жүргізбей дұрыс жауап бере алмайтын белсенді және маңызды мәселердің болуы.