Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Диссертацияны немесе дипломдық жұмыстырәсімдеуге қойылатын талаптар



бет83/175
Дата27.10.2022
өлшемі2,12 Mb.
#155202
түріСеминар
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Диссертацияны немесе дипломдық жұмыстырәсімдеуге қойылатын талаптар
Әрбір ғылым дербес дамып жетілуі үшін өзінің зерттеу әдістері көмегімен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Кез-келген ғылыми-зерттеу жұмысы әрбір құбылыстың, мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп отырады.
Белгілі бір ғылым саласы бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация ғылым докторы немесе ғылым кандидатының жетекшілігімен дербес орындалған қолжазба түріндегі жұмыс. Диссертациялық зерттеу жұмысы төмендегідей талаптарға сай болуы қажет:

  • нәтижелері аса маңызды ғылыми міндетті шешетін, жаңа ғылыми негіздегі мазмұнда болуы қажет;

  • қолданбалы маңызы бар мәселелерді шешуде жаңа ғылыми негізделген нәтижелерге ие болуы шарт;

  • теориялық және экпсперименттік нәтижелері - белгілі ғылыми бағыттың дамуында маңызы бар ғылыми негізделген болуы шарт.

Диссертациялық зерттеу жұмысының көлемі – кандидаттық диссертация үшін 150, докторлық докторлық диссертация үшін 300 беттен аспауы қажет. Жекелеген жағдайларда гуманитарлық ғылым салаларында 25 пайыз артық жазуға рұқсат беріледі. Диссертациялық жұмыстарда берілетін қосымшалар диссертацияның көлеміне кірмейді. Диссертацияның авторефераты кітапша түрінде басылып шығарылады, яғни, автордың ғылыми дәреже алу үшін жүргізген зерттеу жұмысының қолжазба құқындағы рефераты. Авторефераттың көлемі кандидаттық зерттеу жұмысы үшін 1 баспа табақ көлемінде болуы қажет.
Ал, гуманитарлық бағыттағы жұмыстар үшін 1,5 баспа табаққа дейін рұқсат етіледі.
Дисертациялық жұмыстың құрылымы:

  • мұқаба;

  • мазмұны;

  • нормативтік сілтеме;

  • анықтамалар;

  • қысқартылған сөздер мен белгілер;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалардан тұрады.

Автореферат құрылымы:

  • мұқаба;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • зерттеу жұмысы бойынша жазылған еңбектер тізімі.

Диссертациялық жұмыс құрылымы бойынша қойылатын талаптар:
Мұқаба диссертацияның алғашқы беті құжатты іздеу және өңдеу үшін ақпараттық дерек қызметін атқарады.
Мұқабада төмендегідей мәліметтер беріледі:
Диссертация орындалған ұйымның атауы


ӘОЖ Қолжазба құқығында

ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ


Диссертацияның атауы
Мамандық шифры және атауы
(Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасы бойынша беріледі)
____________________________ ғылымдарының кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі (кеңесшісі)


Қазақстан Республикасы


Қала, жыл
Мұқабада ізденушінің қолы қара паста немесе черниламен қойылуы керек.
Диссертация мазмұны: кіріспеден, барлық бөлімдердің атауы мен рет санымен, оның бөлімшелері, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Диссертация негізінен екі, бөлімнен тұрады, әр бөлімнің өзінің мазмұны болады. Бірінші бөлімде диссертацияның жалпы мазмұны қамтылып, келесі бөлімшелерге қысқаша тоқталып өтуге болады.
Бірінші бөлімде жалпы зерттеу жұмысы бойынша теориялық шолу жасалады.
Зерттеу жұмысындағы сілтемелер негізінен сілтеме жасайтын әдебиеттерге байланысты белгіленеді. Мысалы: “Қазақстан Республикасының Білім заңында …” [1] - деп келтіріледі.
Кіріспеде қарастырылып отырған мәселенің қазіргі кездегі жағдайы, негізгі тақырыпқа байланысты ақпараттар, бұл жұмыстың өзектілігі жайлы негіздеме, зерттеу жұмысы бойынша келешекте атқарылатын жұмыстар жайлы ақпараттар мен метрологиялық болжамдар беріледі. Сонымен қатар тақырыптың өзектілігі, жаңалық дәрежесі, басқа да осы бағытта зерттелген жұмыстармен байланысы, мақсаты, объектісі және пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу (эксперимент) жұмысы жүргізілген мекеме және зерттеу жұмысының әдіснамалық базасы көрсетіледі.
Негізгі бөлімде орындалған жұмыстың әдістемелік тұрғыда жеткен негізгі жетістіктері келтіріледі. Сонымен қатар зерттеу бағытында атқарылатын жұмыстарының әдістері мен тәсілдері және салыстырмалы баға беру арқылы талдамалар келтіріледі.
Теориялық зерттеумен қатар эксперименттік зерттеу жүргізгенде онда санақ әдістері мен осы эксперименттік жұмысты жүргізудің қажеттілігін негіздеу қажет.
Қорытындыда диссертациялық зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша қысқаша тұжырымдар;

  • алға қойылған міндеттердің орындалғаны жайлы баға;

  • қолданылған жетістіктерді көрсету мен қатар болашақта атқарылатын жұмыстарға ұсыныстар беру;

  • өндіріске енгізілген нақты тұжырымдар бойынша баға беру;

  • орындалған зерттеу жұмысы бойынша баға беру және осы саладағы алдыңғы қатарлы жетістіктермен салыстыру. (қандай дәрежеде орындалған жайлы ақпарат).



Қосымшаларда мыныандай мәлімғттер беріледі.

Қосымшада диссертацияға қатысты, бірақ негізгі бөлімге белгілі бір себептермен кірмейтін материалдар, құжаттар жатады. Олар:



  • математикалық дәлелдер, есептер, формулалар;

  • қосымша материалдар, нақты есептер;

  • зерттеу сынақтарының хаттамалары;

  • қосымша иллюстрациялық материалдар, фотосуреттер;

  • диссертация нәтижелерін ендіру актілері.

Диссертациялық жұмысты кез-келген баспа машинкасымен немесе компьютермен А4 форматтың бір жақ бетінде, 1 интервалмен, шрифт диссертация орындалу тілімен, кегель 14-пен жазады.
Диссертация мәтіні оң жағынан – 10 мм, жоғарыдан 20 мм, сол жағы 20 мм, төменгі жағы 20 мм қалдырылып жазылады.
Диссертация рәсімдеу кезінде компьютерде кеткен қателіктерді түзетуге болады.
Диссертациялық жұмысты нөмірлеген кезде мұқабаға және мазмұнына бет қойылмайды бірақ ол бет болып саналады. Жалпы жұмыс кіріспе бөлімнен 3 беттен басталып, парақтың төменгі жағында ортада, араб цифрымен қойылады. Ал, тараулар мен бөлімшелер мысалы:

1 МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫН ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ


НЕГІЗДЕРІ
1.1
1.2
1.3
2 ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ
2.1
2.2
2.3
Диссертацияның әр тарауы жаңа беттен басталуға тиіс.

Суретті, кестені рәсімдеу


Егерде диссертацияда кесте, сурет берілетін болса, ол негізінен түсіндірме мәтінен кейін беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет