Педагогикалық зерттеулердегі негізгі түсініктерді талдау


Ғылыми түсініктер, ғылыми атаулар (терминология)



бет3/5
Дата22.11.2023
өлшемі66,38 Kb.
#193001
1   2   3   4   5
Байланысты:
Маржан 5-тапсырма (2) (1)

2. Ғылыми түсініктер, ғылыми атаулар (терминология).
Библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяндалуы және конспектілеуде қарастырылған әдебиеттердің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұрлым кеңейтілген түрде жазып алу. Библиография құрастыру зерттеу мәселесіне байланысты іріктеліп алынған әдебиеттер тізімін дайындау. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін ақпарат көздерін білу керек. Ғылыми ақпарат көздерінің екі түрі бар:
1) құжаттық
- аудивизуалдық (видео, фотоқұжат)

  • ғылыми (монография, конференция, симпозиум, компендиум, диссертация және т.б.)

  • ғылыми-көпшілік (ғылыми-танымдық әдебиет) журналдар т.б.

  • анықтамалар (сөздіктер, энциклопедия)

  • оқу (оқулықтар, оқу құралдары, жаттығу, есептер жинақтары, хрестоматия және т.б.)

2) ақпараттық-библиографиялық

  • библиографиялық көрсеткіш;

  • библиографиялық шолу;

  • библиографиялық құралдар;

  • журнал және газеттерге библиографиялық қосымшалар;

  • интернет;

  • мамандандырылған ақпараттық-ізденушілік жүйелер.

Жоғарыда аталған әрбір ұғымның мәніне тоқталып өтейік:
Монография – толық, жүйелі баяндалған ғылымның негізгі мәліметтері, бір мәселені зерттеу немесе автордың ғылыми жұмысының тақырыбы баяндалған кітап немесе кітапша түріндегі ғылыми басылым; ғылым немесе оның белгіленген салаларының даму болашағы туралы өзекті және іргелі ғылым мәселесін қорытындылау, жаңа болжамдар ұсыну мен оларды шешу тәсілдерін талдау, толық және жүйелі зерттеу нәтижелеріне, соның ішінде автордың да зерттеулеріне сүйенген ғылыми еңбек;
- Ұжымдық монография – пікірлес-авторлар ұжымымен жазылған жалпы концептуалды бағыттағы басылым (кітап, құрал);
Компендиум – қандай да бір ғылымның, зерттеулердің және т.с.с. негізгі ойларын қысқаша, жинақтап беру;
Диссертация – ізденушінің (диссертанттың) ашық қорғайтын және ғылыми дәреже алу үшін ұсынатын зерттеуі, ғылыми жұмысының қолжазбасы, автордың ғылыми дәреже алу үшін (ғылым кандидаты немесе докторы) ғылыми немесе ғылыми-білімдік мекемелерде дайындаған және ғалымдар кеңесінде қорғайтын ғылыми біліктілік жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет