Педагогикалықинституты аманжолкүзембайұлы деректану


эсхатокол (соңғы желімделген) немесесоңғы датум және апрекацидан тұратынпротокол. 3.Іс қағаздары



бет12/23
Дата17.03.2020
өлшемі2,74 Mb.
#60307
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82, Семинар ¦9, Семинар ¦9, cop vsemirnaya-istoriya 5kl kaz

эсхатокол (соңғы желімделген) немесесоңғы датум және апрекацидан тұратынпротокол.


3.Іс қағаздары
Жазбаша деректердің үлкен бір тобына іс-қағаздары жатады. Іс-қағаздары дегеніміз – мемлекеттік,экономикалық,қоғамдық мекемелер мен ұйымдарда және сот-тергеу органдарындаөзінің басқару және қоғамдық әрекетін реттеп отыратын күнделікті құжаттары.Іс қағаздарымемлекеттік аппараттың негізгіқұжаттары. Оларды бірнеше топқа бөлеміз. Мемлекеттік органдар,қоғамдық ұйымдар және жеке меншік мекемелері іс қағаздарын жүргізеді.
Іс қағаздары құрамындағы құжаттарды екі топқа бөлеміз. Бірінші топқабасқару шешімдеріне байланысты құжаттар жатады, ал екіншіге-құжат айналымынан туындайтын қағаздарды кіргіземіз.Құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Сауатты жасалып, заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болады. Іс қағаздарыбелгілі бір заңдар мен нормативтік-құқықтық актілері негізінде жүргізіледі.
Іс қағаздарын жүргізу мекемелер мен кәсіпорынды құру сатысында-ақ басталып кетеді десе де болады. Ол болашақ ұйымның құрылтай құжаттарын дайындаудан бастап, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу аралығын қамтиды. Белгілі-бір ұйым нақты тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Міне, осы сәттен бастап мекемеде құжат айналымы жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындайды.
Қазақстанда Кеңес үкіметі орнаған сәттен ақ іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге талпыныс жасады. 1921 жылы 2 ақпанда Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті боынша іс жүргізу қазақ тілімен қатар орыс тіліне де мәртебе берілді.1923 жылғы қарашадағы Қазақ АССР
96

ОАК-нің «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті жарық көрді.Қазақ АССР ОАК Президиумының «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы пайда болды. 1924 жылғы 21 шілдедегі Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссириатының «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы жарияланды. Бірақ,өкініштісі, аталған құжаттар қағаз жүзінде қалды. Осы күнге дейін кейбір мекемелерде мемлекеттік тілдің жұлдызы әлі де жарқырай қойған жоқ.
Елімізде іс қағаздарының үшке бөлінеді:азаматтық қарым-қатынас құжаттары, жеке бас құжаттары, басқару жәнеұйымдастыру құжаттары.
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттарғасенімхат,кепілхат, өтінім,тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі жатады. Екінші топқұжаттары:өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит карточкасы, өтініш, арыз, мінездеме, кепілдеме, кеден мағлұмдамасы, жеделхат.Ал үшінші топқа үкім, өкім, жарғы, жарлық, ереже, хабарлама, бұйрық, нұсқау, ресми хаттар,хаттама, жарнама сияқты құжаттар жатады. Іс-қағаздарының төмендегідей атқарар қызметтері бар:


  • жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;

  • жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;




  • әртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

  • мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

  • жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

  • мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

  • тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

  • мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;




  • мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.


Іс қағаздарының– саяси(мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда):
-әлеуметтік(қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
-ұйымдастырушылық(басқару қызметі жүйесінде);

-құқықтық(заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
-тарихи(әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда);


  • ресмилік(міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде)сияқты сипаты бар.

Іс қағаздарының пайда болуы алғашқы мемлекеттік құрылымдардың тарихымен тығыз байланысты. Египет тарихындағы Жаңа патшалық заманында мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулары болған.Ұзақ уақыт іс қағаздарын тек мемлекеттік аппарат жүргізген. Сондықтан да олардың көпшілігі ұзақ сақталып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Мемлекеттік ап-парат күрделенген сайын ондағ іс қағаздары да көбейіп отырған. Сонықтан іс қағаздарын мекеменің тарихынан бөлек қарастыруға болмайды. Кез келген мемлекеттің алғашқы дәуірінде іс қағаздары жүйелі түрде жүргізілді деп айтуға болмайды. Келе-келе іс қағаздарын сапалы да, тиянақты жүргізетін «кеңсе» деп


97

аталатын құрылым пайдаболды.
Әр мемлекеттерде жүргізілген іс қағаздарын талдағанда оның түрі мен мазмұнына көңіл аударатынымыз белгілі. Кейбір елдерде оларды дәптерге жазған. Ресейде ХVІІІғасырда қалыптасқан дәстүр бойынша жеке парақтарға жазылып олар бір біріне желімделген. Бірнеше парақтардан тұратын құжаттар сақтауға ыңғайлы болсын деп таяқшаға оралған. Ондай құжатты оқу үшін оны сүйретіп жүру қажет болған. Мұны орысша «волочить» дейді. Осыдан барып уақытында шешілмейтін мәселен олар «волокита деп атайды.
Іс қағаздарын топтау күрделі мәселелердің бірі. Оларды тіркеу,сақтау және орындау үшін міндетті түрде жіктеу қажет. Әрине әрбір елде,мекемелерде, өндіріс орындарында құжаттарды сақтаудың өз тәртібі бар. Оны Іс қағаздарының номенклатурасы деп атайды. Дегенмен барлығына бірдей мына төмендегідей тәртіп бар.


  • Өкімдік (распорядительная);

  • Есептік құжаттар (отчетная);

  • Хаттамалар (протокольная);

  • Мекемелер арасындағы жазысқан хаттар;




  • Құжат айналымын реттейтін және кадрлар жөніндегі құжаттар;

  • ақпараттық (негізгі функциясы– қабылданған шешімдерді жеткізу);




  • іс қағаздарының арнаулы жүйесі: сот-тергеу, әскери, дипломатиялық. Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың іс жүргізу практикасында едәуір өзгешіліктер бар.

Құжаттар қызметтік және жекебастық,ішкі және сыртқы, өте жедел, жедел және


жедел емес,құпия,құпия емес және қызметтік пайдалану,тұрақты сақталатын,ұзақ сақталатын және уақытша,төл нұсқасы, түп нұсқасы және көшірмесі болып бөлінеді.
Мекемеге келіп түскен құжаттар міндетті түрде тіркеледі, оған номер беріледі түскен уақыты белгіленді және оның орындалуына міндетті қызметкердің аты-жөні жазылып орындалатын уақыты белгіленеді.
Әдебиет
Биск И.Я. Методология истории: курс лекций /Иваново: ИГУ, 2007. 236 с.

Грицкеевич В.П., Каун С.Б., Ходин. Теория и история источниковедения. Уч.
пособие для студентов заочных отделений гуманитарных факультетов вузов.
Минск 2000г.
Данилевский И.Н и др. Источниковедение:Теория,История,Метод.
Источники Российской истории. Уч. Пособие М., 1998.
Репина Л.П. и др. История исторического знания:пособие для вузов. 2-ое

издание Стереопотип. –М.: Дрофа, 2006. – 288с.




  1. CТАТИСТИКА МАТЕРИАЛДАРЫ–ТАРИХИ ДЕРЕК

98



Жоспары
1.Статистика түсінігі.
2.Статистиканың қысқаша тарихы.
3.КССРО заманындағы санақ жүргізілуі.

4.Статистика материалдарын тарихидерек ретіндепайдалану әдістері.


  1. Статистика түсінігі

Деректердің ерекше түрі ретінде санақ материалдары капитализм дәуірінде қалыптасты. Осы дәуірден санақ мәселесінің сапалы өзгеріс кезеңі бас-талып, тарихи шындықтың негізгі құбылыстарын экономикалық-географиялық және санақ материаддарын жалпылама сипаттау тұрғысынан баяндаудан сандардың негізінен түсіндіруге ауысты.


Статистика (лат. status– жай-күй) –түсінігі. Бірінші-ден, қоғамдағы құбылыстарды сандық және спалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым саласы. Екіншіден, қоғам өмірінің заңдылықтарын сан және сапа тұрғысынан бақылап, талдап және өңдеп отыратынмемлекеттік қызымет.
Мемлекеттік статистика дегеніміз сандық ақпаратты жинау мен өңдеудің орталықтандырған жүйесі. Оның негізгі салалары:
статистиканың жалпы теориясы;

әлеуметтік статистика;

экономикалық статистика;

демографиялық статистика;

қаржы статистикасы;

салалық статистика;

халықаралық статистика.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономиялық даму стратегиясын белгілеуде статистиканың рөлі зор. Осы бағыттағы қызметті ұйымдастырып, үйлестіріп, бағыттап отыратынорган – ҚР Статистика жөніндегі агенттігі.
Ресми статистика – үкімет ведомстволары жинап және басып шығарған деректер. Ресми түрде жарияланған құжаттар зерттеуші үшін өте құнды дерек болып есептеледі.
Санақ материалдары негізгі екі топтантұрады. Оның біріншісі–үкімет қажеті үшін, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың міндетті қызметін жүзеге асыру үшін жиналған мәліметтерден тұрады. Екінші тобын санақтық талдау үшін арнайы жиналған мәліметтер құрады. Олар, ең алдымен, бірақ рет жүргізілген тексерулер –санақ материалдарын, сонан соң, күнбе–күнгі санақ мәліметтерін қамтиды. Бұл материалдардың жиналуы мен өңделуі есеп-санақ ғылымының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.
2.Статистиканың қысқаша тарихы

99

Статистика ХVІІ ғасырдың ортасында «саяси арифметика» ретінде пайда болды. АлХVІІІ ғасырда «мемлекеттану» деген ұғымды білдірді. Ғылыми айналымға кіргізген ағылшын ғалымы – Уильям Петти (1623–1687).
1746 жылы неміс ғалымы Готфрид Ахенваль өзі сабақ беретін Германия университетінде «Мемлекет ісін жүргізу» курсының орнына «Статистика» сөзін қолдануды ұсынды. Бұдан статистика тек соңғы ғасырларда пайда болды деген ой тумауы керек. Мемлекет ішіндегі халық, әскер, салық жинау және мал, жер көлемінің сандық сипатын біліп отыру сонау көне замандағы елдердің бәрінде болған.
Қазақ жерлерінің Ресей империясының құрамына кіруіне байланысты санақ жүргізу мәселесі туындады. 1868 жылы Түркістан губерниялық статистика комитеті құрылды. Оған қарасты Сырдария жәнеЖетісу обылыстарында статистикалық бюролар құрылды. ХІХ ғасырдың 70-жылдарының орташеніндеОрал, Семей, Ақмолажәне Торғай облыстарында осындай комитеттер ашылды. Қазақстандағы статистикалық комиттетер санақ жүргі-зумен қатар тарихи-этнографиялық зерттеулерменде айналысты.
1906–1912жылдары Ресей статистері П. Скрыплев, П. Румянцев Сырдария және Жетісу облыстарында. Статистикалық экспедиция ұйымдастырып қазақ шаруашылығын тексеріп оның нәтижесін 1908–1913 жылдарыТашкентте 8 томдық кітап етіп шығарды. 1904–1911 жылдарыосындай экспедицияныП. Хворостинский, В. Кузнецов және А. Переплетчиков дегендер Торғай , Ақмола және Семей облыстарын тексерді. 13 томдық материалдары1909–1913 жылдары жарияланды.
Алынған материалдар негізінде ХХ ғасырдың басында қазақ жерлер жаппай алынып «Переселен қорына» өткізіле бастады. Игерілген егістіктер өткізілген ирригациялық құрлыстарымен Ресейден қоныс аударылған «қара шекпенділерге» таратып берілді. Мұндай шара қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратты.
1920жылы «КазақАССР мемлекеттік статистика туралы Ереже» бекітілді. Кеңес өкіметіхалық шаруашылығын жоспарлау мемлекеттік басқару ісінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырды. Ал мемлекеттік санақ жүйесі жоспарлаудың негізі болып есептелді. Сондықтан бұл жұмысқа аса мән берді.
Кеңес заманында ел ішінде санақ жүргізу жұмысы экономиканың көптеген салалары мен негізгі қоғамдық процестерді (халық саны, өнеркөсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, байланыс, сауда, қаржы, мәдениет салалары, денсаулық, еңбек пен еңбекақы т.б.) қамтыды.


  1. КССРО заманында санақ жүргізілуі

Жоғарыда көрсетілгендей кеңес заманында санақтың бірнеше түрі болды.а)Демографиялық жалпы санақ үш бағытта жүргізілді:жаппай халықтық, күңделікті және ішінара.Санақтың мұндай түрінің өз ерекшеліктері бар.Жалпы санақ бүкіл халықты қамтиды. Олардың құрамы жөнінде мәліметтер алынады. Зерттеу нысанына (объектілеріне) әрбір адам алынады. Кейде санақта


100

жанұя немесе үй шаруашылығы ескеріледі. Мәліметтерәрбір адамның өзінен тікелей алынады.
Ресей халқының алғашқы санағы 1897 жылы қаңтар айыңда өткізілді.
Санақ төмендегі сұрақтарды қамтыды: аты, әкесінің аты, фамилиясы, жанұя жағдайы (бойдақ, үйленген, жесір, ажырасқан), шаруашылық басшысына қатынасы (ағайыны, жегжаты, асыраңды бала немесе бірге тұрушы, үй қызметшісі немесе малайы, жұмысшы және т.б.), жынысы, жасы, хал-жайы немесе сословиесі. діни көзқарасы, туған жері, тізімге алынған жері, тұрақты мекенжайы, ана тілі, сауаттылығы, кәсібі (негізгі жөне қосымша). Санақ материалдары 89 том болып жарияланды.
Кеңес дәуірінде халықтың бірнеше санағы: 1920, 1923 (қалалық), 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары –өткізілді. Осы санақтарды өткізілу уақытының кеңес мемлекеті тарихының белгілі кезеңдеріне байланысты екені байқалады. Мысалы, азамат соғысының аяқталуы мен жаңа экономикалык, саясатқа өтуі; халық шаруашылығын қалпына келтіру процесін аяқтау мен халык шаруашылығын социалисте жолмен реконструкциялау; КСРО-да негізінен «социалистік қоғам құру» мен «социализмді толық және түпкілікті» орнату және т.т. деп аталатын дәуірлерге байланысты.Бұл санақтың қорытындылары в 1920–1925 жыддары «Труды ЦСУ-да» жарияланды.
1923 жылы жаңа экономикалық саясатты жүргізу мен халықты еңбек сала-ларына қайта белуге байланысты, КСРО халқының әлеуметтік-өндірістік белгілерін анықтау мақсатымен тек қана қала тұрғындары арасында тағы да санақ жүргізілді.
Бірінші бүкілодақтық санақ КСРО халықтарының саны мен құрамын анықтау мақсатымен 1926 жылы өткізілді. Қорытындылары 1933 жылы аяқталып, 56 том болып басылып шыкты.
1939 жылғысанақтың қысқаша қорытындылары 1940 жылы жарияланды, оның материалдарының толық қорытындыланып басылуына Ұлы Отан соғысының басталуы бөгет жасады.
Келесі халық санағы 1959 жылы өткізілді. Материалдары 17 том болып басылды. Оның бір томында КСРО бойынша жалпы деректер беріліп, басқаларында одақтық республикалардың материалдары топтастырылды. Мұндахалықтың саны, ұлтық құрамы, қала мен село тұрғындары санының айырмашылығы, білім дәрежесі, қандай әлеуметтік топқа жататындығы, халықтың халық шаруашылығының салаларына қарай бөлінуі туралы мәліметтер бар.
1970 жылғы халық санағы қорытындылары 70-жылдардың бірінші жартысында жарияланды. 1979, 1989 жылдары КСРО халқының жаңа санақтары өткізідді. Сөйтіп, алғашқы санақ Қазақстан территориясында Қазан төңкерісіне дейін 1897 жылы өткізілсе, Кеңес өкіметі дәуірінде 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары жүргізідді.
Сонымен, халық санағы адамдардың саны мен оның құрамын бір белгілі уақыттакөрсететін тиянақты дерек болып саналады. Алайда, осы санақтардың мәліметтері тарихшыны толық қанағаттандырмайды. Оның себебі бір санақ пен
101

екінші санақтың арасында ұзақ мерзімнің орын алуы мен санақ бағдарламасы шеңберінің тарлығында. Сондықтан тарихшылар көп жағдайда күнбе-күнгі демографиялық санақ пен халықтың ішінара зерттелген материалдарына жүгінеді. Күнбе-күнгі демографиялық санақта адамдардың тууы мен өлімі жүйелі түрде тіркеледі. Тіркеу адамның туған жерінде бір айдың ішінде, ал оның өлімі сол жердің жергілікті азаматгық хал-ахуал актілерін тіркеу бюросында (ЗАГС-те) немесе ауылдық жердің кеңесінде үш күн ішінде жүр-гізіледі. Бұл жұмыстың қорытындылары ай сайынғы шығарылып отырады.

Демографиялық санақта халықтың көшіқон (миграция) мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Санақтың бұл түрінің мәліметтері қүнды дерек болып саналады. Тарихшылар халықтың саны мен олардың көшіп-қонуы туралы дәл уақыты көрсетілген деректерді пайдалану мүмкіншілігі бар.


ә)Өнеркәсіп санағы елдің экономикалық дамуын бақылауға мүмкіңдік береді. Өнеркәсіптің санақ деректері екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың біріншісіне өнеркәсіп санақтарының материалдары, екінші тобына күнбе-күнгі мәліметтер жатады.
КСРО өнеркәсібінің бірнеше санағы 1918 жылы өткізілді. Онда өндеуші жөне өңдіруші өнеркәсіп орындары есепке алынды. Санақтың бағдарламасы бойынша елдің кәсіпорындары, олардың иелері, құрылымы мен басқарылуы, әкімшілігі мен техникалық мамандары, жұмысшылары, қаржы жағдайы, техникалық жабдықталуы, шикізаты, өндірілетін өнімдері т.б. туралы мәліметтер жиналды. Бұл санақ 1913-1918 жылдың тамыз айына дейінгі Ресей өнеркәсібінің даму жолынанықтауға арналады.
Санақпен елдің еуропалық бөлігінің 31 губерниясының 9750 кәсіпорны камтылып, оның толық қорытындылары 1926 жылы «Труды ЦСУ» деген екі басылымда баспадан шықты. Бұл басылымдарда өнеркәсіп санағының көптеген қажетті мәселелері қорытындыланбай қалды.
1920 жылы өнеркәсіптің жаңа санағы өткізілді. Санақ материалдарын Орталық санақ басқармасы топтастырып, территориялық принцип пен өндіріс топтары негізінде берді.1923 жылы желтоқсан айында тағы бір өнеркәсіп санағы өткізілді. Оның бағдарламасы өткен санақтыңсұрақтарын қайталады.Бұл санақтың бұрынғы санақтардан елеулі айырмашылығы болмады.1920, 1923 жылдары өткізілген санақтарды санақшылар методологиялық жағынан дұрыс өткізілмеген деп санайды. Оларда ірі өнеркәсіп ұсақ өнеркәсіптен бөлініп берілмеген, сондықтан ол санақтардың мәліметтерін 1918 жылғы санақтың мәліметтерімен салыстыруға келмейді. 1923 жылғы санақ тек қана қалаларда өткізілгендіктен, оның нәтижелерін 1920 жылғы санақтың жарияланған материалдарымен салыстыруға болмайды.
Келесі санақтар 1925, 1927,1929 жылдары өткізілді. Оларда ұсақ өнер-кәсіпшілер, қолөнершілер, кустарлар бүкіл ел бойынша есепке алынды. 1930 жылдан бастап өнеркәсіп санағы кәсіпорындарының жылдық есептеріне негізделіп беріле басталды.Жылдық есептер санақтық және бухгалтерлік құжаттар бойынша жасалды. Өнеркәсіп саласындағы санақ мәліметтері Халық шаруашылығының Жоғарғы Кеңесі (ВСНХ) мен Орталық санақ басқармасының
102

(ЦСУ) санақтық жинақтарында және арнайы анықтамалық басылымдарда жариялаңды. 1957 жылдан бастап «Народное хозяйство СССР», ал 1973 жылдан «Народное хозяйство Казахстана» деген статистикалық жинақтар КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына дейін жыл сайын баспадан шығып тұрды. Олармен қатар мерейлік даталарға байланысты санақ жинақтары мен анықтамалық жинақтар да жарық көрді. Бұл жинақтарда Қа-зақстанның әлеуметтік-экономикалық жөне мәдени дамуының барлық салаларынан сандық деректер берілді.Өнеркәсіп мекемелерінің жаңадан жіктеліп, ауыр және жеңіл өнеркәсіп болып бөлінуіне байланысты, 1957 және 1964 жылдары Орталық санақ басқармасы «Промышленность СССР» деген арнайы анықтамалықтаршығарды. Оларда санақ материалдары негізінде кеңес индустриясының даму қорытындылары мен негізгі бағыттарының толық мәліметтері береді.
б)Жұмысшы мен зиялылар санағы1918 жылы өнеркәсіп санағының негізінде қорытылды. Бұл бүкілресейлік кәсіби санақ болды және оның бағдарламасы да жан-жақты ойластырылды. Онда жұмысшылардың кәсібі, сауаты, тұрмыс жағдайы, қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысуы т.б. туралы сұрақтар да болды. 1918 жылы санақ Кеңес өкіметі орнаған губернияларда ғана жүргізілді. Қазақстан, Орта Азиия, Украина, Оралдың көптеген губернияларында, Сібірде санақ өткізілген жоқ.
Жұмысшы табының құрамы маңызды саяси проблемаға айналуына байланысты 1929 жылы сәуір-мамыр айларында олардыңкәсіподақтық санағы өткізілді.1941–1976 жылдар аралығында жұмысшылар мен қызметкерлер есебі жүргізілді. Оның материалдары «Народное хозяйство СССР», «Труд в
СССР»есептік анықтамалығында, «Вестник статистики» жорналындабасылды. Жұмысшысанағының мәліметтері 1930, 1932, 1934, 1936 жене 1968 жылдары басылған «Труд в СССР»жинағында берілді. Әлеуметтік санақтың түрлі мәліметтері «Народное хозяйство СССР»жинағында жарияланды.Алпысыншы жылдардың басынан әлеуметтік санақты,әлеуметтікзерттеулертолықтырды.Бұл тұрғыдағы зерттеу материалдары өзгеше тарихи деректің рөлін атқарады.
1920 жылы халық ағарту саласы зерттелді. Санақ халық ағарту ісі органдарын, мектептерді, балалар үйлерін, техникумдарды, кәсіби мектептерді, оқу шеберханаларын, курстарды т.б. қамтыды. Сонымен бірге зерттеу жұмысы оқушылар мен оқытушылар арасында да жүргізілді.
1927 жылы мектеп санағы өткізілді, оның барысында барлық оқытушылар арнайы бланкілерді толтырды. Бұл санақ 315 мың мектеп оқытушысын қамтыды. Отызыншы жылдардың ортасында денсаулық сақтау, кітапхана, сауда мекемелері және т.б. қызметкерлерінің бірінші арнайы санағы өткізілді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің осындай санағы 1963 жылы болды.
Ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындарының, ғылыми интеллигенцияның бірінші санағы 1928 жылы ұйымдастырылды. Зерттеу 1227 ғылыми-зерттеу мекемесі мен 151 жоғарғы оқу орнын қамтыды.1933 жылыКСРО-ның басшылары мен мамандары есепке алынды.

103


Интеллигенциямен қатар, халыққа білім беру, ғылым және мәдениет


салаларының КСРО мен одақтасреспубликалардағыөсужолдарынзерттеушілерге арналған деректік басылым 1971 және1977 жылдары жарық көрді.
в)Ауыл шаруашылығының санағы елдің азық-түлік қорларын есепке алу, оның жоспарлануын тәртіпке келтіру және шаруалардың әлеуметтік-таптық жағдайын талдау үшін жүргізілді. Кеңестік ауыл шаруашылық санағының тарихын екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі 1930 жылға дейінгі уақытты қамтыса, екіншісі ауылды жаппай коллективтендіруден басталады. Бірінші кезеңде санақтық мекемелер жүйесі қалыптасты, біртіндеп ауыл мен селоны зерттеудің әдістемесі жасалды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты селодағы өндіргіш күштер мен шаруалардың әртүрлі экономикалық топтарының шаруашылық құрылысын және егін-шілік пен мал шаруашылығының даму қарқынын зерттеу болды. Ауыл шаруашылығының көптеген ұсақ шаруашылықтардан тұрған кезеңінде оны зерттеудің кең таралған тәсілі – шаруашылықтарды тұтас емес, оның кейбір түрін ғана ішінара тексеру болды.
Елдің ауыл шаруашылығының алғашқы санағын РСФСР-дің Орталық санақ басқармасы 1920 жылы өткізді. Бұл санақтың басты мақсаты ауыл шаруашылығының өндіргіш күштерін есепке алу еді. Әр жанұяның құрамы, оның мүшелерінің жынысы, шаруашылығы, мал-мүлкі т.б. ескерілді. Санақ тек РСФСР-дің еуропалық бөлігінің 25 губерниясында ғана өткізілді. Оның қорытынды мәліметтері 1920 жылы «Труды ЦСУ»жинағында жарияланды.
1920 – жылдары ауыл шаруашылығы санағында іріктеп тексерудің екі түрі қолданылды. 1921–1927 жылдары табиғи-шаруашылық аймақтары ортақ белгілі мекен орындарының өсу санағы мен ішінара санағы өткізіліп отырды.
1921–1929 жылдары ішінара өткізілген санақ жұмыстары егістіктер, мал шаруашылығы менжалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің есебін алу мақсатына арналды. Олардың кейбір мәліметтері Орталық санақ басқармасының соңғы уақытта шыққан басылымдарында жарияланды.
1930 жылы еддің санақ мекемелері қайта құрыдды. Орталық санақ басқармасы КСРО-ның мемлекеттік Жоспаркомының (Госплан СССР) халық шаруашылық
есебінің Орталық басқармасы болып қайта құрылды. Жаппай коллективтендіруге байланысты ауыл шаруашылығының санақ тәсілдері өзгерді. Осыған байланысты санақ негізіне енді ішінара зерттеулер емес, ауыл шаруашылық мекемелерінің шаруашылығын есепке алумен олардың мезгіл-мезгіл есептері алынатын болды. Көптеген құжаттардың ішінен колхоздардың, совхоздардың және МТС-тердің шаруашылық жұмыстарының қортыңдылары көрсетілген жылдық есептерінің мәні артты. анықталып отырды.
30 – жылдары коллективтендіру қарқыны Наркомзем мен колхоз центрдің ведомстволықесептерінде баяндалып отырды. Олардың қорытындысы 30-жылдардың басында басылымдарда жарияланды. Бұл мәліметтер 1956 жылы «Народное хозяйство СССР»деген жинақтың баспадан шығуымен қайтадан жарияланды. 1957 жылдан«Народное хозяйство в ... году» деген жинақ жыл

104


сайын, ал «Советское хозяйство СССР» жинағы 1960 және 1971 жылдары баспадан шықты.




  1. Статистика материалдарын тарихи дерек ретінде пайдалану әдістері

Санақтық деректіталдаудың мақсаты оның шынайылық дәрежесін анықтау


екендігі белгілі. Мәліметтерінің дұрыстығы бірнеше себептерге байланысты.Біріншіден,санақ жұмысының дайындық деңгейі,санақ объектісін таңдау, оған қатынасқан мамандардың біліктілігі ескеріледі. Екіншіден зерттеудің мақсаты мен маңыздылығына, оның түрі мен құрылымына көңіл аударған жөн. Үшіншіден санақ жүргізудің методологиялық деңгейіне, бастап-қы материалдардың дайындалу әдістеріне қарай алынған материалдың сапалық дәрежесі белгілі болады. Әлбетте, осыларды ескерген жағдайда зерттеу жұмысына пайдаланған статистикалық деректерің сапалы болады.
Статистика материалдары көбіне жарияланып тұрады. Ал жария етілмегендері мұрағат қорларында сақтаулы. «Вестник статистики», «Бюллетень ЦСУ», «Статистическое обозрение» және т.б. басылымдар тұрақты түрде шығып тұрады.
Жарияланған санақ жинақтарының алғы сөзінде, түсіндірме кестелеріңде зерттеу жұмыстарының әдістемесі мен материалдарды дайындау тәсілдері баяндалады. Мәліметтерді дайындау және жариялау барысында санақ бланкілерінде кейдезерттеушіге қажетті қорытынды цифрлар толық көрсетілмеуі мүмкін. Сондықтан алғашқы көрсеткіштерді белгілеу тәртібін және дайындалған таблицалардың сапасын айқындау керек. Тарихшы осылайша жинаққа енбей қалған мәліметтерді анықтайды.Санақ материалда-рының дұрыстығына көз жеткізу үшін енгізілген түзетулермен ескертулерге көңіл аудару қажет. Санақ материалдарына сыни тұрғыдан қарамаушылық деректің объективтілігіне нұсқаны келтіреді.
Санақ материалдарынтолық қарастырған абзал. Тәжірибесі аз тарихшылар кейде материалды талдап мен оны қорытындылауда жекелеген көрсеткіштермен ғана шектеледі. Қоғамдық көріністерге шынайы көзқарас қалыптастырудасанақ материалдарын түгел пайдаланған жөн. Санақ қортындыларын материалдарын жариялау барысында көптеген жұмыс бабындағы материалдар жинаққа кірмей қалуы мүмкін. Сондықтан лажы болса мұрағат құжаттарын да ғылыми айналымға кіргізген дұрыс.
Санақ мәліметтерін талдауда көптеген жағдайда салыстыру әдісі пайдаланылады. Соның негізінде құбылыстардың даму бағыты ашылып, оның қарқыны анықталады, зерттелетін құбылыстың әртүрлі буындарын сипаттайтын пропорциялардың қалыптасуы нақтыланады. Мұндайда тек салыстыруға келетін деректерді ғана салыстыру керек екенін ойдан шығаруға болмайды.Кейде санақ мәліметтеріне талдау жасауда территориялық өзгерістердің де еленбей қалатын кездері болады.

105


Санақ мәліметтерін салыстырмалы талдаудың міндетті шартты-санақтық зерттеудің методологиясын анықтау болады. Жарияланған жинақтарда, өткен дәуірдіңмәліметтеріосы заманғы өлшемдермен берілуі мүмкін. Зерттеуші осы жерде метрология пәнінен алған білімін пайдаланады. Бұрынғы және қазіргі өлшем жүйелерін салыстыра зерттеу әдәсінің септігі тиеді.


Статистика көпшілік процестердің сандық заңдылықтарын көрсету мен зерттеуге арналғандықтан, ол санақ материалдары анық көрсетілген көпшілік(массовые источники) деректердің қатарына жатады. Деректердің осындай тобымен жұмыс істеуде Мәскеу университетінің профессоры И.Д.Ковальченко математикалықәдістерді пайдалануды ұсынады.
Архив қорларының санақ материалдарын игеруде санақтың математикалық
әдісінің үлкен болашағы бар. Осы әдіс арқылы тарихшылар деректік

мәліметтерді топтастыру мен жіктеуден және санақ көрсеткіштерінің өзара


қатынастарын талдаудан бастап, күрделі математикалык модельдер (үлгілер)
құруға дейінгі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алады,
Алайда, мұндай математикалық санақ әдісі – тарихи зерттеу жұмыстарында негізгі тәсіл емес, ол қосалқы ғана роль атқарады. Негізгі мақсат зерттелетін қоғамдық оқиғалар мен құбылыстардың сапалы, мағыналы талдануында. Математикалық санақ әдістерін қолдану тарихи зерттеулердің сандық өлшемдеріне дәлдік бере отырып, талдау мүмкіңдіктерін көтере түседі.
Қорыта айтқанда, санақ деректері қоғам өмірінің барлық қырынан: өндіргіш күштердің дамуынан, адамдардың әлеуметтік өмірінің өзгеруінен және т.б. – құнды мәліметтер береді. Қоғам өмірін сипаттайтын санақ көрсеткіштері уақыт талабына сай үнемі жаңарып отырады.
Әдебиет
Абилев А.К. (Кузембайулы)Из истории деятельности научных учреждений по изучению Казахстана XIX – начXX в.в.Алматы, Изд. "Гылым", 1990.– 68 с. (соавтор: Аханов Ж.)
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. –

Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 302 б.

Статистика: учебник [И. И. Елисеева и др.]. – Москва: Проспект, 2011. – 443 с.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет