Педагогикалықинституты аманжолкүзембайұлы деректану



бет4/23
Дата17.03.2020
өлшемі2,74 Mb.
#60307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82, Семинар ¦9, Семинар ¦9, cop vsemirnaya-istoriya 5kl kaz
деректанудың дербес әдіснамасы мен әдістемесінің негізін салды.
Тарихи деректер туралы өз ілімінің негізгі қағидаларын А.С.Лаппо-Данилевский «Тарих әдіснамасы» деген еңбегінде жүйелі түрде баяндады. Кітапта тарихи дерек туралы түсінік, деректерді жіктеу қарастырылған, олардың мәні, деректерді сынау мен түсіндірудің негізгі әдістері сипатталады. Ол деректану әдіснамасын нақты-тарихи зерттеу әдістерімен тығыз
байланыста баяндайды. А.С.Лаппо-Данилевскийдің әдіснамалық тұжырымының маңызды жағы – дерекке біртұтас әлеуметтік-мәдени бағытты бекітті.
А.С.Лаппо-Данилевскийдің теориялық-әдіснамалық ілімі орыс және еуропалық ғылыми-тарихи ой шыңдарының бірі болды. Ол орыс және кеңес тарих ғылымының одан әрі дамуына зор ықпал етті. Кеңес уақытында А.С.Лаппо-Данилевскийдің пікірлестері, ізбасарлары мен шәкірттері оның идеяларын одан әрі дамытты. Бұл жерде А.Е.Пресняковтың, А.А.Шахматовтың, С.Н.Валктың, А.И.Андреевтің, И.М.Гревстің жәнеГ.В.Вернадскийдің жұмыстары үлкен рөл атқарды. Кеңес тарих ғылымының шығармашылық қорына позитивті деректанулық әдістеменің үздік жетістіктері енді.
Батыс Еуропаның жаңа замандағы тарихын зерттеуге арналған Н.И. Кареевтің еңбектерінде Ұлы француз буржуазиялық революциясы кезінде және одан кейін пайда болған тарихи деректердің сипаттамасы беріледі, оларды талдау тәсілдері қарастырылады. Оның, «Тарихи білім теориясы» жұмысында мынадай бөлімдер бар: тарихи деректердің түрлері; деректерді сынау, тарихи фактілерді белгілеу; тарихи фактілер арасындағы байланыстарды анықтау, тарих ғылымындағы синтетикалық жұмыс және тарихи жалпылау (СПБ, 1913, Ч.1.)
1921 жылы австриялық тарихшы Вильгельм Бауэрдың«Тарихты зерттеуге кіріспе» кітабы жарық көрді.1928 жылы ол қайта басып шығарылды. Кітаптың он екі тарауының алтауы деректерді іздеу, талдау тәсілдерін қарастыруға, қосалқы тарихи пәндерді қолдануға, деректің жеке түрлерін сипаттауға арналған. Әр тарауға ғана емес, сондай-ақ жеке параграфтарға берілген библиографиялық көрсеткіштер оқырман үшін өте пайдалы.
1924 жылыАльфред Федердің «Тарихи әдістер оқулығы» атты кітабы жарыққа шықты (үшінші басылым). Оның бірінші бөлімі автордың тарих әдіснамасы туралы ойларынан тұрады. Оның көзқарастарын осы кітаптың «Тарихи әдіс және сенім» сияқты бөлімінен көруге болады. Бұл бөлім құдай сөзінің қатесіз-дігі, құдайға сену керектігі, өйткені «құдайдың қателесуі мүмкін емес» туралы пікірімен аяқталады. Федер тарихи деректерді діни және адамзаттық деп бөледі.Кітаптың қосалқы тарихи пәндер, тарихи деректердің жеке түрлері және оларды формальды талдау әдістері туралы материалдар бар бөлімдері назар аударарлық.
Неміс тарихшысы Эрих Кайзердің «Тарих ғылымы. Құрылымы мен міндеттері» кітабы1931 жылы жарық көрді. Бұл жұмыстың жалпы сипатына әсер етті. Автор тарих ғылымы өзгеріс сәтін бастан кешіріп жатқанын,оның
25



алдындағы міндеттер мен ғылыми зерттеу негізделетін теориялық принциптер арасындағы алшақтық сезілетінін, бұл теориялық принциптердің жеткіліксіз-дігін, баяндайды. Кайзер қазіргі кез тарих ғылымының алдына жаңа міндеттер қоятынын, оларды осы ғылымның лайықты негізін жасамай, шешуге болмайтынын жазады. Автор ұсынған осы тезиске қалайша қарсы шығуға болады?
Алайда Кайзердің көзқарастарымен жақын танысу олардың шын мәнін ашады.Жұмыста реваншистік идеялар: Версаль бейбіт келісімшартының нәтижесінде жоғалтқан беделін, Германияның бұрынғы ұлылығын қайта қалпына келтіру қажеттігі, империяның ертеректе күшпен тартып алынған бөліктерін, неміс халқын Германиядан тыс тұратын барлық немістермен қайта біріктіру идеясы насихатталады. Оның пікірі бойынша, осы міндетті жүзеге асыру мүддесіне тарих ғылымы көмектесуі керек. Бұл ой кітаптың тарихи деректерді талдауға арналған бөлімдерінен байқалады. Кайзер насихаттаған идеялар көбіне өмір кеңістігі және геосаясатта неміс ұлтының үстемдігі туралы фашисттік «теорияларды» болжап білді.
АҚШ-тағы Джон Гопкинс университетінің профессорыДжоМартин Винценттің1934 жылышыққан«Тарихи зерттеу құралында» негізінен қосалқы тарихи пәндер:дипломатика, палеография, хронология, геральдика, сфрагистика, метрология, нумизматикажәне т.б.туралы материалдар бар. Сонымен қатар, дипломатикалық және картографиялық материалдардың ерекшеліктеріне арналған бөлімдер бар. Соңғы бөлім тарихи дерек ретіндегі куәгерлердің жауаптары туралы материалдан құралған.
Түрлі мемлекеттердің тарихи журналдарында жарияланған жеке мақалалардан басқа, деректану мәселелеріне арналған, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған батыс зерттеушілерінің бірнеше жұмыстарын атап өту керек. Америка тарихшысы Вильям Лео Лусидің «Тарих, әдістер мен түсіндірмелер» жұмысы 1958 жылы Чикагода екінші басылыммен (бірінші басылым 1948 жылы басылды) жарияланды. Жұмыста мынадай: тарихи деректер, сыртқы сын, ішкі сын, деректерге түсінік беру (түсіндіру) бөлімдері болғандықтан, ол зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Кітапта АҚШ-тың ірі мұрағаттарында, мұражайларында, кітапхананың қолжазбалар бөліміндегі тарихи деректердің сипаты туралы, оларды іріктеу және сақтау тәртібі туралы, көптеген деректерді бұрмалау тәсілдері және жалған нұсқаларын анықтау жолдары жөнінде пайдалы мәліметтер келтірілген. Жұмыста тарихи деректерді сынауға аса назар аударылған. Лео Луси «куәгердің сенімділігі оның сипаттарына: жасына (жас, орта жастағы, егде, кәрі), темпераментіне (арсыз, сангвиник, пессимист), тәрбиесіне және өмірдегі жағдайына (ақсүйек, шенеунік) байланысты. Біз жас қыздан және егде сая-саткерден, сауатсыз шаруадан және колледж профессорынан бірдей куәгерлікті күтпейміз» деп есептейді. Бұл пікірмен келіспеуге болмайды. Зерттеуші шынымен де қоғамдық жағдайды, құжатты құрастырушының жеке қасиеттері мен жасын ескеруі қажет. Бірақ автор куәгердің дүниетанымын,

26



саяси көзқарастарын және куәгерліктің шынайылығын анықтауда өте маңызды бірқатар жағдайларды қозғамайды.
Сонымен қатар Луси бірқатар куәгерліктерге қандай да бір сынды қолданудан бас тарту керек деп есептейді. Ол: «...Джорж Вашингтонның ақиқатығы жалпы жұртқа белгілі және оның куәліктері сынды қажет етпейді. Басқаларға ойланып қарау керек. Теодор Рузвельттің барлық пікірлеріне сеніммен қарау ерте болар еді» деп жазды.
1954 жылы шыққан «Америка тарихы бойынша Гарвард жол көрсеткішінің» алғашқы тарауларында деректанудың кейбір мәселелері қарастырылады. Бұл жол көрсеткіш хронологиялық принцип бойынша – Американың ашылуынан Эйзенхауэрдің президенттілігіне дейін бірқатар тақырыптарға бөлінген. Әр тақырыпқа тарихи оқиғалар конспектісі берілген және әдебиет пен деректер көрсетілген.
1961 жылы Францияда «Тарих және оның әдістері» еңбегі жарық көрді, ол көптеген жылдар бойы Франциядағы деректанудың даму тәжірибесін жалпылаған еңбек болды. Оның жоғарыда аталған еңбектерден бірқатар ерекшеліктері бар. Оны бір автор жазған жоқ, басында академик Шарль Самаран тұрған 35 адамнан тұратын авторлар ұжымы жасады. Авторлар арасында елдің жетекші тарихшылары бар.
Мәтіні 1800 беттен тұратын, бұл ұжымдық еңбекте көпшілікке танылған қосалқы тарихи пәндерге: палеография, хронология, археография, сфрагистика, геральдика, нумизматика, дипломатика және басқаларға арналған мақалалармен бірге, тек соңғы жылдары ғылыми зерттеудің пәніне айналған тарихи дерек түрлерінің мәні толық талданатын жұмыстар бар. Бұл жерде танымал француз кино сыншысы Ж. Садульдіңфото және киноқұ-жаттары, Ж. Тевеноның фоноқұжаттар («сөйлейтін» машиналар), М. Франсуаның «микрофильмдер» туралы мақаласы жаңа заман және қазіргі заман тарихшылары үшін сөзсіз қызығушылық тудырады.
Кітапта тарихи деректердің сынына үлкен орын берілген. Ең үлкен тараулардың бірітарихшы Р. Маришальдың «Мәтін сыны», олавтордың кең эрудициясы мен деректерді терең білетіндігін көрсетеді.Маришаль XIX ғасырдың аяғындағы француз классикалық деректану тәжірибесіне жүгінеді. Ол Ланглуа мен Сеньобос сияқты тарихи деректі «құжат» ретінде түсінеді. Сонымен қатар, ол кейінгі жылдары «құжат» түсінігі едәуір кеңігендігін және тек жазбаша деректерге ғана таралмағанын жоққа шығармайды. Ол сондай-ақ, деректанудың теориялық сұрақтарына күмәнмен қарайды, алдыңғы орынға практикалық дағдыларды – тарихи зерттеу техникасын қояды.
Ланглуа мен Сеньобостың құжаттарды талдау тәсілдеріне жеке сыни ескертпелер жасап, Маришаль іс жүзінде көбіне олардың деректерді сынау сызбасын ұстанады. Тарихи құжаттардың жеке түрлері туралы айтылатын басқа тарауларда да деректерді сынауға көңіл бөлінген.
Жұмыста тек субъективті-идеалогиялық көзқарастар ғана емес, бірқатар авторлардың ашық антимарксистік көзқарастары көрінеді. Осы томның екі басты мақаласы тарихшы А.И. Маррудың қаламынан шыққан. «Тарих
27



дегенімез не» деп аталатын бірінші мақаласында ол марксизм ғылым емес, дәлеледенбеген қағида (догма) деп дәлелдеуге ұмтылады.
«Тарихшы мамандығын қалай түсіну керек» деген басқа мақаласында Марру әлеуметтік және экономикалық мәселелерге тарихшылардың назарын аударып, бұрын пайдалы болған Маркс идеялары ескірді деген пікір айтады.
Деректану саласында жұмыс жасайтын Батыс зерттеушілерінің еңбектерінде, олар көп жылдар бойы жинақтаған деректі материалдар бар, оларды тиісті сыннан өткізген жағдайда олардың тигізер пайдасы зор.
5.Марксистік кезеңі
Кеңес тарих ғылымыныңдамуына таптық күресті тарихтың басты қозғаушы күші деп есептеген марксистік-лениндік әдіснама маңызды ықпал жасады. Кеңес кезеңінің алғашқы жартысы (20-50-шы жылдар) оның қалыптасу және нығаю кезеңі болды. Бұған қатарлас жаңа зерттеу әдіснамасы жасалынды, оған алдыңғы ғылым жасағанның таңдаулыларын меңгеру кірді. Бұл процесте А.В.Шестаковтың, Г.П.Саардың және С.Н. Быковскийдің жұмыстары елеулі рөл атқарды. Алайда деректанудың теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздерін нағыз, ғылыми-жүйелі құрастыру тек 50-80-шы жылдары жүзеге асырылды. Кеңес деректануының біртұтас теориялық-әдіснамалық тұжы-рымдамасын жасауға осы кезеңде М.Н.Тихомиров, Л.В.Черепнин,
И.Д.Ковальченко, Д.Каштанов, А.А.Курносов, В.В.Фарсобин, А.П.Пронштейн, С.О.Шмидт және бірқатар басқа зерттеушілер үлес қосты. Кеңес деректанушыларыныңтеориялық ізденулерінің өте маңызды нәтижесі деректанудың дербестігі туралы іргелі қағидалары болды. Ол, біріншіден, деректі уақыт шындығымен байланыстырып, тарихи құбылыс ретінде қарастырады, екіншіден субъектінің – тарихшының деректі тану диалектикасын ашады. Теориялық-әдіснамалық деректанудың пәніне тарихи
деректердің және олардың кейбір топтарының жалпы қасиеттерін анықтау, оларды зерттеу және өңдеу әдістері кіргізіледі. Кеңес деректануының теориясы келесі проблемаларды: тарихи деректің әлеуметтік және ақпараттық табиғатын, деректе әлеуметтік шындықтың көрініс табу заңдылықтарын, деректану пәнін, тарихи деректерді жіктеуді, әлеуметтік құбылыстар мен процестер жөнінде шынайы мәліметтерді алу мақсатында,деректерді зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерінің мазмұны және жүйелілігін,осы мәліметтерді тарих-шының қабыл-дау заңдылықтарын жетілдіреді.
Жалпы кеңесдеректанулық мектебітаптық-марксистік парадигманың, революцияға дейінгі ғылымның үздік әдістемелік жетістіктерінің және кеңес тарихшылары мен деректанушыларының дербес әдістемелік жаңалықтарының табысты синтезі болды. Бұл бір жағынанкеңес деректанулық теориясы мен әдістемесінің көптеген қағидаларының ғылыми маңызын көрсетті, басқа жағынан белгілі бір сабақтастығын және посткеңестік

28



уақытта оның одан әрі теориялық және практикалық даму мүмкіндігін қамтамасыз етті.
90-шы жылдары әлеуметтік-саяси қатынастардың жаңа жүйесінің орнауына байланысты отандық тарих әдіснамасының дамуы жетілдірілген ғылыми ойлау тәсілдерін жасаған жаңа сатыға көтерілді. Жаңаны іздеу батыс ғылымының әдіснамасын енгізудің дәстүрлі жолымен, XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы теориялық-әдіснамалық жетістіктердің және орыс тарих ғылымының тәжірибесінің мәнін түсінужолымен де жүзеге асырылды.
Қоғамды өздігінен дамитын мәдени тұтастық ретінде қарайтын, өркениеттік-мәдениеттанулық бағыт табысқа жетті. Мәдениеттанулық революция деректану әдіснамасына да тиді. Оның бастапқы түрткісі және негізі А.С.Лаппо-Данилевскийдің идеялары болды. Бірақ деректанудың теориясы мен әдіснамасын өркениеттік-мәдениеттанулық қайта түсіну процесі енді басталған еді.Деректанудың қазіргі теориясы, әдіснамасы мен әдістемесі сенімді ескі әдістеме мен мәдени-педагогикалық негізге аудару жолымен жетілдіру әрекеттерінің араласуынан тұрады. Кеңес зерттеушілерінің буржуазиялық тарихшылар мұраларына қатынасынМ.Н. Покровский жақсы көрсеткен:
«Буржуазиялық тарихпен күрескен кезде, оның меңгеруге тұрарлық техникасы бар екенін ұмытпаңдар, жауларыңнан көрген жақсы нәрседен қашпаңдар. Барлық буржуазиялық тарихшылардың идеологиялық жағынан алдында болып, техниканы қабылдаңдар, олардың техникалық тәжірибесімен қаруланыңдар» («Историк-марксист», 1928, № 10, стр. 272.).
М.Н. Покровскийдің бұл ойын басқа кеңес тарихшысы О.Л. Вайнштейннің пікірімен толықтыру өте пайдалы болады. «Тарихи зерттеу техникасы кез келген техника сияқты қандай тапқа қазмет ететініне байланысты, белгілі бір идеологиялық таптық бояуға ие болады – деп жазды ол. Қандай да бір машина капиталистік қоғамда капитализмге, социалистікте – коммунизмге жұмыс істеген секілді, жүз жылдар бойы жетілдірілген буржуазиялық тарихи зертеу техникасы тарихшы-марксистің, тарихи процесті буржуазиялық идеалогиялық түсіндірумен күресіндегіоң жұмысына да, капитализм апологеті – тарихшыға да қызмет етуі мүмкін (О.Л.Вайнштейн. Теоретические дисциплины истории. Сб.: «Критика новей-шей буржуазной историографии». Л., 1967, стр. 15–16.).
Соңғы жылдары жарияланғанжұмыстардың ішіненқазіргі француз тарихнамасындағы деректану теориясы туралы О. Медушевскаяның мақаласын атауға болады. Онда көптеген деректі материалдар негізінде тарихи дерек түсінігі, деректердіжіктеу принциптері, деректерді сынау мен түсіндірудің әдістері мен тәсілдері сындынегізгі теориялық сұрақтарды француз бур-жуазиялық тарихнамасының мысалында, шешудің әдіснамалық принциптерінің талдауы беріледі. О. Медушевская XIX ғасырдың аяғынан бастап, Ланглуа мен Сеньобос деректану теориясының негізін тұжырымдаған кезденXX ғасырдың 60-шы жылдарына дейін, француз деректануында болғанэволюцияны бақылайды. (Вопросы теории источниковедения в современной французской историографии. «Вопросы истории», 1964, № 8.).
29



«Жаңа және қазіргі заман тарихы» журналындағы 1961-1963 жылдары. болған,жаңа заман тарихы деректануын оқыту сұрағы бойынша пікірталас пайдалы болды.(Қараңыз: «Новая и новейшая история», 1961, № 4, 5, 6; 1962,


  • 2, 5; 1963, № 1, 2, 5.)Ол осы курсты жасауға тарихшылардың назарын аударды. И.В.Григорьеваның (ММУ) жаңа және қазіргі заман тарихы де-ректануы бойынша әдістемелік нұсқаулықты шығаруы жақсы болды (И. В. Григорьева. Источниковедение истории нового и новейшего времени. Методические указания для студентов-заочников исторических факультетов государственных университетов. М., 1966).

Жаңа және қазіргі заман тарихы деректануы саласында жұмыс жасап жатқан зерттеуші 1967-1968 жылдары. жарияланған іргелі еңбектен біраз мәлімет ала алады.(Историография нового времени стран Европы и Америки. М., 1967; Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М.,


1968.).Он-да «тарихи зерттеулердің деректік негізін талдауға, жаңа деректерді ашу және ғылыми айналымға енгізу тарихына, тарихи зерттеу әдістемесін зерделеуге, тарихи ойдың түрлі мектептері мен бағыттарының деректерді қолдануына және тарихи зерттеу әдіснамасы мен әдістемесінің арасындағы байланысқа» көп назар аударылған.
30-шы жылдардың басында бірқатартарихшылар тарихи зерттеудің әдістемесін, деректанудың теориялық мәселелерін жасаудың аса қажеттілігін сезіп, осы мәселелергежиі-жиі жүгіне бастайды, бұл мәселелерге жеке мақалаларды, танымал брошюрадағы лекцияларды ғана емес, монографиялық зерттеулерді де арнады. Осы уақытта құжаттар мен материалдарды жариялау процесі жанданады, оларды жариялаудың ғылыми негіздері жасалады.
1930 жылыГ. П. Саардың Тарихи зерттеудің деректері мен әдістері кітабы жарыққа шықты. Бұл кітапта тарихи дерек түсінігін анықтау, қосалқы тарихи пәндердің мәні, деректерді жіктеу принциптері сынды деректану сұрақтары баяндалады,буржуазиялық деректану сыналады. Кітаптың он бөлімінің алтау-ында (IV–IX) деректерді талдау тәсілдері қарастырылады.
С.Н. Быковскийдің Тарихи зерттеу әдістемесі кітабы (Л., 1931). Кітапта тарихи зерттеу әдістемесіне, ежелгі орыс тарихының деректерімен жұмыс жасау тәсілдеріне негізінен көңіл бөлінген. Автор деректерді сынаудың өз принципін ұсынады: аналитикалық сын және синтетикалық сын. Олсыртқы және ішкі сын принципі бойынша деректерді сынауға қарсы болды.
Г.П. Саар мен С.Н. Быковскийдің кітаптарының кейбір кемшіліктері бар, бірақ бұл алғашқы кеңес оқу құралдарының құндылығын жоймайды, олардың авторлары тарихи зерттеулер әдістерін зерделеуді марксистік бағдар тұрғысынан жүргізді.
1940 жылыМ. Н. Тихомировтың «КСРО деректануының тарихы» курсы жарияланды, ол КСРО тарихыныңежелгі кезеңінен XVIII ғ. аяғына дейінгі кезеңді қамтиды. 1962 жылы М.Н. Тихомировтың «КСРО деректануының тарихы» кітабының өңделген және едәуір толықтырылған басылымы шықты. Онда деректанудың жалпы сұрақтары – тарихи дерек түсінігін анықтау және басқалар баяндалған.
30

Осы жылыС.А.Никитиннің «КСРО деректануы» курсы жарияланды (2 т.), онда XIX ғ. деректерді сынау мен маңызды жазбаша деректерге шолу берілген. М.Н. Тихомиров пен С.А. Никитиннің еңбектерінің басылып шығуы марксистік деректанудағы маңызды қадам болды. Бұл бағыттағы одан арғы жұмысты соғыс тоқтатып тастады.
Екіншідүниежүзілік соғыстан кейін кеңес тарихшыларының түрлі деректанулық мәселелерді жасауға қызығушылығы едәуір өсті. 1955 жылы «Деректану мәселелері» деген арнайы басылымдар қайта шығарыла бастады. Соғысқа дейін тек үш басылым шықты.Барлығы он бірі жарияланды. Олар тарихшылар үшін үлкен қызығушылық тудырды. Оларда және Тарих-мұрағат институтының жарияланған еңбектерінде, «Тарихи мұрағат», «Мұрағаттану сұрақтары», «Археографиялық зерттеу» журналдарында теориялық сипаттағы деректанулық жұмыстар бар.
Тарих проблемаларына арналғанжурнал беттеріндедеректану мәселелеріне бұрынғыға қарағанда көп көңіл бөле бастады. Бұл журналдардың беттерінде жаңа құжаттарды жариялау жүзеге асырылды, жоғары оқу орындарында деректануды оқыту сұрақтары талданады.
Үлкен Кеңес Энциклопедиясы жариялағанЛ.В.Черепниннің «Деректану» мақаласы осы ғылым саласы пәнінің және әдістерінің мәнін дұрыс түсінуге көмектеседі. (Қараңыз: Л.В.Черепнин. Источниковедение. См.: БСЭ, т. 19). Бірқатар жалпы деректанулық сұрақтарА. Д. Люблинскийдіңортағасырлар тарихы деректануы бойынша зерттеулерінде қарастырылады, онда феодализм кезеңіндегі Батыс Еуропаның барлық елдерінің тарихи бойынша негізгі деректерге шолу жасалынған (Қараңыз: А. Д. Люблинская. Источниковедение истории средних веков. Л., 1955.).
1962 жылыВ. И. Стрельскийдің КСРО тарихының деректануы кітабы жарық көрді.Империализм кезеңіндегі (XIX ғ. аяғы – 1917 ж.) КСРО тарихының деректанулық ерекшеліктері қарастырылады. Осы кезеңді зерттеу үшін автор деректердің жеті түрін бөліп көрсетеді:
1. Марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың шығармалары.
Коммунистік партия материалдары.


  1. Мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізу материалдары.

  2. Әлеуметтік-экономикалық статистика.




  1. Заң материалдары және басқа құқықтық актілер.

  2. Мемуарлық және эпистолярлық әдебиет.

  3. Мерзімдік басылым.

  4. Көркем және ғылыми әдебиет ескерткіштері.

Бұл бөлімде географиялық зерттеулердің, саяхаттардың, экспедициялардың сипаттамалары да бар. Кітапта тарихи, деректерге ғылыми анализ, іріктеу және синтез жасаудың, деректерді жіктеудің жалпы принциптері, сондай-ақ, КСРО-дағы мемлекеттік және партиялық мұрағат қорларын жасау процесі және оларды ғылыми ұйымдастыру ашып көрсетілген.


М.Н. Черноморскийдің1966 жылы жарияланған кітабы кеңес дәуіріндегі КСРО тарихының деректануына арналған (КСРО тарихы деректануы (кеңес кезеңі).
31

М., 1968; соныкі. Автор кеңес дәуіріндегі КСРО тарихын зерттеуге қажет жазбаша деректердің негізгі түрлері деп есептейді:


  1. В. И. Лениннің шығармалары;

  2. Кеңес Одағының Коммунистік партиясының құжаттары;

  3. Кеңес үкіметінің заң актілері және қаулылар;

  4. КСРО халық шаруашылығын жоспарлау материалдары;

  5. статистикалық деректер;

6)еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары (кеңестік, кәсіподақ,кооперативтік, комсомоль және т.б.) құжаттарының негізгі түрлері;


7) мерзімді басылым және публицистика, үндеулер мен жолдаулар;

  1. мемуарлар;

  2. халықаралық келісімшарттар және дипломатикалық хаттар.

М.Н. Черноморский кітаптың кіріспесінде деректанудың бірқатар жалпы теориялық сұрақтарын қояды, олардың кеңес қоғамы тарихы деректануына қатысты ерекшеліктерін анықтайды, кеңес кезеңіндегі деректанудың дамуына үлес қосқан, өзінің алдындағылардың еңбектерін атап өтеді.


1967 жылы жарияланған М.А. Варшавчиктіңкітабы Кеңес Одағы Коммунистік партиясы тарихының деректануына арналған. Автор өз шығармасын тарихи-партиялық деректануға кіріспе ретінде қарастырады. КОКП-ның тарихын зерттейтін көптеген деректерді ол келесі топтарға бөледі:


  1. ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылардың – К. Маркс, Ф. Энгельс және В.И. Лениннің шығармалары;




  1. партиялық органдар мен партиялық ұйымдардың құжаттары;




  1. кеңес мемлекеттік органдарының және еңбекшілердің қоғамдық ұйымдарының құжаттары;




  1. Коммунистік партия және Кеңес мемлекеті қайраткерлерінің шығармалары;




  1. партиялық және кеңестік басылымдар (мерзімді және мерзімді емес);

6)революциялық қозғалыс және социалистік құрылыс қатысушыларының естеліктері;




  1. халықаралық жұмысшылар және коммунистік қозғалыстар материалдары;

  2. нақты әлеуметтік зерттеу мәліметтері;

  3. кино- фото- фоно- құжаттар;




  1. билік органдары, ұйымдары және т.б. материалдары. (Қа-раңыз:М.А.Варшавчик.Предмет и задачи источниковедения истории КПСС. М., 1967.). М.А. Варшавчиктің кітабы жарыққа шыққанға дейін, «КОКП тарихының сұрақтары» журналының беттеріндеоның «КОКП тарихы деректануының кейбір сұрақтары туралы» мақаласы жарық көрді, осы мақаланы талқылау деректанудың бірқатар түбегейлі сұрақтарын қоюға жағдай жасады (Қараңыз: «Вопросы истории КПСС», 1962, № 4, 5, 6;1963, №1,2, 3,5.).

Кеңес деректануының дамуында С.Н. Валктың, В.К. Яцунскийдің. Л. В. Черепниннің, олардың шәкірттері мен ізін қуушылардың еңбектері өте маңызды болды.Мәскеу тарих-мұрағат институтының қосалқы тарихи пәндер кафедрасының, ММУ-нің және Киев университетінің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері көзге түсті.


32

1964–1968 жылдары КСРО Ғылым академиясының Тарих институтыкеңес
қоғамы тарихының деректануына арналған мақалалар жинағын жариялады.(Қараңыз: Источниковедение историисоветского общества. Сборник статей. М., 1964; вып. П. М„ 1968.).
Кеңес тарих энциклопедиясында жарияланған «Деректану» мақаласында кеңестік қана емес, буржуазиялық деректанудың дамуы жөнінде мәліметтер бар (Қараңыз: И.А.Булыгин, Л.Н. Пушкарев. Источниковедение. Советская историческая энциклопедия, т. 6. М., 1965.).
О.М. Медушевскаяның мақаласында кеңестік деректану теориясының дамуы қарастырылады(Развитие теории советского источниковедения. Труды Московского историко-архивного института, т. 24, 1966.)
1969 жылыКСРО ҒА тарих институты алғашқы мақалалар жинағын шығарды, онда деректанудың мерзімі жеткен теориялық және әдіснамалық сұрақтары талқылауға қойылған. Маркстың, Энгельстың, Лениннің шығармашылық зертханасын зерттеуге ерекше назар аударылған (Источниковедение. Теоретические и методологические проблемы. М.,1969.).Аталған шығармалар КСРО тарихы деректануына арналған барлық жұмыстарды көрсетпейді. (кеңес деректануы дамуының тарихнамалық мәліметтерді қараңыз.
С.И. Якубовская. Некоторые итоги развития теории источниковедения в

советский период. Сб: «Историография социалистического и


коммунистического строительства в СССР». М, 1962, стр. 191–196;
И. М. Беленький и М. К. Макаров. Библиография источниковедческих работ 1956–1963 гг. Сб.: «Источниковедение истории советского общества». М., 1964, стр. 343–374;
И.Л. Беленький, В.М.Моргайло, А.С.Покровский. Библиография источниковедческих работ 1964–1967 гг. Сб. «Источниковедение истории советского общества». Вып. П. М., 1968, стр. 454–505. С. М. Каштанов. Источниковедение. Очерки истории исторической науки, т. 2, стр. 575–594; т. 3, стр. 565–577. М., 1963, 1964.).
Социалистік елдер тарихшыларының деректану мәселелерін зерттеуге қызығушылығы едәуір артты. Мысал ретінде Герман Демократиялық Республикасында жарияланған жұмыстарды келтіруге болады. 1949 жылыРосток университетінің профессоры В. Эккерманның «Жаңа тарих ғылымы. Оны зерттеуге кіріспе» кітабы шықты. Бұл құралда тарих ғылымының рөлі мен міндеттерін анықтауға, қоғамдық даму заңдылықтарын талдауға, Риккерт пен Эл. Мейераидан бастап фашисттік тарихшыларға дейінгі тарихшылардыңреакциялық, идеалистік көзқарастарын әшкерелеуге көп назар аударылған. Деректерді жіктеу, деректерді сынау сияқты деректану теориясының сұрақтарын автор жан-жақты қарастырады.
1959 жылы ГДР «Отандық тарихқа кіріспе» ұжымдық еңбегі жарияланды. Оның жеке бөлімдерін мұражайлардың, педагогикалық институттардың, университеттердің, мұрағаттардың, кітапханалардың және т.б. қызметкерлері жазған. Алғашқы үш тарау отан тарихын зерттеудің теориялық және

33

әдістемелік негіздерін ашуға арналған. Арнайы бөлім деректерді жариялау ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
1966 жылыВ. Эккерман және Г. Мор«Тарихты зерттеуге кіріспе» деген іргелі зерттеу шығарды. Ол жоғары білікті мамандардан, ЖОО профессорлары мен оқытушылардан, мұрағаттар, кітапханалар, мұражайлар ғылыми қызметкерлерінен құралған үлкен ұжым еңбегінің нәтижесі болды. Кітап авторлары алдарына «студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, оларды ғылыми жұмысқа даярлаумақсатында деректану мен қосалқы тарихи пәндердің жалпы мәселелерін» ашып көрсету міндетін қойды. Деректерді талдауға арналған тарау, жалпы кітап сияқты марксистік бағдар тұрғысынан жазылған. Ол мұқият құрастырылған әдебиеттер тізімінен және түрлі көрсеткіштерден тұрады.
Қазақстанда деректанудың теориялық мәселелері іс жүзінде қарастырылған жоқ. Соңғы уақытта әл-Фараби атындағы ҰлттықУниверситеттің деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісіқызметін атқарған, бүгінде марқұм болғанҚамбар Атабаев табысты жұмыс жүргізді. Ол конференцияларда, мерзімді басылым беттерінде сөз сөйлеп, тарихи деректерді іздеу, анықтау және зерттеу әдістерін түбегейлі зерттеуге шақырды. Ол 2001 жылы жазған оқулық бүгінгі күні библиографиялық сирек кездесетін затқа айналды.
Әдебиеттер мен деректану мәселелерінің зерттелу жағдайына қысқаша шолу осындай болды.

4.ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ТОПТАУ
Жоспары
1.Деректерді жүйелеу.
2.Топтау түсінігі мен принциптері.


  1. Қазақ тарихы деректерін жіктеу.




  1. Деректерді жүйелеу

Тарихи деректердің түрі жағынын да мазмұны жағынан да ақпарат алу мүмкіндігі жағынан да, оның объективтілігі мен субъективтілігі жағынанда әрқилы болатындығы баршамызға белгілі. Сондықтан зерттеуші жинақталған материалдарын ретке келтіріп алып, олдарды талдау әрекеттерін бастайды. Бұл жұмыс терең біліктілікті, қажырлы еңбекті әрі көп уақытты қажет етеді.


Деректердіретке келтірудің екіжолы бар. Бірін жүйелеу(систематизация) деп, екіншісін топтау(классификация) деп атаймыз. Тарихи деректерді жүйелеу дегеніміз әр текті деректерді осы ғылымның мәнсіз бір белгілеріне қарай жіктеу.
Жүйелеудің қызметтік (служебный),қосалқы (вспомогательный),техникалық (технический) сияқты бірнеше түрлері болады. Осы әрекетті іске асыру

34



барысындахронологиялық аумақтық (региональный), этникалық,проблемалық және тұлғалық (персональный) принциптерді есте ұстаған абзал.


  1. Хронологиялық дегеніміз жүйелеу барысында деректің пайда болған уақытын ескеру(антикалық ортағасырлық,жаңа немесе қазіргі заманға жататын деректер).

2.АумақтықҚостанай облсының тарихына байланысты деректер.




  1. Этникалық (татар халқының этникалық тарихы, Америка жергілікті тайпаларының отаршылдыққа қарсы күресі).




  1. Проблемалық(қазақ-қытай қатнастары,екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан тарихы жөніндегі деректер).




  1. Белгілі бір тұлғаға байланыстыдеректер (Аблай ханның мәмілегерлік саясаты, Бекмахановтың тарихи көзқарасы.).

Көбіне деректерді бірнеше белгілеріне қарай да жүйелеуге болады. Мысалы: «Қазақстан тарихының деректері»


2.Топтау түсінігі мен принциптері
Тарихи деректерді топтаудың (сыныптаудың) тарихшылардың басым көпшілігі қолдаған түрі жоқ.ХІХ ғасырдың басында белгілі бір тақырып бойынша жинақталған тарихи деректердің көбейуіне байланысты оларды ретке келтіру қажеттілігі туындады. Тарихшылардың бір тобы жазбаша деректерді түріне (естеліктер, дипломатиялық құжаттар, іс қағаздары) қарап, ал екінші-лерімазмұнына (әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы деректер, сыртқы және ішкі саясат тарихының деректері, мәдениет пен қоғамдық-саяси пікірді анықтайтын, айғақтайтын деректер) қарап топтауды қолдады.
Үшіншітоптағы ғалымдар деректі пайда болу принципі бойынша топтауды ұсынды. Олардың пікірінше деректер үш топқа бөлінеді: әлеуметтік-экономикалық сферада пайда болған деректер; әлеуметтік-саяси күрес нәтижесінде пайда болған деректер; және қоғамдық пікір, мәдениет, тұлғалық, отбасылық салалардан ақпарат беретін деректер.
Мұның бір кемшілігі тарихи деректер пайда болу жағынан қоғамдық өмірдің бірнеше саласын қамтуы мүмкін. Сондықтан да деректерді талдау барысында олардың әрбіреуінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеру қажет.
Кейбір тарихшылар жоғарыда аталған пікірлердің бірде біреуін қолдамайды. Олар топтау схемасында тарихи деректердің түрлерінің барлық белгілерін ескеріп, мүмкіншілігін толық пайдалану қажеттілігін ескертеді.
ХIХ ғасыр ғалымдарытарихи деректерді екі топқа бөлді: «өткен заманнан жеткенқалдық»(остатки)және«аңыз, хикая» (предания). Өткен заманнан бүгігі күнгедейін жеткен дәстүрлі киім үлгілері,ұлттық тағам түрлері,үй жиһаздары,күнделікті тұрмысттық заттар,тіл, ән-күй, әдет-ғұрып, жора-жосын, жазбаша ескерткіштер сол заманның қалдығы болып есептелді. Олар келешек ұрпаққа ескерткіш ретінде, немесе сол заманнанақпарат беру ретінде әдейі жасалмаған.
Ал «аңыз немесе «хикая» өткен заманда болған тарихи уақиғаны баяндайды.
35

Ол уақиғаларды бізге тура жеткізбейді, оны біз көзімізбен көре алмаймыз. Ол жөнінде тек біз информатор арқылы біле аламыз. Яғни оқиға туралы ақпарат информатор санасындағы ой-пікір арқылы білім ретінде келесі ұрпаққа жетеді.
Тарихи факт келер ұрпаққа жету үшін әдейі аңыз немесе хикаят түрінде жасалады. Сондықтан олар қалдыққа қарағанда субъективті.

ХІХ ғасырдағы неміс тарихшысы, элиннизм тарихы туралы үш томдық кітап


жазған, Иоганн Густав БернхардДройзенБерлин, Киль, Йен университеттерінің профессоры (1808) тарихи деректерді топтаудың үлгісін ұсынды. Ол барлық деректерді тарихтың қалдықтары (барлық ғылымның қалдықтары, қолөнердің, көркем өнердің қалдықтары, тіл, салт-сана, жора-жосын, хаттама, іс қағаздары т.б. сол сияқты құжаттар) және тарихи әңгімелер(өлеңдер, әңгімелер, аңыздар, анекдоттар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер) екі топқа бөлді.Тарихи деректерді бұлайша топтау ғалымдардың жинақталған матералдарды ретке келтірудегі алғашқы талпынысы еді.
Тарихи деректерді топтау дегеніміз деректің мәнді бір ішкі белгілеріне көңіл аудара отырып, олардың әр текті жиынтығын бір текті топтарға бөлу.
Деректерді топтау барысында оның өзіне тән белгілеріне көңіл аударатынымыз белгілі. Оны ғылымда критерий немесе белгілі бір деректі екіншісінен айыратын негізгі белгісі деп атайды.Жоғарыда айтқанымыздай тарихи деректер әрқилы. Сондықтан оларды ерекше белгілеріне қарап түрлерге (типологиялық топтау)бөлеміз. Кейде түрдің өз ішінде бірнеше топқа(подвид) бөлшектенуі мүмкін.
Орыс тарихнамасында деректерді топтау мәселесіне ХІХ ғасырдың30-жылдары көңіл аудара бастады. Орысжылнамалары мен заңнамалық актілерді түрлендіріп оларды ғылыми талдау жолға қойылды. Дегенмен деректерге түбегейлі көзқарастың өзгеруі орыс ғалымы А.С.Лаппо-Данилевскийдің есімімен тығыз байланысты.
Ол деректің ғылыми негізіне салмақ салды. Ол тарихи деректің болған оқиғаға жақындығын ескерді. Осының негізінде ол деректерді екі топқа бөлді: бейнелейтін деректер және көрсететін деректер (источники, изображающие факт и источники, обозначающие факт.) біріншісін мәдениеттің қалдығы (остатками культуры),екіншісін тарихи хикаяттар (историческими преданиями).
Болған оқиғаның қалдығын ол мәдениеттің қалдығы деп есептеді. Оған ол біздің заманымызға дейін жеткен заттай жәдігерлерді, заңнамалық актілерді жатқызды.Ал болған оқиғаны баяндайтын деректерді хикаяттар санатына кіргізді. Екінші топтағы деректер мұқият талдауды,тексеруді қажет етеді.Өйткені ол белгілі бір автордың санасындағы субъективті көрініс. Алғаш-қы топтағы деректер шынайы, объективті. Дегенмен оларды да күні бұрын тексерістен өткізу қажет деп есептеді орыс ғалымы.
А.С.Лаппо-Данилевский өз заманында орыс тарихнамасында тарихтың әдіснамалық мәселелерімен алғаш айналысқан ғалым. Сондықтан да оның жасаған тарихи деректерді топтауының методологиялық тұғыры берік болды.
36

Кеңес тарихшылары ХХ ғасырдың 50-інші жылдарына дейін деректерді топтау мәселесіне елелі бір жаңалық кіргізе алған жоқ.
Ғасырдың екінші жартсында тарихшылар теориялық-методологиялық тақырыптарға көңіл аудара бастады. Өзекті мәселелердің қатарына тарихи деректерді тиімді пайдалану проблемасыда кірді.
1975 жылы кеңес ғалымы Лев Никитич Пушкарев тарихи деректерді топтаудың жаңа нұсқасын ұсынды. Айта кету абзал, оның топтауы көпшіліктің көңілінен шықты.
Ол тарихи деректерді жеті топқа бөлді:


  1. заттай (археологиялық);

  2. жазбаша;

  3. ауызша(фольклор);

  4. этнографиялық;




  1. лингвистикалық;

  2. фото, киноқұжаттар;

  3. фоноқұжаттар.

Топтаудың екі негізі бар,бірі–ақпаратты кодтау(способ кодирования информации) әдісі, екіншісі–деректің қай гуманитарлық ғылымның еншісінде екендігінде. Бұл нұсқа ғалымдар үшін ыңғайлы болғанымен, кейбір кемшіліктері ойландырмай қоймайды. Мысалы белгілібір дерек екі бірдей топқа жатуы мүкін. Ауызша және этнографиялық деректер арасында кейде айтарлықтай айырмашылық болмай қалады.


Кейін ол тек қана жазбаша деректерді он топқа бөлді:


  1. жылнама;

  2. заңнамалық актілер;

  3. іс қағаздары;




  1. акт материалдары (грамота);

  2. статистика;

  3. мерзімді баспасөз;

  4. жеке тұлға құжаттары (мемуар,күнделік, хаттар);

  5. көркем шығарма;

  6. көсемсөз және саяси шығармалар;

  7. ғылыми еңбектер.

1981 жылы Москва Университетінің профессоры Иван Дмитриевич Ковальченко тарихи деректерді топтаудың тек қана ақпаратты кодтау әдісіне негізделген, жетілдірілген нұсқасын жариялады. Оның пікірінше берлық деректер небары төрт топқа жіктеледі:




  1. заттай;

  2. жазбаша;




  1. бейнелейтін;

  2. фоно.

Оның екінші бір жаңалығы жазбаша деректерді екі топқа бөлуі. Ол ғылымғабұқаралық жәнежеке тұлғалық (массовые и индивидуальные источники)деректер деген түсінік кіргізді. Біріншісіне–статистика,іс


37

қағаздары,актілер сияқты бұқаралық,қоғамдық жүйелерге байланысты туындаған құжаттарды жатқызды. Ал екіншісіне - бірін-бірі қайталамайтын, әдеби шығармалар,жеке тұлғалар қолынан шыққан жазбаша құжаттар сияқты деректер түрлерін жатқызған. Кейбір деректердің бұқаралық та жеке тұлғалық та белгілері болуы мүмкін. Мұндай жағдайда құжат екі топқа да жатады. Дерекердің кейбіртоптары өз ішінде бөлінуі мүмкін. Мысалы жеке бас құжаттары –естелік, күнделік және хаттар болып өз ішінде жіктеледі.
Тарихшылардың бір тобы тек жазбаша деректерді ғана мойындадыСолардың бірі кеңес ғалымы Харьков университетінің профессорыИсай Львович Шерман өзінің Русские исторические источники X-XVIIIвв. (Х., 1959) кітабында деректерді қалдық (остатки) және хикаят (предания) деп екі топқа бөледі. Оның ойынша құжаттық материалдар қалдықи баяндайтын не-месенарративті материалдар хикаят болып есептеледі.
Соңғы жылдары ғалымдар арасында кең қолдау тапқан Сигурт ОттовичШмидтің топтауы. Біріншіден ол тарихи деректердің барлығын да қамтиды, Екіншіден ол пайдалануға өте ыңғайлы. Өйткені топтау негізінде деректің ішкі «матералдық» түрі жатыр. С.О. Шмидт деректердің мына төмендегідей түрлері мен түршелерін (типы и подтипы) бөліп көрсетеді:


  1. заттай (археологиялық ескерткіштерден қазіргі заманның техникасы мен тұрмыстық заттарына дейін);

2)бейнелеу (көркем бейнелеу, көркем-графикалық, көркем-натуралды);

3)сөз (сөйлесу, ауыз әдебиетінің үлгілері, жазбаша ескерткіштер);
4)конвенционалды (лат. conventionalis –шартты) нота, математика, химия т.б. нақтылы ғылымдардың белгілері);
5)жора-жосын, салт-сана (халықтың күнделікті тұрмысындағы еңбекке, тұрмысқа байланысты мейрамдарда өткізілетін адамдардың іс-әрекеті); 6)дыбыстық және аудио деректер.
Қысқаша С.О.Шмид топтуына сипаттама бере кетелік. Конвенционалды деректер дегеніміз кейбір ғылым және мәдениет саласында кездесетін шартты белгілер. Нотна жазбалары, математика, физика, химия сиқты жаратылыстану ғылымдарында кездесетін символика мен формулалардың да деректемелік маңызы бар. Деректану ғылымында бұл тақырып аз зерттелгендер қатарында.
С.О. Шмидт ғылымға «поведенческие источники» деген атпен тарихи деректердің жаңа термин кіргізді. Оларды бұрын «этнографиялық деректер» деп атайтынбыз. Ғалымның пікірінше этнографиялық деректерге заттай деректер мен жазбаша деректердің кейбір түрлері де жатады. Сондықтан көзбен көріп, бақылау мүмкіншілігі бар халықтың салт-санасын, жора-жосынын бөлек бір деректер тобына жатқызуға болатындығын дәлелдейді.
Дыбыстық деректер түріне де автор басқаша пікірде. Бұл түрге ол тек қана музыка емес, сонымен қатар құстардың, аңдардың, жануарлардың,адамның қуанғанда немесе ренжігенде, қорыққанда шығаратын дыбыстарын жатқызады. Әрине оның тарих деректерді топту әдісін ғылымның шыңы деп есептеуге болмайды. Табиғатта өзгеріссіз, өте жетілген,барлық талаптарға сай келетін ой-пікірдің болуы мүмкін емес. Тарихи дерек түрлерін белгілі бір топқа ғана
38

жатқызуға болмайды. Кез келген топтау шартты. Бүгінгі таңда С.О. Шмидттің топтауы оқу процессінің талаптарына сәкес келгендіктен,аздаған өзгерістер енгізіп, оқу-әдістемелік құжаттарымыздың негізіне алдық.

3.Қазақ тарихы деректерін жіктеу
Қазақ тарихының деректері сан-алуан.Оларға мыналар жатады:

1.Материалдық мәдениет ескерткіштері;




  1. Этнографиялық деректер;

  2. Фольклордеректері;

  3. Жазбаша деректер;

  4. Көркемөнер деректері;

6.Аудиовизуалды деректер.


1.Материалдық мәдениет ескерткіштері археологиялық артефактілер, көркем өнер туындылары,өндірістік және азаматтық ғимараттар,техника қалдықтарын тарихи дерек ретінде пайдалану.
2.Этнографиялық деректерге әдет-ғұрып, жора-жосын, дәстүрлі тұрғын үй,ұлттық киім жәнедәстүрлі тағам,дәстүрлі тұрмыс заттар деректері және т.б. жатады.
3. Фольклордеректері қатарынахалық ауыз әдебиеті нұсқалары,қазақ
ақындарының шығармалары,генеологиялық шығармалар,әдет-ғұрыптық заңдар,жер-су аттары тікелей тарихи дерек.
4.Қазақ тарихы бойынша жазбаша деректері қатарына бітік жазу
ескерткіштері,ортағасырлық тарихи нарративті шығармалар,VІІІ–ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті шығармалары,заңнамалық және нормативті актілер,мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің іс қағаздары,статистикалық материалдар,жеке тұлғалардың естелігі, күнделіктері мен бір-бірімен жазысқан хаттары,ғылыми еңбектер т.б. жатады. фильмдер
5.Қазақ тарихы бойынша көркемөнер деректеріБейнелу өнері деректеріне көркем бейнелеу және графикалық бейнелеу шығармалары жатады.
6.Аудиовизулды деректерге көркем фильмдер,документальды және хроникалды фильмдерді жатқызамыз.
Әдебиет
Никулин П.Ф. Учебное пособие «Теория и методика источниковедения в отечественной истории X – начала ХХ вв.» М., 2004. с. 48. Медушевская О.М. Источниковедение. М., 2007. с. 24.
Сейдембеков А. Қазақтың ауызша тарихы.

39




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет