Педагогикалықинституты аманжолкүзембайұлы деректану


МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ



бет5/23
Дата17.03.2020
өлшемі2,74 Mb.
#60307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82, Семинар ¦9, Семинар ¦9, cop vsemirnaya-istoriya 5kl kaz

5.МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
ТАРИХИ ДЕРЕК
Жоспары

1.Заттай деректер түсінігі және оларды топтау.
2.Көне дәуір тарихын зерттеудегі негізгі дерек- археологиялық артефактілер.

3.Көркем өнер туындылары-тарихи дерек.
4.Өндірістік және азаматтық ғимараттарың деректік маңызы.
1.Заттай деректер түсінігі және оларды топтау
Адамның қолымен жасалған барлық заттар мен объектілер тарихи деректер қатарына жатады.Олар адамзат қоғамыныңәлеуметтік құрылымы,күнделікті тұрмысы,эстетикалық талғамы және діни наным-сенімдері жөнінде мәлімет
береді.Бұл термин жазбаша және ауызша ақпарат бермейтін деректердібілдіреді.Мұндай деректер мұражайларда сақталады.Бұлардың қатарына археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған ескерткіштер,күнделікті тұрмыста пайдаланған заттар,халықтың дәстүрлі киім-
кешектері,ыдыс-аяқтары,құрал-жабдықтары,қару-жарақтары және еңбек құралдары жатады. Сонымен қатар архитектураескерткіштері мен техниканың да көне нұсқаларын тарихи дерек ретінде пайдалануға болады. Заттай ескерткіштер бірнеше гуманитарлық ғылымдар зерттейді:

  • археология (қазба жұмыстары нәтижесінде табылған ескерткіштер),




  • этнология (тұрғын үй, киім-кешек, әшекей бұйымдары, бас киім, аяқ-киім, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары,музыка аспаптары және тағы басқалар),




  • өнертану (архитектуралық ғимараттар, сурет өнерінде пайдаланған бояулардың химиялық құрамы, фарфор, фаянс, шыныдан жасалған заттардың, метал қоспасының технологиялық процесі және басқалар ),




  • нумизматика (монеталар), сфрагистика (мөр), фалеристика (орден, медаль, басқа да белгілер), бонистика (қағаз ақша), филиграноведения (қағазжәне оның бетіндегі жасырын белгілер),




  • ғылым мен техника тарихы(механизмдер, машинлар,өндіріс технологиясы),




  • музейтану және материалдық мәдениет пен адамзаттың күнделікті тұрмысын зерттейтін ғылым салалары.

40

Бір өкініштісі заттай ескерткіштерді зерттейтін ғалымдардың немесе ғылыми мекемелердің басы бірікпеген, барлығына бірдей ортақ әдістерді пайдалану жолдары талданбаған.


  1. Көне дәуір тарихын зерттеудегі негізгі дерек- археологиялық артефактілер


Археология ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін заттай деректер арқылы зерттейтін тарих ғылымының саласы.
Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекенжай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б.
Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады.
Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18 м. Кейбір обалардың биіктігі 20 метрге, аумағы 100 шаршы метргедейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.
Археология(ол гректіңarchaіos ескі,logos ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы ІV ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. ХV-ХVІғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге,ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды.
Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер ХІХ ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар В. Радлов, Н. Веселовский, П. Лерх, В. Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 жылдары. Ә. Марғұлан, С. Руденко, А. Бернштам, т. б. Басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді.
1946 жылыҚазақстанда жаңа құрылғанҒылым академиясыныңқұрамында Тарих, археологиялық және этнография институты, ал 1991 жылы. Археология бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды.

41

Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен өте ұқсас екендігі дәлелденді.
Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстан қола дәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды.
Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, ЖетісудағыЕсік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстарыкөне және орта ғасырда қазақ даласын мекендегентайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырым жасалды.
Заттай деректер тарих оқиғалар жөнінде баяндамайды. Археолог тек олардың негізінде сол оқиғаның реконструциясын жасайды Тарихтың жазба деректері жоқ болған жағдайда зерттеуші заттай деректердің көмегіне сүйенуге мәжбүр болады.
Ғалымдардың айтуынша жазу өнерінің тарихы 5000 жыл. Сондықтан археология ғылымының кеңістігі де уақыт шеңбері орасан зор.Жазу өнерінің көне нұсқаларын ғылыми айналымға кіргізген де археолог ғалымдар. Мысалы египет иероглифтері, гректің түзу жазуы, вавилоннның сына жазулары қазба жұмыстары нәтижесінде табылып,ғылымның игілігіне айналды. Жазу өнері пайда болғаннан кейін де жазба деректердің мәліметтерін зеттай деректер толықтырып отырды.
Археологтың әрекетін үш кезеңге бөлуге болады: ескерткіштерді іздеу, табу,оларды зерттеу және оларды тарихи реконструкция барысында пайдалану.Әрбір әрекеттің өз әдістері бар. Бірінші кезеңде істі далалық археология тындырады. Олар барлау және қазба жұмыстарының нәтижесінде материал жинақтайды. Оның өзіне тән әдістері бар. Келесі кезекте табылған ескерткіштер ішікі түйсік негізінде, типологиялық әдісті пайдалана отырып зерттеледі. Соңғы жылдары формалдық әдістіқолданудың арқасында археологтардың бұл әрекеті ғылыми негзге көшірілуде. Ал үшінші кезең ең күрделісі, әрі пәнаралық байланыстар арқылы іске асырылады. Алдыңғы екі кезеңде археологтар зерттеу жұмыстарынөз күшімен атқара береді.
Артефактілерды интерпретациялау үшін бірнеше ғылым өкілдерініңмүмкіншіліктерін пайдалану қажет.


  1. Көркем өнер туындылары-тарихи дерек

Өткен заман көркем өнертуындылары сол заманда өмір сүрген белгілі бір елдің шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениетінен зор мағлұмат


42



беретіндігі баршамызға белгілі. Сондықтан тарих зерттеулер барысында деректің мұндай түрін ескерусіз қалдыруға әсте болмайды.
Алдымен көркем өнерге сипаттама беріп алайық. Өнердегеніміз көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын,ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан айырмашылығы адамның шындыққа де-ген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың ма-териялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет,музыка,мүсін,кескіндеме,театр,кино, би,сәулет өнері т.б. түрлері бар.
Қазіргі әңгімеміз бейнелеу өнері ескерткіштеріндегі тарихи шындық жөнінде. Қазақ тарихының ислам дуірінде бейнелеу өнері қатты дамыды деп айта алмаймыз.


Петроглифтер.Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басты аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр. Соның бірнешеуі туралы сөз қозғап көрмекпіз.


Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан«Таңбалы» тас деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жылдай өткен.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Абай қыстағынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында Арпа өзенінің алқабында б.з.б. ІІ-І мыңжылдығына жататын ескерткіштер табылған. Мұндағы суреттердің жалпы саны – 3500. Жартасқа салынған ат, өгіз және түйе жегілген жауынгерлік қос аяқты арбалар ертедегі үнді-арийліктердің әдет-ғұрыптарынан хабар береді. Сонымен қатар, жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар да айқын аңғарылады.
Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған
43

жартастағы суреттерқұрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін сипаттайды.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегіндегі үңгір қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған суреттер табылған. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б. суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді.
Қапшағай таңбалы тасы Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Б.з.б. ІІ ғасыр мен б.з. ХІІІ ғасырлары аралығында ойып салынған. он сегізінде жазу бар. Олардың негізгі бөлігі – ежелгі тибет жазуы түріндегі дұғалар мен ежелгі түркі әліпбиімен жазылған моңғол тіліндегі жазулар. Мұндағы ежелгі түркі жазбалары әлі оқылып болған жоқ. Қапшағай таңбалы тасы ескерткішінің ең белгілісі – Үш Бурхан суреті.
Қаратаудың Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, Үлкентұра, Қысан, Жыңғылшақ, Ақсу-Жабағылы, Қошқарата, Сүйіндіксай т.б. шатқалдары мен сай-ларындакөне суреттер көптеп ұшырасады. Жалпы саны – бірнеше мың. Олар тік, қия жартастар мен ірілі-ұсақты қойтастарға қашап салынған. Онда аңдар мен хайуанаттардың нобайлары, байлық пен күштің нышанын білдіретін түйе кескіні, аңшылық көріністері, батырлар жекпе-жегі орын алған. Арбаларға жегілген аттар, түйелер сирек ұшырасады.
Қойбағар таңбалы тасы – Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы, Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700 метр биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Саны 1200-ден астам. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1-2 метрге жетеді.
ХVІІ–ХХ ғасырлардақазақ халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және суретшілерін қызықтырды. Т. Аткинсон,Б. Залесский, А. Горонович, В. Штернберг, Т. Шевченко, П. Кузнецов, Г. Хлудов сияқтылар өз шығармашылығын қазақ тақырыбына арнады.Ш. Уәлихановтың суреттері деқазақ графикалық туындылрының алғашқы құнды үлгілері болып саналады.
Ағылшын суретшісіКэстель Джон1734–37 жылдары Орынбор экспедициясында топограф-суретші қызыметін атқарды.Ералы сұлтанмен етене танысып,олКіші жүз ханы Әбілқайыр ордасында 1736 жылы 19 маусымнан 5 шілдеге дейін болды. Әбілқайыр мен Бопай ханым, олардың баласы Ералы,
44

Күдері батырды бейнелеген және жайлауға көшуі, өзеннен өтуі, шетелдіктерді қабылдау рәсімі сияқты т. б. этнографиялық танымалдық маңызы бар суреттер салды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген орыс суретшісі ХлудовНиколай Гаврилович(1850‒1935) қазақтың тұрмыс-тіршілігі жөнінде біраз шығармаларды дүниеге әкелді. Оның 1896 жылы «Боранда қалғандар», және 1908салынған «Бие сауу» суреттеріОрталық мұражайда ал 1907 жылы салынған «Өгіз мінген бала» деп аталатын суретіТ.Г.Шевченко атындағы қазақ көркемөнер галереясында сақтаулы.Хлудовтың қазақ әйелдерінің жартылай жалаңаш суреттері оның қиялынан туғандар. Сондықтан оған қазақ зиялылары наразылық білдірді. Ахмет Байтұрсынұлының «Суретші Хлудов неден қателесті?» деген мақаласында ол қазақ өміріне қатысты картиналардағы 18 қателікті атап көрсетеді.
1847–1857жылдары қазақ жерінде украйннің атақты суретшісі Т.Г. Шевченко айдауда болды. Оның: «Казах на лошади», «Казахские дети – байгуши», «Казахское стойбище на Кос-Арале»сияқты суреттерінен сол замантуралы ақпарат ала аламыз.
ХІХ ғасырдың 60–70 жылдары Түркістан өлкесінде болған орыстың белгілі суретшісі В.В. Верещагиннің «В горах Алатау», «Мечеть Хазрета Ясави»суреттерінің де деректемелік мүмкіншіліктері бар.


  • ғасырдың басында Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін, графика жанрлары қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушылар –Ә. Қастеев,


Ә.Ысмайылов, Х.Наурызбаев, т.б.
Ұлттық кәсіби бейнелеу өнері еуропалық көркемдік дәстүр мен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрді қоса пайдаланып тамаша туындыларды дүниеге әкелді.Айқын ұлттық қолтаңбасымен көрінген С.Мәмбеев, М.Кенбаев,
Қ.Телжанов, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев, Ш.Сариев сияқты дарынды өнер ше-

берлерінің үлкен шоғыры қалыптасты.


Халық өмірінің барлық қырын қамтыған қазақ бейнелеу өнері қазіргі таңда ірі өнер саласына айналғанХХ ғасырдың соңы ұлттық таным, төл тарих пен мәдениет тарапындағы ізденістер қарқынды дамып, қазақ өнерінің жетіліп, ұлттық көркем бағыттар, түрлі ағымдар, даралық стильдер туған кезең болды. Бұл бағытта Е.Мергенов, Е. Төлепбай, А. Ақанаев, А. Сыдыхан, Т.Маданов, А. Есенбаев, А. Есдулетов, т.б. жемісті еңбек етті. Қазіргі кезеңде қазақ Б. ө. мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге бару.


  1. Өндірістік және азаматтық ғимараттарың деректік маңызы


«Архитектура» тоже летопись мира, она говорит тогда, когда уже молчат и песни и предания и когда уже ничто не говорит о погибшем народе» –деп жазды орыстың белгілі жазушысы Н.В. Гоголь«Арабески» атты шығармасында.Яғни ол тарих жазу барысында басқа да тарихи деректер мен
45

қатарархитектуралықескерткіштерді де пайдалануға болатындығын айтып отыр.
Архитектуралықдеректер көп жылдар бойы археологиялық деректердің бір саласы болып келді. Кеңес заманындаархеологтар бұрынғы КССРО территориясындағы көптеген қалалар орнына қазба жұмыстарын жүргізді. Мысалы, С.П.Толстов көне Хорезм маңайындағы қала орындарын зерттеді. А.Ю.Якубовский, Б. Б. Пиотровский Тейшебаини, М. К. Каргер сияқты зерттеушілер орыс қалаларының орнында қазба жұмыстарын жүргізді, сөйтіп тарихшылар үшін орасан зор деректік мәні бар материалдар берді.
Архитектуралықдеректерді бірнеше топтпарға бөлуге болады. Бірінші топқа көне заманда салынған ғимараттар, бекіністер және қорғандар кіреді. Келесі топқа орта, жаңа және қазіргі заманда бой көтерген,мемлекеттік дәрежеде сақтау және пайдалану статусын алған ғимараттар жатады. Теміржол, көпір, тасжолдарын да,оның бойында салынған ғимараттарымен қоса бір топқа жатқызамыз. Бұл дүниеден өткен белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштер деархитектуралықғимараттар санатында. Оның өзі мазарлар,мовзалейлер, құлыптастарға бөлінеді.
Мазар(араб.– сыйынатын орын) мұсылмандардың қаза болған адам қабіріне тұрғызатын сәулет ескерткіші. Мазар тұрғызу дәстүрімұсылман елдеріне кең тараған. Мысалы, Ауғанстандағы Мазари-Шарифпен Герат, Ирактағы Неджеф пен Кербала, Ирандағы Мешхед пен Кум, Өзбекстандағы Бұқара мен Хиуа ма-зарлары тарихилығымен әрі жергілікті дәстүрлі мәдениеттің дамуына тигізген ықпалымен ерекшеленеді.
Археологтар қазақ жерінде мазар тұрғызу дәстүрін ежелгі көшпелілер дәуірінен (андронов мәдениеті, сақ дәуірі) бастау алды деп есептейді. Қозы Көрпеш-Баян сұлу,Алаша хан,Бабажақатын кесенелері ортағасырлықмазар тұрғызу ескерткіштері саналады.
Мазарлар Маңғыстау түбегі және Батыс Қазақстанда көп кездеседі. Қазақ жеріндегі мазарлардың пішіні, негізінен, шаршы немесе шеңбер үлгісінде келіп, төбесі күмбезделіп өрілетін болған. Қабырғасы шикі немесе күйдірілген кірпіштен қаланып, әрлеу жұмысына өрнекті кірпіш, терракот тақтайша және жылтыр бор тас материалдарын қолданған. Қасбеті мен пештағына, күмбезіне, нақышты өрнектер мен қабырға безендіруіне фриз тәсілдерін пайдаланған. Ислам діні мен мәдениетінің өркен жаюына байланысты Мазардың қабырғалары мен маңдайшаларына аят жәнехадисүзінділері жазылып, қабір басына құлпытас қойылатын болды.
Ортағасырларда Қазақстан жерінде кесене тұрғызу дәстүрі одан әрі жалғасты. Солардың ішінде өзінің алғашқы нұсқасын осы күнге дейін сақтағандары да бар.
Бүтін қалған, бұзылмаған күмбездер мен барабандары бар Алтын Орда дәуірінен қалған кесенелер көп емес болғандықтан, Сырлытам бірегей болып келеді және бастапқыдағы түрі бойынша пікір тию үшін осы құрылымдардың әжептәуір түрде сақталып қалған қалдықтары бар ескерткіштер ерекше бағалылыққа ие. Қазақстан аумағында осы кезеңге жататын кесене бар, ол
46

Іңкар-дария ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым жерде, аттас ағыс құрғақ арнасының жағасында орналасқан.
Асан ата кесенесін Орталық Азияның барлық түркі халықтарының мұрасы деуге болады. Кесене Қызылорда облысы Шиелі ауданыБәйгеқұм теміржол бекетінен шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Салынған уақыты – XVI ғ. ғимарат авторы белгісіз.
Сәулет өнері Қазақстанның Х-ХІІ ғасырларда Қарахан дәуірінде өркендей бастады. ХІҮ-ХҮ ғасырларда да архитектуралық маңызы бар ірі құрылыс салына бастады. Ол кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілерінеАрыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тек-тұрмас сияқты кесенелер жатады.
Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған кесен осы күнге дейін көрген адамды таң қалдырады.Аумағы 30х13 метр яғни 390 шаршы метр.Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана,азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік.Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Мазар ХІV ғасырда қайта жөнделген.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені – 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы – 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі – 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы – 1,8–2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы –


  1. метр. Бұл зәулімғимаратқазандық,үлкен ақ-сарай,кіші ақсарай, құдықхана,кітапхана,асхана,көрхана,мешіт сияқты 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады.

Әлемдегі еңтаңқаларлық архитектуралық ескерткіш «Ұлы қытай Қорғаны». Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі.Жалпы ұзындығы 6700 км артық. Екінші бір деректе 8 851,9 км десе, үшінші бір деректе оның ұзындығын21 196 шақырымға жеткізеді. ТолщинаҚорған құрылысынабір мил-лионға жуық адам қатынасқан, Мұның өзі солкездегі Қытай халқының бестен бір бөлігі еді.Б.э.д. 770–221 жылдар аралығында салынған. Минәулеті 1368 – 1644 жылдарысолтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдаланып, қорғанды ұзарта түсті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірін-де жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр.


Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2–3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған.

47

Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар,түріктер,қидандар,моңғолдармен шүршіттер (маньчжурлер) қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді.Әуелі олар Қытай жерінде Вэй (табғаш), Ляо (қидан), Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген ғасыр биледі.
1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.
Тәж–Махал Үндістандағы ең әйгілі ғимарат жәнеЮНЕСКО әлемдік мұра нысаны.Делиден 204 шақырым жерде орналасқан. Әлемге танымал бұл Тәж – Махал кесенесін Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шах 13 бала туып, 14-інші баладан қайтыс болған тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған.1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» нышаны болып саналатын Тәж - Махал – әлемдегі жеті кереметтің бірі. Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазардың құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұсталар жұмылдырып, құрылысты 1643 жылы аяқтады. Тәж - Махал ансамблі – архитектураның шыңы.
Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жақан осы жерге қара мәрмәрдан өзіне арнап тура сол Тәж Махалдың көшірмесіндей мовзалей салуды жоспарлайды.Екеуінің арасында ағып жатқан Жамуна өзеніне қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда мемлекеттің қазынасы тағы бір құрылысты көтере алмайтын болды. 1658 жылы Жақан шахты ұлы Аурангзеб орнынан алып, Қызыл бекініске қамап қойды. Тоғыз жыл қамауда отырған Жақан шахты қайтыс болғаннан кейін тоқалының жанына апарып жерледі.
Еуропа өркениетінің орталығы – Рим қаласы. Үш мың жылдық тарихы бар қаладаархитектуралық ескерткіштердің озық үлгілері осы күнге дейін адамды таң қалдырады. Әулие Петр Соборы,Венеция сарайы,Сикст капелласы,
Капитолий Консерваторлар сарайы,Рим форумы,Апий жолы,Треви субұрқағы,Әулие Каллиста Катакомбасы,Испания алаңы,Пантеон,Әулие періште қамалысияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді.
Көне Римнің ғажайып ескерткіштерінің бірі Колизей. Атауы латынның «колоссеум» («алапат ауқамды») деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр, бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үймен тең, іргетасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл бойы қозғалмай тұрғанының да себебі сонда.
Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сыятын болған. Мұндай ауқымдағы стадионға 100000 мың адам да сыйып кететіні белгілі, бұл арадағы айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай, еркін отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар
48

айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары, отыратын орны көрсетілген билеттер болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын да жер болған.
Мәңгі қаладағы тағы бір құдірет – Пантеон. Таң қаларлық басты қасиеті – архитектуралық шешімнің қарапайымдылығы. Пантеонның кереметі – оның 9 метрлік шаңырағы. Онда жалғыз есік пен жалғыз тесік бар. Нөсерлеген жаңбыр жауса да, оған бір тамшы су тамбайды. Оған кіргеннен-ақ бір жерден түсетін күн сәулесі тек қана сіздің жүзіңізге түскендей тылсым бір күй кешесіз. Оның себебін түсіндіру қиын.
Римге барған адам Ватикан мемлекетіне соқпай кетпейтіні белгілі. Католик әлемінің ең қасиетті ғибадатханасы Әулие Петрсоборы осында. Адамзаттың ұлы суреткерлері Микеланджело мен Рафаэльдің таңғажайып талантының арқасында Капитолий қырқасында тұрғызылған бұл ғимарат дүние дидарындағы шын кереметтердің бірі.
Архитектуралық ескерткіштер тарихшыға нені аңғартады?Біріншіден, сол замандағы құрылыс салу өнерінің деңгейін көрсетеді.Онда қолданған материалдар, оларды өндіру жолдары, құрылыс технологиясының дамуы, жоба жасау және оны іске асырудағы инженерлік шешім тіралы мәлімет береді. Екіншіден, ғимарат салынған тарихи кезеңдегі халықтың рухани деңгейін ан-ықтай аламыз.Үшіншіден, сол елдің саяси –әлеуметтік және шаруашылықтағы жетістіктерінің белгілі бір құрылыс салу ісін жүзеге асыруға мүмкіншілік алғандығын көреміз.
Әдебиет
Всеобщая история архитектуры. – М., 1963. Т.4.
Искусство. Книга для чтения по истории живописи, скульптуры, архитектуры.
– М., 1961.

История зарубежного искусства. Учебник – М., 1984.

История искусства зарубежных стран. Том I. – М., 1962.
Энциклопедия. Том VII. Искусство. Том I. – М., 1998.
"История искусств Казахстана" с древнейших времен до наших дней в трех томах (на казахском и русском языках).

49




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет