«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша 5 сынып оқушысының өзіндік жұмыс жоспары
IV тоқсан, 2019-2020 оқу жылы
12-тарау: Ұлы дала табиғаты
6-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ақсу-Жабағылы қорығы
Оқу мақсаты:
5.А1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу
Оқушы:
Антонимдерді қолданып, мәтіндегі сөйлемдерді перефразалайды.
Мәтіннің мазмұнын синонимдік қатарларды орынды қолданып айтады.
ЕСТЕ САҚТА!
синонимдер
|
антонимдер
|
көрікті ꞊әсем ꞊ әдемі ꞊ сұлу
атақты ꞊ әйгілі
туыстары ꞊ түрлері
отаны ꞊ мекені
әлемге ꞊ дүние жүзіне ꞊ жер шарына
|
биік – аласа
үлкен – кішкентай
жоғары – төмен
терең – таяз
көп – аз
|
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Асты сызылған қою қаріпті сөздерді синонимдерімен алмастырып оқы.
ҮЛГІ: Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Ақсу-Жабағылы қорығы.
Қазақстанның әдемі жерлерінің бірі – Ақсу-Жабағылы қорығы.
Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Ақсу-Жабағылы қорығы. Қорық Талас Алатауының етегінде орналасқан. Ол 1926 жылы құрылған. Қорық құруды атақты қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов ұсынған.
Ақсу-Жабағылы қорығының мақтанышы – алма ағаштары. Қорықта 20 шақты алма сорты өседі. Олардың бәрі – Алматы апортының туыстары. Ақсу-Жабағылы қорығы – қызғалдақ пен сарғалдақтың отаны. Қызғалдақтың 6 түрі бар. Грейг қызғалдағын голландиялықтар Ақсу-Жабағылы қорығынан алған. Ол 1877 жылы Голландияда жоғары бағаланған және дипломмен марапатталған. Содан бері біздің қызғалдақтың 200-ден астам түрі әлемге тараған.
Ақсу-Жабағылыда үлкен жазықтар, биік шыңдар мен таулар, үлкен жартастар, терең өзендер, сарқырамалар бар.
Теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан тастарға суреттер салынған. Тастарда үй және жабайы жануарлар, аң аулаған ежелгі адамдар бейнеленген.
Үй тапсырмасы:
2-тапсырма. Антонимдерімен алмастыр.
ҮЛГІ: Ақсу-Жабағылы қорығында кішкентай жазықтар бар. → Жоқ, Ақсу-Жабағылы қорығында үлкен жазықтар бар.
1) Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда төмен бағаланған.
2) Ақсу-Жабағылы қорығындағы шыңдар мен таулар аласа.
3) Ақсу-Жабағылыда өзендер таяз.
4) Ақсу-Жабағылы қорығында жартастар кішкентай.
5) Ақсу-Жабағылы қорығында қызғалдақтың туыстары аз.
Достарыңызбен бөлісу: |