Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
Мектеп: № 5
|
Күні: 23.11.17
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жунусова А.Т.
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар: 10
|
Қатыспағандар:0
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.Т2, 5.О 2А1, 5.ТБ1.4
|
Сабақтың
мақсаты
|
Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.
О2 А1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді, олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.
ТБ1.4. жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
|
Бағалау критерийі
|
Білу. Көшпелілер, сақтар, Тұмар патшайым жайлы ақпараттарды біледі, айтады..
Түсіну. Берілген мәтіндердің мазмұнын түсінеді.
Қолдану. Жазады, оқиды, әңгімелейді.
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылардың назарын академиялық тілге аудару. Пән бойынша қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану.
|
Құндылықтарға
баулу
|
Қарым-қатынас жасау қабілеті. Өзгелердің мәдениеті мен көзқарасына құрметпен қарау.
|
Пәнаралық
байланыс
|
Тарих
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Оқушыларды топқа бөлу үшін сөздер жазылған кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар бір кеспе қағаздан таңдап алады. Осы кеспе қағаздарда «Көшпелілер», «Тұмар патшайым» деген сөздер болады. Осы өздер бойынша оқушылар қандай сөздер таңдап алды, сол бойынша топқа бөлінеді:
«Көшпелілер»
«Тұмар патшайым»
оқушылар топқа бөлінген соң, әр топқа дискрипторлар таратамын.
|
Кеспе қағаздар
|
Сабақтың ортасы
28 минут
|
Тыңдалым тапсырмасы
І. «Алтын адам.» мәтінімен жұмыс. (Стоп-кадр әдісі бойынша) абзацтармен жұмыс. Тірек сөздерді тауып жазу. (89-бет)
Ежелгі көшпелілердің өнері мен мәдениетінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең жоғары жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған асыл тастар куә. Соның бірі – украин ахреологтары тапқан скиф қорғанының әр түрлі алтын әшекей заттары. Заттар Толстая могила қорғанынан шыққан. Оның ішіндегі ең құндысы – пектораль алқа. Пектораль – өте нақышты, нәзік соғылған әшекей. Ол скифтердің ғашықтық ой жүйесін бейнелейді. Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде о дүние, өлім табиғаты, бедерленген, ал жоғары жағы адамдар өмірінен сыр шертеді.
Екінші бір айта кетерлік бір дүние- Қырымдағы Күл – Оба қорғанынан табылған алтын құмыра. Саф алтыннан, күмістен құтылар жасалған. Құмырада скиф жауынгерлерінің бейнесі бедерленіп, өрнектелген.
Бүкіл Еуразияның байтақ даласын күн шуақты, алтынды аң тәсілі өнерімен көмкерген сақтар кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі- әлемді елең еткізген, біртума ескерткіш – Есік қорғанынан табылған Алтын адам. Обада жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған. Киім киісіне қарағанда , оның патша сарайының мүшесі не тайпаның көсемі екені байқалады. Алтын адамның киімі – әлемде теңдесі жоқ , адамзат тарихындағы ғажайып өнер туындысы. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен жеті алтын адамның табылуы – әлемдік сенсация! Ол бұйымдардың жасалу технологиясы әзірге құпия күйінде қалып отыр. Бұлар – құнды археологиялық олжа ғана емес, көшпелілердің жоғары мәдениеті мен тарихының белгісі! Бұл мұра – ұлттық тарих пен мәдениеттің алтын тұғыры.
Сақтардың Қазақстан аумағында ғана емес, Еуразия құрлығындағы ең көне мемлекеттігінің (б.з.д. ҮІІ ғ.) жәдігерлері. Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200-ден астам сақ-үйсін мәдениетінің ескерткіштері табылған бұл жазықта сақ патшаларының қырықтан астам обасы бар. Соңғы кезде үш ірі патшаның обасы зерттелді. «Бәйгетөбе» деп аталатын обадан алтын киіммен жерленген ертедегі сақ патшасының мүрдесі ашылды. Оба ерте заманда –ақ тоналып кеткен екен. Тоналғаннан қалған алтын түймелер, қаптырма әшекейлер мен зергерлік бұйымдар саны 4000-нан асады.
|
Оқулық
|
|
Оқылым тапсырмасы
ІІ. Мәтін бойынша ақпараттардың дұрыс бұрыстығын анықтау. (12-т. 92-бет)
Ақпараттар
|
Д Б
|
Сақтар мен сарматтардың өнерінде аң стилі деген өзіндік бейнелеу өнері болған.
|
|
Б.З.Д. Ү-ҮІ ғасырларда шыққан аң стилінде жасалған бұйымдар Орта Азия, Корея, Америка аумағында табылған.
|
|
Көшпелілер алғашқы боп күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар мен тұтыну бұйымдарын жасаған.
|
|
Үзеңгіні алғаш рет көшпелілер қолданған.
|
|
Айтылым тапсырмасы
ІІІ. «Томирис» тақырыбына сөзжұмбақ шешу.
1. «Томирис» патшайымды қазақша қалай атайды?
2. «Геракл сақ тайпасынан шыққан» деп кім айтқан?
3.Томирис патшайым кімнің шөбересі?
4. Мысыр патшасының аты кім?
5.Томиристің ұлы кім?
6. Томирис кімнің ұрпағы?
7. Томирис кімнің қызы?
|
Кеспе
қағазы, смайликтер
А4 қағазы, маркер, суреттер
|
|
Жазылым тапсырмасы
IV. «Тұмар» патшайым тақырыбына «Фиш Бум» әдісі бойынша сын есімдер жазу.
|
А4 қағазы, маркер
|
|
Жазылым тапсырмасы
Берілген сөйлемдерден есімдіктерді тауып, астын сызып, түрлерін анықтаңдар.
Ол бүгін сабаққа ерте келді. Бұл менің ең сүйікті кітабым. Біз отбасымызбен қыдырдық. Анау өте ерекше киім. Сүт қанша тұрады? Ауа райы қандай?
|
Қима қағаздар
|
Сабақтың соңы
Сабақ бойынша рефлексия
5 минут
|
Сабақты бекіту мақсатымен тест жұмысын өткізу.
«Пектораль» деген не? А)әшекей В)қару С) киім
Есік қорғанынан не табылды? А)есік В)киім С)алтын адам
Тұмар патшайым кімнің басын алады? А)Мадий В) Кир С) Массагет
Кир патша кімді тұтқынға алады? А) Тұмардың ұлын В)Тұмардың әкесін С) Тұмардың атасын
Массагеттер неше күншілік жерге шегінеді? А) екі В)үш С) төрт
Сақ тайпалары Қазақ даласында қашан өмір сүрген? А) бір мың жыл бұрын В) екі мың жыл бұрын С) үш мың жыл бұрын
Сақтарды «Кентаврлар» деп кімдер айтқан? А) гректер В) парсылар С) массагеттер
Томирис кішкентай болғанда кім қайтыс болған? А)атасы В)әкесі С)анасы
Кир қандай елдің патшасы? А)гректер В) парсылар С)массагеттер
Скифтердің қамалы, қаласы болды ма? А)жоқ В)иә С) білмеймін
|
Тест қағаздары
|
Кері байланыс
2 минут
|
Нені білдім? Нені білемін? Нені білгім келеді?
|
Флипчарт, стикерлер
|
Бағалау
3 минут
|
Критерийлерге байланысты бағаларын айту
Бағалау критерийі
|
№ тапсырма
|
Дескриптор/білім алушы
|
балл
|
алғаны
|
Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
|
1
|
Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты 4 сөз немес сөз тіркестерін анықтайды
|
4
|
|
Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын белгілейді.
|
2
|
Мәтінге сай 4 дұрыс ақпаратты анықтайды
|
4
|
|
Сөзжұмбақты шешу
|
3
|
7 сөзді тауып жазу
|
7
|
|
«Фиш бум» әдісі бойынша «Тұмар патшайымға» сын есімдер жазу.
|
4
|
6 сын есім жазу
|
6
|
|
Сөйлемдерден жіктеу, сұрау, сілтеу есімдіктерін тауып, астын сызады, түрлерін анықтайды
|
5
|
6 есімдіктің астын сызады, түрлерін анықтайды
|
6
|
|
Тест жұмысы
|
6
|
10 сұраққа жауап береді.
|
10
|
|
Барлығы
|
|
|
37
|
|
|
|
Үйге тапсырма
2 минут
|
4 тарау қайталау
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |