Шәңгерей Бөкеев
Сондай-ақ 1901 жылы Бөкей ордасының жүз жылдық мерейтойына орай Петерборда өткен салтанатында II Николай патшадан фотоаппарат және оның құрал-саймандарын қоса сыйға алған Шәңгерей Бөкеев, ғасыр басынан бастап қазақтың сол кездегi бетке ұстар белгiлi азаматтарының басым көпшiлiгiнің шежiрелiк фотосуреттерiн түсірсе, жер шарының жартысын жаяу аралағандағы көрген бейтаныс халықтың қиын да күрделi тұрмыс тiршiлiгiн фотообьективке нысана етiп алған сансыз суреттердiң иесi Әлiби Жангелдиннiң де фотография саласындағы баға жетпес бай мұралары туралы сөз етпеуге болмайды. Бiрақ, өкiнiшке қарай, қазақтың танымал ақынының кешегi күнге дейiн танылмай келген өнерiнiң және аты аңызға айналған революционер әрi қоғам қайраткерiнiң артына қалдырған осы еңбектерiнiң бiрен-сараны ғана болмаса, көпшiлiгiнiң қолды болып, ұстағанның қолында, тастағанның жолында шашылып, iз-түссiз жоғалып кетуi өзектi жанның өзегiн өртейтiнi сөзсiз. Оларды жинақтап-сақтап, мұражайларға немесе архивке өткiзiп отырғанда, келешек ұрпақтың игiлiгiне жаратуға, қазiргi тәуелсiздiк алған тұстағы тарихымызды түгендеуге зор септiгiн тигiзер едi (3).
Фотография бастапқы кезде мерзiмдiк баспасөздi безендiру, көркемдеу құралы ретiнде қолданылды. Оның баспасөз беттерiнен тұрақты орын алуы 1932 жылдың 9 мамырынан басталды. Дәл сол күнi Алматыда ВКП (б) Орталық Комитетiнiң партиялық баспасының Қазақстандағы филиалы ашылды. Соған байланысты баспахана техникалық тұрғыдан жаңартылып, газет-журнал беттерiнде жарияланатын фотосуреттердiң клишелерiн жасайтын цех iске қосылды. Бұл өз кезегiне орай мерзiмдiк баспасөздiң сапасын арттырумен қатар олардың бiр орталыққа шоғырландырылуына мүмкiндiк туғызды. Осылай фотография мерзiмдiк баспасөздiң бетiндегi безендiру, көркемдеу құралынан бiрте-бiрте кеңейiп, журналистиканың жеке саласына қарай аяқ басты. Газет-журналдардың штаттық кестесiне фототiлшi мамандығы енгiзiлдi (2).
Елiмiзге қауiп-қатер болып төнген екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан бұл кезде көптеген облыстық, аудандық газеттер жабылып қалды. Ендi-ендi
148
жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ фотожурналистикасы осы уақытта сәл болса да тоқырауға тап болды. Оның қайта өрлеуi, соғыстан кейiнгі елуiншi жылдардың екiншi жартысынан басталды.
Әдебиет
Агафонова Н. А. Искусство кино: этапы, стили, мастера: Пособие для
студентов вузов. – Мн.: Тесей, 2005. – 192 с.
Стигнеев В.Т. Век фотографии, 1894–1994: Очерки истории отечественной фотографии. – М.:Либроком, 2012. – 392 с.
Атабаев Қ.,Сексенбаева Г. Аудиовизалды құжаттар: тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері.//Қазақ тарихы. 2013,№3(120),18-20 беттер.
16. ДЕРЕКТЕРДІ ІЗДЕУ ӘДІСТЕРІ
Жоспары
1.Библиографиялықэвристика.
2.Мұрағатта жұмыс істеу әдістері.
3.Деректерді интернет арқылы іздеу.
Библиографиялықэвристика
Тарихи деректер үлкен екі топқа бөлінеді дедік жоғарыда. Оның бірі жарияланған ал енді оның басым көпшілігі жарияланбаған. Бірінші топтағылары кітапхана, мұражайлар мен жеке тұлғалардың отбасылық кітапханаларында сақталса, екіші топқа жататындары мұрағаттар мен мекемелер мен кәсіп орын мұрағаттарынан табуға болады.
Әлбетте, зерттеуші өз жұмысын бастамас бұрын деректерді іздеп табу әдістерін толық меңгеруі қажет.Олай етпесе зерттеу жұмысының нәтижелі болып аяқталуы неғайбыл. Сондықтан қазір әңгіме жарияланған жазбаша деректерді іздеу,табу жөнінде болмақ. Бұл әрекетті ғылымдабиблиографиялықэвристика деп атайды.
Кітапханалар жөнінде жалпы мағұлымат.Жарияланған деректер көбіне кітапханаларда сақталады дедік. Кітап бастыру,оны жинақтап сақтау тарихы көне заманнан басталған.
149
Библиоте́кагрек сөзі.Аудармасы. biblíon«кітап» и thēkē«сақтау орны») –
Бүгінде кітап сақталатын, оны қалың бұқара халықтың пайланудынұйымдастыратын мекемені кітапхана деп атаймыз. Бұл мекеме сонымен қатар анықтамалы-ақпарат қызыметімен және белгілі авторларды насихаттаумен айналысады.
Соңғы жылдары кітапхана қоына ақпарат таратудың жаңа түрі болып есептелетін электронды құралдарға (CD-ROM, DVD-ROM)түсірілген дерек-терді сақтауға алынуда.
Әлемдегі мыңдаған кітапханалар бірнеше түрге бөлінеді:
Мемлекеттік
Бюджеттік
Муниципальдық
Жеке меншіктік
Отбасылық
Оқу орындарындағы
Әмбебап кітапханалардың әлеуметтік түрлері:
Зағиптар кітапханасы
Балалар
ЖОО
Академялық
Салалық
Және басқалар
Арнаулы салалық кітапханалар:
Ауылшаруашылық
Техникалық
Көркем шығармалапр сақталатын.
Және басқалар
Әлемдегі ең ірі кітапхана қатарына мына төмендегілер жатады:
Ниневиядағы Ашшурбанипал кітапханасы.
Эллинизмзаманындағы Александрия кітапханасы.
Пергам кітапханасы.
Отрар кітапханасы.
КордовадағыЕкінші аль-Хакам кітапханасы.
Ватикан апостол кітапханасы.
Француз ұлттықкітапханасы.
Қытай ұлттық кітапханасы.
150
Миландағы Амброзиан кітапханасы.
Флоренциядағы Лауренцианкітапханасы.
Вашингтондағы Конгресс кітапханасы.
Лондонкітапханасы (әлемдегі ең үлкен кітапхана 150млн дана кітап).
Оксфорд университетінің кітапханасы.
Ресей ұлттық кітапханасы(б. көпшілік)Санкт-Петербург қаласында. Бүгінде елімізде 251 млн кітап қоры бар 15 мың кітапхана бар. Оның 7771 мемлекеттік, кітап қоры 102 млн. дана., қазақ тілінде 22 млн. Балалар кітапханасы – 664, жастар – 30. 1992–1993 жылдар арасында . 466 кітапхана жабылды, 763 кітапхана жойылды, оның ішінде – 86 балардікі, біреуі жастардікі.Олардың құрамы төмендегідей:
ҚР ұлттық академиялық кітапхана Астанақаласы.
ҚР БҒМ орталық ғылыми кітапханасы.
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана.
Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы.
Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми кітапханасы.
Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы.
Зағиптар мен көзі нашар көретіндердің республикалық кітапханасы.
Президент мәдени орталығының кітапханасы.
М.С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы.
Аль-Фараби атындағы ҚазҰУғылыми кітапханасы.
Қазақстан республикасы ұлттық кітапханасы1931жылы 12 наурызда ашылды.Алғашқы директорыболып көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов тағайындалды. 1991 жылдан «Ұлттық» статусына ие болды.
Негізгі мақсаты –Қазақстан туралы барлық әдебиетті бір жерге шоғырландыру Кітап қоры–6,3 млн.Кітапханаға жылына 1млн. артық адам келеді.1500 оқырманға арналған оқу залы бар.Кітапхана елімізде жарық көретін барлық басылымдардың бір данасын алдырып тұрады.
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің орталық ғылыми кітапханасында 770 мыңнан аса кітап бар. Қордың құрамында кітаптар, мерзімді баспасөз, аудиокітаптар, электронды басылымдар, карталар, нота басылымдары,ашық хаттар, микрофиша,және зағиптарға арналған кітаптар. Кітапханада 30-ға жақын еліміздің ғылым, мәдениет және қоғам қайраткерлерініңжеке кітап және коллекциялары сақталған
Қазақстанның әрбір облысында, аудан орталықтары мен ірі қалаларында кітапханалар жұмыс істейді.
Мысалымына төмендегілерді атап өтуге болады:
А.С.Пушкина атындағы Шығыс Қазақстаноблыстық кітапханасы.
Ш.Уалихановатындағы Жамбыл облыстық кітапханасы.
Қарағандыоблстық әмбебаб ғылыми кітапхана.
151
Қарағандыоблстық жастар кітапханасы.
Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облстық әмбебаб ғылыми кітапхана.
Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар және жастар кітапханасы.
С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы.
А.С.Пушкина атындағыОңтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы.
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасы.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық кітапханасы.
Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстаноблыстық кітапханасы.
А.Тәжібаев атындағы Қызылордаоблыстық кітапханасы
С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы.
Кітапханалар халыққа екі түрлі қызмет көрсетеді:
Кітапханалықабономент. Белгілі бір уқытқа кітапты үйге алып оқуға мүмкіншілік береді.
Келесі жағдайда оқырман кітапті тек оқу залында пайдалана.
Кейбір кітапханада тек абономнт қана,кейбірінде тек оқу залы бар. Ал көпшілігінде екеуі де бар.
Оқырман жиі пайдаланатын кітаптар ашық сөрелерде тұрады.
Әлбетте кітаптың басым көпшілігі сақтау қорында орналасқан. Оларды тек тапсырыс беріп алуға болады.
Кітапханаларда сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар немесе мемлекеттік құпия сақталған кітаптар болуы мүмкін Олармен танысу үшін арнаулы рұқсат.
Кітапхана кез келген мемлекеттің рухан өмірінің деңгейі. Кітапханасы көп, халқының басым көпшілігі соның оқырманы болған елдің келешегі бар. Ондай ел өркениеттілердің қатарында. Орыстың көрнекті мәденит қайраткеріДмитрий Лихачевбылай деген екен «Если в результате какой-нибудь разрушительной катастрофы с лица земли исчезнут все центры образования и культуры, если на свете не останется ничего, кроме библиотек – у мира и человечества будет возможность возродиться» Тарихы. Алғашқы кітапханалар көне шығыс елдерінде пайда болды. Бірінші
кітапхана деп біз Вавилонның Ниппур қаласында табылған қышқа жазылған жазуларды айтамыз. Олардың жасы шамамен 4 жарым мың жыл.
Фив қаламсының маңында табылған бейіттеб.э.д.XVIII–XVII ғасырларға жататын жәшікке салынған 20 мың папирус табылған.Ғалымдардың айтуынша олар Жаңа патшалық заманында ел билеген Екінші Рамзесс жинаған.
Ең белгілі көне шығыс кітапханасының негізін салушы б.э.д. VІІ ғасырда өмір сүрген Ассирия патшасы Ашшурбанипал. Мұндағы қыш тақтайшалардың көпшілігі заң ақпараттарына арналған.
Көне Грекия елінде алғашқы кітапхана б.э.д. ІV ғасырда ашылған.Антика заманының ең ірі кітапханасы б.э.д.ІІІ ғасырда Птолемей I негізін қаланғанАлександрия кітапханасы. Кітапхана сол жердегі музейдің бір бөлігі
152
болып саналды.Музейдің құрамына қонақтар дем алатын бөлмелер, оқу бөлмесі, асхана, ботаникалық және зоологиялық бақ,обсерватория кірді. Кейінде медицина және астрономия құрал-жабдықтары, жануарлардың тұрыптары,статуя және бюст сяқты оқу процесіне қажетті заттарды қойды. Кітапханада 200 мыңға жақын папирус қолжазбалары және (антикалық авторлардың шығармалары) 700 мың дана құжаттар сақталды. Музей жәнеАлександрия кітапханасының біраз бөлігі б.э. 270 жылдары жойылып кетті.
Ортағасырлық Еуропада кітаптар көбіне моностырларда жи-нақталды.АвстриадағыәулиеФлорианмонастырында,30 мыңға жақын кітап
бар.Олардың жанында қолжазбалардың көшірмесін жасайтын
шеберханаларыболды.Оны скрипто́рий (лат. Sсriptorium от scriptor жазушы,
көшіруші деген мағынаны білдіреді) деп атады. Осындай шеберханалары VI–
VII ғасырларда пайда болған. Онда христиан дінінің қасиетті кітаптары,кейбір
шіркеу қызметкерлерініңжәне антикалық авторлардың шығармалары көшірілді.
Қайта өрлеу заманында грек және латын тілінде жазылған кітаптарға деген
қызығушылық артты. Сондықтан қолжазбалардың баға жетпес құндылығына
байланысты болады шынжырлап сақтауға мәжбүрлік
Кітап басу өнері екі жерде пайда болды. Алдымен Қытайда б.э. 581 жылы,
кейін, Орта ғасырда Еуропада.Ио́ганн Гу́ттенберг 1440-жылдардың орта шенінде қозғалмалы литер арқылы кітап басу өнерін меңгерді.Әлбетте бұл құбылыс Әлем халықтарының рухани әлемінің өркендеуіне зор әсерін тигізді.Енді кітапханалар архивтен өзгеше жаңа кітап қорымен(Google
мәліметі бойнша әлемде 130 млн. кітап бар).
Кітапнама (немесе Библиография)(көне грек: bіblіon – кітап және көне грек: drapho – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылым мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философияжәне эстетика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.
Бүгінде тарих ғылымы саласында жарияланған деректербаршылық. Мұның өзі тарихшы еңбегін біршама жеңілдетені белгілі. Ол тек соларды еш қиндықсыз тауып алу әдістерін меңгеруі қажет.Тарихи деректерді жариялау түрлері сан алуан. Ескерте кетер бір жай деректердің алғашқы және қосымша басылымдары болады. Біріншісі жарияланған деректің мәтіні, екіншісі сол жа-рияланым жөніндегі ақпарат.
Деректердің алғашқы басылымына деректерді мезгілсіз, мерзімді,оларды және оларды тұрақы жариялау жатады. Екіншісіне басылымдарды аналитикалық-синтетикалық және логикалық талдау нәтижесі жарияланады. Бұлар төмендегідей.
153
Ақпараттық басылымдар
а) деректің қысқаша мазмұны реферативті журналдарға жарияланады;
б) жарияланған деректердің толық мазмұны экспресс-ақпарат басылымына жарияланады.
в) шолулар белгілі бір тақырып бойынша зерттелу барысы мен келешегі туралы ақпарат беріледі.:
Анықтамалық әдебиет (мысалы, энциклопедиялар – жалпы және салалалық басқа да анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялық, тақырыптық, түсіндірмелік, этимологиялық, терминологиялық, қостілді, көптілді және басқа дасөздіктер).
Библиографиялық құралдар (мерзімді, мерзімсіз,тұрақты).
Библиографиялық құралдар дегенімізбілгілі бір прициппен ретке келтірілген әдебиеттердің сипаттамасын айтамыз.
Библиографиялық құралдардың бірнеше түрлері бар.
Кітаптар мен мақалалардағы әдебиеттер тізімі.
Библиографиялық көрсеткіштер (кітаптың мазмұны көрсетілген қосалқы құралдар,кейде бөлек кітапша ретінде),
Библиографиялық шолу (белгілі бір тақырып бойынша шолу)
Өзінің қызметі жағынан библиографиялық құралдар есептеу-тіркеу сипатында болуы мүмкін.
Студенттің дайындығына байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізіміде кітаптың немесе мақаланың аты көрсетіледі, Содан кейін олар ғылыми-қосалқы библиографиялық құралдарды пайдаланады.
Библиографияныңбір ғалымның немесе жазушының шығармашылығына арналған жеке тұлғалық, жер ел тарихына туралы әдебиет жинақталған өлкетану және елтану сияқты түрлері болады.
Тарихи библиография.
Жарияланған деректерді іздестіруде зерттеушіге тарихи библиографияның берері мол.Оның негізгі мақсаты іздестірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, библиографиялық сипаттау,деректерді іріктеу, деректер мен әдебиетті ғылыми түрде жүйелеу және алынған ақпаратты зерттеушіге ұсыну.
Библиографиялық ізденіс әдістері.Ізденіс барысында зерттеуші екі түрлі әдісті пайдаланады.Бірі жаппай (сплошной)іздеу,екіншісі іріктеп(выборочный) іздеу.Жаппай іздегенде қажетті дерек бар еді деген барлық басылым тексіріледі. Бұл әдіс көп уақыт пен орасан зор еңбекті қажет етеді.Лажы болса іріктеп іздестіру әдісін пайдаланған жөн. Бұл үшін библиографиялық құ-ралдарды пайдаланудың тәсілдерін терең білу қажет. Мысалы,кітаптар мен мақалалар жылнамаларының(Летопись книг и газетно-журнальных статай) көмегіне сүйенген абзал.
Деректерді іздеудің мақсаты мен шарттары. Оның әр түрі бар. Барлығына бірдей ортақ схема жоқ. Кейде тақырып бойынша барлық жарияланған деректерді жинап алған жөн. Ал енді екінші бір жағдайда негізгі дегендерін жинасаңыз да жеткілікті. Бірде деректердің мәтінімен мұқият әрі толық танысу
154
қажет болады. Келесі бір жағдайда деректер туралы анықтамалық-ақпараттық басылымдардағы мәлімет те жеткілікті.
Тарихи деректер жарияланымыныңескісі бар, жаңасы бар. Қайсысын алдымен, қайсысын кейін талдау керек. Деректерді іздеу процесі осыған да байланысты. Алдымен олардың жаңа басылымдарынан бастаған дұрыс. Себебі, көбіне бұрын,ертеректе жарияланған деректер қайта басылуы мүмкін.
Деректер мен тақырыпқа байланысты іздеудің бірнеше жолдары бар. Алдымен кез келген монографиядағы әдебиеттер тізіміне көңіл аударған жөн.
Алғашқы мағұлыматты зерттеуші сол жерден табады.Мұндайда мақалалар жинақтарын қарастырған жөн. Өйткені әрбір мақала соңында сілтемелер тізімі беріледі. Әлбетте кітап бастыру оңай шаруа емес.Осы жұмыстың соңында зерттеуші екі-үш жыл жүріп қалуы мүмкін. Ал осы аралықта оның пайдаланған деректері мен арнаулы әдебиеттері ескіріп қалады. Сондықтан да ол өзінің ғылыми жаңалығын мақала арқылы ғылыми көпшілікке жедел таныстыруға тырысады.
Зерттеу тақырыбы бойынша азды-көпті әдебиеттер тізімін жинап алғаннан кейін ол кітапханаға жол тартады.Алдымен кітапқа, кітапханаға байланысты жиі кездесетін терминдермен танысып алайық.
Каталоггрек( katalogos ) сөзі – тізім деген мағынаны білдіреді.Оның бірнеше түрлері болады.
Каталог – 1. Кітаптардың жүйелі тізбегі көрсетілген, анықтамалық және
жарнамалық басылым. Осы мағынада «Проспект» «Каталог проспект» деген
терминдер қолданылмайды;
Карточкалы каталог – нұскалы карточкалармен каталогтық бөлгіштерден
жинақталған кітапханалық каталог.
Жергілікті басылымдар каталогы– тақырыбына байланыссыз белгілі аймақ көлемінде басылып шыққан баспа шығармаларының жинақталған каталогы. Бұл шығармаларға жазылған сипаттама карточкалар басылу жылына қарай бөлініп, оның ішінде авторлардың (туынды шығармалардың) аты-жөні мен тақырыбының алфавит реті бойынша орналасады. Жергілікті басылымдар каталогы өлкетану каталогын қосымша толықтырады.
Мерзімді басылымдар каталогы – мерзімді басылымдардың кітапханада бар жиынтығы мен жеке нөмірлері туралы мәліметтер беретін (әдетте алфавит реті бойынша орналасатын) каталог.
Каталогтаушы– баспа шығармаларына кітапхана каталогтарын ұйымдастыратын, библиографиялық сипаттама жазу, жіктеу, пәндеу, жүргізу және редакциялау (саралау) жұмыстарын жүзеге асыратын кітапхана кызмекерлері.
Каталогтау – баспа шығармаларын кітапханалық өндеу, сипаттама жазу,
жіктеу және пәндеу, сондай-ақ кітапхана каталогын ұйымдастыруға кіретін
процестер мен операциялардың бір бөлігі болып табылатын әдістер мен
процестер жиынтығы
Басылымды каталогтау – орталықтанған каталогтау түрі - каталогтық
карточка макетін тікелей кітаптың өзіне басып шығару. Каталогтық айырғыш –
155
жәшіктегі каталог карточкаларынан сәл биіктеу татты материалдан жасалған карточка. Айырғыштарда, бірқатар библиографиялық жазбалардың ортақ белгілерін біріктіретін автор шығармасының (аты-жөні, мекеме аты, пәндік айлар, жіктейтін нұсқа таңба т.с.) мәліметтері көрсетіледі.
Каталог шкафы – каталогтық карточкалар сақтауға арналған шкаф. Мөлшерлері мен модельдері әртүрлі. Ішінде каталог жәшіктерін орналастыратын ұялардан тұрады. Олар ағаштан, металдан, пластмассалардан жасалады.
Каталог түрлері:алфавиттік, жүйелі және пәндік.
Катологтың бірінші түрінде кітапханадағы барлық басылым алфавит бойынша беріледі.Жүйелі катологта әдебиет универсалдыондықклассификация бойынша орналасқан. Әдебиетті ондық жүйе бойынша талдауды ойлап тапқан 1873 жылы Америка коллеждерінің бірінің студенті М.Дьюн.Мұндай топтау кітаптарды кітапхана сөресінен тез тауып алу мақсатында қажет болды.Ғылыми әдебиет мыны төмендегі тәртіппен орналастырылды.
100 философия және психология
дін
300 қоғамдық ғылымдар
тіл
500 жаратылыстану және математика
600 техника (қолданбалы ғылымдар)
700 өнер бейнелеужәне декоратив өнері
800 әдебиет және шешендік өнері
900 география және тарих
Ал енді пәндік катологта басылым мазмұны боынша топталады. Олар белгілі бір рубрика бойынша біріктіріледі .
Католгтың көмегі: Каталог кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде, оқырмандардыңқажетті кітапты тез тауып алуында, кітапхана міндеттерін шешуде көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың кітап қорын жасайтын түрлі тақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының әрқилылығы каталогтың күрделі жүйесін құруды қажет етеді. Атқаратын қызметіне қарайкаталог – оқырмандар каталогы және жұмыс каталогы болып бөлінеді. Жұмыс каталогына оқырмандар сирек талап ететін және ескірген әдебиеттердің тізімі енеді.
Каталогтарға баспадан шыққан шығармалар түрлері тізіледі: кітаптар, мерзімді басылымдар, графикалық шығармалар, стандарттар, патенттер және авторлық куәліктер. Ірі кітапханаларда кітапхананың толық қорын қамтитын бас
Каталогпен қатар бөлімдердің қорын көрсететін Каталогтар құрастырылады.Кітапхананың және кітапханааралық абоненттің ақпараттық қызметі кеңейген сайын жинақтау Каталогның маңызы артады. Ол бірнеше дербес кітапханалардың қорын көрсетеді және территориясына не саласына қарай жасалады. Форма жағынан каталогтар карточкалы каталог, баспалы каталог(кітап түрінде), блоккарточкалы каталог (блокнот немесе альбом
156
түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы болғандықтан, карточкалы каталог көп тараған.
Библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс істеу әдістері
Көрсеткіштерді дұрыс пайдалану зерттеуші жұмысын көп жеңілдетеді. Олар кітапхананың анықтамалық – библиографиялық бөлімдерінде орналасқан. Зерттеу жұмысыңды деректермен қамтамасыз етуде, олардың авторларын, датасын, шыққан жері сияқты мәліметтерді анықтағандакөрсеткіштердің көмегі мол.
Әлем тарихы, оның кезеңдері, белгілі бір өңір тарихы,нақты бір проблемаға арналған көрсеткіштер болады. Осы күні тарих ғылымыныңсалалары жөніндегі әдебиеттерді жинақтаған, тарихи журналдар мен жинақтарда жарияланған мақалаларға арналған көрсеткіштер де бар.Тіпті деректердің әр түрлерін топтастырған көрсеткіштер де жарық көруде.Бірақ олардың бар екендігін біліп қою аз, олардан өзіңе қажет ақпарат алу әдістерін меңгерген жөн.
Көрсеткіштермен жұмыс оның мазмұнымен мұқият танысудан басталады. Бұл жердегі материал сені тақырыбыңа сәйкес келе ме? Хронологиялық шеңбері қандай?
Одан кейін оның кіріспе бөлімінен әдебиеттердің территориялық немесежазылған тілі бойынша жинақталғандығын анықтайсыз.
Содан кейін мына төмендегі сұрақтарға жауап іздейсіз: а)жинақтарға жарияланған мақалалар бар ма? б) диссертаця авторефераттары кіргізілген бе? в)депондалған (Ғылыми-ақпарат институтында ғылыми зерттеулердің нәтижесі туралы қолжазба сақтауға қабылданады да оның рефераты арнаулы журналдарға жарияланады. Мұндай жұмыстар жарияланған болып есептеледі.) ғылыми жұмыстар қамтылған ба?
Көрсеткіштің барлық бөлімдерін мұқият қараған жөн. Бір бөлімін қарап, екіншісін тастап кетуге болмайды. Ескерусіз бөлімде сізге ерекше қажет материалдар болуы мүмкін. Әсіресе қысқартылған сөздер тізіміне көңіл аударыңыз.Онда қажетті бір басылымның толық аты болады. Қосалқы тізімнің (алфавиттік,географиялық, пәндік) де көмегі шексіз.
Библиографиялық көрсеткіштер әрқылы.Сондықтан да олардың әрқайсына сипаттама берудің артықшылығы бола қоймас.
*Библиографияның библиографиясы. Тарихты әр кезеңі, проблемасы тақрыбы бойнша да көрсеткіштер болады. Жалпы тарихшы дерек жинаудағы жұмысын осыдан бастау керек.
*Анықтамалықәдебиет. тарихшы толып жатқананықтамалық құралдарды білуі керек. ондағы мәліметтердің көмегі орасан зор.Қажетті цифрлық мәліметтерді, даталарды анықтауға,терминдерді,түсініктерді,сөз-тіркестерін, жасырын сөздерді түсінуге көмектеседі.
*Энциклопедиялар. Осы типтес анықтамалық басылымдар тарихшының бірінші кезектегітанысатын әдебиеттердің бірі. Олар ғылымның барлық
157
салаларынан мағұлымат беретін универсалды,арнаулы және салалық болып
үшке бөлінеді. Олар кейде көп томдық немесе қысқаша сөздік болып келеді.
*Библиографиялық сөздіктер.Соңғы жылдары жеке тұлғаларға арналған
басылымдар көптеп жариялануда.Тарихи уақиғалардың бел ортасында
жүріп,белсенділік көрсеткен,немесе ерлігімен көзге түскен, ел, мемлекет
басқарған тұлғалар тарихтан өз орындарын алуда.Солардың жеке өмірімен
таныса отырып оның заманы жөнінде кең мағұлымат алуға болады.
*Географиялық сөздіктер.География мен тарих егіз. Кез келген тарихи уақиға
белгілі бір кеңістікте өтеді.Сондықтан тарихшы үшін географиялық
сөздіктердің берері мол. Тарихшы елдің, жердің,өзен-көлдің, тау-тастың,жол-
торабының толық та дұрыс атынанықтауда осы сөздіктердің көмегіне жүгінеді.
*Түсіндірме және терминдік сөздіктер Тарихи деректерде түсініксіз сөздар
мен сөз тіркестері көптеп кездеседі. Солардың мағынасын дұрыс түсіну үшін,
олардың қолдану аясын анықтау үшін сөздіктер пайдалануға тура келеді.
2.Мұрағатта жұмыс істеу әдістері
Жарияланбаған тарихи деректер әлемдегі мұрағаттарда сақталады дедік жоғарыда.
Қазақ архивының тарихы.
Еліміздегі ең алғашқы мұрағат болып 1836 жылы Бөкей Ордасында ашылған құжаттар қоры сақталған мекеме болды. Ол өз қызметін 1917 жылға дейін жалғастырды. 1927 жылы онда жинақталған құжаттар қоры Алматыдағы мемлекеттік мұрағатқа өткізілді.
1887 жылы Орынбор қаласында губерниялық Ғылыми мұрағаттық комиссия құрылды. Негізгі мақсаты әртүрлі мекемелерде қордаланған 21194 дана құжаттарды талдап, сақтауға дайындау.Құрамында 25 адам бар комиссия жұмысын бастап кетті.Оның жанынан 11мың дана кітап қоры бар кітапхана ашылды. Ғылыми мұрағат комиссиясы 35 том етіп өз мүшелерініңғылыми еңбектерін жариялады.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1918 жылы РСФСР ХКК «О реорганизациии централизацииархивного дела», деп аталатын декреті бойынша еліміздегі мұрағаттар қызыметі қайта құрылды.
1921 жылы Қазақстандағы алғаш рет Орталық өлкелік мұрағаты құрылды. Мұрағат мелекеттік статусын алды.1928 жылы Қазақ АКСР ХКК мен ОАК «О сдаче Казахскому центральному архиву печатных и иллюстративных материалов, негативов, фотоснимковикинофильмов,имеющихисторико-революционный интерес, а также архивов бывших ханов, султанов, ак-тивных деятелей и сторонников бывшего правительства Алаш-Орды и других архивных материалов» деп аталатын қаулысы бойынша мұрағат қоры толықтырылды.1929 жылы астананың Алматыға көшуіне байланысты Орталық мұрағат бұрынғы Жетісу обылысының мұрағат құжаттарымен толықты. 1940 жылы Омбы қаласынан 40 мыңға жақын құжаттар әкелінді. Сөйтіп осы жылдары қазақ тарихына байланысты шашырап жатқан тарихи деректер бір
158
жерге жинастырылып 844 қордан тұратын,Кеңес үкіметіне дейінгі 200 мың құжат жинақталды.
1941жылыОрталықмұрағат «Қазақ ССР Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат» және «Қазақ ССР қазан революциясы және социалистік құрылыс Орталық мұрағаты» болып екіге бөлінді. 1943 жылы «Қазақ ССР мемлекеттік».
1957 жылы үшеуі бірігіп «Қазақ ССР мемлекеттік Орталық мұрағаты» болып қайта құрылды. 1974 жылы одан«Қазақ ССР мемлекеттік Орталық ғылыми-техникалық докуметтері мұрағаты» және Қазақ ССР мемлекеттік Орталық Қазақ ССР мемлекеттік Орталық кинофото докуметтері мұрағаты» бөлініп шықты.
Бүгінде ҚР мемлекеттік Орталық мұрағатында1 млн. 500 мың іс бар.80-жылдық тарихы бар мұрағат қызметкерлері 100ден аса құжаттар жинағын дайындап баспадан шығарды.Бұл тарихшылар үшін аса құнды матералдар болып есептеледі. Еліміздің әрбір облысында,ауданында мұрағаттар жұмыс істейді. Одан басқа әрбір мекемеде, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың өз мұра-ғаттары бар.
Мұрағат құжаттарын іздестіру оңай шаруа емес. Өйткені зерттеуші өз тақырыбы бойынша бірнеше мұрағат қорларын пайдалануға мәжбүр болады. Сондықтан ол мұрағат қорларымен жұмыс істеу әдістерін меңгеруі қажет.
Мұрағаттың қай жерінде не бар екендігін білуге көмектесетін әдістемелік құралдардың бірнеше түрлері іздеу жұмыстарын тиімді етеді. Солардың бірі мұрағаттық жолкөрсеткіш.Мұрағаттық жолкөрсеткіш дегеніміз мұрағат қорлары туралы жүйелі түрде белгілі бір схема бойынша мәлімет беретін анықтама түрі. Оның тізім тәріздес, қысқаша және тақырыптық сиқты түрлері болады.Онда қорлардың сипаттамасы, қор құрушы туралы мәлімет,қор құрамының аннотациясы және библиографиялық анықтама сияқты қажетті мәліметтерден ақпарат алу мүмкіндігі бар.Жолкөрсеткіште әрбір қордың нөмірі,атауы,ондағы істердің саны,хронологиялық шегі, қор құрушы туралы мәлімет және ондағы құжаттардың қысқаша аннотациясы келтіріледі.
Міне осындай құралдармен мұқият танысу зерттеуші уақытын үнемдейді. Дегенмен қордағы құжаттармен танысқанда ғана ондағы мәліметтердің қажеттілігіне көз жеткізесіз. Мұрағат қорларын үлкен екі топқа бөлеміз. Бірінде мемлекеттік мекемелер,екіншісінде жеке тұлғаларға байланысты туындаған құжаттар сақталады. Соңғысы кітапханалар мен мұражай қорларында сақталуы мүмкін.
Мекемелердің, өнеркәсіп орындарының және қоғамдық ұйымдардың жазбаша деректері, іс қағаздары мемлекеттік немесе ведомство мұрағаттарында сақталады. Сондықтан мұрағаттағы жұмыс уақытыңызды үнемдеу үшін сол мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу тәртібімен танысқан жөн.
Ресми құжаттардың негізгі бөлігі мемлекеттік немесе ведомстволық мұрағаттарда сақталады.АлОрталық мемлекеттік мұрағаттарда орталық мемлекеттік мекемелердің құжаттары сақта-лады.
Мұрағаттың ғылыми-анықтамалық аппараты. Мұрағат, мұражай және кітапханалардың қолжазба қорларындағықұжаттарды пайдалану жұмыстарын
159
тиімді ұйымдастыру үшін ғылыми-анықтамалық және есептеу аппаратары жабдықталады. Оларда қордағы құжаттардың саны мен сапасы туралы мәліметтер бар. Бұлар зерттеушіге іздестіру және құжаттарды іріктеу барысында үлкен көмек көрсетеді. Әрбір қордың, коллекциының және сақтау бірлігінің өзіне тән нөмірі болады. Ғылыми –анықтамалық аппарат есептеу құжаттарынан,анықтамалардан және ақпараттыұ анықтамалардан тұрады. Есептеу құжаттарынаопистер,тізім және қор беттері,қорлық кәртішкелер жатады.
Негізгі есептеу құжаты опись болып саналады.Опись қорды топтау жүйесін бекітеді. Ол сонымен қатар әрбір сақтау бірлігіндегі құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы ақпарат береді. Сөйтіп өзіне қажетті дерк іздеген зерттеушінің жұмысын жеңілдетеді.
Мұрағаттағы келесі құжат инвентарлық опись деп аталады. Бұл есепке алу құжаты әрі оларға сипаттама беретін анықтамалғы. Онда өз алдына нөмірі бар істердің атаулары және құрамы жөнінде ақпарат бар. Қордыңбарлық опистеріне жалпылама мәлімет беретін анықтамалықты тізім (список) және қор беттері (листы фондов) деп атайды.Тізім қорлардың тізбесі, ал қор беттері әрбір қорға бөлек бөлек жасалады. Онда қордың атауы мен нөмірі, қайта атау және ведомстволық бағыныстылық жөнінде мәлімет бар. Сонымен қатар құжаттың қысқаша қортындалған құрамы мен мазмұнының сипаттамасы,әр опистің хронологиялық шегі және қордың сақталған орны көрсетіледі.
Мұрағаттағы каталог,шолу және жолкөрсеткіштер ақпараттық анықтамалық болып есептеледі. Мұрағат каталогтарында сақтаулы тұрған құжаттар туралы ақпарат болады.Онда қатырмалы кәртішкеге тақырыбы, саласы және пәні жазылған мәлімет бар.Ол бөлім,тақырып және рубрикаға бөлінген.
Жүйеленген каталогта кәртішкелер білімнің саласы және қызымет түрі бойынша, ал рубрика ішінде логикалық тәртіппен орналастырылады.Пәндік-тақырыптық каталогта кәртішкелер алфавит бойынша пәндік белгілеріне қарай логикалық ретпен орналастырылады. Хронологиялық каталогтарда әрбір сақтау бірліктерініңжасалу уақытына байланысты құрастырылады.
Мұрағаттардамұрағат шолуы деп аталатын анықтамалық бар.Бұлардың зерттеушіге тигізер көмегі зор. Өйткені онда кейбір құжаттар кешені туралы жүйеленген мәліметтермен қатар деректемелік талдаулар дайын күйінде кездеседі.
Істерді зерттеу,құжаттарды табу және іріктеу әдістер
Мұрағат қорларынан өзіңе қажетті дерек табу аса зор шыдамдылықты және еңбекқорлықты қажет етеді.
Анықтамалықпен танысқаннан кейін өзіңе қажетті деген істерге тапсырыс бересіз. Істің алғашқы және соңғы құжаттарымен танысқаннан кейін, оның
қажеттілігі немесе қажетсіздігі белгілі болады. Осыдан кейін құжаттармензерттеу жұмысы басталады.
160
Талдау үшін ірктеліп алынған құжаттарды атрибуциялау қажет. Яғни оның авторы,пайда болған уақыты,жазылған жері анықталады. Бұл үшін тарихи арнаулы пәндердің көмегіне жүгінесіз. Егер құжаттың авторы көрсетілмесе осы адамдар жазуы мүмкін дегендердің тізімі жасалады.Содан кейін құжаттың сти-ліне,жиі пайдалынатын сөздерінежәне басқа да ерекшеліктеріне назар аудара отырып тізімнің шеңберін тарылта бересіз. Құжатты атрибуциялаудың әдістері көп. Сондықтан зерттеуші соларды меңгеруге мәжбүр болады.
Мұрағат қорынан алынған құжаттың көшірмесі жасалады. Ондағы автордың ойы толық келтіріледі. Контекстен өз пікіріңді дәлелдейтін сөлемдерді жұлып алып пайдалануға болмайды. Кейде бір гипотезаны дәлелдейтін дерек аз болуы мүмкін. Онда қажетті құжаттарды басқа мұрағат қорларынан іздейсіз. Басқа бір зерттеуші жария еткен құжаттарды пайдалана отырып мұрағатқорына сілтеме жасауға болмайды. Бұл плагиат болып шығады. Өз концепцияңызды дәлелдеу үшін мұрағат құжаттарына фальсификация жасауға тағы болмайды.
Көшірменің әртүрлісі болады. Цитаталар өзгертілмей көшіріледі, фотоға түсіріп немесе ксерокөшірмесін түсіріледі. Кейде зерттеуші материалды өз сөзімен береді. Мұндай жағдайда әріптері мен сөз тіркестерін осы күнгі грамматикалық нормаларға сәйкестендіреді. Көшірмеде міндетті түрде мұрағат атауы, қордың,сақтау бірлігінің және беттің нөмірі қойылады.
Мұрағаттағы жұмысыңызды аяқтар алдында қордыңбірінші бетіндегі пайдаланушылардың тізіміне өзіңіздің аты-жөніңізді және қай уақытта жұмыс істегеніңіз жөнінде мәлімет толтырасыз.
Мұрағат қорынан алынған бағалы деректер сапалы талданып, зерттеу жұмысына негіз болса сіз тарих ғылымына қосқан сүбелі үлесіңіз болады.
3.Деректерді интернет арқылы іздеу
ХХІ ғасырда адамзаттың қол жеткізген Ұлыжаңалығы – интернетке қол жеткізуі.Оның Web-беттерінде (гиперсілтемемен байланысты электронды форматқа түсірілген құжаттар)тарихшыны қызықтыратын деректік мәні бар матералдар орасан көп. Бұлардың қатарына мұрағат құжаттарының,мұражай заттарының бейнесі, жарияланған деректердің, ғылыми әдебиеттердің элек-тронды түрге түсірлген даналары жатады.Мұндағы материалдарды оқуға және көшіріп алу мүмкіндігі бар.
Зерттеуші интернетте арнаулы бағдарлама-браузер көмегімен жұмыс істейді.
Оның кең етек алған түрі Internet Explorer и Netscape Commminicator.
Ақпарат іздеу браузердің адрес жолына қажетті файлды салу арқылы іске асырылады. Адрестік ақпаратта файлдың аты жәнежолы,Internet-адрес Web-беті көрсетіледі.
Internetтен дерек іздеу мына әдістермен іске асады:
Гиперсілтеме, арқылы яғни электронды құжаттағы басқа құжатқа сілтеме Зерттеуші өз тақырыбы бойынша кез келген құжатты тауып алады да ондағы
«Іздеу машинасының»көмегін пайдалану:
161
Достарыңызбен бөлісу: |