АУДИВИЗУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ
Жоспары
1.Аудиовизуалды дерек түсінігі және түрлері.
2.Кино-фото құжаттарының деректік мүмкіншіліктері.
138
Аудиовизуалды дерек түсінігі және түрлері
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХғасырдың басында ғылым мен техниканың қарыштап дамуының нәтижесінде тарихи деректердің жаңа түрі пайда болды. Мұндай деректер басымдылық танытып, ғылыми зерттеулерде басқа деректерге қарағанда үлкен сенімге ие болды.Оларды пайдаланудың әдістемесі жасалды.
Фото,кино және дыбыстық құжаттардан алынғанобъективті болмысты
көрсететін мәліметтер түрін аудиовизуалды деректер деп атаймыз.Беретін мәліметтерінің түріне байланыстыолар төмендегіше жіктеледі :
■бейнелеу-көркем өнер деректері (бейнелеу өнері шығармалары,көрем фильмдер,фотосуреттер);
■көркем-графикалық деректер(карталар, планы, схемалар);
■көркем-натуралды деректер(құжаттық фото суреттер, киножәне видиоматериалдар).
Деректердің мұндай түрлері ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында жиі пайдаланатын болды, өйткені мұндай материалды пайдалану барысында талдау жұмыстарының ерекше әдістері қолданылды. Бейне дерек ретінде әсіресе археология,этнология,өнертану,кітаптану сияқты гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісіне айналды.
ХІХ ғасырдан бастап құжаттандырудыңфото,кино,фоно және видео сияқты жаңа әдістері пайда болды. Осындай жолмен дайындалған тарихи құжаттар аудиовизуалды деректер деп аталады. Көзге айқын көрініп тұрған бейнелер өткен заманда өмір сүрген адамдар жөнінде шынайы ақпарат беретіндігі белгілі.
Дегенмен осындай ақпарат көздерінің тарихи деректік мүмкіншіліктерін тарихшылардың басым көпшілігі кеш түсінді.Тек соңғы жылдары Ресей
ғалымдарыМагидов В.М. («Кинофотофонодокументы в контексте исторического знания») Н.Н. Кушнаренкосияқты ғалымдар оларды тарихи дерек екендігін ғылыми түрде дәләлдәп берді. Біріншісі белгілі мұрағаттанушы,тарихшы-деректанушы осы тақырыпқа докторлық диссертация жазды.Ал екіншісі педагогика ғылымдарының докторы,профессор, 200 –ге жақын әдістемелік еңбек жазған ғалым. Тарих ғылымдарының докторы Н.С. Ларькованың«Документоведение»деп аталатын оқулығында деректердің жаңа түрлеріне тоқталады.
Аудиовизуалды құжаттарды топтау
«Кинофотофоноқұжаттар » термині ғылыми айналымға 1980-жылдардың басында кірді. Бірақ оның осы күнге дейін барлық ғалымдар мойындаған түсінігі жоқ. Сол сияқты олар ғылыми әдебиетте топталмаған. Түр жасайтын белгілеріне қарап оларды екі топқа бөлуге болады:
а)адамның сезім органдарына әсер етуіне немесе ақпаратты қабылдау
тәсілдеріне байланысты;
б)ақпараттарды құжаттау әдістеріне қарай.
139
Бірінші топқавизуалды (көру арқылы қабылдау:диафильм, диапозитив, слайд, сақау кинофильмдер, эпифильм;аудиалды (есту арқылы қабылдау: грампластинка, магнитті таспалар, фонограмма;аудиовизуалды(көру және есту:
дыбысты кинофильмдер, диафоно-фильмдер, видеофильмдер,
магнитофильмдер.
Екінші топқа жататындар:
*киноқұжаттар: диа-, кино-, видео-;
*фотоқұжаттар: диапозитив (слайды), фотография;
*фоноқұжаттар: грампластинка, магнитті фонограммалар.
Мұндай құжаттардың көпшілігі матрицалы.Фото және кинопленка, диск бетіне не дыбыс жазылған немесе суерет бейнеленген матрица. Адамолардағы ақпаратты тікелей(фото) немесе аппарат арқылы (диафильм, кинофильм, грампластинка, магниттіфонограмма) қабылдай алады. Материалдық конструкциясына байланысты бобина, катушка, кассета, дискетка, рулон, лента, компакт-кассетаға бөлінеді.Осыған байланысты оларды сақтау мүмкіншіліктері де әртүрлі. Еліміздің кітапханаларында,мұрағаттар мен мұражайларда осындай құжаттарға арналғкан арнаулы қорлар бар.
Кино-фото құжаттарының деректік мүмкіншіліктері
Фотоқұжаттар дегеніміз фотоға түсіру арқылы пайда болған құжат. Бұл өнердің пайда болу уақыты ХІХ ғасырдың алғашқы жарытсы.Фотография термині (грек. «photos» – жарық, «grapho» – жазамын деген сөздердің қосылуынан шыққан. Яғни жарық сегіш жұқа материалдарға өлшеп жарық беру арқылы алынатын және оны әртүрлі химиялық реактивтердің көмегімен алы-натынбейнені фотография деп атаймыз. Ол бейне қағаз, шыны,керамика сиқты материалға химиялық жолмен түсіріледі.
Әлемде мұндай өнерді 1826 жылыойлап тапқанфранцуз өнертапқышыЖ.Н.Ньепсу.алғашқы фотографиялық аппаратты жасады. Кейіннен фотография өнері тұрақты түрде алға жылжыды,жетілдірілді,жаңа матералдар мен әдістер пайда болды.
Фотоаппараттардың алуан түрлері фотоға түсіруші мамандардың жұмысын жетілдірді. Мысалы 1947 жылы был изобретён так называемый диффузионды фотографиялық процеспайда болды.Сөйтіп бірден түсірле сала фотосурет беретін аппарат дүниеге келді.
Фотографияға байланысы полиграфии, картографии, репрографии сияқты ақпаратты техникалық жағынан рәсімдейтін салалар дамыды. Мерзімді баспасөздің де фотографиясыз күні қараң. Сонымен қатар,әлбетте фото өте маңызды тарихи дерек. Өйткені ол болған уақиғаны бұлжытпай сол күйінде бейнелейді. Егер адам 80 пайыз ақпаратты көру арқылы алатын болса фотоның ақпараттық ауқымы өте кең екендігі, оның бір уақытта бірнеше объктіні қамтитындығыдәлелдеуді қажет етпейді. Фото-құжаттардың тағы бір құндылығы ол оқиға болған жерде және сол уақытта жасалады.
140
Фотографиялар қаралы-ақты және түрлі - түсті болып екіге бөлінеді. Түсірілген материалына байланысты жұмсақ полимерлі(фото– и кинопленка) қатты(шыны пластинка, керамика, ағаш, металл, пластмасса)және қағаз болып үшке бөлінеді.Фотографияның беттік (карточка) және орамалы (катушкаға, сердечниках, бобинаға оралған) ені мен ұзындығы әртүрлісі болады. Әрине біз көбінесе қағазға түсірілген фотоларды көріп жүрміз. Бірақ соңғы кезде цифрланған құжаттар кең етек алуда(DVD-дискілер).
Осы фотография өнері негізінде ақпаратты фотопленкада сақтаудың бірнеше әдістері пайда болды. Оларды микрографиялық (микро-кішкентай,графос жазу)құжаттар деп атаймыз. Мұндай әдіс бойынша қажетті құжаттар,кейде үлкен кітаптардыңөзі, пленкаға түсіріледі. Сақталу мерзімі 500 жылдан аса,тіпті одан да көп жылдар сақталуы мүмкін. Бір ерекшелігі көлемінің шағын-дығында.700-800 беттік үлкен кітап сіріңкенің қорапшасындай оралған пленкаға сиып кетеді.Бір кемшілігі оны оқу үшін арнаулы аппаратура қажет.Мұндай құжаттар қатарына мына төменгілер жатады:
а.микрофильм – құжаттың төл нұсқасы жарықсезгіш фотопленкаға түсіріледі. Оның көлеміне қарай бірнеше рулонға тісірілуі мүмкін. Бір рулонда кем дегенде 36 кадр болады. Бір кадрға кейде кітаптың екі беті түсіріледі. Рулонды металдан немесе картоннан жасалған сауыттарда сақтайды. 50-60рулонның салмағы бір кг. аспайды,яғниолардықолсөмкеге салып алып жүруге болады.
ә. Микрофиша –бұл да жарықсезгіш пленкаға жазылады. Бірақ оның форматы 75x125 мм, 105x148 мм, 180x240 мм болады. Бір пластинаға 16-32 бет сыяды. Демек320 беттік кітапті көшіріп алу үшін10 пластина қажет екен. Егер мұндай кітаптың салмағы 1200 грамм болса, микрофишаның салмағы бұдан 100 есе кем.
Мұндай құжатты оқу үшін де арнаулы аппарат керек. Микрофильмге қарағанда микрофиша пайдалануға ыңғайлы. Микрофильмнен өзіңе қажетті құжатты тауып алу үшін рулонды түгел қарау қажет. Ал микрофишаның коды мен номері белгілі болса онда ондай құжатты оңай таба аласың.Кейде пластинада құжаттың 90 есе кішірейткен түрлері болады Мысалы 936 беттік кітапты 75х125 мм көлемді бір пластинаға сыйдырады. Мұны ультрамикроафиша деп атайды.
б.Микрокарта – бұл микрофишаның қағазғанемесе микроофсетке түсірілген түрі.Көбінесе мұрағаттарда жиі кездеседі. Көптеген сирек кездесетін, немесе әбден тозығы жеткен құжаттар микрокарталарға түсіріледі. Оны оқу үшін эпипроектор деп аталатын аппарат қажет.Микрокарталар ұзақ мерзімді.
Ол үнемді,өйткені қағаздың екі жағына да жазуға болады. Бірінші бетіне құжаттың өзі түсірілсе сыртына оның библиографиялықанықтамалары, аннотациясы немесе рефераты толтырылады.
в. Диапозитив (слайд) – мөлдір пленкаға немесе шыныға түсірілген позитивті фотография құжаттың суреті. Экранға проекциялау арқылы көруге болады. Оның аққаралы немесе түрлі-түстісі болады. Диапозитиввизуальдыстатикалық проекцияға жатады. Шыны диапозитивтердіңөлшемі 50x50, 70x70 немесе 85x85 мм. Пленкаға түсірілгендиапозитивтердің әрбір кадрының өлшемі 18x24, 24x24,
141
28x28, 24x36, 40x40 мм болып келіп, әрбіреуі –арнаулы рамкаға салынады. Соңғы жылдарыфото-құжаттандыру процесі сандық (цифр) түрге көшірілуде. Алғашқы фотографияның электрондық жүйесін 1981 жылы жапонның Sony фирмасы іске асырды.Әрине құжаттаудың мұндай әдісінің артықшылығы мол. Кадрдағы бейненің түсін өзгертуге,оның өлшемін кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Сандық фотоаппаратты компьютерге қосуға,бейнелерді,интернет жүйесі арқылы басқа да пайдаланушылардың игілігіне айналдыру мүмкіншілігі бар.
Киноқұжаттар
Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады. Сондай-ақ кино жасау ісіне техника саласындағы мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар да үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппарату-ралар мен аспаптар қолданылады.
Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім-тәрбие – жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады.
Кино өнерінің тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Қозғалыстағы бейнелерді бір жүйеге келтіріп экранға шығару үшін өнертапқыштар ұзақ жылдар тер төкті. Бүгінде тарихшылар алғашқы кино шығарманың авторлары ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер деп есептейді. Олардың жасаған аппараты киноны әрі түсіріп, әрі үлкен экранға шығаруға өте ыңғайлы болды. Бұл өнер кейін «Кинематограф» (немесе «синематограф») – деп аталды.
Алғашқы фильм «Выход рабочих с фабрики». «Прибытие поезда» деп аталатын фильмдер1895 жылдың наурызындаПариждегі Капуцин бульварындағы жертөледе орналасқан «Гран Кафесінде» қойылды. Әрбіреуінің ұзақтығы небары 50 секундтан еді.
Қазақ жеріне алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. Сол жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі жанынан «Восток-фильм» киноқоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда қоғамның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы «Соңғы хабар» атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В.А.Турин Түркістан-Сібір Теміржол магистралі жайлы «Турксиб» атты деректі фильм қойды. 1930–32 жылдары қазақ өмірінен «Дала әндері», «Жұт», «Қаратау қазынасы» фильмдері қойылды. 1941 жылы Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдастырылды. Ол техникалық-өндірістік базасы жағынан ұлғайып, 1944 жылы Алматының көркем және деректі-хроникалық фильмдер студиясы (1960 жылдан «Қазақфильм») деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан
142
кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан.Сонымен қатар кинофильмдер зерттеушілер үшін таптырмас тарихи дерек болып есептеледі. Киноқұжаттардың екі түрі бар.
Бірі –бейнелеу-статикалық (бейне қозғалмайды-диафильм,эпифильм), екіншісі – бейнелеу-динамикалық (бейне қозғалыс үстінде). Екеуі де бірнеше қабатты полимерлі пленкаға түсіріледі.
Киноқұжаттардың диа-, кино-, видеофильм деп аталатын түрлері бар.Диафильм (грек. Diа-арқылы және ағл.film – пленка) дегеніміз фотопленкаға белгілібір тақырып бойынша түсірілген бірнеше кадлардың жиынтығы. Пайдалануға ыңғайлы, күрделі аппаратураны, айрықша дайындықты қажет етпейді. Диафильмнің негізгі реквизиттері: авторы,суретші туралы мәлімет кімге арналғандығы жөнінде ақпарат, кадрлар саны және тақы-рыбы.Кинофильм дегеніміз бірінен кейін бірін орналастырған бейнелер жиынтығы.Олар белгілібір тақырып бойынша кинопроекциялық аппарат арқылы үлкен экранда көрсету үшінпленкаға орналастырылған бейнелер топтамасы.
Кинофильмдердің ақпараттық мүмкіншілігі зор. Оның үстіне адамның сезім мүшелеріне тиімді әсер етеді. Олардың дыбысты және дыбыссыз, ақ-қаралы және түрлі-түстісі болады.
Функциональдығына (мақсатына)қарай олар: көркем (игровые),
документальные, ғылыми-көпшілік, білім беру мақсатындағы, мультипликациялық болып бөлінеді.
Деректік мүмкіншілігі молыхроникалды және монтажды болып екіге бөлінетін документалды фильмдер. Олардың негізгі мазмұны өмірде болып жатқан шынайы оқиғалар. Олар ақпаратқа бай, оператордың өз көзімен көрген оқиғалары.
Ұзақтығына қарай кинофильмдердің қысқа метражды және толық метражды түрлері бар.Кинодокументалистиканың алғашқы қадамдары: «Қазақстан өмірі мен тұрмысы» (1927 жыл), «Түрксіб», «Алғашқы поез» (1929 жыл), «Алтын жағалаулар», «Ұлттық полк», «Түрксібтің ұштасуы», «Түрксіб ашық» (1930 жыл). Бұл дыбыссыз, субтитрлері бар кинолар.
1935 жылы экранға «Советский Казахстан» киножурналының, отандық кино-документалистикасының классикасы болып кеткен екі нөмірі шықты.
1941 жылдан басталатын кезеңге ерекше тоқталған жөн. Бұл кезең Орталық Біріккен киностудиясының (ОБК) жұмыстарымен әйгілі: оларқазіргі уақытта да өте қызықты, олардан қазіргі операторлар да көп нәрсе үйренеді; олар аттары әлемге әйгілі: Дзига Вертов, Роман Кармен, Сергей Эйзенштейн, Эдуард Тиссэ, Ирина Венжер, Яков Посельский, Михаил Слуцкий және т.б.киноөнердің шеберлерін паш етті. Дәл осы жылдары ОБК шығаратын: «Союзкиножурнал», «Пионерия», «Советское искусство» атты одақтық кино-периодикаға репортаждар жіберетін қазақстандық кинохабаршылар, документалистер плеядасы қалыптасады. Бұл құжаттар Мемлекеттік кинофотоқұжаттар мұрағатының 1943 жылы құрылған мұрағат қорының негізі болды.
143
Кеңес заманында документальды фильмдер ақпаратты тез таратудың негізгі түрлерінің бірі болды. Ай сайын елімізде болып жатқан жаңалықтарды кинотеатрларда толық метражды көркем фильм көрсетер алдында 15 минуттық документальды киножурнал жүргізілетін.
Видеофильм (лат. vidео – көру, + film – таспа) бұл да кинофильмнің бір түрі. Бірақ бейнелермагнттік таспаға немесе оптикалық дискіге жазылады. Оны видеомагнитофон арқылы теледидардан көруге болады. Кинофильмге қарағанда видеофильмдердің артықшылықтары көп. Оны түсіру үшін күрделі аппаратураның, қомақты қаржының,көп уақыттың қажеті жоқ.
Осы күні видиофильм түсіру күнделікті қажеттілікке айналған.Оқу
орындарында, сот-тергеу жүйесінде тағы да басқа жерлерде видеокамераұстағандарды жиі кездестіруге болады. Тіпті той-думанның өзі видеофильм түсірілмей өтпейтін болды.
Фоноқұжаттартарихи деректердің ХХ ғасырда пайда болған жаңалық.Дыбысты арнаулы аппаратура арқылы жазып алып оны қайта тыңдау өнері өмірден озған адамдардың даусын есту арқылы содан тікелей ақпарат алу мүмкіншілігінеқол жеткізді. Дыбыс кино немесе магнитті таспаға және дискқа жазылады.Олардың әртүрлісі бар.Бүгінде бізге белгілісі әрі жиі пайдаланаты-нымыз грампластинка, фонограмма, компакт-диск.
Грампластинка (ГРП) – дегеніміз дыбыс жазылған диск. Бұл механикалық фоноқұжат, диск тәріздес, құю,штамповка немесе престеу арқылы жасалады. Жазу тәсіліне байланыстымонофоникалық (бірканалды) жәнестереофоникалық (екі каналдық)болып бөлінеді.Мұндай пластинкалар үш форматта жасалған:дискілерінің диаметрлері 300 мм, 250 мм, 175 мм.
Магни́тті таспа – ақпарат жұқа магнитті қабаты бар лентаға жазылады.Оны
жазатын аппаратты магнитофон ал жазылғанды оқитын аппаратты
видеомагнитофон деп атайды. Магнитті лентада компьютер ақпаратын
сақтайтынды стример дейді. Магнитті лентаның табылуы ақпарат тарату
барысында төңкеріс жасады. Радио және телевизиялық хабарларды күні бұрын
жазып алу және оларды монтаждаумүмкіншілігі туды.
Компа́кт-кассе́та(ағл.Compact Cassette),аудиокассе́та(ағл.Music Cassette,MC)
немесе жай ғанакассе́та– ақпаратты магнитті таспаға жазу. Жазылған дыбысты
сақтау үшін және оны тыңдау үшін падаланады. Дыбыс ені 3,81 мм және
қалыңдығы 9 дан 27мкм, таспаға екі (моно) немесе төрт (стерео) жолдарға жа-
зылады. Алғаш рет компакт-кассетаны 1963 жылы Philipsкорпорациясы жария
етті. Арзан әрі қолдануға қолайлыкомпакт-кассета –90-жылдары көпшілік
арасында кеңінен таралды. БірақXXIғасырдың басында оның орнын компакт-
дискалер басты(CD-RиCD-RW).
Компакт-диск(ағыл.Compact Disc) – ақпаратты оптикалық түрде жинақтайтын пластик диск. Ақпаратты жазу және оқулазер арқылы іске асырылады.Оның DVDиBlu-ray түрлері бар.Алдымен аудио жазбаларды сандық жүйеде сақтау үшін пайдаланды (CD-Audio), ал кейін оның мүмкіншіліктері кеңейді.
Қазақстан Республикасы кинофото құжаттары және дыбыс жазу мемлекеттік Орталық мұражайы 1943 жылдан бастап жұмыс істейді. (Абай
144
Достарыңызбен бөлісу: |