«Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан,якиөзішіндеболған істердендерек беруі заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында
заманында болғанкөзгетүсерлік уақиғаларды, яки өз өмірінде ұшырағанзорістердіжазып,әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заманхатшежіредейемес,тәртіпті ,жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құртіркейберугеболады. Заман хатты оқымысты адамдаржазады.Сондықтанмұндақұрхалықаузындаәуезе болып жүрген
дәлелсіз сөздержазылмайды.Заманхаттауақиғауақыт сарынымен жазылмайды, «іс сарынымен жазылады» депсипаттамабереді А.Байтұрсы-нов.[2,398],Ол«Заман хатты жазатын кісі «өз көңілінің күйіне түспейтін,
яғнидостыққада, қастыққа дақарамай-
тынадамболарғатиіс»екендігінайтып,осыталап орындалғанда ғана «тарихқа беретін жемінің молдығынан заманхатөтеқұнды сөздер есебіне қосылады» деп жанрдың тарихи, әдеби маңызын көрсетеді.
Шындығында, заман хатты, яғни ашық хатты А.Байтұрсын-ұлыатапөткендей,«оқымысты адамдар» – Алаш зиялылары жазған. Олар «достыққа да,қастыққадақарамайтын адам» болғандықтан ашық хатты парасат пен шындыққа жүгініп,әділжазған, көркем-публицистикалық тілмен, айшық ой
өрнектерімен заманақиқатын газет-журналоқырмандарынанақтыжеткізген,ашыкхаттағыоқиғаныеш бұрмаламай, реңкін өзгертпей, дәлме-дәләңгімелеген.«Әдебиеттанытқышта» заман хат екі түрге бөліпкөрсетіледі:«Заманхатжазушыжазуынакерек жемді иә уақиғаның
толып жатқан үстінен асып жазады, иәкөпуақытөткізіп
уақиғадаболғанхалдердіөзініңесінеалыпжазады».Біздіңзерттеу мысалымызда заман хаттың бірінші түрі – оқиғаныңүстіненалыпжазу,яғни оқиға болған сәтке немесе сол тарихи жағдайға байланысты жазылғанашықхат түрі диссертация
нысанасына дәлкеледі.Ал«көпуақытөткізіпуакиғада
болғанхалдердіөзініңесінеалыпжазу»түрінеА.БайтұрсынұлыАбайдың қара сөздерін жатқызыпты. Бұл – жөн пікір. Себебі, Абайөзініңзамансөзі– қа-расөздерін жаһан дамуы, адамзаттарихыменөзхалқыныңтағдыр-талайын ұзақуақытойелегіненөткізіп,сарабдалойларментұжырымдаржасау нәтижесінде жазған.
Қарасөздің, яғни көркем прозаның бір түрі–көсемсөзжан-рыретіндезамансөзқарастырылмағаныменXXғасырбасындағықазақбаспасөзінде жарияланғанашықхаттүріндежазылғанмақалалардыңәлеуметтік,саяси– қоғамдық,мәдени-рухани,экономикалықдамудағыұлтмәселесінекөсемсөз рухындакөркем-публицистикалықтілменжұртшылықтыұйытып,бағыт-бағдар беруібұлтуындыныкөркемпублицистикажанрыдепатауғаболатын-дығын дәлелдейді. Себебі, заман сөз, яғни ашық хатпублицистикаталаптарынасай
117
нақты өмір деректері мен құбылыстарына сүйеніп жазылып, болған тарихиоқиға ізімен немесе ерекше жаңалықтың артынан іле-шала шапшаң датезарадаанық та айқын ой-пікір білдіретін, тұжырым жасап, заман талап еткенбелгілібір мақсатты орындауға үндейтін оперативті, яғни ұшқыр жанр
деугеболады.Ашық хат жеке
автордыңатынанбасқабіржекетұлғағаарналыпнемесебүкіл халыққа, саяси жүйеге немесе қоғамға бағышталып жазылуы мүмкін,екіншібір түрі – бір топ белгіліқоғамқайраткерлеріменәдебиетөкілдеріатынан ұжымдық ашық хат тажазылуымүмкін.Ашықхатнақтылыорынға,уақытқа, жағдайға байланысты жазылып,заманменбіргетыныстайды,солкүн,апта, айдағы елді елең еткізген
оқиғалар мен құбылыстарға жылдам ілесіп, өзүнін,пікірін
білдіреді.Мұныменқосазаманхаттыңбастыміндеті–белгіліоқиғаға көзқарасын лезде жазып, көпшілікке жұмысістеуітиіс,солреттеуақыттан оза отырып, шапшандықпен, көрегендікпен алда болу керек.
Алаш көсемсөзшілерізаманхатжанрынақаламтербегендеашықхатжазудың осы міндеттері үдесінен шыға білген. «Айқап» журналының1911жылғы№7 санында
«Азамат Алашұғылы» де-генбүркеншікатпенжарияланғанМ.Дулатовтың «Қазақ халқының бас адамдарына» атты заман хат стиліндежазылғанкөркем-публицистикалық туындысында газет шығару ісінмәселеетіпкөтеріп, М. Сералиннің «Айқап» журналы шығара бастағанын жарқын мысалқылады
да,бұлбасылымғақаржылайболмасадақаламқайратыменкөмекберуге үндейді: «Жалғызым да сен, жалмауызымдасен»дептіғойбіршеше.Бас адамдарға өкпемді айтып болдым. Енді олардан халық есіміментілегіммынау: «Қазақ халқына есімдері мәшһүр оқығандарымыз ғылым, тәжірибелеріншехалыққа керекті сөздерді, атқа мінген ағаларөзжұртынданеболыпжатқанын,не таршылық, не кемшілік бар,нендейойлағанғалымдарыбар,соларынжазса екен. Сол уақытта күллі қазақхалқыныңнендейхалдеекеніалақандағыдай көрініп, бір сенің
жапқанғақылыңменбасқалардапайдаланып,біржерде болған зарардан екіншісіалдыналасақтанып,журналдыоқушыларкөбейіп, қазіргі секілді айына бір ғана шығып зарықтырмай, айына екімәртебе,тіпті жұмасында бір шығып тұрса, шын шаттық сонда болар еді!Жүзайтсақтабір тілек, надандық тұманындаадасқанбейшарақазақхалқынжетектеп,жарық дүниеге шығарушы қаһармандарға мұқтажбыз. Тілесе кісіжоқемес,уақытта өткен жоқ. «Ештен кеш қайырлы» деген орыс халқының бір мақалын ескетүсіріп үміт етіп тұрамыз». Ашық хаттаадамның жан дүниесінтебірентерлік өткір публицистикалық тілмен бедерленіп, заман талабынан туғанөнер-білімді мең-геру тақырыбы дәл көтерілген, мағыналы байыптауларменойлытұжырымдар жасалған.
Публицистиканың көркем жанрлары ішінде ірі оқиғаларменқұбылыстарды образ арқылы айқындайтын фельетонныңорны бөлек. Өкініштісібұлжанр XXғасырбасындағықазақәдебиетіндегікенжелеу дамып, кейінірек қалыптасты. Солжылдардағыбасылымдардафельетонкөбінесе «оқшау сөз» терминімен белгілі болды.
118
ғасырдың баскезіндегіқазақәдебиетіндегікөркемпублицистикажанрлары арасында сол кезде жаңа қалыптаса бастаған түрлерінің біріпамфлет– көркем-публицистикалық немесе өткір сатиралық шығарма. «Памфлет бүтінбір қоғамдық құрылысты, саяси системаны тұтас алып, неолардыңтиптіккеселді жақтарын,кертартпаәлеуметтіктоптарыменпартиясын,идеологиясымен көзқарастар жүйесін жер жебірше жете әшкерелеуді мақсат етеді»[78,115]. Оның басты бір ерекшелігі«қарасөзбенде,өлеңтүріндеде кездесетін сатиралық
шығарма...көпқырлыжанр,ондасолзаманныңсаяси-әлеуметтіктынысы
полемикалық сарында, өткірсатира,сарказмменайқындала ашылып отырады»[79,261–262]. Осы жанрға ұқсас,жоғарыдасөзқылғаноқшау сөз қоғамдакездесетінкелеңсізоқиғаларды,адамдардыңоғашқылықтарын әжуалап
әшкерелесе, ол памфлет сол қоғамтудырғанәлеуметтіктиптіарқау етіп,бүкілбилікқұрылымын,қоғамдыққұрылыстысынап-мінеп,сықақтап әшкерелейді.
XX ғасыр басындағы алаш зиялылары мен қаламгерлері, жалпы
шығармашылықөкілдеріпамфлеттіпатшалықжүйеге
қарсыөткірдеықпалды,қаһарлықаруретіндешеберпайдаланып,га-
зеттерменжурналдардажариялаған.Ақын-жазушылар арасында Міржақып ДулатовпенСәбитДөнентаевпамфлетжазудың тамаша үлгісін жасады.Қазақ
көсемсөзшеберлерініңқатарынаҚ.Сәтбаев,Е.Алдоңғаров,
Ж.Аймауытов,Тлепбергенов,Қ.Кемеңгеров,Ә.Ғалимов,
М.Әуезов,Т.Рысқұлов,М.Жұмабаев,Б.Майлин сияқты алаш арыстарын жатқызамыз.
3.Тарихи зерттеулерде газет-журнал деректерін
пайдалану әдістері
Жоғарыда айтқанымыздайбаспасөз материалдары тарихшы үшін таптырмайтын тарихи дерек. Бірақ өз зерттеулеріңде олардыпайдалану барысында бірқатар деректанулық әдістерді пайдалану қажет.
Бірінші, ескеретін жайт мерзімді басылымның сипаты, оның беделі мен тиражы.Мемлекет тарапынан, белгілібір қоғамдық ұйымдар қаржыландыратын газет-журналдар тек ресми материалдар жариялайды. Ондай мақалалар біршама объктивтілікке жақындау болатындығы белгілі.
Екіншіден, мерзімді басылымның жанрына көңіл аударған жөн. Қысқа хабардан объктивті фактілерді алуға болады, ал керісінше аналитикалық жанрлардан зерттуші өзіне қажетті, белгілі бір талдаудан өткен материалдарды пайдалануға мүмкіншілік алады.
Сондықтан баспасөз материалдарына, тарихи жазба дерек ретінде, көңіл аударушы тарихшылар баспасөз органдарының саяси және әлеуметтік бағыт-бағдарына сыни пікір тұрғысынан қарауы керек
Әдебиет
119
Атабаев Қ.Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. –
Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 302 б.
Бекхожин Х., Матвиенко С., Козыбаев С. Очерки истории казахской журналистики, А., 1991.
Аллаберген Қ., Нұсқабаев Ж., Оразаев Ф. Қазақ журналистикасының тарихы (1870–1995 жылдар), А., 1996.
ӨМІРБАЯНДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ТАРИХИ ДЕРЕК
Жоспар
1.Жекебас құжаттарының деректемелік ерекшеліктері.
2.Мемуарлардың деректік құндылығы.
3.Жекебас күнделігі – тарихи дерек.
4.Эпистолярлық жанрдың мәліметтерін тарихи дерек ретінде пайдаланудың әдістері.
1.Жекебас құжаттарының деректемелік ерекшеліктері
Өмірбаяндық шығармалардың сенімді тарихи дерек екендігі баршамызға мәлім.Бүгінгі деректану ғылымында олардан шынайы ақпарат алу әдістері қалыптасқан. Естеліктер, күнделіктер, жеке адамның жазысқан хаттары (эпистолярлық) ескерткіштері, тарихшылар үшін өздерінің пайда болу сипаты, мән-мағынасы жағынан бір – біріне жақын тарихи ескерткіштер. Солай бола тұрсада олар дерек ретінде үш түрге бөлінеді және оларды іздестірудің, пайдаланудың өзіндік бір ерекше жолдары бар. Естелік, күнделік, хаттар субъективтік сипаттағы деректер. Себебі, оларды жеке адамдар өз пікірі тұрғысынан жазады.
Мұндай деректердің ерекшелігі олар күні бұрын белгілі шектелген адамдарға, өздерінің балалары, отбасы мүшелері үшін замандастары, тарихшылары үшін жазылады.Автордың алдында белгілі бір мақсат бар, оны орындау үшін жадында сақталған материалды жинақтап тәртіпке келтіреді.Өмірбаяндық деректерді топтауғамына төмендегідей талаптар қойылады. Алдымен оның авторын, сипатын(ауызша ма немесе жазбаша ма), ақпаратты қайдан алғандығын анықтау қажет.Объект тарихшының зерттеп отырған уақытына тым жақын болса, ақпараттұлғаның өзінен алынса, ақпарат бізге дейін жазбаша түрде жеткен болса, ол бізге дейін бұрмаланбай, өзгеріске ұшырамай, алғашқы түрінде жеткен жағдайдадеректің сипаты шындыққа тым жақын болады. Ал керісінше,құжат зерттеп отырған уақыттан алыстау, ақпарат бізге ауызша жетсе, ақпарат көзі бізге дейін бұрмаланып, өзгертіліп, “түзетулер” енгізілген болса дерек шындықтан алыстау, яғни оны пайдалануда сақ болған жөн.
120
Өмірбаяндық деректердің тағы бір ерекшелігі олардың авторларының әлеуметтік жадына байланысты. Ол өзінің пайдаланған мәліметтерін деректемелік сын тезінен өткізбейді. Ол заманында қалыптасқан дәстүрден ауытқымауға тырысады. Жастық шағын, өткен заманды аңсайды (настольгия), келешекке зор үмітпен қарайды, болашақ замандыасыра мақтау, тарихтың кейбір сәттерін тұлғаның өзінше қабылдау сияқты факторлар шығармаға әсерін тигізеді.
2.Мемуарлардың деректік құндылығы
Мемуар– (французша: memorіes, латынша: memorіa – еске алу) – авторлардың өздері куә болған тарихи оқиғалар мен қоғам қайраткерлерінің өнегелі өмірлері жайлы көркем естеліктер.Автор өзі куә болып, араласқан дәуір оқиғасына өз көзқарасы тұрғысынан баға беріп, жеке адамның, тарихи тұлғаның тағдырын халық өмірімен тығыз байланыста көрсетеді. Мемуардың очерктен айырмашылығы құжаттық-деректік тұрғыдан неғұрлым нақтылығында, әрі көркемдігінде жатыр.
Мемуар жанрының туу тарихы ерте дәуірлерден басталады, оның нақты мәніндегі жетілу, қалыптасу кезеңдері ХҮІІІ-ХХ ғасырлар еді. Оның үздік үлгілеріне А.Герценнің “Көргендер мен ойлары”, С.Сейфуллиннің “Тар жол тайғақ кешуі”, С.Айнидің “Бұхарасы”, С.Мұқановтың “Өмір мектебі” т.б. жатады.
Ахмет Байтұрсынов әдеби туындының бұл түріне «Біреудің заманында болған тарихи оқиғалардан, яғни өзі ішінде болған істерден дерек беру – заманхат деп аталады» – деген анықтама берген.
Заманхаттың негізгі үшбелгісі болады. Біріншісі – заманхаттың субъективтілігі, екінші– ретроспективтілігі және соңғысы – жадқа сүйенушілігі. Осы айтылғандарды ескере отырып, біз заманхатқа мынадай анықтама бердік. Заманхат автордың өз көзімен көрген, қатысып араласқан оқиғалар жайындағы өмірбаян түрінде, күнделік түрінде, қолжазба түрінде кездесетін үлгіде жазылса да, әдеби шығарма жай естелік болып қалмайды. Мемуарлық шығармада автордың өзі көріп-білген жайларды әртүрлі адамдардың әрекетін айғақтай отырып айтатыны – бұл жанрдың өзгешелігі және артықшылығын көрсетеді.
Заманхаттың ерекшеліктерінен ескере отырып А. Байтұрсынұлы заманхаттың пайда болуының себептерін, оның тарихи деректік ерекшеліктерін көрсетті. Ол «Мәдени жұрттың адымында заманында болған көзге түсерлік оқиғаларды яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заманхаттыоқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр халық аузында әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заманхатта оқиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады» – деп, оның құнды тарихи дерек екендігін дәлелдеді.
Заманхаттың тарихи дерек ретінде ғылыми сыннан өтуінің қажет екендігін М. Қозыбаев «Мемуарлық әдебиетке сын көз керек, ондағы деректерді ой елегінен өткізіп, басқа деректермен салыстырып отыру керек» – дейді.Естелік
121
жазуғаәртүрлі жағдай-лар итермелейді. Кейбіреулер жолдастары, әріптестері немесе бала-шағасының өтініші бойынша жазса, екіншілері өзі туралы тарихта із қалдыру, өзінің белгілі бір оқиғалардағы орнын көрсету мақсатында, енді біреулері әлеуметтік тапсырысты орындайды. Оқырман мұндай шығармалардан ерекше бір «құпияларды», «ешкімге айтылмаған тылсым сыр» күтеді.
Мемуарды көбінесе жасы ұлғайған адамдар жазады. Оның негізгі дерек көзі – автордың жады (көбінесе олар ұмытшақтыққа шалдығады), көп дүние есінде қала бермейді. Кейде олар мемуар жазу барысында ұмытылған дүниелерді еске түсіру үшін басқа да дерек көздеріне сүйенеді. Көбіне олар басқа біреуден естіген өсекке, айтылған әңгімеге, тіпті шындыққа жанаспайтын мәліметтерге бой ұрады. Мемуарлардың ерекшеліктерінің бірі автордың шығарма жазылып отырған заманының тарихи санасына сәйкес болып шығуы.
Кеңес заманында жазылған естеліктер идеологиялық шырмаудан шыға алмайды. Баяндалып отырған заманның оқиғасы емес, көбінесе авторжеке тұлғаларға тоқталады. Сол заманда болған белгілі оқиғаларға өзінің қатыстылығын жеткізуге тырысады. Сол замандағы кейбір «шындықтарды», жеке тұлғаға байланысты мәліметтерді кішірейтіп көрсетуге тырысуы немесе «ұмыт» қалдыруы, оқиғаларды баяндағанда қалыптасқан штамптар мен баға-лауды пайлануы, өзі өзіне цензура жасауы шығарманың сапасына әсерін тигізеді.
Мемуардың классикалық түрін 1992 жылы «О моем времени» деген атпен Д.А.Қонаев жазды. Қазақ тіліне «Өтті дәурен осылай» – деп аударылды. Бұл кітап көпшілік оқырманның қызығушылығын тудырды. Екінші басылымы 1994 жылы «Ақиқаттан аттауға болмайды» («От Сталина до Горбачева») деген атпен жарық көрді. Д.А. Қонаевтың заманхаттары оның өз өмірі мен өмір сүріп жатқан қоғамы жайлы жазылған естеліктерден құралған.
Д.А.Қонаев өз көзімен көрген, шынайы куә болған, өзі бел ортасында жүрген оқиғаларды қағазға түсірген. И.Қабышұлы «Өтті дәурен осылай» атты кітапті монғол тіліне аударды. Қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт ағайындар мың-мыңдап кітап сұратса, Түркия, Германия, АҚШ, Италия, Корея елдері бұл еңбекті өз тілдеріне аударып бастырды.
Естеліктерді сынау технологиясына автордың жеке басын зерттеуоқиғаның уақытын, болған жерін анықтау, автордың сол оқиғаға қатыстығын анықтау (сол оқиғаның ішінде өзі жүрді ме, әлде біреуден естіді ме),оқиғаның толық процессін білуі, осы тақырып бойынша ғылыми әдебиетті білуі, естеліктің жазылу тарихын, оның баспаханаға дейінгі сипатын білу жатады.
Жекебас күнделігі – тарихи дерек
Күнделік оқиға өтіп жатқан уақытта жазылады (оқиғанның синхрондығы). Автордың бүкіл оқиғаны бүге-шегесіне дейін білуі оны нақты құжат екендігін дәлелдейді. Күнделіктің мерзімі қойылады, онда оның оқиғаға байланысты әсері, жеке пікірі, көзқарасы жазылады.
122
Күнделік жазу түрлері әрқилы болады. Күнделікті күнде толтыру, оны толтырған кезінде автор осыны келешекте жариялаймын деп үміттенеді, сондықтан ол оқиға барысындағы өзінің рөліне асыра баға беруге тырысады.Автордыңбілімі, оның болған оқиғаға талдау жасай алуы, өз ойын жеткізуге құмарлығы күнделіктің ерекшелігіне жатады. Басқа бір адамға ойын білдіруге жүрексінеді, қорқады, қауіптенеді, сондықтан бар ойын қағазға түсіруі де оның ерекшелігі.
Автор өткен өміріне орала беруге тырысады. Автор күнделікті тек өзі үшін жазады, оны ол тірі пендеге көрсетпеуге тырысады. Екінші біреуі күнделікті әдейі жариялау үшін жазады. Күнделік дәптерге, қалың дәптерге, қойын кітапшасына немесе апталық беттеріне жазылады. Онда телефон нөмірлері, мекен-жай, афоризм, қысқа тақпақтар, ақылды ойлар, жоспар т.б. ұмытылмайтын мына сұрақтарға жауап береді: а)кім жазды? б) неге жазды? в) қалай сақталған, қайдан, қалай табылды? г) күнделік күні бұрын жариялау үшін жазылған ба, әдеби түзетуден өткізілген бе? Міне осы сұрақтарға жауап бергенде ғана күнделікті дерек ретінде пайдалану мәселесі шешіледі. Күнделіктің авторы және оның мазмұны субъективті.
Күнделіктің тарихи деректік ерекшеліктері мынада. Автор сол заманның тәрбиесінің, моральдық принциптерінің, өмір сүру ортасының негізгі талаптарын орындайды. Күнделіккөбінесе жасырын жазылады, яғни оған басқа адамдардыңықпалы жоқ. Ол құпия жазылса да, автор оны белгілі бір уақытта бөтен адамдардың оқитындығын сезінеді. Сондықтан автор жан-жағына жал-тақтайды, эгоцентризмге бой ұрады.Өзінің істеген жағымсыз қылықтарын түсіндіруге тырысады, кейде өзінің аз ғана үлесін ұлғайтып көрсетуге бейім. Күнделіктерді тарихи дерек ретінде пайдаланубарысында ескерілетін жәйіттер
бар. Біріншіден,кез-келген күнделік тарихи оқиғаны толық қамтымайды.Автордың ойы тұрақсыз, жалпы бір идеяға, заманның идеологиялық принциптеріне бағына бермейді. Күнделік еркін жанрда жазылады.
4.Эпистолярлық жанрдың мәліметтерін
тарихи дерек ретінде пайдаланудың әдістері
Адамзаттың даму процесімен бірге дамып, жетіліп келе жатқан адамдардың қарым-қатынас әрекеттері тек ауызша ғана емес, жазбаша да заман талабына сай қарым-қатынас жолдары арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынас әрекеттерінің бірі – хат жазу дәстүрі. Хат жазу ертеден бүгінгі таңға дейін әлеуметтік жағынан алғанда мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі болып табылады.
Эпистолография (грек. epіstole – жолдау, хат) – хат түрінде жазылған шығарма. Мұндай шығарма түріне ірі қоғам қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби мұраға айналған хаттары жатады. Эпистолярлық жанр түрлері: жалпы амандықты білдіретін, қызметтік, шығармашылық жеке, жеке
123
іскерлік, ресми іскерлік, әдеби хаттар. Жазылу түрлеріне қарай қара сөз немесе өлең түрінде болып келеді.
Эпистолярлық әдебиет жанр ретінде көне дәуірден бастала-
ды.Цицеронның,Горацийдің, Сенеканың хаттары эпистолярлық публицистиканың негізін қалады.Антикалық дәуір әдебиетіндегі мәліметтер сол кездің өзінде хат жазу этикеті болғанын көрсетеді. Мысалы: сол дәуірдегі хаттарда алдымен жіберушінің аты, одан кейін алушының аты, амандасу формалары мен түрлі тілек мәнінде жұмсалатын сөздерден кейін барып хат мәтіні жазылатын болған.
Алтын Орда дәуірінде қазақ жерінде де пошта қызметі кеңінен тарады.
ХVІІІ ғасырдаеуропалықтар хатты кеңінен жаза бастады. Көп елдерде пошталық байланыс тәртіпке келді, хат жалпыға қолайлы ақпарат құралына, сондай-ақ бос уақытты өткізудің құралына айналды.Кейін хатпен жазылған роман пайда болды. Мысалы орыс жазушысы Н.М. Карамзиннің«Орыс саяхатшысының хаттары» (1789–1792) – Эпистолярлық әдебиеттің тамаша үлгісі. «Хат мәнеріндегі роман» – психологиялық және әлеуметтік роман реализмнің даму жолында маңызды роль атқарды. Бірақ ХІХ ғасырдағы роман тарихи хабарлау, жанұялы хроника негізінде дамиды, А.С.Пушкиннің «Роман в письмах» (1829), Ф.М.Достоевскийдің «Бедные люди» (1845) – дәуірдің ақырғы романдары.
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында 25қазақ хандары мен сұлтандарыныңғылымға белгісіз болып келген хаттары екі том болып жарияланды. Жинаққа 811 аударма және 250 хаттың түпнұсқасы (факсимле) кірген. Хаттардың көпшілігі алғаш рет жарияланып отыр. Олардың хронологиялық шеңбері 1675–1821 жылдар аралығын қамтиды. Жинақта Орыс географиялық Қоғамының,Тарих музейінің,Этнография музейінің, Третьяков галереясынан, Эрмитаждан, орыстың өнер музейінен,Киевтің ұлттық музейінент.б. әлем мұражайларынан алынған 113 иллюстрация, карта, бейнесуреттер бар.
Қазақ хан-сұлтандарының бір-біріне, көрші елдердің билеушілеріне жазған хаттарынан сол замандағы саяси ахуал жөнінде, қазақ атқамінерлерінің күнделікті тұрмысы жөнінде мәлімет аламыз.
Қазақтың алғашқы ғалымдарының біріШ.Уәлихановтың хаттары оны үлкен парасат иесі, азаматтық болмысы жоғары, туған халқының мәдени-ағарту ісінің жанашыры екендігін көрсетеді. Әкесімен жазысқан хаттарынан оның қазақи болмысын көреміз.
Қазақ тарихына байланысты шетелдік қайраткерлері қалдырған хаттары баға жетпес тарихи дерек екендігі талас тудырмайды.Мысалы, 1861 жылы Парижде француз тілінде жарық көрген поляк халқының аяулы азаматы Адольф Янушкеевичтің қазақ халқының өткен ғасырдағы ұлттық салт-санасы, тұрмысының дәйекті құжатына айналған хаттары тамаша тарихи дерек. Француздар сақтап, бүгінге жеткізген А.Янушкеевич хаттары, Зелинскийдің «Қазақ даласы» поэмалары, академик Алексеев ашқан алғаш «Владимир мен Зара» –әлемдік өркениеттің шедеврі десе де болғандай.
124
Қазақ әдебиетінде Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің орыс достарына,Абайдың өз туыстарына жазған хаттары – эпистолярлық қымбат мұра.
Шоқанның орыс әкімшілігінің басшыларына, әріптестеріне, достарына және ағайын-тустарына жазған елуден аса хаттары жарияланды.Шоқанның ұлылығын танытатын, оны биіктете түсетін нақты мәліметтердің бірі – өзі ерекше сүйіп, бағалаған достарымен жазысқан хаттары. Осы хаттардың әрқайсысынан да Шоқанның азаматтық бейнесі ерекше таныла түседі.
Ш.Уәлихановты туыстары да, айналасындағы достары да өте жақсы көріп, құрметтеген. Өйткені, ұлы ғалым өзін тек қана жақсы жағынан көрсете білген. Бұл Шоқанның тектілігіне, өскен ортасы, алған тәрбиесіне де байланысты шығар.
Шоқанның Федор Достоевскиймен он тоғыз жасында танысқаны белгілі. Кейіннен әлемге әйгіленген бұл жазушы осынау жас жігіттің қабілет-қарымын бірден байқаған секілді. Шоқаннан он төрт-он бес жастай үлкендігі бар ол осынау дарынды жасқа бірден құлай жығылып, екеуі тез тіл табысады. Көп ұзамай-ақ бұл таныстық мәңгілік аңызға айналатындай-ақ ұлы достыққа жалғасқан. Оның дәлелі – екеуінің жер-жерде жүріп бір-біріне жазған хаттары.
Өкініштісі оның жазған, оған жазған хаттардың көпшілігі сақталмаған.Бұл жайында зерттеуші М.Фетисов: «Эпистолярное наследие Чокана Валиханова не сохранилось полностью: до нас дошло только два десятка его писем. Но все они за очень редким исключением представляют документы большой историко-литературной ценности, в которых отчетливо выражен публицис-тический характер, и отличаются глубокой идейностью и широким социальным диапазоном... Новаторство Чокана Валиханова в эпистолярном жанре состояло в том, что он сумел придать ему публицистическую силу и остроту», – деген ой айтады [Зарождение казахской публицистики. – Алматы:Каз. гос. изд-во худ. литературы, 1961. –215]. Ғалымның бұл тұжырымына қосыла отырып, Шоқанның профессор И.Березинге, П.Семенов-
Тян-Шанскийге, Н.Курочкинге, Г.Колпаковскийге, А.Майковқа, К.Гутковскийге, Ф.Достоевскийге, Г.Потанинге және өмірінің ең соңғы сәтінде әкесіне жазған аманат хатының небір өзекті мәселелерге, қазақи ұрпақ тәрбиесіне арқау болғандығын аңғаруға болады.
Қазақтыңмұңы мен зарын айта білген хаттардың озық үлгілері қатарында Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлиханов хаттарын жатқызуға болады. Шоқанның хаттары – қазақ эпистолярлық публицистикасының көш басында тұрған таптырмас туындылар. Бұлай деуімізге негізіміз де бар. Мәселен, оның хаттарын елеп-екшеп, оның өзіне тән ерекшелігін саралар болсақ, мынадай қорытындыға келеміз:
1.Хаттардың деректілігі (күні, айы, жылы, қай жерден және қай жерге жіберілгендігі т.б.).
2.Фактілер дәлдігі (қандай мәлімет келтірсе де нақты жер-су атауы, адамдардың есімдері жинақы, ұғынықты түрде беріледі).
3.Ықшамдылығы (шұбалаңқы сөздер тіпті де кездеспейді десе болады).
125
4.Турашылдығы (көңіл-күйін жасырмай білдіреді, соған орай әңгімелесушісінен де соны сыпайы талап ете біледі).
5.Қырағылығы (өзі байқаған, бағамдаған жәйттерді білдіруге шебер, білгісі келген мәселесін сұрауда да аса сыпайылық танытады).
6.Өзінің және халқының құқығын терең білетіндігі (мәселе шенеуніктер мен феодалдардың жүгенсіздігі мен озбырлығына тірелген кезде ол әр кезде бұқараның жағына шығады, үнемі сыпайы сөйлейтін жігіттің бұл тұрғыда өзіндік характерін байқауға болады).
7.Жоғары мәдениеттілігінде (үнемі үлкенмен де, кішімен де тіл табысады, таласу-тартысу фактісі кездеспейді).
Атап өтетін жайт, Шоқан хаттарынанқарапайымдылық пен сыпайгершілік, өз ұлтының алдындағы патриоттық парызын қарызындай қабылдап, асқан ұлтшылдық рухты тұлға екендігін сеземіз. Ал оның эпистолярлық мұрасының әрқайсысы – өз алдына шоқтығы биік, тарихи да, тәрбиелік маңызыбар асыл дүниелер.
Ыбырай Алтынсарин1860–1889 жылдарыөзінің В.В.Катринский
(30),Н.И.Ильминский (26), А.А.Мазохин (19), Ф.Д.Соколов
(4),А.А.Бобровников (1), В.В.Григорьев (1), Б.Кейкин (1), сияқты орыс әріптестеріне 91 хат жазған. Бұлар архив қорларынан табылып жарияланғаны ғана. Оның атасы Балғожамен жазысқан хаттары сақталмаған.
Хаттары – негізінен, ағартушылық көзқарас жемісі. ХІХ ға-сыр аяғында жазылған Ы.Алтынсариннің хаттарына талдау жасасақ, орыс сөздерінің (школ, учитель) жиі қолданылғандығын байқаймыз. Хаттарда ай аттары орысша аталуынша беріледі. Бұған қарағанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жазба тілінде ай аттарының көне қазақша немесе арабша атауларын орыс күн-тізбесі ығыстырғаны байқалады. Бұл да, сірә, орыс мәдениетінің қазақ даласына күшті әсер ете бастағанының бір куәсі тәрізді. Орыс сөздері жұмсала бастайды. Қазақ тарихында хаттардың бірнеше түрлері бар. Әсіресе құндысы хандар мен сұлтандардың көрші мемлекет басшыларына жазған, бір-бірімен жазысқан хаттары зерттеуші үшін таптырмайтын дерек болып есептеледі.
Ал белгілі тарихшы М.П.Вяткин арнайы зерттеу жұмысын жүргізбесе де, қазақ хандары мен сұлтандарының орыс әкімшілігіне әр түрлі мақсатта жолдаған хаттарын өзінің «Қазақ ССР тарихы бойынша материалдар» деген еңбегінің 2,3,4 томдарында жариялаған.
М.Сералиннің «Айқап» журналына жазған беташар сөзі, «Талапкерге жауап» хаты – эпистолярлық жанрдың жазушы мен оқырман арасын баспасөз арқылы жалғайтын журналистикаға қызмет етуінің көрінісі. Баспасөзде жарияланған хат үлгілерін ХХ ғасыр басындағы газет-журнал бетінен жиі кездестіруге бола-ды. Айтылған жайлар – хаттың қазақ халқы өміріне қатынас құралы ретінде, әрі мәдениет үлгісі райында дендеп енуін айғақтайтын деректер. С.Торайғыров жазған кейбір хаттар ақынның екі томдық шығар-малар жинағында жарияланды. Ақынның эпистолярлық мұрасы жинақталған.
Эпистолярлық әдебиет 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты халық поэзиясынан кең көрініс тапты («Құбаша ақынның Әбдірахман
126
Иманқұлұлына жазған хаты», т.б.). Бұл жыр-хаттар ақ патшаның бұйрығына наразылық, ыза-кек білдіріп, тікелей көтеріліске шығуға, Амангелді Иманов бастаған топқа қосылуға үндейді.
Майданнан жазылған хаттарда жауыздық пен әділетсіздікке қарсылық білдірсе, майданға жазылған хаттарда ел-жұрттың сағыныш сезімі, амандық-саулық баяндалады. Эпистолярлық әдебиет кеңестік дәуірде кең өріс алып, айрықша дамыды. (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б.). 1916 жылғы сәлем хат жырлары екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында туған эпистолярлық әдебиетке келіп жалғасты. Бұл кезде жазылған хаттарда патриотизм, Отанды қанқұйлы жаудан қорғап қалу, дұшпанға деген өшпенділік сезімі басым.
Ал С.Мұқановтың хат формасында жазылған «Қандас досыма хат» (М.Шолоховқа),«Досыма хат» (Ү.Балқашевқа) т.б. сын мақалалары әдебиет мәселелерін терең толғайтындығымен қатар, халық тарихын шежіредей тарататындығымен құнды. Бұл хат – мақалалар да С.Мұқановтың эпистолярлық жанрға ерекше құрметпен қарағанынын белгісі.
Жалпы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында жазылған хаттар сол кезеңдегі тілді көрсететін нұсқаларға жатады. Бұл кезеңдегі хаттардың
көпшілігі шағатай тілінде жазыл-ғанекерткіштер.М.Әуезов,С.Мұқанов,Ғ.Мүсірепов,Ғ.Мұстафин, Қ.Аманжолов, т.б. жазысқан хаттар эпистолярлық әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.
Қорыта айтқанда, хаттар тарихи деректің бір түрі. Бұларды талдаудың өз әдістері бар.
Әдебиет
Д.А.Қонаев. О моем времени.Алматы, 1992.
АлтынсаринИ. Собрание сочинений. В трех томах. Алма-Ата,1978. Т.ІІІ, 9-156 сс.
ВалихановЧ.Ч.Собрание сочинений.В пяти томах. «Наука» т.ІV,Алма-ата,1968,сс.43-124.
Өмірбаяндық деректер. (С.Мұқанов. «Әр жылдардағы хаттар») –Алматы, 2002.
– 286 б.
Вяткин М.П.«Қазақ ССР тарихы бойынша материалдар» – М-Л., 1940, Т4 -334 б.
«Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675–1821 гг. Сборник исторических документов в двух томах»Алматы. 2015.
127
Достарыңызбен бөлісу: |