МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ – ТАРИХИ ДЕРЕК
Жоспар
1.Мерзімді баспасөз түсінігі және оның қысқаша тарихы.
2.Мерзімді баспасөздің топтастырылуы, газет-журнал жанрлары.
3. Тарихи зерттеулерде газет-журнал деректерін пайдалану әдістері.М
Мерзімді баспасөз түсінігі және оның қысқаша тарихы
106
Тарихи зерттеулер барысында мерзімді баспасөз материалдары кеңінен пайдалынады. Олар тарихи деректің оңай табылатын және барынша шынайылыққа жақын түрі. Дегенмен олар субъективті болғандықтан оларды да мұқият талдау және объективтілігін анықтау қажет. Сол күйінде өз зерттеуіне пайдалануға әсте болмайды.
Баспасөз– мерзімді және мерзімсіз басылымдар болып екіге бөлінеді. Себебі, оның беттерінде сол замандағы өзекті болып саналатын әрқилы материалдар жарияланатын. Мерзімді баспасөз бетерінен шынайы ақпарат алу әдістеріне тоқталайық.
Мерзімдібаспасөз қатарына газет,журнал, альманах және жинақтар жатады.Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын.Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының си-патынат.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі.
Баспасөздің екінші түрі –мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар,плакаттар,күнтізбелер, ноталарт.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі –кітап. Кітап басу ісі VІІІ–ІХ ғасырлардаҚытайдабасталды. Алғаш ретксилографиялық(ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің «Жақұт сутра» (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап – «Сейфүл-мәлік» қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап).
Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі – газет.
Газе́та – белгілі бір атаумен, кем дегенде, айына бір рет шығып тұратын басылым.
Қысқаша тарихы.Көне заманда жаңалықтар жарияланған қолжазбаларды газеттің түп атасы деуге болады. Кезіндегі Юлий Цезарьдің «Деяния сената», ал кейін «Ежедневные общественные деяния народа»деп аталатын басылымдарын газеттің алғашқы түрі деп есептеуге болады.Рим газеттері қыш тақтайшаларға жазылды. 911 жылы Қытайда «Цзинь бао» («Астана хабаршысы»)деген атпен жарық көрген басылымды шығыстағы алғашқы газет қатарына қосуға болады. «Газет» терминінің пайда болуы ертеде-гі Римдегі ең үсақ монетаның gazzetta(гасета) атына байланысты.XVIғасырда қысқаша жаңалықтар жазылған көпшілікке арна-лып жазылған басылымды оқығандығы үшін бір гасета төленетін.
Орыстың алғашқы газеті қолжазба түрінде XVII ғасырдың алғашқыширегінде пайда болды. Онда шетел газеттерінен алынған мақалалардың аудармасы және шет елге барып келген немесе Ресейге келген шетелдіктердің материалдары жарияланды.1668 жылдан бастап Ресейде пошта қызметі жолға қойылды.Енді шетел газеттері уақытында тұрақты түрде келіп тұратын болды.Қолжазба түріндегі газеттер айына 3–4 рет шығып,патша сарайына жеткізілетін. Онда әлемде жүргізіліп жатқан соғыстар,үкіметтердің ауысуы,шетелдермен жасалған келісімшарттар, табиғаттың тосын әрекеттері және техногенді апаттар туралы хабарлар.
107
Орыстың алғашқы жорналы «Ежемесячныесочинениякпользеиувеселениюслужащие» деп аталды. 1755– 1764жылдар аралығында орыстың белгілі ғалымы М.В.Ломоносовтың мұрын-дық болуымен Петербор Ғылым Академиясы шығырып тұрды.Тиражы
2мыңдана. 1758жылдан бастап «Сочиненияипереводыкпользеи
увеселениюслужащие»,ал1763жылдан – «Ежемесяч-ныесочиненияиизвестияоучёныхделах» деп аты өзгертілді.Алғашқы редакторы Алмания елінен шақырылған Санкт Петербург Ғылым акадкмиясының толық мүшесі акад. Г.Ф.Миллер болатын.Журналда Миллер, П.И.Рычков, Ф.И.Соймонов, А.Л.Шлёцер, М.М.Щербатовсияқты ғалымдардың мақалалары жарияланды.Әдеби мақалаларға да орын берілді. Сол заманның белгілі әдебиетшілері А.П.Сумароков, В.К.Тредиаковский, М.М. Херасков сияқтылар журналмен тығыз байланыста болатын.Ж.Бюффон, Вольтер, Ж.Д Аламбер, К.Линней сяқты ғалымдардың еңбегі аударылып басылды.
Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 13 баспасөз басылымдары шықты. Олардың ұзақ уақыт шығып тұрғандары «Түркістан уалаяты»(1870–1882), «Дала уалаяты»(1888–1902) газеттері мен «Айқап»(1911–1915) журналы болды. Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталады.
«Түркістан уалаяты»газеті әуел баста «Туркестанские ведомости»газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастады. Алғашқыда ол айына төрт рет, оның екі нөмірі өзбек тілінде және екі нөмірі қазақ тілінде шықса, кейін келе орыс тіліндегі газеттен бөлініп шығып, қазақ жөне өзбек тілдерінде шығарылды. «Түркістан уалаяты»газеті бетінде қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлүматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жөне Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол кездегі тіршілігі, тұрмыс салты кеңірек орын алды (ол кезде бүл облыстар Түркістан өлкесінің қүрамыңда болған).
Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсу, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің жағдайларын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылған.
Бірақ газеттің бейресми бөлімінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталуына байланысты бұл өлкедегі қазақтың шаруашылығындағы өзгерістер туралы мағлұматтар, қазақтың тарихы мен әдебиетінің материалдары көбірек орын алған.
«Түркістан уалаяты»тек Түркістан өлкесіне қарайтын аймаққа ғана емес, ол Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Омбы, Қарқаралы, Семей уездеріне де таралып тұрған «Дала уалаяты»газеті» Акмолинские областные ведомости»газетіне қосымша ретінде 1888–1894 жылдар аралығындадербес газет, ал 1902 жылдың 12-сәуіріне дейін қазақ, орыс тілдерінде Омбы қаласында шығып тұрған. Ол
108
Ақмола,Семей, Жетісу облыстарын билеген Дала генерал губернаторының органы болды. Газеттің ресми бөлімінде патша өкіметінің және жергілікті ұлықтардың бұйрық-жарлықтары басылды, патшаға табыну уағыздалды.
Ал бейресми әлемінде қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің мәселелері көтерілді. Сонымен қатар газетте қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, орыстың белгілі ақын-жазушыларының кейбір шығармалары, қазақтың әдет-ғұрпын, тұрмысын, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдарының мақалалары жа-рияланып тұрды. Қазақ әдебиеті мен тілінің мәселелері сөз етілді.«Қазақ» – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000 ға жеткен. Бірінші редакторы – белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байрұрсынов, екінші редакторы – қоғам қайраткері, ақын Міржақып Дулатов, бастырушысы Мұстафа Оразаев, кейін «Азамат» серіктігі болған. Газеттің басылып шығуына қаражат шығарған Ахмет ишан Оразаев болған. А.Байтұрсынұлы газетке автор ретінде де қатысып«Қызылқұм елінде» деген сияқты мақалалар да жарияланып отырған. Хусаинов –Каримов баспаханасында басылып тұрған.Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзық Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді.
Газетте ХХ ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б. Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің даму шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалары туралы сын-мақалалар мен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, И.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық көрген.
Қазақ халқьшың әлеуметтік-саяси және мәдени емірінде XX ғасырдың бас кезінде болған елеулі уақиғалардың бірі –«Айқап» журналының баспадан шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси жене әдеби журналы болды. Ол өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демокра-тиялық дәстүрлерін жалғастырып, ілгері дамытқан журнал болы. Оның редакторы демократ-жазушы Мұхаметжан Сералин (1872–1929) еді.Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейіносы күнгі Троицк қаласында ай сайын шығып тұрды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас түрлі себептермен жабылып қалды.1917–1920 жылдары шығарылған газеттердің саны 20-дан асты.
1989 жылы Қазақстан бойынша баспадан 450 түрлі газет пен 94 журнал және журнал типіндегі басылымдар шығып тұрған.Бұлардың көптеген материалдары құнды тарихи деректер болып саналады.
Мерзімді баспасөздің топтастырылуы, газет-журнал жанрлары
109
Қазіргі кездеҚазақстанда1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әртүрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар,буклеттерменплакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Журнал –түрлі саяси, ғылыми материалдардан кітап түрінде ай сайын (немесе екі айда бір, әлде үш айда бір) шығып түратын мерзімдік басылым.
Мерзімдік басылым органдарының көпшілік қабылдап қолдаған
топтастырылуы кездеспейді. Әдетте оларды бір-бірінен төменгіше ажыратады:
-басылып шығу мерзімі бойынша (күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын);
-территориялық белгісі бойынша (астаналық баспасөз, орталық, аймақтық,
жергілікті, баспасөз);
-тілі бойынша (қазақ немесе орыс газеттері мен журнаддары, шетелдік газеттер
мен журнаддар);
-басып шығарушылары бойынша (ресми баспасөз, мемлекеттік, салалық, жеке
меншік баспасөз, қоғамдық уйымдардың баспасөзі);
-басылымның мағынасы мен типтері бойынша (әдеби-қоғамдық журнал, газеттер; ресми-ведомстволық, ғылыми және арнайы; салалық; сатиралық, иллюстративтік;.
Баспасөз жанрлары. мерзімді баспасөзде жарияланатынматериалдардың түрісан алуан. Жанрлық ерекшеліктер мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Оларды негізінен, 3 топқа: ақпаратты (хабар,есеп,сұхбат,репортаж), талдамалы (мақала,рецензия,шолу,хат) және
көркем-публицистикалық (суреттеме,очерк,публицистика,эссе, баллада) жанрларға бөлуге болады. Сондай-ақ, көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон,памфлет,мысал,эпиграмма, пародия,шарж т.б.) бар.
Жанр дегеніміз – белгілібір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көріністабу формасы. Нақты болмыс-құбылыстыжазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндіксипаты, өзіндік белгілері барсол формалар-дың әрқайсысы жанр деп аталады.
Баспасөз жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты, әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті оқиғаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады.
Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады; әрқилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі
110
мән- мазмұнымен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеумттік тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады.
Баспасөз жанрларының негізгі, басты міндеті – өмірдегі нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау. Ол үшінжурналистіңбілімі терең, ой-өрісі кең, жазу қабілеті мол болуы, сонымен қатар Баспасөз жанрларының қыр-сырын жетік меңгеруі шарт. Баспасөз жанрларын тиянақты меңгеру – журналистің кәсіби шы-ғармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөзматериалдарының сапалық деңгейін арттырудың кепілі.
Ақпарат бүгінде демократияландыру үрдісінің басты өлшемдерінің біріне де айналды. Нейдер деген американ заңгерінің «Информация – основная валюта демократии» деген сөзін осы жерде еске алуға болады .Сондай-ақ, ақпарат дегеніміз қоғамдық мәніне сай жаңа мағлұмат, білім.
Заметка(қысқа хабар)
Қысқа хабар дегеніміз – ең шағын және оперативті жанр. Ол өмір
шындығының нақты фактілері, құбылыстарытуралы дәлме-дәл тұжырымдыхабарлайды. Ол көбінесе телеграфтық стильдежазылады. Баспасөздің бұл қарапайымда шағын жанры үгіт-насихаттыфакті арқылы жүргізетін, оқушығаәсерлігі жағынан ең бір қонымдыда ыңғайлы жанр боп саналады. Ол еліміздің өмірінде болып жатқан жаңалықтарды, өнеге боларлықтай жайларды, үздік үлгі боларлықтай істер мен жаңа бастамаларды газет оқушыларына тұжырымды түрде жеткізеді. Заметка өмірдің жағымды жақтармен бірге, кейбір кемшіліктері туралы да оқырманға дер кезінде жеткізіп отырады.
Қысқа хабар негізіндебір оқиға, бір құбылыс, бір объект ғана жатады. Автор өз пікірінбайыптау мен қорытынды жасамайды. Хабарға өзек болып отырғанфакт мен құбылыс тың әрі қоғамдық мәні мен маңызы салмақты болуға тиіс. Сонымен қатар ол текөмір шындығына, фактілер мен ресмицифрлар ға, ресми құжаттарға негізделіпжазылады. Сондықтан да олардың тарихи дерек ретінде бағасы өте жоғары.
Өмірдің осындай шындықтарынаналынған заметкалар баспасөзде әртүрліформада жазылады. Қысқы хабарда ортақнемесе дербес атаулар беріледі. Ол алуан түрлі формадажазылғанмен, оның негізгі екіғана түрі бар. Атап айтқанда, бірнеше жолдықтектесқысқа хабаржәне дербес қысқа хабар. Дербес қысқы хабар екі түрлі формадакеңейтілген түрде және сын түріндежазылады да, ол газеттің күнделікті ісінде өте жиі кездесіп отырады.
Тектес қысқа хабархалық шаруашылығы мен мәдениетсаласында болып жатқан алуан істердің жемістерін шағын жолдармен жеткізеді. Заметканың бұл түрі көбінесе өмірдің жағымды фактілерімен оқушыны көңілдендіріп қуантып отырады. Тектес заметканың өз алдына дербес атауы болмайды, бірнешежолдық боп, бір атаумен топталып береді.
111
Дербес қысқа хабардыңөз алдына дербес атауы болады.Оның баяндалуыкөлеміді, мәселені толығырақ қамтиды. Қол жеткен табыстардың мәнімен маңызын барынша қысқа, бірақ айқын баяндайды. Табыстың мәні мен маңызын хабарлаумен бірге оның сырын да жол-жөнекей,жол арасында түсіндіріп кетеді. Заметканың бұл түрі халық шаруашылығындағы жаңалықтарды, үлгілі істерді, жеке адамдардың еңбектегі көрнекті табыстарын өзіне өзек етеді.
Есеп (отчет)
Газет есебі – съездер,конференциялар, мәжілістер мен кеңестер туралы мерзімді баспасөзде жиі жазылатын хабаржанрларының бір түрі. Жиналыс-тары, әртүрлі кеңестер мен мәслихаттары өткізіліп жатады.
Сонымен қатар еңбекшілердің митингілері мен салтанатты демонстрациялары, бір жерде ескерткіштің ашылуы, өткізілген спорт жарыстары, әртүрлі делегациялардың кездесуіне арналған салтанатты жиналыс, міне, осы сияқты оқиғалар әр кезде де баспасөздің шағын жанры – газет есебінің өзегі болып отырады.
Газет есебінжазу – творчестволық жұмыс. Ол журналисттен оқиғаға жауаптылықпен қарауды талап етеді. Өйткені жиналыстар мен өнеркәсіптік мәжілістерде көптеген мәселелер қаралады, талай ойлар тоғысады, пікір таластары туады. Мұның ішінде дұрыс та, бұрыс та пікірлер ұшырасады. Ал кейде дұрыс, пайдалы пікір қағыс қалып, теріс пікірлерді қолдаушылар табылуы мүмкін.
Есептің мерзімді баспасөзде жиі қолданылып, көп таралғанымен де, оның санаулы ғана түрлерін атауға болар еді. Қазіргі баспасөздіңтәжірибесіне карағанда хабар жанрының бірі – газет есептері: заметка түрінде, қысқа есеп түрінде, тіке және кеңейтіл-генесеп түрінде, суреттеме түріндеберіледі.
Есептің қысқаша хабар түрітелеграфтық стильмен бірнешежол ғана жазылады. Есептің бұл түрінде жиналыс қайда,қашан өткені, қандай баяндама жасалғаны,оны кім жасағаны, жиналыс қандай шешім қабылдағаны қысқа хабарланады.
Тіке есепкоммунист партиясының, бүкіл еліміздің өмірінде болған елеулі оқиғаларға арналады.
Кеңейтілген есеп. Есептің бұл түрінде жиналыста, мәжілісте қаралған мәселелер түгел көрсетіледі. Мұнда баяндамашы да, сөйлеушілер де түгел қамтылады. Журналисттің болған оқиға, қаралған мәселе туралы өзінің пікірін білдіруіне толық жағдай туады. Журналисттің шеберлігі де, мәселені қаншама терең білетіндігі де, тақырыпты қандай дәрежеде меңгеретіндігі де, оның адалдығы мен принциптілігі де осы есептің кеңейтілген түрін жазу үстінде анық байқалады.Қеңейтілген есеп екі түрлібоп жазылады. Ол такырыптық және сын формасында кездесіп отырады.
Суреттеме есеп.Есептің бұл түрісуреттеу стилімен жазылады.Мұнда автор оқиғаны тартымды да қызғылықты әдеби стильде береді. Мұның өзі мерекенің өтуіне, салтанатты жиындар мен слетке, әртүрлі көрмелерге, бүкіл халықтық
112
мерекені мейрамдау демонстрацияларын келісті теңеулерді кең қолдана оты-рып, жүрекке жылы тиетін әдемі тілмен жазады.
Интервью (сұхбат) оқиғаға екі адамның, журналист пен оның әңгімелесушісінің, қатысуымен жүргізіледі. Бұл жанр оқиға туралы интервью берушіден алынған қосымша мәліметтерге көбірек сүйенеді. Бірақ фактілердің берілу дәлдігін байқау мен оларға журналистің қатынасын түсінуде қажетті болғандықтан, интервьюдің тексті мұхият талдау керек.
Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе шаруашылық салаларында істепжүрген озаттар мен сан алуанмәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл әңгімелермен пікірдің біздің ұшан теңіз болыптолқып жатқан өміріміз үшін маңызы менқоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселеніңмән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы болып саналады.
Сұбхаттың мазмұндыболуы мынадай жайларға байланысты: журналист әңгімеге лайық тақырыптытаңдай білді ме, интервью беретін тұлғаның біліктілігі, журналистің әзірлігі, сұрақтардың тереңдігі және өзектілігі. Міне, осындай негізгі талаптар орындағанда ғана интервью көңілдегідей болып шығады.
Қазіргі баспасөзімізде:интервью – әңгіме, интервью сұрақ-жауап,интервью – суреттеме, интервьюанкетатүрлері бар. Сонымен қатарсоңғы кездері газет«тілші тілдескенде», «біздің интервью»деген және басқа рубрикалармен де интервьюлер жариялап жүр.
Репортажлат. «rераrtоrе» – хабарлау, баяндау дегенмағына береді. Алғашқы уақыттарда ағылшын парламентінің мәжілістерітуралы берілген хабарларды репортаж деп атаған. Оның авторлары – мәжіліске қатысқан баспасөз өкілдері – репортёрлер болған. Репортажға тән нәрселер: репортёр болған оқиғаның басы-қасында, оны бақылаушы болады. Ол сол оқиғаны болған қалпында суреттеп жазады, оны өз әсерлерімен, өз пікірлерімен толықтырады. Кез-келген ұсақ-түйекоқиғалардыңбәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның өзегінде елеулі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар жатуға тиіс. Ол оқиғалар толық, жан-жақты, жүйелі түрде дамытылуы керек. Репортаж жаңа да елеулі оқиғалар туралы жазылып, өмір шындығына сүйенеді. Тіл, стилінәрлі де тартымды болуы керек.
Түрлері:Жедел репортаж.Белгілі бір уақыттың ішінде болған оқиғаны ғана қамтиды. Мысалы, бір делегацияның келуі, салтанатты жиылыстар мен мерекелердің өткізілуі, немесе спортшылардың кездесулері және тағы басқа оқиғалар. Мұндай оқиғалар белгілі бір күнде, нақтылы бір уақытта өтеді. Сондықтан сол күні, солсағатта оған қатысып жазбасаң, әрине, оның өзектілігі болмай қалады. Ал маңызын жойып алған репортаждың ешбір мағынасы қалмайды. Сондықтанмұндайрепортаждытекжеделтүрдеғанажазуға болады.
Оқиғалы репортаж. Елімізде талай-талай таң қаларлық құбылыстар мен оқиғаларболыпжатады. Кейбір оқиғалардың қоғамдық-саяси мәні болуымен бірге, ол елдің даму кезеңдерінен елеулі орын алатын оқиғаларболады. Ал, кейдеболғаноқиғаныңтек еліміз үшін емес, бүкіл адам баласының тарихында
113
елеулі орын алатыны да болады. Міне, осындай мәні өте зор оқиғаға арналған репортаждарды оқиғалы репортаж дейміз.
Проблемалық репортаж. Кәсіпорынның,мекеменің,оқу орнының күнделікті
өмірінен жазылады. Репортаждың мұндай түрінде журналисткәсіпорындарменсовхоздардың немесе колхоздардың бір күнгі еңбек көрінісін суреттеп жазады. Болмаса жеке бір озаттың еңбек қимылын қамтиды. Мұндай репортажда істің жақсы жақтары: озат кәсіпорны, үздік еңбектің үлгісін көрсетуші адамтуралыбаяндалады.
Жол-жөнекей репортаж. Репортаждың бұл түрі жол-жөнекейочеркке ұқсас келеді. Ол оқиға туралыбаяндаумен қатар журналист көргендерініңішінде елеулі нәрселердің бәрін қысқа баяндап отырады.Журналист заводты, қаланы, яғни белгілібір объектініаралағанда назар аударатын жайларды қысқаша, қою-лап жазып отырады. Жол-жөнекей репартажкөбінесе репортердің объектіні аралау сапарынан туады.
Сөйтіп, жол-жөнекей репортаж көбінесе кәсіпорындары мен совхоз, колхоз шаруашылығын аралау үстіндетуады. Репортёр мұндай репортаждыжол-
жөнекейбайқап,көрген-білгендерінәдемілеп суреттей отырып аралаған жерлерінің барлық жайын, адамдардың еңбегін, олардың көңіл күйін көрсетеді. Репортаж жазу тақырыптаңдаудан басталады. Репортаж жазуды тілеп тұратын көп сырлы, әсерлі тақырыптар да болады. Мысалы, бүкілхалықтық мереке, салтанатты жиналыс, көрменің ашылуы, үлкен каналдың пайдалануғаберілуі, шопан аулының тойы, егін орағына жаппай кіріскен алғашқы күн тағы басқалар. Қалай болғанда да тақырыптың тыңдығы, жаңалығы ұнамдылығы журналистің үнемі іздену, ойлануы үстінде тууға тиіс.
Корреспонденция – өмір фактілерін жинақтап, оны жан-жақты талдап зерттеудің және қорытудың негізінде шындық құбылыстар мен оқиғаларды баяндайтын газет жанры. Ол – өміріміздің шындығын сол өмірдің жеке фактілері менқұбылыстары арқылы баяндаудың әдебиформасы. Оның тілі нәрлі, көркем, тартымды болып, ол публицистикалық стильдежазылуы ке-рек.Корреспонденцияжанры әдеби форма ретіндетым жан-жақты келеді.
Қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтерумен газетбеттерінен алған орындарына қарағандакорреспонденция газеттің негізгіжанры боп саналады. Саяси және халық шаруашылығы саласындағыбасты мәселелерге газет, ең алдымен, осы корреспонденция жанры арқылы үн қосады. Ол алуан-алуан өміріміздіңтоқсан түрлі тартыстарын барлық жағынан да қамти жазады. Сол арқылы оқырманның назарын келелі міндеттергеаударады, ол міндеттерді істе мүлтіксізорындауға жұмылдырады.
Корреспонденция нақтылыфактілердің негізінде өміріміздіңшындығын баяндайды.Ол «фотография емес, көркем сурет болып шығу керек». Ол фактілердің жай ғана жиынтығы болмай, оның саяси мақсаты, тенденциясы, түйінді пікірі, өмірге әсер етерліктей жалыны болуға тиіс. Мұның басқажанрларыменұқсастығы көп болғанмен, бұл жанр тек өзіне ғана тән көптеген ерекше белгілері бар.Оныңнегізгіарқауы – факті. Фактіні терең зерттеужәне іріктеп алу – творчестволықжұмыстың тек бастамасы ғана Факті –
114
корреспонденцияныңқұрылысматериалдарытәрізді.Егер құрылыстың қажетті материалдары кезінде және сапалы әзірленбесе, ешқандай құрылыс салу мүмкін емес. Сол сияқты факті жақсы тексеріліп, шебер іріктелмесе, әрбір фактінің ішкі мәніне терең түсінбесе, ондай материл сапалы тарихи дерек бола алмайды. Корреспонденция түрлері.Суреттеме корреспонденцияжеңіл, суреттеу стилімен жазылады. Мұндағы негізгі мақсат болған оқиғаны, құбылысты оқырманға көркем тілмен жеткізу. Мұнда образ, портрет, вымысел (ойдан шығару), домысел(ойданқосу)дегендерболмайды. Корреспонденцияның бұл түрінде кейіпкердіңтолықпортреті болмағанымен оның элементтері орын алады.
Суреттемекорреспонденцияда фактілер, оқиғалар мен құбылыстар тең, жан-жақтыталданбайды. Ол мәселе де көтермейді. Мұнда көбінесе өміріміздің жағымды жақтарықамтылады. Сондықтанболған кемшіліктерге талдау жасау, себептерін анықтау, оны жоюдың жолдарын көрсетужағына назар аударылмайды.
Жедел корреспонденция. Бүгінгі күннің қойыпотырған міндеттеріне, кезек күттірмейтіністерге, тез және оперативті араласып отырады. Жедел корреспонденция – өміріміздің алуан саласында болып жатқан табыстарымыз бен жеңістерімізді, немесе кемшіліктерімізді тез хабарлауға тырысады.Жедел корреспонденция үшін уақыт шешуші роль атқарады. Ондаталдау жан-жақты болумен бірге нақтылы болуға тиісті. Табыс пен жетістіктер туралы жазылғанда оның сыры мен мәні кең ашылса, ал кемшіліктер туралы жазылғандаоныңсебептерін,оған жауаптыларды қатал жан-жақты сынау керек.
Жедел корреспонденциядегеніміз – өмірдің бүгінгі талабына ілесе үн қосып, уақыт пен жағдайға байланысты нақтылы объектінің фактілерін өзек етеотырып, ерекше оперативтік сарынмен жазылған корреспонденция жанрының бір түрі.
Проблемалық корреспонденция.Бұл – газеттіңкорреспонденцияжанрларының басқа түрлеріне қарағандаедәуір күрделі түрлерінің бірі. Егер
корреспонденция өмірдің бір бөлшегінқам-тидыдесек,алпроблемалықкорреспонденция сол өмірдің бір бөлшегінің
қандайынан болса да проблемалық мәселекөтереді.Проблемалықкорреспонденциягазеттіңбұл жанрларының басқа екі түріне қарағанда тақырыпты талдауы жан-жақтырақ және тереңірек келеді. Тақырыпты баяндауы да, мәселені қорытындылауы да анағұрлым күрделі болады. Проблемалық корреспонденцияның тақырыбы өзінің күрделілігі мен маңыздылығы жағынан аумақты және салмақты келеді. Күрделі такырыптарды өзек ету – проблемалық корреспонденцияға тән нәрсе.
Очеркті көркем-публицистикалық жанрдың «патшасы»деп атайды. Бұл ең қиын жанрлардың бірі, себебі ол журналистен шынайы әдеби шеберлікті талап етеді. Очеркте аналитика және бейнеліліктің бастамалары бірлеседі. Бір сөзбен айтқанда, журналист тек фактты ғана емес, сонымен қатар, көркемдеу әдістерін де қолдану қажет.
115
Очерктің басты үш түрі:портреттік очерк;проблемалық очерк;жол-сапарочерк;
Осылардың ішінен жол-сапар очеркке тоқталсақ,бұл автордың сапар кезіндегі оқиға немесе кездесулерінің суреттелуі. Бұл жанр авторға фантазия мен әдеби шеберлікті қолдануға көбірек мүмкіндік береді. Басты проблема – ақпаратты сараптау, себебі сапардан кейін көп әсерлер қалады, алайда, олардың қайсысы қызықты, қайсысы маңызды екенін түсіну қажет. Жолсапар очерктің бірнеше мақсаты бар, мысалы, әртүрлі елдегі адамдардың өмірін көрсету т.б.
Жолсапар очеркіне баспасөз зерттеушісі Д. Баялиева мынадай анықтама береді: «Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді».
Жолсапар очерк – публицист-суретшінің жазудағы ең ашық формалардың бірі. Жазушы материалды еркін жеткізіп, оқырманмен ашық қарым-қатынаста болады. Осы очерктің түрінде тарих, статистика, жаратылыс ғылымдардың элементтері мен саясатқа қатысты мәселелерге пікір білдіру, жеке ойлар, сезімдер бар.Жолсапар очерктің тамаша үлгілері: М. Әуезовтың «Үндістан очерктері», «Америка әсерлері», Б. Момышұлының «Кубадағы кездесулер» мен Н. Оразбековтың «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы».
Көсемсөз–публицистика (лат.Publіcus– қоғамдық) –әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы. Публицистика белгілі бір күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарастарымен байланыстырады. Көсемсөз халықтың рухын көтеретін ұшқыр да уытты көркем тілмен жазылады, көпшілікті игі іске шақырады, бірмақсатқажұмылдырады (Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010).
Төл тіліміздегі баламасын алғаш ғылыми айналымға енгізгенАхмет
Байтұрсынұлы. «Әдебиет танытқыш» аттыеңбегіндекөсемсөз ұғымын
публицистикабаламасыретіндеқолданады.Өт-
кенғасырдың70жылдарындаКеңеселіндекөсемсөзтуралы пікірталас қызу өрбіді.
«Вопросы литературы» журналының 1970жылғыжетіншісанында
«Публицистика – әдебиеттің алғы шебі»
дегентақырыптапікірталасқақатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынған. Бұл мәселегеаталған басылым 1973жылғы10-санында«Публицистикажәнеқазіргізаман»деген тақырыппен қайта айналып
соқты. Екінші санында да, тоқ
етерінайтсақ,ортақтұжырымыпублицистикаәдебиеттіңжауынгержанры дегенге
келіп саяды.
Алашқайраткерлерініңкөркем-публицистикалықтуындыларыныңтарихи дерек
ретіндегі маңызы өте жоғары. XX ғасырдың басында баспасөзбетіндепайдаболғанкөркемпублицистикалық жаңа жанрдың бірі – ашық хат түріндегі көсемсөз мақалалары. Өкініштісі ашық хат туралы ғылыми
116
әдебиеттенақтысипаттама жоқ. А.Байтұрсынұлызаман хат деген термин кіргізді.
Заман хат та ашық хатсияқтызаман лебін, заман ағысын, қоғамдағы күрделі
өзгерістерменқұбылыстардың мәнінжұртшылыққажеделтүрдежеткізіп,сол жаңалықтардан үлгі алуғашақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |