Педагогикалықинституты аманжолкүзембайұлы деректану


Код поля изменен Код поля изменен Код поля изменен Код поля изменен Код поля изменен Код поля изменен



бет9/23
Дата17.03.2020
өлшемі2,74 Mb.
#60307
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82


Код поля изменен Код поля изменен Код поля изменен Код поля изменен Код поля изменен Код поля изменен
Код поля изменен Код поля изменен


Код поля изменен Код поля изменен
Код поля изменен


Код поля изменен


Код поля изменен
Код поля изменен Код поля изменен

белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады...
аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп.Егіншілікпенайналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер),скифтерсияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді", деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе басқа да грек авторларының шығармаларынаұқсас екендігін аңғарамыз.
Орталық АзияменҚазақстанжерін мекендеген скифтердің шығыстан батысқа қоныс аударуы нәтижесіндеҚара теңіздің солтүстік өңіріндегі скифтер мемлекеті пайда болды. Ал Қара теңіз жағалауы скифтері өз замандастары гректермен тығыз қарым-қатынас жасаған. Бұл аймақтағы тарихи байланыстар жөнінде бірсыпыра анық мәлімет беретін «Тарихта» Геродот Скиф даласынан шыққан ғұламаАнахарсистуралы маңызды дерек қалдырған. Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 594 жылы келеді. Оның шыққан тегі туралы алғашқы деректі Геродот былайша береді: «Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшысы Тимнен естуім бойынша, Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің ағасы болып келеді. Спаргапифтен Лик, Ликтен Гнур, одан Анахарсис туған». Анахарсистің басты мақсаты – Эллада еліне барып, мемлекет ісін, философия ғылымын игеру еді.

Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен


қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының
өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері

бар. АнахарсисСолонарқылы афинылықтардың салт-дәстүрімен, заңымен,


мемлекет құрылысымен тереңірек танысады. Скиф данасы көне грек ой-


шылдарын, грек мәдениеті мен өнерін біліп қана қоймай, оларға сын көзбен
қараған. Оның көзқарастарынан далалықтардың дәстүрлі дүниетанымы

байқалады. Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс бітімі қазақтың белгілі

шешен-билерінің сөздерімен қабысып жатыр. Эллин жерінде жүрсе де,
тұрмыста скифтерше өмір сүреді.
Плутархтың«Жеті данышпанның сауығы» деген әңгімесінен Анахарсистің эллиндер елінде өзінің ақылымен, адамгершілігімен, терең білімімен үлкен құрметке ие болғаны байқалады. Геродоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис Эллада елінде оқып, білім алып, мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады. Анахарсис туған Отанында оны көре алмаушылардың қолынан қаза табады. Геродот Анахарсистің қайғылы өлімінің себебін скифтердің әдет-ғұрпымен байланыстырады. Афины билеушісі, Атақты реформаторСолонныңтөмендегі жалынды сөздері ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады: Ал мына жателдік азамат... скиф бола тұра ақылға бай, дана. Ол менің көзімді ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға көмектесті, толып жатқан кеңес беріп, білім мен пайдалы іске үйретті. Сондықтан да бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де құтты деп

67


Код поля изменен Код поля изменен Код поля изменен


Код поля изменен

Код поля изменен

Код поля изменен

санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең бір құрметті жерге

қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың ежелгі дүние өркениеттерімен парсылармен, гректермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Сақтардың сол кездегі көптеген тарихи оқиғалардың бел ортасында жүргендігі байқалады. Адамзат жинақтаған мол құндылықтармен танысу әлемдік өркениеттегі Еуразия көшпенділерінің алатын орнын анықтауға көмектеседі. Бұл өз кезе-гінде тарихтағы еуроцентристік көзқарастардан арылуға септігін тигізері сөзсіз.
Қытай жазба деректері.ҚытайдыңБатыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді. Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140–87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы «Батыс өңір» деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.

Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цяньбастаған елшілікке ғұндарға қарсыЖетісудағыүйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін назар аударып, жазып алып отырды.

Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы «Қытай тарихының атасы Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145–86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның «Тарихи жазбалар («Шицзи»)деген еңбегінің «Сюнну туралы хикая» және «Давань туралы хикая» деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас.
Көне түркі жазуларытарихи дерек. Көне Түркі жазуларының зерттелуі Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.
Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721–1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 жылы. З. Байердің Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу.
Әдебиет

68


Код поля изменен



Код поля изменен

История Казахстана в произведениях античных авторов.В двух томах. Астана:
Фолиант, 2005.
История Казахстана в персидских источниках. Алматы: «Дайк-Пресс»,
2005.«Таным тармактары». Алматы., «Санат», 1998./Сост.К.Салгараулы.

«Сиуңну. Хан Кітабінан» («Сюнну»). Алматы, «Санат», 1998./

Сост.К.Салгараулы.
«100 құжат». Алматы, «Санат», 1998./ Сост.К.Салгараулы.
«Дунху. Гаучы». Алматы, «Санат», 1999./ Сост.К.Салгараулы. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. 1-2т. Алматы; 2005. Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Письменные источники по истории икультуреКазахстанаиЦентральнойАзииXIII,XVΙΙΙвв.:(библиографические обзоры).Алматы, «Дайк-Пресс», 2001. – 426с.


  1. НАРРАТИВ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ


Жоспары


  1. Тарихи зерттеулердегі нарративті деректердің орны. 2.Еуропа нарративті деректері.


3.Орта ғасырдағы қазақ нарративті деректері.


  1. Тарихи зерттеулердегі нарративті деректердің орны

Тарихи зерттеулерде нарративті деректердің орны ерекше. Мұндай деректер тек тарих ғылымында ғана емес, сонымен қатар, басқа да гуманитарлық пәндерге тән. Сонымен нарратив дегеніміз не? Нарратив дерегінің бірнеше нұсқасы бар, алғашқысы латын тіліндегі narrare және gnarus деген екі сөздің қосындысынан пайда болған. Қазақ тіліне аударғанда «бірдеңе жөнінде біле-тін» және «эксперт» осы ұғымға ұқсас ағылшын тілінде де «narrative» аударғанда әңгіме деген сөз бар. Біздің пікірімізше, осы термин әңгіме еткелі отырған нарратив түсінігіне сәйкес келетін сияқты. Бүгінгі ғылымда нарративті деректер психология, әлеуметтану, саясаттану, филология, философия тіпті психотрия ғылымында да кездеседі. Ғылымда нарративті, наррация, нарра-тивтік техника сияқты нарратология ғылымының бағыттары бар.


Жоғарда айтылғандай нарратив термині білім және әңгіме ұғымдарына сәйкес. Яғни нарратив дегеніміз болған оқиғаны баяндауды білдіреді. Бірақ нарративтің жәй әңгімеден түсінігі бөлек. Нарративті әңгімелеудің өз сипаты және ерекшеліктері бар. Сондықтанда оны жәй әңгімемен шатыстыруға болмайды. Енді оның ерекшеліктеріне тоқталайық: Жәй әңгіме бұл коммуника-
69



ция әдісі, ақпарат алмасу түрі ал нарратив сол ақпаратқа мағына беретін, түсіндіретін әңгіме. Американың философы және өнер зерттеушісі Артур Данто өзінің тарихтың аналитикалық философиясы атты еңбегінде бұған «түсіндіретін әңгіме» деген сипаттама берген болатын. Нарратив объективті емес керісінше субъективті әңгімелеу. Нарративтік әңгіме дегеніміз өмірде жие кездесетін жәй әңгімені субъективті эмоцияны және әңгіме айтушының бағасын қоса беру арқылы жасалатын әңгіме. Әңгіме айтушы ақпарат беру барысында болған оқиғаға жәй ғана констатация жасамай оған өзінің жеке басының эмоциясын қосып және сол оқиғаға өз бағасын береді. Сөйтіп тыңдарманды, оқырманды өзіне тартуға тырысады, берген ақпаратына қызықтырады.
Тарихи оқиғалар бір-бірімен себеп-салдарлар байланыста болатындығы белгілі. Нарративті әңгіме айтушы осы оқиғаларды қисынды байланыстырады. Мысалы: 1812 жылы Бородино түбінде орыс әскері шегінуге мәжбүр болды. Бұл жәй әңгіме түрі ал енді осы әңгімеге оның себебін білдіретін сөздерді қоссақ ол нарративті әңгіме болып шығады. 1812 жылы «орыс әскері тактика-лық қулық жасап Бородина түбінде елдің ішкі аудандарына қарай шегінді десек бұл нарративті әңгіме болып шығады. Мазмұны жағынан бұл әңгіменің екі нұсқасының да бірінен-бірінің айырмашылығы жоқ, дегенмен екінші нұсқадағы «тактикалық қулық жасады» деген сөз тіркесі жәй әңгімені нарративке айналдырып отыр. Бірінші нұсқасында субъективтілік көзқарас жоқ, ал екінші-сінде субъективтік көзқарас негізгі ойды білдіріп тұр.
Жалпы, нарратология ХХ ғ. 60-70 жылдарында жазба әңгімелерді, көркем мәтіндерді зерттеудің структуралистік әдісі ретінде пайда болды. Оның негізгі міндеті әңгімелеудің астарында жатқан «терең құрылымдар» мен «әмбебап грамматиканы» іздеу деп белгіленді. Нарративті тарих аясында оқиғалардың мағынасы түбегейлі негізделген тарихи процесс деп емес, оқиға туралы әңгі-менің контексінде туындайтын және интерпретациямен ішкі байланыста болады деп түсіндірілді. Нарративтік талдаудың көмегімен фактілер, оқиғалар іріктеледі және түсінік беріледі.
Олар белгілі бір «сюжетке» айналып, оқиғалар неге дәл осылай болу мәнісі ашылады. Нарратив шындықты түсіндіру моделін жасайды, тәртіпке келтіреді, ұйымдастырады, сендіреді. Ол аудитория назарын бір құбылыстарға аударады, ал екіншісін тасада қалдырады. Нәтижесінде құбылыстар әлеуметтік және коммуникативтік контексте мән мағынаға ие болады. Нарратив арқылы субъект өзін әлеуметтік аудиторияға белгілі бір қоғамның, мәдениеттің өкілімін деп таныстырады. Нарративтің ерекшелігі де осында, өйткені когнитивтік практикасын түсіндіруші субъект таным процесінің «ішінен шыққан».
Нарратив 6 элементтен – тезис (қысқаша мазмұны, резюмесі), бағыт-бағдар (болған уақыты мен жері, кейіпкерлері), оқиға реттілігі, бағасы (айтушының оқиғаны бағалауы), резолюциясы (оқиға немен бітті), коды (айтушының қазіргі уақытқа қайтуы) – тұрады.
Нарративтік талдау барысында сұхбат материалдары мазмұндық ғана емес, мәтін формасына қатысты да сарапталады. Яғни сұхбат берушінің жеке басына қатысты немесе белгілі бір оқиғаны субъективті қабылдауына байланысты өз
70



еркімен, өз қалауымен қандай оқиғалар мен өмірінің жайттарын бөліп көрсететінін өзі шешеді. Сонымен қатар сұхбат беруші қандай категорияларды, ұғымдарды, сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланатыны да маңызды. Нарративтік талдау биографиялық немесе тақырыптық сұхбатты сапалы түрде талдауға жетелейді. Ф. Шютц, В. Фишер, Г. Розенталь, Дж. Брунер – нарративтік талдаудың методологиялық негіздерін жасаған ғалымдар. Айтылған әңгімелерді (нарратив) оқу, түсіндіріп беру және талдау бір-біріне тәуелсіз холистикалық тәсіл немесе «категориялық versus» және мазмұндық тәсіл немесе «формал-дық versus» өлшемдерімен жүреді.
Бұл екі өлшемнен нарративті интерпретациялаудың төрт моделі туындайды:
холистикалық – мазмұндық, холистикалық– формальдық, категориялық – мазмұндық және категориялық- формалдық. Категориялық тәсіл толық мәтінді не түрлі респонденттерден алынған бірнеше мәтінді секцияларға бөлу және ондағы сөздерді категориялармен байланыстырып талдауды білдіреді. Холистикалық тәсіл материалды тұтас қарастырып мәтін-нің әрбір бөлігін басқа бөліктердің контексінде түсіндіреді. Категориялық тәсіл белгілі бір мәселені не феноменді түсіндіруге ыңғайлы. Тұлға өмірін тұтас зерттеуге холистикалық әдіс қолайлы. Мазмұндық тәсіл оқиға туралы әңгіменің фактілік ақпаратын талдайды: тұтас оқиғаның, не оның бөліктерінің мәні мен маңызын, мүдделердің көрінісін, информанттың тұлғалық ерекшелігін, т.с.с. Формалды талдау әңгіме сюжетінің құрылымын, оқиғалар реттілігін, уақыттық сәйкестігін, көңілкүй мен сезімдерге қатысты сөйлеу стилін, қолданылған метафоралар, т.б. анықтау үшін қолданылады. Нарративті зерттеп жүрген ғалымдар «кездейсоқ оқиғалар» тәжірибесін баяндайтын жағдайлармен жиі ұшырасатындарын айтады.
Дискурс және нарратив
Дискурс (фр.) тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурсдегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Дискурс сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына талдау беретін ұғым. Структуралистер ғылыми айналымға қосқан бұл ұғым философияда, әлеуметтануда, семиотикада мәдениеттануда, когнитивтік талдауларда қолданылады. Дискурс ұғымы арқылы қандай да бір тікелей оқырманға не тыңдаушыға бағытталған концепция (ғылыми, философиялық) белгіленеді. Дискурс адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-катынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен белгісін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды.
Француз әдебиеттанушысы Жан Франсуа Лиотар наррацияны дискурстың бір түрі деп есептейді. Ал енді екінші бір неміс ғалымы Иенс Брокмейер нарративті дискурстың бір түрі деп есептейді. Соныменен лингвистика дәне әдебиеттану ғылымдарында нарратив және дискурс ұғымдары бірімен бірі байланысты бірімен бірі өмір сүре алмайтын түсініктер.
71



Тарихи нарративтер
Осы күні барлық гуманитарлық ғылымдар пайдаланып жүрген наративті деректер тарих ғылымының аясында пайда болған. Тіпті орта ғасырда «нарратитві тарих деген» термин де болған. Оның мәні тарихи оқиғаларды логикалық ретімен емес контекст және интерпритация призмасы негізінде қарау болды. Яғни нарративтің негізінде оқиғаның өзі емес ол туралы әңгіме жатты. Соныменен тарихи нарратив әңгімедегеніміз оқиғаның объективті баяндалуы. Нарратитвке трактат, хроника, кейбір фольклорлық және литургиялық сияқты тарихи мәтіндер жатады. Нарративті дерек дегеніміз нарративті баяндауы бар мәтіндер мен хабарламалар.
Й. Брокмейера жәнеР. Харре сияқты ғалымдар барлық кез келген мәтіннің тарихи нарративке жата беретініне қарсылық білдіреді.Мысалы кейбір «өмірбаяндық» мәтіндер уақыт өте келе өзгеріске немесе редакциялауға ұшыраған. Ондағы фактілердің объективтілігіне сенім аздығын алға тартады.
Дегенмен болған оқиға барысы одан өзгермейді. Деректанушы контекстен өзіне керегін сын елегінен өткізіп барып керегіне жаратады. Бәрімізге белгілі, өмірбаян иесі өзі туралы бар шындықты айта бермейді. Өзі туралы мәліметте ол жамандығын жасырып, жақсылығын асырып жазуы әбден мүмкін.
Нарративті деректерді адам жасайды. Сондықтан онда субъективті факторлардың әсері бар. Адам белгілі бір әлуметтік топтың немесе қоғамның мүшесі. Қоршаған орта, елдегі саяси ахуал, жазушының білімі, қызметі,қоғамдағы орны, жас мөлшері сияқты факторлар нарративті деректерден көрініс табады.
Соныменнарратив дегеніміз өзіндік құрылымы бар логикалық байланыстағы әңгіме. Автор өзінің өмірлік тәжрибесіне қарай айналасында болып жатқан құбылыстарды қабылдап өзін өзі тануы және өзін жұртқа таныстыруы.
Тарихи нарратив арқылы тарихи тұлғалардың өмірге деген көзқарасын ескере отыра сол заманның болмысынан мәлімет аламыз. Кейде автор сол оқиғаның қатнасушысы немесе оның куәгері.
Нарративті деректерді топтау
Ортағасырлық нарративті деректерге мына төмендегілер жатады:хроника (грек.–уақыт)– тарихи оқиғаларды хронологиялық тәртіппен сипаттау дегенді білдіреді.Хроника тарихи туынды ретінде Ежелгі Рим империясында пайда болып, Византия мен Батыс Европада дамыды. Әдетте, хроникалар өзінің баяндауын ғылымның қалыптасуынан бастайды. Хронографтардың аударма-лары негізінен Болгарияда жүргізілген. Русьте жасалған хроникаларды хронографтар деп атайды. ХІІ ғасырдың соңынан бастап ХVІІІ-ға дейінЛивония мен Шығыс Балтық елдерінде хроника маңызды тарихи дерек болып табылады. Солардың ішіндегі ең танымал: ЛатвиялықГенрихтың «Хроника Ливонии»(XIII ғасырдың алғашқы жартсы.), «Рифмованная хроника» (XIIIғасырдың соңы.), «Новая рифмованная хроника» Б. Гёнеке (XIV ғасырдың орта шені.)

72



Қазіргі заманғы тарихи әдебиеттерде «хроника» атауы кең мағынада жиі қолданылады ортағасырлық тарихи шығармаларға, Шығыс елдеріне қатысты. Ежелгі Русь және басқа да бірқатар елдердің (Византия, Болгария, Сербия) тарихи шығармалары хроникаға байланыстыжылнама және хронограф деген атқа ие болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет