Педагогикалықинституты аманжолкүзембайұлы деректану



бет7/23
Дата17.03.2020
өлшемі2,74 Mb.
#60307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82


7.ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕР
Жоспары
1.Жазбаша дерек түсінігі және түрлері.

2.Жазу өнерінің пайда болуы және алғашқы жазбаша деректер.

3.Көне дүние деректері.


  1. Жазбаша дерек түсінігі және түрлері

Жазбаша деректер тарихи зерртеулерде кеңінен қолданылатын ақпарат көзі екендігі баршамызға белгілі. Әлем тарихшылары арасында ондай деректердің беделі өте жоғары. Сондықтан әрбір зерттеуші алдымен жазбаша деректерді іздеп табуға тырысады. Жазбаша дерек дегеніміз кез келген затқа арнаулы белгілер арқылы өткен заманнан жеткен ақпарат. Оның тарихы жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты.


ХІХ ғасырдың аяғында жазылғанның бәрі дерек емес деген түсінік пайда болды. Жазбашадеректерге сын көзбен қару қажеттілігі орта ғасырда айтыла бастағанымен, тек соңғы ғасырларда ғана деректемелік талдау мәселесі ғылыми жолға қойылды.

61

Жазбаша деректер сан-алуан. Пиктографиялық ақпарат көздерінен бастап ғылыми еңбектерге дейін жазбаша деректер болып саналады. Сондықтан да оларды бір жүйеге келтіріп, топтау мәселесі туындайды. ӘсіресеКеңес тарихшылары жазбаша деректерді бөлшектеудің бірнеше нұсқасын ұсынды. Алғашқыда барлық жазбаша деректердіқұжаттық (документальные) және баяндайтын(повествовательные) деп екі топқа бөлді. Бірінші топқа жататын ақпарат көздері өмірде болып жатқан уақиғаларды тіркеп отыру қажеттілігінен туған. Ондай құжаттарды жасағандар келешек ұрпаққа ақпарат қалдыруды ойлағанжоқ. Сондықтан да мұндай құжаттар шынайы болып, зерттеушінің сенімін арттырады. Дегенмен мұндай деректер оқиға жөнінде толық ақпарат бере алмайды.
Жазбаша деректердің екінші әдеиі тарих үшін жазылады. Оқиға ретретімен, толық әрі оның ішіндегі элементтердің бір-бірімен байланыстыра отыра баяндалады.Баяндамалы деректер мұқият тексеруді қажет етеді. Бір ғана ақпарат көзін пайдаланып тарих жазуға болмайды. Зерттеуді басқа дерек түрлерімен толықтыру қажет.
Әлбетте жазбаша деректерді осылайша топтау шартты түрде болуы мүмкін. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай ақпарат көздері әр алуан. Деректердің бір түрі жойылып кетіп жатса, жаңа түрлері пайда болып жатады.
Деректердің бұл екі тобы да өз кезеңінде бірнеше түрлерге бөлінеді. Деректердің түрі дегеніміз –мазмұны мен ішкі құрылымы ұқсас құжаттар кешенін айтамыз.Деректердің топқа және түрге бөліну мәселесі ғылымда ұзақ пікірталас тудырғаны белгілі. Сондықтан ешбір ғалымның концепцясына еліктемей қазақ тарихына байланысты жазбаша деректерді өз қалауымызша топтауға тырыстық.
I. Құжаттық деректер:
1.Заңнамалық құжаттар.(Құқық ескерткіштері);

2.Акт деректері (келісім-шарттар);

3.Іс қағаздары(кеңселер мен мекемелерде пайда болған құжаттар);
4. Статистикаматериалдары.

II.Баяндау деректері:

1.Жылнама және хроника;
2.Жазу өнерінің алғашқы нұсқалары;
3.Ортағасырлық нарративті деректер;

4.Естеліктер мен и эпистолярлық жанр ескерткіштері;

5.Әдеби және публицистикалық шығармалар;


  1. Баспасөз материалдары.




    1. Жазу өнерінің пайда болуы және алғашқы жазбаша деректер

Жазу дегеніміз адамның ойын, пікірін білдіретін, хабарын жеткізетін таңбалар жүйесі. Жазудың басты атқаратын қызметі хабар беру.Оның алғашқы түрін


62

пиктография(лат.pictusболу,грек,grapho жазамын) деп атаймыз. Пиктографиялык жазу шартты түрде бейнеленген суреттер аркылы тілдік формаларды емес, тек ойды, ұғымды білдіретін ертедегі жазу түрі.


Әрбір сурет бүтіндей хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді.Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Зерттеушілер пиктографиялық жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды деп есептейді.


Мұндай жазу өте қарапайымболды, сондықтан тереңмазмұнды ойдыжеткізу мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әртүрлі белгілердің, дүкендермен мен шеберханалардың жарнамасындағы бас, аяқ киімдерінің суреттеріпиктографиялық сипаты бар.
Осындай жазудың дамуы барысында идеографиялық жазу пайда болды. Оның таңбалары идеограммалар деп аталады. Идеограммалар белгіленетін заттың мағынасын білдіретін шартты таңбаларынқолданған.
Идеографиялық жазудың үлгілерін ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан мың жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айналған.
Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді: олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Жазудың идеографиялық принцпін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, «5» деген цифр. Бұл цифрдың сандық мағынасы барлық халыққа түсінікті. Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әртүрлі.Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді, бірақ ол таңбаның цифр атының дыбысталуына ешбір қатысы жоқ. Осы ерекшелік, идеограммалар мен идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек.
Қазіргі кездегі идеограммалар (математикалық, химиялық, астрономиялық және т.б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестері мен айтылатын ғылыми терминдерді білдіреді.
Әліпбинемесеалфавит (гр.–альфа және бета (жаңа грек. – вита деген екі әрпінің қосындысы;) жазуда қолданылатын әріптердің белгіленген тәртіп бойынша орналасқан жиынтығы.Әріптердіңрет тәртібін де білдіреді. Ұғымды белгілейтінидеограммажазудан, сөзді бейнелейтінлогограммажазудан әліпбилік жазудың жүйесі мүлде бөлек.
Жазудың әліпбилік үлгісін, яғни таңбаның бір ғана дыбысқа сәйкес келуін
біздің заманымыздан бұрынғы3-мыңыншы жылдардың ортасындасемитхалықтары ойлап тапқан. Семит тілдерімен туыстас көлбеу (курсив) арамей (көне семит тілі) әліпбиі Таау және орта шығыселдерінің
63
Код поля изменен Код поля изменен




бәріне дерлік тарады. Біздің заманымыздан бұрынғыVІ-ІV ғасырлардаКіші АзияданҮндістанғадейінгі билік құрғанАхемен әулетібилеген парсы мемлекетінде қолданылған парсы-арамей жазуы (парфян, соғды, хорезм жазу- ларына негіз болған),еврейлердіңшаршы жазуы, сирия-арамей жазуы (манихей, несториан, яковит жазуларына негіз болған), жол асты, жол үсті дәйекшелерімен толықтырылған араб жазуы, т.б. арамей жазуының жергілікті тармақтарына жатады. Түзу сызықтыфиникийәліпбиі бастапқы түріндеКіші Азия, Грекия, Италия, т.б. елдерде қолданылды. Ал көне грек әліпбиі бірнеше тілдердің жазу-сызуына негіз болды. Византияжазуы, копт (христиан мысырлықтар), гот, славян жазулары көне грек әліпбиінің Шығыс тармақтарына жатады. Ал италий, этрус, көне герман сына жазуы, т.б. батыс грек әліпбиінің тармақтары болып саналады. Бұлардың ішінде этрус әліпбиі латын әліпбиіне негіз болған.

VІІІ–ХІІІ ғасырлардаОрталық Азиядағытүркілердің арамей-сирия тармағынан тарағаннесториан, манихейжазуларымен жазған жазба ескерткіштері болды. Сондай-ақпарсы-арамейтармағына жататын соғды әліпбиі Шығыс Түркістанда кеңінен қолданылған көне ұйғыр әліпбиіне негіз болған. Ал көне ұйғыр әліпбиі негізінде ХІІІ ғасырданкейінтұңғыс-манжұр жазулары қалыптасты. Түркі халықтарының әлемге әйгіліОрхон-Енисейжазба ескерткіштерінің әліпбиіне соғды жазуы негіз болған деген де пікір бар. Ал орыс шығыстанушысыНиколай Аристовтүркі әліпбиін ешбір бөгде әліпбидің ықпалынсыз, түркі таңбалары негізінде туған төл жазу деп санайды. Жазу-сызу мен сауаттылық дінмен тығыз байланысты болды.

Арамей жазуы зороастрашылдық,сирия-арамейжазуларыяковит, несториан(христиан секталары), манихей діндерімен байланыста тарады. Араб әліпбиі мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына байланысты көптеген түркі халықтарының жазу-сызуына негіз болды.


Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті. 1912 жылыА. Байтұрсынұлыараб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш реформа жасады. Ол қазақ жазуы тарихында«жаңа емле»(төте жазу)


деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Әліпби 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мек-тептерде қолданылды.




  • ғасырдың 20-жылдары аяғында әліпбиді ауыстыру жайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, төте жазу қолданыстан шығарылды. Дегенмен көрші Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданын қоныстанған қазақ жұрты бұл әліпбиді қазіргі кезге дейін қолданып келеді.

1929 жылыКСРОқұрамындағы түркі халықтары латын әліпбиіне көшірілді.


1940 жылыКеңес Одағыхалықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен орыс әліпбиі қолданысқа енгізілді. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып (қ-к, ғ-г, ө-о, ң-н,) қабылданды. Бұл әліпбидің қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай алмауына байланысты кейінгі жылдары қазақ жазуынлатын әліпбиінекөшіру мәселесі көтерілуде.

64



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет