Педагогикалықинституты аманжолкүзембайұлы деректану


ДЕРЕКТАНУДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ



бет3/23
Дата17.03.2020
өлшемі2,74 Mb.
#60307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82


ДЕРЕКТАНУДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ


Жоспар


  1. Деректанудың ғылымға дейінгі кезеңі. 2.Рационалистік кезеңі.


3.Романтикалық кезеңі.
4.Позитивті кезеңі.

5.Марксистік кезеңі.
1.Деректанудың ғылымға дейінгі кезеңі
Деректанудың дамуы ұзақ және күрделі болды. Антикалық тарихшылардың өзі барлық деректерге толық сенуге болмайтын түсінген еді. Ғылымға дейінгі практикалық деректанудың элементтері ХV-ХVІ ғғ. қалыптаса бастады. Олар мәтінге қатысты, діни-публицистикалық және саяси пікірталастарда, жылнамаларды, актілерді құрастыру және бұйрық құжаттарын жүргізу кезінде біліне бастады. Деректерге сын тұрғысынан қараудың элементтерін
19



Геродоттан, Ливийден, Полибийден, Тациттан және басқалардан көруге болады.
Деректерге сын тұрғысынан қарау итальян гуманисі Лоренцо Валлаға(1407– 1457) тарих және филология мәліметтері негізінде, рим папасына Рим империясының батыс бөлігіне зайырлы билік жүргізуге мүмкіндік берген «Константин сыйының» жалған екендігін, ол ІV ғасырда емес, одан 400 жылдан кейін папа кеңсесінде құрастырылғанын бұлтартпай дәлелдеуге көмектесті. Бұл құпияны ашу папа кеңесінің зайырлы билікке ұмтылуының заңды тірегін жойды және католик шіркеуінің жаулап алуына қарсы күреске дем берді.
Деректанулық ой мен әдістеменің дамуындағы жаңа кезеңХVІІІ ғасырда баталды.Нақты-тарихи зерттеулер процесіндедеректер жәнедеректермен жұмыс жасау әдістері туралы алғашқы теориялық түсініктер қалыптасты. Одан кейінгі уақытта олар жетілдіріліп, жүйеленді және ХХ ғасырдың басында жеке статусқа ие болды. Тарих әдіснамасы өз дамуында рационалистік (XVIII ғ.),романтикалық (XIX ғ. бірінші жартысы), позитивті (XIX ғ. екінші жартысы), мәдениеттанулық (XX ғ. басы), марксистік, таптық-фармациялық (кеңес кезеңі: 20-шы 80-шы жылдар) жәнепосткеңестік, өркениеттік-мәдениеттанулық(90-шы жылдар) кезеңдерден өтті.
2.Рационалистік кезеңі
XVIII ғасырда ресейлік тарих ғылымының негізі салынды. Оның қалыптасуы мен дамуында В.Н. Татищев, И.Н. Болтин, М.В. Ломоносов, А. Шлецер және Г. Миллер үлкен рөл атқарды. Олардың зерттеу әдіснамасының негізі ойлаудың рационалистік стилі болды.
Рационализм ақыл-ой мен оны нақтылы көрсететін мемлеке-тті тарихтың басты қозғаушы күші деп есептеді. Мемлекет тарихи зерттеулердің басты пәні болды. Осы уақыттағы тарих ғылымына жылнама мәтіндері мен актілік материалдарды жете зерттеу тән болды. Құжаттарды практикалық өңдеу барысында тарихшылар әдіснамалық және әдістемелік тәжірибе жинақтады. Бұл тарихшыларға тарихи деректерге ғылыми сынның қажеттігін көрсетті.
Осы қағиданы алғашВ.Н.Татищев жасады.Кейін тарихшылардың қызметіндегі бұл сыни бағыт тарихи сын деп атала бастады. Оның мақсаты – деректер баяндайтын фактілердің нақтылығын анықтау. XVIII ғасырда деректен негізінен мәтіндікөрді. Сондықтан бұл кезеңде деректанулық анализ тарихи филологиялық (мәтіндік-логикалық) сын сипатында болды. Ол ақыл-ой және парасат тұрғысынан жүзеге асырылды. Оны әдіснамалық негіздеуге И.Н. Болтин және А.Шлецер көп үлес қосты. Шлецер деректанулық анализде төменгі сынды (сөздерді сынау) және жоғарғы сынды(істі сынау) бөлді.
Тарихи-сыни әдісХІХ ғасырдың бірінші жартысында Н.М.Карамзиннің, П.М.Строевтың, М.П.Погодинның және басқа бірқатар тарихшылардың нақты-тарихи еңбектеріндепрактикалық түрде дамыды. Тарихи деректанулық сынның тәжірибелік тәсілдерін жасаумен қатар деректанулық әдіснама жетілдірілді.
20



3.Романтикалық кезеңі
Өзіндерационалистиктік элементтерді сақтай отырып, ол тарихтыңжаңа романтикалықпарадигмасыныңықпалына түсті. Бұл парадигма қоғамның тұтас-органикалық дамуы, адам табиғатын, халықтың рухын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін есепке алу идеясын ұсынды. Осы жағдай зерттеушілердің назарын XVIII ғасырдың тарихшылары құрастырмаған, тарихи сынның екінші кезеңіне – жоғарғы сынға аударды. Құжаттың нақтылығы ең алдымен, оның халықтың рухы мен мәдениетінен көрінетін тарихи шындыққа сәйкестігімен бағаланды. Осылай шынайы тарихи сын әдіснамасы қалыптасты. Оның
қалыптасуына Н.И.Надеж-дин жәнеМ.Т.Каченовский үлкен үлес қосты.Каченовский сондай-ақ, деректанулық әдістеменің тарих әдіснамасынан бөлінуін бастап берді. Ол сөздер сыны мен жоғарғы сынды формальды сынның бір жеке бөліміне біріктірді.
XVIII ғасырда тарихи сынның дамуына салмақты ғылыми үлесті Ежелгі Римнің белгілі неміс тарихшысы Бертольд Нибурдың (1776–1831) еңбектері қосты, ол екі жақты анализ және көзімен көрген адамдардың мәліметтерін өзара тексеру әдісін қолданды,бұл аңызды шынайы тарихтан оқшаулады.
Леопольда Ранке (1795–1886), өзінің аса кертартпа көзқарастарына қарамастан ортағасырлар мен жаңа заман тарихы бойынша деректерді зерттеу және формальды сын саласында көп жұмыс жасады.
Тарихи деректердің шынайылығын сынау Вольтердің тарихи шығармаларында үлкен орын алады.Олар ең алдыменқасиетті кітаптардыңхабарламаларына сенетін кертартпа тарихшылардың дәлелденбеген қағидаларына қарсы бағытталды.
4.Позитивті кезеңі
XIX ғасырдың екінші жартысы ХX ғасырдың басында деректанулық әдістеменің одан әрі дамуы позитивті ойлау бағытында болды. Бұл процесте зерттеулердің деректанулық базасының кенеттен кеңеюі және жазбаша деректерді сынаудың практикалық амал, тәсілдерін жасау үлкен рөл атқарды. Ғылыми зерттеу әдістемесі, деректанудың теориялық мәселелері арнайы зерттеу пәніне айналды. Осы кездегі орыс халқының тарих ғылымының дамуына позитивті әдіснама шеңберінде жұмыс жасағанС.М.Соловьев,
Н.И.Костомаров, К.Д.Кавелин, В.О.Ключевский, С.Ф.Платонов, А.Е.Пресняков және басқа бірқатар тарихшылар зор үлес қосты.
Позитивті парадигманың басты қызметі мынада –ол алғаш рет тарих ғылымына ғылыми зерттеудің тұтас, теорияға сүйенетін әдіснамасын
21



ұсынды.Оның негізі орыс тіліне аударылған Э.Бернгеймнің жұмысында және Ш.Ланглуа мен Ш. Сеньобостың бірге жазған еңбегінде баяндалды. Олар жасаған ғылыми-тарихи әдіснаманың шеңберіне деректанулық зерттеулердің әдістері туралы ілім де кірді.
Позитивті ойлау көзқарасы тұрғысынан тарих ғылымы қандай да бір философиялық құрылымға сүйеніп, ешқашанда өз қорытындыларын жасамауы қажет. Оның тәжірибелік таным жолы тарихифактілердітиянақтау, сипаттау және жалпылау. Зерттеуге лайықты тарихи фактілерге позитивистер
типтік және ұжымдық оқиғаларды, бұқаралық қозғалыстар мен қоғамдық құбылыстарды жатқызды. Тарихтың өзі– күрделі, көпфакторлы процесс. Оның қозғаушы күші ретінде әртүрлі позитивті мектептер, түрлі географиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени,идеологиялық және психологиялық факторлардың қиылысуынан көрді. Нақты фактілер құжаттарды сыни зерттеу арқылы анықталды. Зерттеуші жұмысының нә-тижесі алынған фактілерден тарихи көріністі құрау болды.
Осылайша,позитивті әдіснама тарихи зерттеуді екі кезеңге бөлді: деректанулық – сын және тарихи синтез (көріністі құрастыру). Әдіснаманың деректанулық бөлігіэвристикадан (бастапқы процестер) және деректанулық анализ әдістемесінен (аналитикалық процестерден) тұрды. Эвристика қамтыды: тарихи деректерді анықтау және жіктеу, оларды іздеу, түрлі құжаттар жинағын сипаттау және бағалау, қосымша тарихи пәндерге сипаттама беру.
Деректанулық анализдің мақсаты куәгердің баяндаған мәліметтерінің шынайылығын бағалау, шынайы фактілерді алу және фактілерді шынайы емес хабарламалардан бөліп алу.Олдеректің сыртқы және ішкі сынынан және оны түсіндіруден тұрды. Осылайша қарастырылған құжат тарихшыға қажет және қажет емес бірқатарфактілерге арнайы өңделіп, өз тұтастығынан айырылды. Жалпы деректің, өз өткенінің органикалық бөлігі ретінде позитивті тарихшы үшін дербес мағынасы болған жоқ. Позитивизмнің елеулі кемшілігі тарихи танымның субъективті жағын түсінбеу болды.Жалпы позитивті деректану бұрынғы мектептер сияқты тарихи деректерді алдын ала өңдеудің жалпы әдістемесін қолданып, тарихи сын дәстүрін жалғастырды.
Дерекке прагматикалық көзқарасқа қарамастан, орыстың позитивті тарихшылары құжатқа деген қызығушылықты қалыптастырды.1868 жылы. Берлин университетінің проф., реакциялық пруссия мектебінің өкілі Иоганн Густав Дройзеннің«Тарих ғылымдарының негізі» зерттеуі шықты. Бұл кітапта деректерді жіктеуге және сыни талдауға арналған бөлімдер бар. Кітап тарихшы-лар үшін әдіснамалық және практикалық нұсқаулық ретінде қолданылды. Ол автордың 1857 жылдан бастап он жыл бойы оқыған лекция курсының негізінде құрастырылды. «Тарихтан бізқұдайды түсінуге үйренеміз және тек құдаймен ғана тарихты түсінеміз,– дейді Дройзен. Автордың теологиялық пікірлері, бүкіл жұмыстың идеалогиялық бағыттылығы анық көрінеді. Кітапта пси-хологиялық анализ бен тарихи деректерді түсіндіруге үлкен орын берілген.

22



1886 жылы ағылшын профессоры Эдуард Фриманның «Тарихты зерттеу әдістері» кітабы жарық көрді. Ол 1884 жылы автор Оксфорд университетінің студенттеріне оқыған сегіз лекциядан тұрды. Онда деректанудың негізгі теориялық сұрақтары қарастырылмаған. Кітаптың атауы бойынша автордың басты назарында тарихты зерттеу әдістері болуы керек еді, алайда олар үстірт берілген.
1889 жылы неміс тарихшысыЭрнст Бернгеймнің«Тарихи әдістердің оқулығы»деген ауқымды еңбегі жарыққа шықты.ОлГамбург қаласында саудагер отбасында дүниеге келген.1868 жылы Берлин университетінің тарих бөліміне оқуға түседі,бірақ кейін Страсбург университетіне ауысты. 1872 жылы Орта ғасыр тарихы бойынша докторлық диссертациясын қорғайды.Оған екі
бірдей ғылымның:Философия және құқық докторы дәрежесі беріледі.1883жылы Грайфсвальд университетінің экстроординарлы профессоры қызметіне шақырылады.1899 жылы сол университеттің ректоры болып сайланды.Алманияда ұлтшылдар үкімет басына келген уақытта ол еврей болғандықтан қуғынға ұшырайды. Оған лекция оқуға тиым салынады.1935 жылы оны Алмания азаматтығынан шығарады.Университет оқытушыларының өтініші бойынша оған уақытша азаматтық беріледі. Бірақ ұлтшылдық пиғылдағы тарихшылар оның еңбектерін барынша қаралауға тырысты. 1942 жылы Э.Бернгейм қайтыс болды. Оның аты ғылымда тарихнама,деректану және әдіснама маманы ретінде сақталып қалды.
Бернгейм өзіне дейінгі ғалымдардың шығармаларындағы тарихи зерттеу әдістерінің зерделенуін баяндады және осы мәселені өзінше түсіндірді.Олтарих ғылымының мәні меноның алдындағы міндеттерін көрсете келіп басқа
қоғамдық ғылымдармен байланысына тоқталады.Бірқатар тараулар деректануға: деректерді іздеуге, қосалқы тарихи пәндердің мәніне, сыртқы және ішкі сынға, деректердіңинтерпретациясына(түсіндіруге) арналған. Бұл тараулар, әсіресе философиялық ойлар бар тараулар, автордың идеалогиялықкөзқарастарына негізделген. Э. Бернгеймнің кітабы бірнеше рет қайтадан басылды және әлемге танымал болды. Орыс тілінде 1908 жылы шыққан «Тарих ғылымыныа кіріспе» деген шағын еңбегі бар бұл жұмыс 1903 жылы басылымның қысқартылған және өңделген түрі. Ол Бернгеймнің бұдан бұрын аталған жұмыстарынан ерекшеленеді. Онда негізсіз философиялық ойлар аз, деректерді талдау сұрақтары анық баяндалған, деректердің жаңа түрлеріне сипаттама беріледі.
1898 жылыфранцуз тарихшылары В. Ланглуа мен Ш. Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» дегенжұмысы жарияланды. 1899 жылы ол орыс тіліне аударылады.Оның негізіне Сорбонн студенттеріне оқылған, кейін авторлар толықтырып, өңдеген лекциялар алынды. Олар өз зерттеуін тек мамандарға ғана емес, тарихқа қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арнаған. Авторлар тарихи материалды өңдеу тәсілдерін талдауға, құжаттарды іздеп табуға, деректерді сынау сұрақтарына ерекше назар аударған,Олар сынның екі кезеңін ішкі және сыртқы сынды бөліп көрсетеді. Сыртқы сын, олардың пікірі бойынша тек даярлау, төменгі саты, оның функциясына «деректердің
23



жазуын, тілін, формасын алдын ала зерттеу» кіреді. Ішкі сын сынның жоғарғы формасы ретінде қарастырылады, ол деректегі мәліметтердің шынайылық деңгейін «мақсаты құжат авторының бастан кешірген сезімдерін қайталауға бағытталған, көбіне психологиядан алынған, ұқсастықтар бойынша ой қорыту жолымен» анықтауы керек.(В. Ланглуа и Ш. Сеньобос. Введение в изучение истории. СПб., 1899, 51б.). Позитивті таным теориясын жақтаған-дықтан авторлар тек тарихи зертеу техникасына, фактілерді іріктеуге, олардың жеке бөліктеріне анализ жасауға қызығушылық танытқан, оларды жалпылауға, синтезге көңіл бөлмеген.
Сеньобос адамзат білімінің жалғыз дерегі деп «құжаттарды» ғана есептеді.
«Тарих құжаттарды іске жарату, құжаттарды ғана сақтау немесе жоғалту тек қана жағдайға байланысты. Осыдан тарихты құрастыруда жағдай басым рөл атқарады... ол қоғамның пайда болу құпиясын аша алмайды және құжаттардың жеткіліксіздігіне байланысты адамзат дамуының басталуы біржола құпия түрінде қалады» –деп жазды ол (Сонда, 250 б.).
Сеньобостың бұл пікірі Францияның көптеген тарихшыларының, ең алдымен, тарихи дерек түсінігін кең мағынада түсіндіруді қолдайтын Люсьена Февр мен Марк Блоктың қарсылығын туғызды. Француз тарихшыларының шағын кітабы батыс деректануының негізі болып табылады. Соңғы басылымдардың бірі 1966 жылыағылшын тілінде шықты.
1910 жылы. неміс тарихшысы Густав Вольфтың «Жаңазаман тарихын зерттеуге кіріспе»еңбегі жарияланды. Онда жаңа заман тарихының деректерін зерттеуге көп назар аударылған. Автор оқырманды тек тарихи құжаттарды іздеу және талдау тәсілдерімен ғана таныстырмайды, тарихи құжаттардың жеке түрлерін толық сипаттап, олармен де таныстырады. Тарихи деректерді зерттеуге үлкен орын берілген. Көптеген библиографиялық көрсеткіштер келтірілген. Тараулардың бірінде жаңа заман тарихы бойынша құжаттар жинақталған шетел мұрағаттарының, сондай-ақ, ірі кітапханалар мен мұражайлардың сипаттамасы берілген.
Революцияға дейінгі Ресейдің тарихшылары–А.А. Шахматов, А.С. Лаппо-Данилевский, В.О. Ключевский, Н.И. Кареев деректанудың дамуыназор үлес қосты.ХХ ғасырдың басындағы орыс тарихнамасында алғаш ретА.С.Лаппо-Данилевский (1863–1918 жж.) деректерді зерттеуге көңіл бөлді. Ол алғаш рет әлемдік ғылыми-тарихи практикада деректер мен деректану әдістемесі туралы ғылыми негізделген, біртұтас ілім жасады. Оның негізіне ол феноменологиялық философия мектебінің идеяларын алды. Гуманитарлық танымның субъективтілігі жөніндегі жаңакантшылдардың идеясын мойындай отырып, феноменологизм ғылыми-гуманитарлық зерттеудің объективтілігі туралы тұжырымдаманы ұсынды, оны танитын субъект пен нақты объектінің өзара әрекетінің нәтижесі деп есептеді. Тарихи танымның мұндай схемасында, процесс барысында тарихшы өткенді оның қалдықтары – деректер бойынша зерттейді (олармен өзара әрекеттеседі),тарихи дерек дербес ғылыми объекті мәніне ие болып, өзіндік тәуелсіз әдіснаманы талап етеді. Оны
24



жасау А.С.Лаппо-Данилевскийдің негізгі қызметі болды. Ол

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет