«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогикадағы жүйелілік әдіснамасы



бет99/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

3. Педагогикадағы жүйелілік әдіснамасы.

Зерттеуші ғылыми әрекеттің субъектісі ретінде оны терең зерделей отырып, жаңа білім алу үдерісіне қатысады. Оның қажеттіліктері, ұстанатын нормалары, қабілеттері ішкі өзгерістері ретінде нақтылы нәтижеге айналады: ғылыми зерттеу саласындағы өз орнын, зерттелу жүйесінің жаңа қисыны мен тәсілдерін өзінше анықтау (өзіне және жүйе үшін), жаңа мазмұн және оны сезінуге тиісті әдістер табуға ұмьылады. Зерттеушілік әрекет технологиялық және шығармашылық тұғырлардың үйлесім табуына сүйенеді. Технологиялық оңтайлылық, тиімділік, қарқындылықты қамтамасыз ететін осындай ерекшелікті әрекеттің тәсілдерін білуді көздейді. Шығармашылықтың құрамдас бөлігіне жаңа ойлар тууының тиімді үдерісі, оларды дәлелдер мен қорытындылардың логикалық тізбегіне ілестіру жатады.


Дәйексөз келтіру ой айтылған мәтінді зерттеу мазмұнына қатысын сыни пайымдауды талап етеді. Дәлелділік талабын сақтау әрбір тұжырымды не бұған дейінгі талқылаудың қорытындысы ретінде немесе кейінгі пікірдің дәлелі ретінде пайымдалуға тиісті мәтінді оқығанда белгілі болады. Мәтіндегі бірде-бір үзінді ресми мәлімдеу, ұран, негізсіз пікір болмауы керек. «Түйінді пікір неге сүйенілген» және «одан қандай қорытынды шықты» («қайдан және қайда») – міне, бүкіл мәтіннің өзегі, яғни, сіздің мәтініңізді оқитын маманның оны түсінуіне көмек беретін өзекті сұрақтары: «Бұл қайдан?», «Бұдан әрі не болмақ?». Егер зерттеушінің осы сауалдарға берген жауабы түсінуге қиын болып жатса, онда жұмыстың құндылығы маманның көз алдында төмендетеді.
Зерттеу жұмысы құндылықтарының бірі - жүйелік тұғырдың қалыптасқан логикасы. Жүйе - өзара байланысты қарым-қатынаста болатын және белгілі бір тұтастықты, бірлікті туғызатын элементтердің жиынтығы. Жүйеге кіретін әрбір элемент кіші жүйе, жаңа жүйе ретінде қаралуы мүмкін. Осылай қарапайымнан күрделіге, жекеден жалпыға өту жүзеге асады, бұл ретте жалпының сипаттамасы жекеге де жарайды. Мысалы, ересектерге білім беру педагогикасындағы ғылыми зерттеулер логикасы, педагогикалық жүйеге қосымша кәсіби білім беруге сөзсіз жарамды. Ересектерге білім беру – қосымша білім беру жүйесіне қарағанда неғұрлым жалпы жүйе. Осы заманғы ғылымда жүйелік тұғыр (нысандарды, жүйелерді, құрылымдарды, үдерістерді) зерттеудің әмбебап әдісі ретінде қарастырылады. Зерттелуші нысанның ішкі байланысының көп бейнелілігін табу тұтас жүйенің қасиеттерін біріктіре қарауға мүмкіндік береді. Ішкі байланыстарды зерттеу ішкі келісім, сәйкестік есебінен жабық, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйені қарауды көздейді. Ішкі қайшылықтарды, мәселелерді, қақтығыстарды игеру мүмкіндігі оның дамуын қамтамасыз етеді.
Жүйенің қызмет етуі оның ашықтығын, басқа жүйелермен сыртқы байланыстарының болуын көздейді. Байланыстарды барлық жағынан қамтитын зерттеу жағдаятты жан-жақты түсінуге, демек, оқиғалардың дамуын болжауға, үдерістерді басқаруға, көзделген нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Бүкіл әлемді белгіленген жүйелердің тәртіпке келтірілуі түрінде елестетуге болатындықтан, ғылымдағы жүйелік тұғырға табиғилық (табиғаттың өзі осылай жаратылған), әмбебаптық (табиғатта бәрі жүйе), модельділік (зерттелуші жүйелер модельдерінің құрылымы), модульдік жүйенің құрылымында біріктіруші өзара байланысты қасиеттер мен сапаларды анықтауға мүмкіндік беретін жүйе құрушы деп анықтама беруге болады.
«Мәселе» ұғымы ғылымда түрліше: идеалдыдағы қайшылық, нақтылыдағы қиыншылық ретінде, бірінші мен екінші факторлар арасындағы сәйкессіздік ретінде анықталады. Қайткен күнде де сананың бұл субъективтілік ахуалы ондағы менталитетке, ойлау үдерісінің сипатына (өнімді, қайта жасалымды), рухының күшіне, дүниетанымына және сеніміне байланысты болмақ. Әрбір субъектінің дүниеге, оның нақтылы жай-күйіне деген көзқарасы біріншіні (идеалдыны) және екіншіні (нақтылыны) тұжырымдауына, олардың өзара байланысы мен қатынастарын ұғынуына тәуелді болады.
Замануи ғылымдағы өзін-өзі ұйымдастыратын тұрақты құрылымның туындауын негіздейтін тұғыр синергетикалық деп аталады. Оның психологиялық жүйеге тарауы сызықты емес (нелинейное мышление) ойлаудың дамуын, қарым-қатынастағы төзімділік, басқаша пікірге шыдамдылық, қарама-қайшы пікірлердің бірін бірі толықтырушы ретінде қатар өмір сүруін, синергияны туғызатын олардың әрекеттестігін, бірлескен шығармашылығын білдіреді.
Ғылыми зерттеулердегі жүйелі талдау:

  • жүйенің тұтастай әрекетін зерттеу (тұрақтылық дәрежесі, жүйенің жабықтық және ашықтық, тағы басқа жалпы сипаттамасы);

  • жүйе элементтерінің ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстарын, жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуші өзара сәйкестік талаптары ретінде әрекет ету қағидаларын зерттеу;

  • неғұрлым жалпы деңгей жүйесіндегі оның қызмет ету қағидасы ретінде басқа кіші жүйелерге сәйкестігінің байланыстары мен қатынастарын белгілеу;

нақтылы жағдаяттарға модельдеу нәтижелерін бейімдеу.
Жүйелік талдау осы заманғы сипатында жағдаяттық тұғырмен үйлеседі. Нақтылы жағдаятты анықтау үшін түрлі негіздер бойынша жүйені талдауға пайдаланатын ішкі және сыртқы байланыстардың көптүрлілігімен нақты жүй ретінде қаралады. Жүйені кіші жүйелерге бөлшектеу, ал оларды, өз кезегінде, жаңа кіші жүйелерге және талдаудың қажетті терең деңгейіне дейін бөлшектеу, неғұрлым өзекті байланыстарды анықтауды көздейді. Тап осы қағида білім беру мазмұнын модульді құрылымдаудың негізіне кіреді. Ол өзі үшін маңызды оқу пәнін, оқудың бағытын таңдау ахуалын көп рет бастан өткізуге, жаңа байланыстарды іздеуге, оларды ұсыну үшін тезистерді рәсімдеуге кірісуге мүмкіндік береді. Педагогикадағы басымдық алған оқушылардың (тіпті, «белсенді оқу» жағдайында) тұтынушылықтың таптаурын ұстанымына қарама-қарсы инновациялық технологиялар бірлескен әрекеттің, қызметтестіктің, шығармашылықтың, тәрбиелеудің, оқытудың, дамудың мазмұны және әдістері бірлігі негізінде құрылады. Тәрбие әрекетін психологиялық қолдау, педагогтің тәрбиелеу құралдарын таңдауы және қолдануы, түрлі жастағы балаларға тәрбиелік ықпал ету психологиясы бола алады. Мектеп оқушысының даму психологиясы мен студенттің даму психологиясы практик-педагогтардың ерекше қызығушылығын туғызады. Мектеп оқушысының жас шамасына қарай бөлінетін бір топтан екінші топқа (кішілер – ересек жасөспірімдер) өтуі кезінде жаңаша білім беру жүйесін дамыту тетіктерін немесе сапалы, мазмұнды жаңару динамикасын айқындайтын мұндай зерттеулердің пәні маңызды және мәнді екені анық. Мектеп оқушыларының даралық-типологиялық дамуының динамикасын (белгілі бір пән саласында қабілетті, үлгермейтін, тәртіпсіз, зейінсіз, ақыл-ой және дене дамуында ауытқушылығы бар, түрлі темпераменттегі және жүйке жүйесі түрлі және т.б.) айқындайтын зерттеулердің өзектілігі барған сайын арта түсуде.
Пәнаралық зерттеулердің пайда болуы үшін қандай болмасын ғылымдардың пәндерінен ғалымдар зерттеуге болатын мейлінше нақты және біршама шектеулі, бірақ жалпы аспектіні анықтап алу негіз болды. Мұндай аспект айналасына ғылыми білімдердің өзгеше жүйесін жинақтаған орталық ұғым түрінде белгіленуі мүмкін. Мысалы, «педагогтің жеке тұлғасы» ұғымы педагогтің жеке тұлғасының психологиясын дамытуға негіз болды, «кәсіби және жеке тұлғалық даму» ұғымы кәсіби жеке тұлғалық дамудың психологиясы мен педагогикасының пәндік саласын көрсетті және т.б. Өз мәні бойынша педагогика шеңберінде ғылыми білім дамитын, педагогика үшін де, психология үшін де жалпы, санаттық идея ғылыми бағыттың атауында бәрінен бұрын «педагогикалық» сын есімімен таңбаланады және бұл зерттеудің ерекше пәнін педагогикалық нысан саласына жатқызады. Егер бұл үдеріс психология шеңберіне бұрылыс жасаса, онда бұл ғылыми бағыт «психология» немесе «психологиялық» сөздерімен белгіленеді.
Қолданыстағы біріктірілген сипаттағы психологиялық-педагогикалық бағыттар даму деңгейлерімен ажыратылады. Ғылым әлеміндегі неғұрлым ілгері тұрған және белгілі бір бағыттар, енді ғана өмірге келген немесе пайда бола бастаған бағыттар туралы айтуға болады. Білімнің пәнаралық салалары ғылымдардың түйіскен жерінде бекерге тумайды. Олар аталмыш ғылымдардың (педагогиканың немесе психологияның) бірінің аясында туып, тиісті түрде олардың атауынан, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу құралдарынан (зерттеудің терминология, тұғырлары, әдістерінен т.б.) көрініс табады. Өсіп-даму кезеңіндегі адамның оның есею, әлеуметтену, даралану, кәсіби және жеке тұлғалық өсу сатыларында педагогика мен психологияның өзара байланысының жаңа жолдарын анықтау үшін пәнаралық мәселелердің алға қойылуы мен шешілуі объективті біріктіруші негіз болатындығы осыдан келіп шығады.
Біріктіру үдерістері жаңа ғылым салаларын туғызудың көбінесе шекаралық немесе біріктірілген сипаттағы факторларына (мысалы, психопедагогика, нейропсиходидактика, андрагогика, психодидактика және т.б.) айналады. Бұл жағдайда адамтану ғылымы аясында жаңа пәнді анықтау мақсатымен педагогика және психология пәндерінің негізінен шығу мәселесі туындайды. Мысалы, психопедагогика пәнін ашып айқындауда Л.М. Фридман және Э. Стоунс педагогикалық психология шеңберінде, әдетте онда оқушының жеке басының даму мәселелері қаралып, шешіледі. Алайда, зерттеушілер оқытудың немесе тәрбиелеу жүйесінің қандай түрінің нәтижесінде мұндай дамуға қол жеткізілді, бұл ретте оқытудың немесе тәрбиелеудің қай әдістерінің рөлі қаншалықты болғандығын әдетінше ескермейді. Тап осы мәселелерді ойластыру үшін психопедагог оларды шешу жолдарын алға қояды және негіздейді. А.З. Рахимов психодидактиканы біріктірілген психологиялық-педагогикалық пәнге жатқыза отырып, адамды оқыту және тәрбиелеу негіздерін жалпы, жас шамасына қарай және педагогикалық психология заңдарына сәйкес нақтылау қажеттігін дәлелдеді. Мұндай мағыналы ұсыныстар мен тілектер аз емес, бірақ оларды ылғи да ғылыми негізделген деуге болмайды, өйткені бұлар көбіне қайшылықты немесе іс-тәжірибелік түрде расталмаған күйінде ұсынылады.
Педагогика мен психологияны біріктірудің нәтижесі ретінде жаңа ғылыми пәннің тұжырымдамасын құру үшін, сондай-ақ, осы үдерісті оңтайландыру мақсатында, оның мынадай сипаттамасын ашу және негіздеу қажет: ғылыми танымның нысаны және пәні, аталмыш ғылыми пәнді, негізгі зерттеу мақсаттарын объективті түрде анықтау; категориялдық (ұғымдық-терминологиялық) аппаратын ғылыми білімді құрылымдау, ғылыми зерттеуді саралау; зерттеудің басым бағыттарын анықтау; зерттеу аппаратын құрастыру (ғылыми зерттеудің типологиясы мен әдістері); басқа ғылыми пәндермен және салалармен байланыс сипатын нақтылау; практикамен байланысты орнату.
Адамтану ғылымы аясында педагогика мен психологияны біріктірудің белгіленген түрлерімен қатар, педагогиканың қалыптасқан пәні шеңберінде жаңа ғылымы салаларды қалыптастыру үдерісі жөніндегі әдістемелік ережелерді басшылыққа ала отырып, онда туындаған және даму үстіндегі түрлі ғылыми салаларды бөліп атауымызға болады:
- интегративтік, педагогика мен психологияның ғана емес, сонымен қатар, басқа ғылымдардың (эдукология, андрагогика, акмеология, валеология және т.б.) жетістіктері мен ғылыми әдістеріне белсенді сүйенеді;
- ғылыми-эмпирикалық немесе құралдық-қолданбалы, біз қарастырып отырған ғылыми салалардың әрқайсысының құрылымдарына тек ішінара қатысады, бірақ, педагогикалық практиканың психологтардың жұмыс практикасымен байланысын қамтамасыз ету үшін қажет (кәсіби және жеке тұлғалық дамудың психологиясы мен педагогикасы, оқыту және тәрбиелеу психологиясы, тиімді әрекет педагогикасы мен психологиясы және т.б.);
- пәнаралық (шекаралық), іргелі ғылым ретінде педагогика мен психологияның түйісуінде туындайды. Педагогика мен психология пәндері мен нысандарының бірігуі үдерісінде жаңа ғылыми пәндер, мысалы, психопедагогика, нейропсихопедагогика, акмеология және басқа жаңа ғылыми пәндер пайда болды. Бұл жағадйда жаңа нысан мен пәнаралық сипаттағы өткізілетін зерттеулердің пәнін анықтау маңызды.
Басқа ғылымдармен өзара байланыста педагогикалық білім ғылыми білімнің жаңа сапаларын қалыптастыруда да, мысалы, педагогикалық менеджмент, педагогикалық конфликтология, педагогикалық валеология, педагогикалық әлеуметтану және білім беру философиясы және т.б. қолданыла алады. «Педагогикалық» сын есімінің қосылуы зерттеу пәнінің педагогика ғылымының нысандық саласына байланыстылығын көрсетеді және педагогикалық білімнің басқа білімдермен олардың пәні шегінен шыға отырып бірігу үдерісін көрсетеді. Жаңа ғылыми саланың пайда болуы, мысалы, педагогиканың нақтылығы, атап айтқанда, білім беру саласымен байланысты білім беру психологиясы пәні психологиялық ғылымға және оның мақсаттарына қатысты болмақ. Зерттеу жүргізу аясында нысанды таңдауға байланысты оның нәтижелерінің психологияға да, педагогикаға да жатқызылуы мүмкін. Мысалы, егер зерттеу педагогика ғылымы нысаны шеңберінде, атап айтқанда, бастауыш мектеп үшін жаңа білім беру стандарттарын жасау мақсатында орындалса, онда алынған нәтижелер педагогика ғылымы мен бастауыш білім беру практикасының тәжірибесін толықтырады. Егер зерттеу психология нысаны аясында, мысалы, баланың мектепке психологиялық дайындығын зерттеуге арналған әдістердің жаңа жүйесін әзірлеу мақсатында орындалса, онда оның нәтижелері педагогикалық психология мен мектеп психологының жұмысын дамыту үшін құнды болмақ. Бұл мәселелерді педагогтар ғылыми пайымдаулар немесе өздерінің педагогикалық жаңалықтарын түсіндіру мақсатында да пайдалана алады.
Талқыланушы мәселені шешудің жаңа тәсілдерін іздеу жолында пәнаралық зерттеулер мен оларды жүргізудің технологияларының ерекшеліктерін түсіну ретінде стратегиялық бағыт жаңа нысан мен пәнді педагогикалық және психологиялық ғылымдар пәндерінің нысандары және пәндерімен салыстыруға мүмкіндік беретін «жалпы ортақ бөлгішті» анықтауға ұмтылу болып табылады. Психология мен педагогиканың байланысын Б.Г. Ананьев адамтану ғылымы іске асырады деп атап көрсетті. Адамтану педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесінде жоғары біріктіруші жүйе болып табылады.
Жүйелік зертеулерді ерекшеліктеріне сәйкес жалпы ғылыми және философиялық зерттеулердің тоғысу саласы; жүйелік зерттеулердің логикасы мен әдіснамасы; арнайы ғылыми-жүйелі әдістемелері; жалпы жүйе теориясын құру салаларына жіктеледі (Э.Г. Юдин, В.Н. Садовский). Жүйелік тұғыр диалектикалық материализмнің бөлінбес бөлігі. Жүйелілік тұғыр - нысанды жүйе ретінде зерттеу әдіснамасы (М.С. Каган, В.Г. Афанасьев және т.б.). Жүйелілік тұғыр «жалпы ғылымилығымен», «ғылыми білімнің көп салалығымен», «жалпы ғылымилықтың гносеологиялылығымен» сипатталады (А.Д. Урсул және т.б.). Жүйелік тұғыр - нақты гносеологиялық жағдаяттағы диалектикалық әдістердің көрінісі. Сондықтан, жүйелік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісін және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет