«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет1/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс


«ПЕДАГОГИКАНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША
ДӘРІСТЕР МАЗМҰНЫ
1-дәріс. Тақырыбы: «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың нысандары мен әдістері. Педагогиканың философиясы және әдіснамасының құрылымы. Таным теориясының дамуы (шолу дәріс)
Дәрістің мақсаты: Докторанттарды «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың нысандарымен, әдістерімен, педагогиканың философиясы және әдіснамасының құрылымымен, философияның педагогика әдіснамасын дамыту әлеуетімен, ғылым тұжырымдамалары және олардың педагогикадағы көрінісі мен таныстыру, осы саладағы жүйелі ғылыми білімдерін дамыту.
Дәрістің негізгі терминдері: таным, ғылыми таным, таным теориясы, әлеует, педагогиканың философиясы, педагогиканың әдіснамасы, ғылым тұжырымдамасы.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың нысандары мен әдістері.
2. Педагогиканың философиясы және әдіснамасының құрылымы.
3. Таным теориясының дамуы.


1. «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың нысандары мен әдістері.

Қазіргі уақытта «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәні педагогика саласында докторанттар даярлауда маңызды орын алып отыр. Пәннің мазмұны, нысаны және әдістері «Ғылым философиясы және әдіснамасы» оқу курсына сүйеніп анықталып, жасалуда.


Қазақстан Республик.асы Білім және ғылым министрлігі 20011 жылы «Педагогикалық өлшемдар», «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану», мамандықтарын ашып, оған білім беру бағдарламасын дайындады. Осы бағдарлама аясында «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» атты пәнді жоғары педагогикалық оқу орындарындағы «Білім беру» тобы мамандықтарының докторантурасының білім беру бағдарламасына енгізді. Бұл пән бойынша типтік оқу бағдарламасы, оқу құралдары дайындалды, ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді, отандық және шетелдік басылымдарда пәннің ғылыми және әдістемелік мәселелеріне арналған мақалалар жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет