«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» оқу пәнінің нысаны



бет3/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс
СИЛЛАБУС Жүктану 2023-24, 13-ЛЕК, 12345678
«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» оқу пәнінің нысаны – педагогика ғылымы. Қазіргі докторанттар үшін маңыздысы ауызша баяндау қабілеті, себебі олардың докторлық диссертацияны жазып дайын-дау барысында зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеу, зерттеуінің нəтижелерін ғылыми тілде түсіндіру, ғылым əдіснамасы жайлы пікір сайыстарға қатысу, өз зерттеуі туралы форумдарда сөйлеу, диссертацияны қорғау сияқты қажетті жұмыс түрлері оның оқу, жазу сауаттылығынан бөлек академиялық сөйлеу құзыреттілігін талап етеді. Осы жайтты ескере отырып, докторантқа өз ойын жазбаша жəне ауызша жеткізуге үйрететін пəндердің бірі «Педагогиканың философиясы жəне əдіснамасы» пəніне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.
Осы айтылғандарға сай «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнінің бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы, мамандықтарға сәйкес кәсіби білім беру бағдарламаларының пәнаралық байланыстарын жүйелеудегі орны, рөлі және маңызы нақтыланды.
Бұл пән докторанттардың педагогика ғылымы әдіснамасын ғылымның философиясы мен әдіснамасына негіздей отырып меңгертуге бағдарланған және олардың педагогиканың философиясы мен әдіснамасын ғылыми негізде пайымдай алуға, ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Педагогиканың философиясы мен әдіснамасының мазмұнында педагогиканың философиямен, педагогикалық ғылымтанумен және басқа да ғылымдармен ғылымаралық байланысының эвристикалық әлеуеті ескерілді. Оқылатын пәнді меңгеруге қажет білімдер, біліктер және дағдыларды «Педагогикалық жүйетану», «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің теориялары мен технологиялары», «Педагогикалық өлшемдердің теориялық негіздері» пәндері де қамтиды. «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың мақсаты және міндеттері аталмыш пәндердің логикасымен үйлестірілді. «Педагогиканың филооософиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың мақсаты – докторанттардың ғылым философиясы және әдіснамасы, педагогиканың философиясы және әдіснамасы саласындағы жүйелі құзыреттіліктерін қалыптастыру, әдіснамалық мәдениетін дамыту.
XX ғасырдың екінші жартысында педагогика әдіснамасының жеке ғылыми бағыт ретіндегі іргелі негіздері салынды, ал XXI ғасырдың басында аталмыш бағыт ғылымдағы жаңа инновациялармен байытылды. Әдіснамашы ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері, іргелі монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары, бүкілкеңестік және бүкілресейлік әдіснамалық семинар материалдарындағы, ғылыми есептері мен мазмұнды мақалаларындағы тұжырымдары гылымтанулық басылымдарда педагогикалық ғылымтану саласындағы жинақталған ғылыми білім деп мойындалды. Бұл «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнін құрастыру логикасын нақтылауға, әрі болашақ мамандардың зерттеушілік құзыреттіліктерін, шығармашылық қабілеттерін және әдіснамалық ойлауын үйлесімді дамытуға негіз болады.
Əдіснамалық білімді ғылыми-əдістемелік қамтамасыз етудің сипаттамасына негіздей отырып, «Педагогиканың философиясы жəне əдіснамасы» пəнінің мазмұнын докторанттарға түсінікті болу үшін дидактикалық көрсетілімдерді былайша топтастырылған:
1. Ғылым философиясының, педагогиканың философиялық жəне əдіснамалық негіздерін, дидактиканың, психологияның теориялық негіздерін, пəнаралық байланыстарды құрылымдаған сызбалар мен суреттер («Заманауи ғылымның сипаттамасы», «Ғылыми революцияның мəні, типтері жəне даму кезеңдері», «Педагогикалық парадигма жəне оның си- паттамасы», «Ғылымның даму кезеңдері жəне əдіснама типтері», «Ғылым дамуының тұжырымдамалары», «Педагогиканы ғылыми пəн ретінде ғылымтанушылық талдау», «Педагогиканың философиялық негіздері», «Педагогиканың дидактикалық негіздері», ««Педагогиканың дидактикалық негіздері», «Ғылымның жалпыпəндік моделі»).
2. Педагогиканың философиясы мен əдіснамасының мəнін, құрылымын, мазмұнын ашып көрсететін сызбалар мен суреттер («Педагогиканың философиясы мен əдіснамасының оқу пəні ретіндегі құрылымы», «Диалектиканың заңдары, категориялары, ұстанымдары, тұғырлары, əдістері жəне олардың педагогика əдіснамасына трансформа- циялануы», «Педагогикалық теорияның құрылымы, қызметтері жəне ма- трицасы», «Педагогикалық танымның əдіснамасы мен əдістеріне арналған ғылыми семинарлар», «Педагогика əдіснамасының мағыналық алаңы», «Педагогика ғылымының əдіснамалық бағдарлары», «Педагогикалық инноватиканың мағыналық алаңы», «Дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар», «Педагогика əдіснамасының моделі»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет