«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Ғылымның даму кезеңдері және әдіснама типтері



бет14/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

3. Ғылымның даму кезеңдері және әдіснама типтері.

XX ғасырда философия ғылымы танымды мәдени-әлеуметтік феномен ретінде қарастырады. Оның негізгі мақсатына ғылыми білімді қалыптастыру әдісінің тарихи өзгерісі, ғылыми білімді қалыптастыру жолдары мен осы үрдіске мәдени әлеуметтік факторлардың әсерлері қандай екенін зерттеу кіреді. Ғалымдар В.С. Степин, В.Г. Горохов, М.А.Розов өздерінің “Ғылым мен техника философиясы” атты оқу құралында ғылыми танымның ерекшеліктерін, оның қазіргі өркениеттегі алатын орны, ғылыми революциялар мен ғылыми өнертапкыштың келу кезендерін сипаттайды.


Педагогика ғылымының мақсаты - педагогикалық шынайылықты тану. Ғылымның мақсаты - ақиқатты табу. «Ақиқат деген не?»деген сұраққа жауапты таным теориясы (гносеология) береді. Нақты ғылым гносеология берген жауапты қабылдай отырып, ғылыми таным әрекетін ұйымдастырады.
Педагогика ғылымы білім беру әлемі туралы ақиқат білімге қол жеткізуге ұмтылуда. Білім – адам санасының жемісі, өнімі. Білім – таным нәтижесі. Таным – бұл білім алу. Ғылымтанушылардың пайымдауынша, білім - ғылыми негізделген, тәжірибемен дәлелденген тұжырым. Ғылыми білімді ғылыми емес білімнен тек ғылымилық өлшемдері арқылы ғана ажыратуға болады. Ғылыми-педагогикалық рационалдық (тиімділіктің, ұтымдылықтың) және педагогикалық білімнің ғылымилығының өлшемдері нақтылана бастады. Ғылым – дамушы институт. Ғылым институтының тарихында ғылыми әрекетке нормативтік және құндылық стандарт беретін ғылымилық өлшемдері де өзгеріске ұшырады. Ғылымның, оның ішінде, педагогика ғылымының дамуында ғылыми-зерттеу әрекеті негіздерінің күрделі өзгерістерге ұшырау кезеңдерін бөліп қарастыруға болады. Ғылымның даму тарихында, әдетте, үш кезеңді атап көрсетеді. Әрбір кезеңде зерттеу нормаларының өз уақытына сәйкес ғылыми қауымдастықтың санасында қалыптасуы мен бекуі алынады. Ғылыми рационалдықтың классикалық типі (ХVІІ ғасыр - ХІХ ғасыр аяғы); ғылыми рационалдықтың классикалық емес типі (ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр ортасы); ғылыми рационалдықтың классикалық емес типінен кейінгі типі (ХХ ғасыр ортасы – қазіргі уақытқа дейін). Инновациялық қоғам келешегінің философиясын талдау қоғамдық дамудың жаңа үлгілерін көрсетуде. Философия әрқашан келешекті ойластырып, қоғамның дамуының идеалды болашағының модельдерін ұсынуда. Модерн дәуірі жобалық парадигманың рөлін күшейтіп отыр. Сондықтан да, жобалар бәсекесі туындайды. XX ғасырда либералдық және коммунистік жобалар үнемі бәсекелесуде болды.
Кез келген ғылымның бұдан әрі табысты дамуы оның әлемнің заманауи сипатымен қаншалықты байланысты екендігімен анықталады. В.С. Степиннің пікірінше, бұл ғылымның негізгі ғылыми пәннің жүйе құрушы факторы болмақ, ол ғылыми ізденістерді мақсатты түрде ғаламдық тұрғыда зерттейтін бағдарлама ретінде атқарылады, ал оның өзгеруі ғылыми революцияға алып келеді. Ғылым негізі мынадай үш құрамнан тұрады:
- аталмыш ғылыми пәннің жалпыланған болмысы жүйелік-құрылымдық сипаттамасына енетін әлемнің арнаулы ғылыми бейнесі (пәндік онтология);
- ғылыми таным әдісінің жалпыланған сұлбасын анықтайтын зерттеу идеалдары мен нормалары (сипаттау мен түсіндіру, дәлелдеу мен негіздеудің идеалдары мен нормалары, сондай-ақ, құрылымы мен ұйымдастырылу идеалдары);
- әлемнің қабылданған сипатын, сондай-ақ, идеалдары мен нормаларын негіздейтін, соның арқасында ғылымның оның танымдық болмысы мен әдістері жөніндегі жасаған ұсынымдары мәдени трансляция ағымына қосылатын ғылымның философиялық негіздері.
Әлем бейнесі дегеніміз – «дамуының белгіленген тарихи типіне сәйкес ғылымның зерттеу пәнін қайта жаңғыртатын теориялық білімдер формасы, сондай-ақ, сол арқылы ғылыми ізденістердің түрлі салаларынан алынған нақтылы білімдерді біріктіретін және жүйелендіретін форма». Білімді жүйелендіру деңгейіне қарай әлемнің ғылыми сипатының үш типі белгіленеді: 1) барлық ғылымдардан алынған Бүкіл әлемнің, қоғам мен адамның тұтас бейнесін құрайтын білімдерді жүйелендіру көкжиегін белгілейтін; 2) ғылымның нақтылы (жаратылыс, әлеуметтік) салаларындағы білімдерді жүйелейтін; 3) нақты болмысты (тиісті ғылым зерттейтін және оны зерттеу пәнін құраушы универсум фрагментін) зерттеу сипаты - әлемнің арнаулы ғылыми сипаты. Әлемнің қазіргі ғылыми сипатын дамыту арқылы мәдениеттердің төзімділігі мен келісіміне негізделген және осы заманға ғаламдық дағдарыстардан шығуды көздейтін ғаламдық ойлаудың жаңа тұрпаты қалыптасты.
Философтардың (Н.Н. Моисеев, В.С. Степин, В.С. Швырев т.б) пікірінше, бүгінгі таңда құрылу алғышарттары: ғылымның классикалық емес сатысына көшуі ғаламдық эволюционизмнің қазіргі заманғы идеялары жаратылыстану ғылымы, гуманитарлық және табиғи ғылымдар арасындағы дәстүрлі алшақтықты жоюға мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастыру тұжырымдамасы идеялары болып табылатын әлемнің бірыңғай жалпы ғылыми сипатының қалыптасқандығын дәлелдеуге барлық негіз бар.
Ғылым тарихынан белгілі болғандай, ғылыми танымның қалыптасуы мен дамуына әрқайсысы белгілі бір ғылыми парадигмамен байланысты бірнеше кезеңдер байқалады. «Классикалық әдіснамалық тірегі - ньютондық механика болып табылатын әлемнің механикалық сипаты табиғи түрдегі» классикалық парадигма. Классикалық парадигма мен танымның классикалық стратегиясы органикалық түрде байланысты, оған табиғаттың күрделілігі туралы пікірлерге, зерттелуші құбылыстардың болмысын, табиғаттың барлық көпбейнелілігін қарапайым және механикалық көркі бейнеде көрсетуге немқұрайды ыңғай, кездейсоқтыққа жол бермеу, табиғат объектілерінің тұрақты, өзгермейтін жай-күйіне, ондағы сандық өзгерістерге алып келетін үдерістерге айрықша көңіл аудару тән. Оның орнын алмастыратын неоклассикалық парадигма мен таным стратегиясы табиғаттағы кездейсоқтық рөліне қатынасымен ерекшеленеді. Олар кездейсоқ және мүмкін үдерістерді суреттеу тәсілдері туралы жаңа пікірлердің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұдан әрі ғылымның классикалық еместен кейінгі парадигмасы ғылыми ұтымдылық типін өзгертуді көздейді; объекті туралы алынатын білімдердің, қызметтің құралдары, операцияларының айрықшылығымен ғана емес, сонымен қатар, оның құндылық-мақсаттық құрылымымен арақатынасы есепке алынады. Бұл ретте, ғылымішілік мақсаттардың ғылымнан тыс мақсаттармен, әлеуметтік құндылықтармен және мақсаттармен байланысы анықталады.
Танымның классикалық емес соңы стратегиясына табиғат жүйесінің күрделілігі, жүйе құрауыштарының тұтастығы мен ажырамастығы, бұл құрауыштарды бөлудің шарттылығы тән. Педагогика әдіснамасына жататын мәселе тұтастығымен, -моно- немесе педагогика негізінің политұғырлығы. Осы мәселені қарастыруда иерархияға және іс жүзіндегі тұғырлардың өзара әрекетіне қатысты мәселелер туындайды.
Модерннен кейінгі дәуір жекеге, даралыққа қызығушылығын жасырған жоқ. Бұл дәуір философтары капитализмнің барлық түріне қарсы, олар модерннен кейінгі дәуірді дамушы қаржылық капитализмнің талаптарына сәйкес қоғам деп сипаттады. Келешек мәселесі өзектене түсті. Қазір қоғам феодализмнен капитализмге өтетін уақыттағыдай кезеңге тап болып, әрі қарай не болатыны әзірге түсініксіз. Әлемнің келешегінің моделі әзірге жоқ, ескі тәртіп құлады, ал жаңа тәртіп толық орнаған жоқ. Келешек көз алдымызда жасалуда. Келешек әлемі модерннен кейінгі парадигмада қарастырылады (П. Ханна және т.б). Адам да күрделене түспек. Адамның өмір сүру ортасы, айналасындағы әлем табиғаттан гөрі технологиялар мен инновацияларға бағынышты болады. Биотехнологиялар мен нейроғылым адам табиғатын жақсартуы ықтимал. Жасанды интеллект жасау бүгінгі ғылымның күн тәртібінде тұр. Инновация адамның өзін өзі жүзеге асыруының құралына айналады.
Сонымен, адам дамуының әлеуметтік-гуманитарлық парадигмасы қайта қарастырылады. Ғылым философиясы қоғамның инновациялық дамуының үдерістерінің білім беру жүйесіне әсерін пайымдауға ұмтылыс жасауы қажет.
Педагогика ғылымының даму ерекшеліктерін зерделеу бұл сұлбаны ғылыми білімнің осы саласының тарихи дамуына ішінара ғана пайдалануға болатынын көрсетті. ХVІІ ғасырдан ХІХ ғасырдың аяғына дейін педагогикада ғылыми түсінудің логикасын мойындаған көшбасшы ғылымдар математика мен физикада ғылыми-педагогикалық рационалдықтың классикалық типі қалыптасты: білім берудің әлемін сызықты дамудың прогрессивті бағыты деп түсіну; білім берудің өткені бүгінгінің болашағын анықтайтын сала деп тану; педагогиканың жетекші ғылым салалары математика мен физиканы бағдар ұстануы ғылымилықтың екі өлшемін – ғылымилық эталоны – логикалық қарама-қайшылықсыздық және тәжірибелік дәлелділік жасап алуына мүмкіндік туғызды. Педагогиканың әдіснамасында логикалық қарама-қайшылық, логикалық дәлелділік пен дедукцияны пайдалану жолдары іздестірілді.
Физиканың жетістіктері зерттеуші-педагогтарды білімдерді тәжірибелік- эксперименттік тексеруге мәжбүрледі. Бұл педагогикалық ақиқатты логикалық тексеру жеткіліксіз, экспериментке негізделген дәлелдемені қажет деп тапты. Педагогика ғылымына верификация өлшемі ендірілді. Верификация өлшемі негізінде құрылған педагогикалық білім болжамдық-дедуктивтік сипат алды.
Ғылымның классикалық емес типі кезеңінде нысан туралы білім алу құралдарының ерекшеліктері ескеріліп, білімді дәлелдеу әдістері де өзгерді. Педагогика гуманитарлық ғылымдардың әдіснамалық базисіне ендірілді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ғылымилық өлшемі әсемдік өлшемі мен эвристикалық өлшемі болып ендірілді. Педагогика ғылымында таным субъектісі ақыл-ойдың иесі ғана емес, оны зерттеудің аясында сезімдердің, қобалжулардың әсеріне берілгіш тұлға деп қарастырады. Отандық педагогикада XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғылыми рациональдықтың классикалық емес типіне қарай қозғалыс, ағын басталып кеткен еді. Ол типке білімнің ғылымилығының өзіне тән логикалық қайшылықсыздық, верификациялана алуы сияқты өлшемдермен қатар «сұлулық», «эвристикалық» өлшемдері де ене бастады. Сұлулық (әдемілік, көркемдік) өлшемі ғылыми-педагогикалық шығармашылықтың өнімдеріндегі үйлесімділікті білдірді. Сұлулық өлшемі педагогикалық білімнің сапасын жеке адамның қанағаттануы тұрғысынан қарастырды. Эвристикалық өлшемі теорияны, тұжырымдаманы, болжамды таңдауды олардың мазмұнының кеңею мүмкіндігі тұрғысынан сипаттайды. Бірақ еліміздегі оқиғалар бұл үдерісті 70 жылдан астам уақытқа артқа итеріп жылжытты, педагогикалық білімнің бірыңғай стандарты болды. Педагогикада ұзақ мерзімге ғылымилықтың стандарты орнатылды. Бұл стандарт бойынша білім аксиоматикалық деңгейде жасалынып отырды. Негізінен бұл кезеңде педагогикалық зерттеулер логикалық қайшылықсыздық ұстанымын басшылыққа алды.
Жалпы әлемдік контексте XX ғасырдың ортасынан осы уақытқа дейін ғылымда ғылыми рационалдықтың классикалық емес типінен кейінгі дәуір басталып жалғасуда. Аталмыш типке монологизмнен толық бас тарту, бәсекелес тұғырлардың бар екендігін және теориялардың жоққа шығарылуын мойындау, бір сызықты, элементарлы дамуды мойындамау тән болды. Ғылыми рационалдықтың классикалық емес типінен кейінгі кезде адам танымның белсенді қатысушысы, зерттеу әрекетінің жүйе құраушысы деп танылады. Білімді адами мәселелерді шешудегі тиімділігіне байланысты бағалайды. Осыған сәйкес ғалымдардың зерттеу әрекеті және ғылыми-зерттеу әрекетінің әдіснамалық стандарттары өзгереді. Қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық ізденістері ғылыми рациональдықтың осы типінің ғылымилық өлшемдерінің мүлдем басқа түрлерін табуға ұмтылуда.
Отандық педагогика XX ғасырдың соңынан бастап ғыыми рационалдықтың жаңа негіздерін іздестіретін әлемдік үдерістің көшіне ілесуде. Негізінен педагогикалық зерттеулер логикалық қайшылықсыздық өлшеміне сәйкес жүргізілді. ХХ ғасырдың ортасынан бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған ғылымның классикалық еместен кейінгі дәуірінде бәсекелес тұғырларды және теориялардың фальсификациялануын мойындау орын алды.
Ғалымдар бұрмалануын анықтаған ғылыми пәннің белгілерін жүйелей және қорытындылай отырып, ғылыми пәнді құрастыру қағидаларын ұсынды: пән – білім жүйесінің талабына сәйкес оқытуға бейімделген ғылыми білімдер, тәртіп-рәсімдер, әдістер тобы және мазмұны; ғылыми пәннің жеке зерттеу пәнінің болуы; зерттеу мен оқытуда пайдаланатын әдістер; теорияны құрастырудың арнайы тәсілдері; әдіснамалық бағдар; ғылыми пәннің басқа пәндермен өзара байланыстары; басқа пәндер үшін теориялық және әдіснамалық мәнділігі; әлеуметтік маңыздылығы: ғылыми мектептер, зерттеуші топтар және т.б.; пәнді қоғамның мойындау дәрежесі; зерттеу нәтижелерінің практикаға қосқан үлестерінің мүмкіндіктері; зерттеу міндеттерін шешудің құндылықты мақсаттары мен үлгілері.
Ғылыми білімді мәселелерді шешу құралы деп қарастырды. Демек, ғалымдардың зерттеу әрекетін, зерттеу нәтижелерін бағалаудың әдіснамалық стандарттары өзгерді. Қазіргі педагогикалық зерттеулер теориялық және қолданбалы жасалымдарды ғылымилықтың түрлі типін біріктіретінін педагогика әдіснамасына берілген анықтамалардан, сондай-ақ, педагогиканың жалпы ғылымилық бағдарларын ғылымның даму тұжырымдамаларында көруге болады. Ғылымның даму тұжырымдамалары және педагогикадағы ғылыми білім мына құрылымда қарастырылады: ғылым философиясы тұрғысынан педагогиканың генезисі; педагогика ғылымының мақсаты, педагогикалық білім ұғымы; ғылыми-педагогикалық рационалдық және педагогикалық білімнің ғылымилығының өлшемдері; ғылыми-педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері; ғылыми-педагогикалық факт; ғылыми-педагогикалық танымның теориялық әдістері; ғылыми-педагогикалық теорияның құрылымы.
Адамдарды тарихи-мәдени даму субъектісі ретінде зерделеу ғылыми білімдердің қазіргі шындық болмысты бейнелеуі туралы ғылыми деңгейдегі білімдердің дамуын қалыптастыруды қажет етеді. Ғылыми білім шындық болмысты бейнелейтін жаңа деректермен толыққанда ғана өзінің өрістегенін көрсетеді. Осы деректермен толығу үдерісі зерттеудің ғылыми негізделген жаңа әдістерін пайдалануды ұсынады. Бұл әдістер өз кезегінде ғылымтанудағы әдіснамалық деп аталатын теориялық қағидалар жиынтығынан құрылады.
Ғылымда әдіснама (кең мағынада) деп шындық болмысты құрудың ұстанымдарын танып білудің формалары мен тәсілдері туралы ілімді айтады. Кез келген ғылымның әдіснамасы реттеушілік және нормативтік қызмет атқарады. Реттеуші қызмет зерттеу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, ал нормативтік қызмет ол әрекетті нормаға келтіреді. Тұтас алғанда, әдіснамалық құрылымдар таным үдерісінің іргетасы, әрі өте күрделі көпдеңгейлі, зерттеушілік бастамалардың бірізділігін, қарқынын анықтайды, зерттеу барысында алынған білімдерді түсіндірудің көкжиегін белгілейді.
Педагогикадағы кез келген әдіснамалық құрылғы оның философиялық негіздері болып табылады. Өз кезегінде, философия адам болмысының мәселелерін кең арнада қарастыра отырып, педагогикаға бағдар болып табылады. Қазіргі философия біркелкі емес, онда түрлі және бәсекелес ағымдар, бағыттар, мектептер, ілімдер бар. Болмысты пайымдайтын бүгінгі күні экзистенциализм, феноменология, прагматизм, постпозитивизм, герменевтика, персонализм, структурализм, постмодернизм, діни философия және т.б. философиялық ілімдер қатар дамуда. Осыған байланысты, педагогика өзінің әдіснамалық стандарттарына тез түзетулер енгізіп отыр. Аталмыш философиялық түсіндірулерде адамның рөлін, орнын, мәнін сипаттайды. Алдымен, педагогиканың ғылыми пән ретіндегі мағынасын нақтылап алу қажет болып тұр.
Қазіргі кезеңде ғылымның дамуы оның әдіснамалық негізін жете зерттеумен сипатталады. Әдіснамалық зерттеулердің нәтижесі ғылыми ізденістерде басшылыққа алынады және ғылымның әдіснамалық деңгейіндегі біліммен толықтырылып отырады.
Философиялық әдіснама (ғылыми дүниетанымдық көзқарас, ғылыми ойлаудың жалпы формасы мен әдістерін, категориялық құрылымдарын әр түрлі көқарастар бойынша талдау); жалпы ғылымилық әдіснама (жүйелілік, әрекеттік, құрылымдық-қызметтік, бағыттылық, зерттеудің әр түріне сипаттама), оның кезеңдері мен элементтері (синергетикалық әдістер, теориялық, кибернетикалық әдістер, идеалдау, алгоритмдеу, модельдеу әдістері, статистикалық және ықтималдық әдістері және т.б); нақты ғылымилық әдіснама (ғылымның қандай да бір саласында қолданылатын зерттеу әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы); пәндік әдіснама (қандай да бір ғылыми пән саласында қолданылатын зерттеу әдістері мен ұстанымдарның жиынтығы); пәнаралық зерттеу әдіснамасы (ғылымдардың пәнаралық байланыстары формасын анықтайды). Ғылымда әдіснамалық мәселе туындап отырады. Зерттелген әдіснамалық мәселелерге өзекті сипат беру себептерін ғалымдар төмендегідей деп көрсетеді: 1) ғылыми зерттеулердің қарқындылығы; 2) ғылымда болып жатқа жаңашылдық; 3) ғылыми негіздердің күрделенуі; 4) ғылыми ойлаудың құралдары мен әдістерін жүзеге асыру; 5) туындаған қажеттіліктерді негіздеу: әсіресе танымдық әрекетте, ғылыми танымның басқа салалармен арақатынасын ескеріп, ұғымдарды логикалық негіздеу, ақиқатты танудағы әдістердің рөлі мен таным тәсілдерінің сипаты, эксперимент пен теорияның арақатынасы. Айтылған мәселелер нақты ғылымдар тұрғысынан шешілмейді, ғылымдар шеңберінде қарастырылады. Олар терең, әдіснамалық мәнге ие және іргелі әдіснамалық тұғырды қажет етеді. Философияда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. Іргелі зерттеулер объектінің заңдылықтарын ашуға, ғылымның дамуына, оның логикалық құрылымы мен болжамдарын незіздеуге, ғылыми әдістерді жетілдіруге, заңдылықтарды ашуға бағытталады. Іргелі зерттеулердің нәтижесі - жаңалықтар ашу, ал қолданбалы зерттеулердің мақсаты - жаңалықтарды парктикаға, техникаға ендіру, жаңалықтың өмірде қолданылу технологиясын жасау.
Іргелі зерттеулердің нәтижесі ретінде белгілі ғылыми мектептердің теориялық тұжырымдамалары алынады. Іргелі зерттеулерді жүргізу жалпы теориялық білімнің тереңдеуіне, жаңа технологияларды дамытуға, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін сақтауға, ғылыми мектеп құруға, жоғары білім беруді іргелендіруге себебін тигізеді. Іргелі зерттеулердің аяқталған жұмысы түрлеріне: ғылыми мақала, монография, ғылыми болжам, ғылыми баяндамалар, ғылыми жоба және т.б жатады.
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында педагогика әдіснамасының мынадай негізгі зерттеу бағыттары анықталды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет