«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


-дәріс. Тақырыбы: Педагогикалық білім беру саласындағы зерттеудің басым бағыттары. (дәріс-дискуссия)



бет63/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

7-дәріс. Тақырыбы: Педагогикалық білім беру саласындағы зерттеудің басым бағыттары. (дәріс-дискуссия)
Дәрістің мақсаты: Докторанттардың педагогикалық білім беру саласындағы зерттеудің басым бағыттарын анықтай алу құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәрістің негізгі терминдері: зерттеудің бағыты, өзектілік, көкейкестілік, зерттеудің мәселелік алаңы, зерттеу тақырыбы.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағыттары.
2. Ғылым зерттеулердің көкейкесті мәселелері.
3. Педагогикалық зерттеу тақырыптары.


1. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағыттары.

Қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың басты стратегиялық бағыты – интеллектуалдық ұлт қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт - 2020» идеясын ұсына отырып, « ... Заманауи прогрестің мәнін білуіміз керек. Қазіргі шындық мынадай: бүгінгі мемлекет өзінің интеллектуалды ресурстарымен бәсекеге түседі. Елді адам капиталы арқылы бәсекеге қабілетті ету. Бәсекенің бастысы – білімнің бәсекесі. Бұл үшін, біріншіден, білім жүйесінің инновациялық дамуына жол ашу керек, екіншіден, электронды қызмет көрсетуді жаңа заманға сәйкестендіру керек, - деп атап көрсетеді.


Сол интеллектуалды ресурстың бірі – бүгінгі мектеп оқушысы. Ал мектеп мұғалімі республикамыздың жоғары педагогикалық оқу орындарында даярланады. Жоғары педагогикалық білім берудің мазмұны мен технологиясы орта білім жүйесінің даму үдерістеріне тікелей тәуелді. Сондықтан да қазіргі уақыттағы нәтижеге бағдарланған білім беру, білімгерлердің құзыреттілігін қалыптастыру, интеллектуалдық ұлт өкілін тәрбиелеу сияқты стратегиялық міндеттерді орындауға, 12 жылдық мектепте кәсіби қызмет етуге қабілетті жаңа тұрпаттағы мұғалім даярлау – еліміздегі педагогикалық білім беру жүйесінің басты мақсаты. Жоғары білім саласындағы Классификатордағы «Білім беру» атты мамандықтар тобына сәйкес 22 мамандық бойынша педагог кадрлар даярлануда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылдың 19 наурызындағы №185 бұйрығына сәйкес Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі секциясы жұмыс жасайды. Секция «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын, типтік оқу бағдарламаларын және оқу-әдістемелік әдебиеттерді даярлауды ұйымдастыру бағытындағы оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық етіп келеді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 8 ақпанындағы №42 бұйрығына орай Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті базасындағы РОӘК секциясы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогикалық өлшемдер» мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура, докторантураның білім мазмұнын айқындап және оны оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Бүгінгі күні жастарды әлеуметтендіру, олардың өз жан дүниесін психологиялық тұрғыдан білуге үйрету мақсатында ЖОО-дарында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» саласына маман даярлау міндеті қойылып отыр. Сонымен бірге, жоғары мектепте кредиттік оқыту жүйесінің ендірілуіне, нәтижеге және құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған білім берудің қажеттілігіне байланысты «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы ашылды. Аталған сұранысқа орай Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі секциясы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогикалық өлшемдер» мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білім мазмұнын анықтауды және оны оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыруда.
Жоғары оқу орнында кәсіби білім беру жүйесі – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың дәстүрлі жүйеден айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, студент пен оқытушының жеке тәжірибесін есепке алуында, жоғары оқу орнындағы оқытушының ролі мен атқаратын қызметінде, қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерінде, студенттің білім алу белсенділігінің түрінде, кәсіби білім мен біліктілікті ұштастыра дағдыландыру үдерісін ұйымдастыру түрлерінде, жалпы педагогикалық білім берудің стандартының инновациялық үлгісін даярлауда және т.б. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, кәсіби шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог, психолог және оқу үдерісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Қазақстандағы педагогикалық білім беру мәселелері XX ғасырдың 40-50 жылдарынан бері жан-жақты зерттелуде. Педагогикалық білім берудің теориялық негіздері, педагогикалық білім беру мазмұны, мұғалімдерді кәсіби әрекетке даярлаудың түрлі қырлары, педагогтардың шығармашылық, кәсіби, тәрбиелік әлеуетін қалыптастыру, мұғалімдерді даярлау тарихы (Т.Т.Тәжібаев, А.И.Сембаев, Р.Г.Лемберг, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Г.М.Храпченков, Қ.Б.Сейталиев, Г.К.Ахметова және т.б.), педагогтардың кәсіби дарындылығын дамыту (Л.М. Нәрікбаева және т.б.), этнопедагогикалық білім беру (С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова және т.б.), жоғары педагогикалық білім беру мазмұнының теориясының дамуы (А.Д.Қайдарова) мәселелері бойынша іргелі еңбектер жарық көрді. Осы ізденістер нәтижесінде Білім және ғылым министрлігігінің тікелей басшылығымен «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы», (2004 ж), «Жаңа тұрпаттағы педагогті қалыптастыру тұжырымдамасы» (2006 ж) даярланды. Аталмыш тұжырымдамалар жоғары педагогикалық білім беру мазмұнын жасаудың қалыптасқан тәжірибесін жинақтауға септігін тигізді. Қазіргі уақытта еліміздегі жалпы орта білім беру жүйесі 12 жылдық мектепке көшуге дайындық жұмысын жүргізуде. Сол себепті педагогикалық білім беру мазмұнында біріншіден, педагогикалық білім берудің нысанасы ретінде 12 жылдық мектептің мәні, орта білім мазмұнын нақтылау, арнайы қарастыру, екіншіден, білім мазмұнын іске асырудың мақсатын, шарттарын белгілеу; үшіншіден, білім мазмұнын игеру нәтижесінің тиімділігін бағалайтын өлшемді жасау, төртіншіден, отра білім мазмұнын педагогикалық білім берудің отандық және шетелдік тәжірибесімен сәйкестендіру қажет.
Білім беру мазмұны тұжырымдамасын даярлау педагогикалық білім берудің парадигмаларын саралауды талап етеді. Парадигма ғасырлар бойы мәдени-тарихи жағдайларға сай білімнің әлеуметтік құбылыс ретіндегі негізгі параметрлерінің (білімдік, мәдени-құндылық, технократтық, ізгілік, дәстүрлі т.б.) басым болуымен қалыптасады. Жоғары педагогикалық білім беру мазмұны тәлімгерлік, білімдік, техникалық, әдіснамалық парадигмалар деңгейінде зерттелуде. Белгілі парадигмалар ішінен білімге тұрақты қызмет атқарған екі парадигманы ашып айтуға болады, олар: ізгілік және классикалық парадигмалар.
Ізгілік парадигмасы «барлығы адам үшін», «адам байлығы үшін» ұстанымдарына негізделіп, адамның ойлау бейнесін өзгертуге бағытталған. Жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағдымен шектелетін білім жүйесін тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру әлеуетімен қамтамасыз ету мақсатындағы құзырлылық тұғырына ауыстыруды талап етеді.
Жоғары педагогикалық білім берудің мазмұнының зерттеу тарихы, даму көздері, ғылыми аппараты, әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары, кәсіби бағыттылығы, теориялары, дидактикалық нормативтері ғылымда зерделенген. Педагогикалық білім беру мазмұны тек қана психологиялық және педагогикалық бағыттағы пәндермен шектелмейді, болашақ мұғалімді тұтас педагогикалық үдерісті басқаруға толығымен даярлайтын стандарттарда көрсетілген міндетті пәндер және әрбір жоғары оқу орны анықтайтын таңдау пәндерінің мазмұны болып табылады. Жоғары педагогикалық білім беру мазмұны ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда талқылануда. Университет базасында өткелі отырған мәжіліс бір жағынан теориялық тұжырымдарды, екінші жағынан педагогикалық білім мазмұнын жақсартудың практикалық жолдарын қарастырмақ.
12 жылдық мектепке қажет жаңа тұрпаттағы мұғалім арнайы, коммуникативтік, интеллектуалдық, әлеуеттік, бейіндік, технологиялық және т.б. құзіреттілікті меңгерген маман. Мұғалімнің моделін жасауға үш деңгейлі маман даярлау мен оқытудың кредиттік технологиясы үлкен септігін тигізбек. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі педагогикалық мамандықтар бойынша стандарттардың құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, стандартқа 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіптік құзыреттерін ендіру, педагогтардың біліктілік сипаттамаларын нақтылау сияқты маңызды шараларды жасап жатыр. Бүгінгі күні 12 жылдық мектеп мұғалімінің жалпы білімдік, пәндік, кәсіби даярлығының құзіреттілік моделі білім стандарттарында нақтылануда. Ал жоғары педагогикалық оқу орындары осындай бастамаларды өз тәжірибесінде пайымдап, ғылыми-әдістемелік тұжырымдарды жасауға ат салысуы керек.
2010 жылдың 8-9 сәуірінде “Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде мамандар даярлауды оқу-әдістемелік, әдіснамалық және ақпараттық-технологиялық жағынан қамтамасыз ету мәселелері” тақырыбында университет базасындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі секциясының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогикалық өлшемдер» салаларына және шағын жинақталған мектептерге педагог мамандарды даярлау мәселелері бойынша ұйымдастырылған кеңейтілген мәжіліс өтті.
Жоғары оқу орындарында білім берудің ұтымды жолдары мен тиімді әдістері арқылы болашақ мамандарға ғылыми білім беріледі. Күнделікті ақпарат ағымының молдығы, жаңа технологиялардың білім беру жүйесіне енуі жоғары оқу орындарында оқып жүрген болашақ мамандардың тек белгілі ғылым салаларынан алатын білімдер жиынтығына ие болып, не сол бойынша біліктілікті меңгерумен шектелмей, олар алған білімдерін өздігінен қортындылап, жүйелеп, саналы меңгеруге, білімін тиімді пайдалануға, қоғам өміріне қажетті білікті маман болуға дайындалуы керек.
Жоғары білім жүйесі сапалы білім беруге негізделеді. Университеттің базасындағы РОӘК секциясы үнемі тәжірибе жинақтап, жұмысының бағытын нақтылауда. Секция жұмысының мазмұны білім беру жүйесін жетілдіру, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әдістемелік жетілдіру, білім беру үдерісінің қолданыстағы инновациялық технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу және бақылау болып табылады. Университетте білім берудің жаңа моделін сынау табысты жүзеге асырылуда.
Жоғары мектептің жаңа миссиясы – жоғары білікті педагог мамандарды даярлау және олардың бәсекеге қабілетті кәсіптік деңгейін қамтамасыз ету, университет түлектерінің азаматтық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, университеттің әлемдік білімдік, ғылыми және ақпараттық қауымдастыққа енуіне жағдай жасау. Осы миссияны орындау бағытында инновациялық әрекет негізі болып табылатын білімдік және зерттеушілік үдерістер университетте жоғары деңгейде тиімді ұйымдастырылуда. Университет педагогикалық интеллигенцияны даярлап, ауыл мектебінің білімдік және ғылыми-әдістемелік орталығына айналып, мемлекеттік идеология мен ұлттық идеяны іске асыра отырып, үнемі дамып отыратын ғылыми-педагогикалық әлеуетті, қоғамның, өмірдің, педагогтардың кәсіби әлемінің жаңа бейнесін қалыптастыруда.
Қазіргі кезең – ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, тарихи жәдігерлеріміз жаңғырып жатқан кезең. Осы ретте жастарды ұлттық тәрбие негізінде тәрбиелеу – уақыттың өзі артқан жауапты іс болып отыр. Жаһандану ғасырында жастардың бойынан жоғалып бара жатқан ұлттық мінез-құлықты тәрбиелеу – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі.
Жоғары педагогикалық білім берудің тағы бір өзекті мәселесі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бұл жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру арқылы ғана жүзеге асатындығы белгілі. Осы ретте еліміздегі жоғары оқу орындарының бағдарламалары белгілі дәрежеде халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары оқытудың кредиттік жүйесіне бағытталып жасалынуда.
Европалық білім беру кеңістігін жасау жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасын өзектейді. Осы қажеттілікті сипаттайтын Болон декларациясының негізгі қағидаларының бірі – бірегей және үйлесімді дәрежелерді дамыту болып табылады. TUNING жобасында айтылғандай, егер дәрежелердің иегерлері орындауға қабілетті нәтижелерді салыстыру мүмкін болса және сонымен бірге, сол иегерлердің академиялық және кәсіби бейіндерін де салыстыруға болатын жағдайда дәрежелерді салыстырмалы және үйлесімді түрлерге ажыратуға болады.
Бұл жерде «білім беру-педагогика» мамандарын даярлау үшін жалпы европалық ұсыныстарды қалыптастыру жайында сөз болады. Батыс европалық сарапшылардың пікірінше, мыналарды жасау қажет: нақты мәдениет және әлеуметтік мағынадағы нормативті шешімдерге байланысты «білім беру-педагогика» бағыты бойынша оқытушылар мен түлектер орындауға тиісті кәсіптік рөлдерге талдау жүргізу; оқытушылар мен түлектердің кәсіптік міндеттеріне (оқыту, тұлғаны дамыту, кеңес беру, бағалау, инновациялық және зерттеу қызметі) талдау жүргізу; рөлдерді (мысалы, пәндік-арнайы (кәсіби) немесе ауыспалы (түйінді) құзіреттіліктерді) орындауға және кәсіптік міндеттерді шешуге қажетті құзіреттіліктерге талдау жүргізу; осы біліктіліктерді меңгеру модельдерін (оқыту мәдениеті, білім беру ортасы, сабақ беру/оқыту стратегиясы) қабылдау; білім беру бағдарламаларын белгіленген кәсіптік рөлдерді, міндеттерді және біліктілікті орындауға бағыттап даярлау.
Болон процесіне ену нәтижесінде жоғары білім жүйесіндегі реформаларға сәйкес қойылған міндеттерді Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындары өз беттерімен шешуге мүмкіндік жасауда. Жоғары оқу орнын бітірушілердің біліктілігін жоспарлау, жасау және бағалауға қойылатын талаптар да өзгеруде. Бүгінгі маманның біліктілігі, оның білімінің нәтижесі құзіреттіліктер болып танылуда.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді институционалдық аккредитациялау стандарттары білім беру мазмұнының (білімдік бағдарламалардың) кәсіби қызметке даярлау компонентімен қатар студенттердің тұлғалық дамуы, олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыру, түйінді құзіреттіліктерін, интеллектуалдық және академиялық дағдыларын дамытатын компоненттерінің сәйкес болуын талап етеді.
Сонымен қатар, оқу бағдарламаларының мазмұнында студенттердің кәсіби даярлығын қамтамасыз ету, құзіреттілік және тұлғалық-бағдарлы тұрғыларға сәйкес білімдік технологияларды таңдауға, студенттердің рефлексиясы мен өзіндік дамуын ынталандыруға жағдай жасайтын білім мазмұны мен оқытудың әртүрлі тапсырмалары, әдістері, құралдарының болуын көздейді. Сондықтан жоғары білім мазмұнының (білім бағдарламаларының) басты қызметінің бірі білім алушыларда базалық және арнайы құзіреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Білім беру бағдарламаларының сапасын талдау және бағалауда бағдарлама мазмұнында ЖОО студентінде келесі құзіреттіліктердің қалыптасуына мүмкіндік жасауға көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген: құндылық – мағыналық құзіреттіліктер; жалпымәдени құзіреттіліктер; оқу-танымдық құзіреттіліктер;ақпараттық құзіреттіліктер коммуникативтік құзіреттіліктер; әлеуметтік-еңбек құзіреттіліктері;тұлғалық өзіндік жетілу құзіреттіліктері; педагогика ғылымында құзіреттіліктерді анықтау және жіктеу әдіснамасы қалыптаса бастады. Осы әдіснамаға сүйене отырып, құзіреттілік тұрғысынан білім беру процесінің студентке бағытталу сипаты айқындалуда. Осыған орай, білім беру технологияларына, ұйымдастыру формаларына, оқытушылар мен студенттерге, студенттердің жетістіктерін бағалауға жаңа талаптар қойылуда. Білім берудің мазмұнын жобалау және құзіреттіліктерді белгілеу мәселесі академиялық топтар, қызмет ұсынушылар мен бітірушілердің бірігіп әрекет етуін қажет етіп отыр.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің мақсаттарының жиынтығы негізгі құзіреттіліктерді дамыту болғандықтан оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру іскерлігі, өмірлік жағдаяты бара-бар бағалай алу және проблеманың шешу жолдарын табу және т.б. жатады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзіреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын жасауда негізгі ереже сапасында таңдау жасайды. Құзіреттілік тұрғыдан келу қазіргі үздіксіз білім беру, соның ішінде кәсіби білім беруде, білімді дамытудың келесі тенденцияларын айқындайды.Біріншіден, үздіксіз білім берудің жалпы жүйесінде өздігінен білім алу кезеңдерінің мәнділігі. Сондықтан білім берудің қазіргі кезеңінде білім алушылардың өзбетіндік, танымдық және практикалық іс-әрекет дағдысын қалыптастыру міндеті ерекше өзектеліп отыр. Екіншіден, өздігінен білім алуды дамыту жағдайында сөз жоқ, оқыту құралдарының рөлі артады. Қазіргі кезеңдегі оқыту технологиясында оқытудың ақпараттық технологиясының құралдары ерекше мәнге ие болуда. Үшіншіден, білім беруді жүзеге асырудың даралап оқыту принципінің ролін күшейтеді, әрбір білім алушы үшін оқу процесін даралауды жүзеге асыруды көздейді. Төртіншіден, білім беруде пәндік-бағдарлық жүйеден жобалау жүйесіне көшуге бағдарлайды.
Сонымен, құзіреттіліктердің маңыздылығы жөнінде айтатын болсақ, құзіреттіліктер мен дағдыларды дамыту білім берудің студентке бағдарланған парадигмасына сәйкес келеді. Бұл парадигмада студент, яғни білім алушы басты назарда болады да, ал оқытушының рөлі өзгереді. Мұндай өзгерісті оқытушының бағыт беруші рөліне өтуі ретінде қарастыруға болады. Оқытушы – нақты, айқын қойылған міндеттерге жету жолындағы көмекші, бағыт сілтеуші. Қорыта айтқанда, бәсекеге қабілетті білім беру қызметі және оқытуды ұйымдастырудың тұрғылары студент қол жеткізуі тиіс нәтижеге бағыт алатын болып өзгеруі тиіс. Білім берудің тұлғаның негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы оны ұйымдастыруға құзіреттілік тұрғыдан келудің пайда болуын айқындады және ол қазіргі білім жүйесінің әдіснамасы және нақты білімдік технологиялардың негізі ретінде тану көзделуде. Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзіреттіліктерін сипаттап көрсету кәсіби педагогика мәселесімен шұғылданатын ғалымдардың талқылау пәніне айналып отыр. Бұл құбылыстың философиялық, психологиялық және педагогикалық қырлары қарастырылуда. Осыған байланысты жоғары кәсіби білім берудің (мемлекеттік) мазмұнын айқындайтын құжаттарда, яғни ЖКББМС-да, басқа да құжаттарда түйінді құзіреттіліктердің көрініс табу қажеттілігі туындап отыр.
Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің бүгінгі қойылып отырған талаптарға сай құзіреттіліктерді студенттер бойында қалыптастыру мен педагогика ғылымының категориалдық аппаратына түйінді және кәсіби құзіреттіліктерді ендіру, оған сәйкес теориялық және әдіснамалық көзқарастарды қалыптастыру міндеттері жүзеге асыру қажет. Кез келген технологияны, соның ішінде білім беру технологияларын құру оның әдіснамасын таңдауды және негіздеуді талап етеді. Негізгі құзіреттіліктерді дамыту теориясының міндеттеріне барынша бара-бар келетін білімдік әдіснама құзіреттілік педагогикалық тұрғыдан келу болып табылады. Бұл тұрғыдан келуді білім берудің тәжірибесіне ендіру және негізгі құзіреттіліктерді дамытудың теориясын жасау әлемдік педагогика ғылымы мен практикасы үшін бүгінгі күні барынша көкейкесті мәселеге айналуда.
Егер аталған ұғымдар білім берудің теориясы мен практикасының категориалдық аппаратына ендірілетін болса, онда теория саласында негізгі құзіреттіліктер мемлекеттік білім беру стандарттары мен білімдік бағдарламалары ережесіне сәйкес меңгеруге тиісті білім, іскерлік, әрекет тәсілдері белгіленуі қажет. Ал, білім беру практикасы саласында олар прагматикалық сипатта болады және ол төмендегілерге бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оларды тәртіпке келтіру; материалды зерделеудің өзіндік тәсілдерін жасау; білім алушылар алдында пайда болатын міндеттерді шеше білу икемділігі; өз білімімен өзбетінше айналыса білу икемділігі және т.б.
Кәсіби білім берудегі құзіреттілік тұрғы әртүрлі құзіреттілік түрлерінің жиынтығы арқылы күтілетін нәтижені қалыптастыруды көздейді. Тек аталмыш тұрғыдан келу арқылы ғана кәсіби салада өнімді өзбетіндік және жауапты іс-әрекетке дайын маман даярлауға болады. Педагогтың құзіреттілігін жеке тұлға қасиеттерінің интеграциясы ретінде қарастыра отырып, кәсіби педагогикалық құзіреттіліктер моделін анықтау қажет. Ресейлік және шетел ғалымдарының еңбектерінде педагогтың құзіреттілігі келесі бағыттарда қарастырылған: кәсіби еңбек нәтижелілігін анықтайтын білім мен біліктердің жиынтығы (Е.П.Тонконогая); жеке тұлғалық сапалар мен қасиеттердің үйлесімі (Л.М.Митина); кәсіби және жалпымәдени көрсеткіштердің бірлігі (Т.Г.Браже, Е.А.Соколовская).
Бұл тұрғыдан көзқарасқа сәйкес білім беру жүйесі түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзіреттілікті келесі сипаттық белгілеріне қарап түйінді деп қарастыруға болады: интегративтік табиғатының болуы, яғни біртекті немесе жақын келетін білім мен іскерліктерді, мәдениет пен іс-әрекеттің ауқымын (ақпараттық т.б.) өзіне қамтып алады; көпқызметтік, яғни оны меңгеру күнделікті өмірде әртүрлі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді; пәнүстілік және пәнаралық сипатта болады, яғни әртүрлі жағдаяттарда қолданылады; белгілі дәрежеде интеллектуалдық дамуды талап етеді; көпөлшемдік (сиымдылығы), яғни әртүрлі ойлау процестері мен интеллектуалдық икемділіктерді қамтиды. Барлық құзіреттіліктер әртүрлі типтегі амал-әрекеттерді талап етуімен (қосымша және тек белгілі бір жағдайда көрініс табуы мүмкін) мәнді: автономды және рефлексивтік әрекет ету; әртүрлі құралдарды интерактивті қолдану; әлеуметтік-гетерогендік топтарға кіру жән оларда қызмет ету.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында қабылданып отырған негізгі құзіреттіліктерді: проблеманының шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктерді қалыптастырып дамыту көзделіп отыр. Олай болса болашақ маман аталған құзіреттіліктерді оқушылар бойында қалыптастыруды жоғарғы оқу орнының қабырғасында меңгеріп шығуы тиіс екедігіне ешкімнің дауы жоқ деп ойлаймыз.
Мұның барлығы өз тарапынан жоғары білім берудегі тиісті құрылымдық қайта құруды, сондай-ақ алдыңғы қатарлы әлемдік беталысқа сәйкес болу мақсатында білім беру жүйесінің ішкі түрлендіруін қажет етеді. Бұл білім беру жүйесінің сыртқы ортаға бейімделуі жағдайында және оның қазіргі заманның келешекте жасайтын жаңа қадамдарына ұмтылысы кезінде ғана мүмкін болады. Осыған сәйкес білім берудің мәні ғана емес, сонымен қатар оқыту нысандары да түпкілікті түрде өзгеріп отыр, бұған ең алдымен интерактивті оқыту технологияларын (іскерлік ойын, проблемалық жағдай, кейс технологиялар) жатқызуға болады. Сонымен қатар, оқыту үдерісінде жобалық – ұйымдастырылған тәсілдерді қолданудың тиімділігін біздің өз тәжірибеміз де көрсетіп отыр.
Жоғары педагогикалық оқу орындары мемлекеттік білім беру стандарттарындағы камтылған тәрбие мазмұны және оны іске асырудың жолдары университет тарапынан іргелі өзгерістер жүргізіліп отыр. Жұмыс оқу жоспарларына «Мектептегі тәрбиенің теориясы мен әдістемесі», «Тәрбие технологиясы», т.б. пәндер таңдау компоненті негізінде енгізілді. 2004 жылғы Мемлекеттік стандарт бойынша педагогикалық практикаларға кредит санының көп берілуі де тәрбие жұмысыны ұйымдастыруға жағдай жасалды.
Тәрбие тұжырымдамасындағы қойылған негізгі мақсатын – Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз етуді басшылыққа ала отырып, тәрбиенің негізгі қағидаларын балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру; жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау; тұлғаны толераттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу; өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасауды негізге алдық.
Осы уақытқа дейін қалыптасқан тәрбиенің түрлерін (жалпы тәрбиенің 33 түрі қалыптасқан) жинақтай отырып, тәрбиенің негізгі басым бағыттарын ұсынады: азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие; рухани-адамгершілік тәрбиесі, отбасы тәрбие; өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру; коммуникативті мәдениетті қалыптастыру; экологиялық тәрбие; эстетикалық тәрбие; дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру; еңбек және эко-номикалық тәрбие; кәсіби-шығармашылық тәрбие; интеллектуальді мәдениетті дамыту.
Қазіргі таңда еліміз өзінің тәуелсіздігін алуымен әлемдік жаһандану үрдісінен орын алып отыр. Білім беру жүйесінің Болон декларациясына сәйкес әлемдік білім кеңістігіне кіруі, экономикалық еркін аймаққа мүше болуға ұмтылысы біздің алдымызға үлкен маңызды міндеттерді жүктейді. Тек мемлекеттік тұрғыда ғана емес, әлемдік тұрғыда бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұр. Қазақстандық патриотизм әлемдік тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудың негізгі бір тұғыры деп айтуға болады. Қазақстан Республикасы алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы бұл әлемдік бейбітшілікті сақтауға жасаған негізгі қадам болып табылады.
ХХI ғасыр жаһандану үрдісі бүкіл әлем халықтарын біріктіру арқылы өркениеттілікті сақтап қалу барысында бар күш - жігерін жұмсап отырған тұста патриотизм ұғымы кең тұрғыда тек Отан емес, әлемдік тұрғыда қарастырылуды қазіргі қоғамдағы және әлемдегі даму үрдісі талап етеді. Ұлттық парыз, мақтаныш, намыс, сезім, сана, рух, т.б. құндылықтар ұлттық идеяның негізгі көрінісі болып табылады. “Ұлттық идея рухани құндылықтарды жаңғыртуда үлкен дем береді. Отаршылдық, тоталитарлықты басынан өткізген жалаң интернационализмнің зардабын шеккен этностар үшін ол отарлаушы құлдықтан, ұлтсызданудан арылудың рухани тірегі. Сол себепті де бүгін өткен тарихқа, дәстүрлікке, әлеуметтік тәжірибеге деген ынта өсіп, төлтума ұлттық ерекшеліктерге көз жеткізуге, нығайтуға күш салынуда.Ұлттық идея - ойдан шығарылған қиял емес, ұлттық болмыстың, тарихтың көрінісі”.
Ұлттық идея мен мемлекеттік идеология тұрғысынан Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі өзегі ұлттық патриотизм болып табылады. Философия ғылымында “Идеология - қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы, олар әлеуметтік болмысты белгілі бір таптың мүддесі тұрғысынан бейнелейді және бағалайды, ол, әдетте осы таптардың идеялық өкілдері тарапынан жасалып, қазіргі қоғамдық қатынастарды не нығайта түсуге, не өзгертіп қайта құруға бағытталады,“– дей келе, идеология ұлттық идеялар мен көзқарастардың жиынтығынан тұратынына тоқталады. Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте жақсы жазылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
Қазақстан Республикасы аталған құжаттардың басты идеяларын білім саласында негізге алды. Мектептегі тәрбие жұмысын жалпы әлемдік құндылықтарға негіздей отырып, жаңа құндылықтар жасауға талпыныс жасау көзделуде. Оның мәні жас ұрпақты басқаларда бар нәрсені бағалай білуге үйрету, жалпыадамзаттық дамуға үлес қосуға, халықтардың күш-жігерімен жасалған құндылықтарды құрметтеуге және қорғай білуге тәрбиелеу. Құқықтық демократия құрып жатқан Қазақстан Республикасы үшін, оның ішінде құқықтық реформаның басты субьектісі болып отырған қазақ халқы үшін ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрлі құқықтық құндылықтардың ұлт менталитетінде алатын орны ерекше. Құқықтық мәдениетті ұлт менталитетінің темірқазығына айналдыру дегеніміз – ұлттық сана-сезімнің құқықтық беріктігін күшейту, агрессиялық пиғылдағы ойлар мен іс-әрекеттерге заң жүзінде тойтарыс берудің рухани қамалын жасау. Халық болып Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау, оны бұлжытпай орындау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу тұлға бойындағы құндылықтың негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет