3. Педагогика саласындағы әдіснамалық білімнің пайда болу көздері.
Әдіснамалық және педагогикалық әдебиеттің талдауы кем дегенде, педагогика саласындағы жаңа әдіснамалық білімнің қалыптасуының бірнеше көздерінің барын ескеруге мүмкіндік береді.
Алғашқы ақпарат көзі – бұл ізденіс барысында түрлі ғылыми мәселелер қойылып, шешілетін педагогтардың ғылыми–зерттеушілік іскерлігі. Педагогика саласындағы жаңа әдіснамалық білімнің пайда болуының екінші ақпарат көзі – теориялық-әдіснамалық мәселелер шеңберіндегі ғылыми зерттеушілік қызмет. Әдіснамалық білімнің қалыптасуының үшінші ақпарат көзі – бұл ғалымдардың педагогика ғылымы шеңберіндегі ғылыми зерттеудің жалпы негіздерін қалыптастыру жұмысы болып табылады. Аталған жұмыс педагогтардың ғылыми -зерттеушілік әрекетінің теориясын жасау арқылы әдіснамалық білім алуға бағытталған. Әдіснамалық білімнің қалыптасуының педагогикаға қатысты төртінші ақпарат көзі – ең алдымен педагогиканың ғылым ретіндегі пәні мен нысаны, мақсаттары мен қызметтері, әдістері мен логикалық құрылымын дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеушілік жұмыс.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Педагогика саласындағы әдіснамалық білімге, оның белгілеріне, даму деңгейлеріне сипаттама беріңіз.
2. М.А. Даниловтың және В.В. Краевскийдің педагогиканың әдіснамасы мәселесіне арналған ғылыми еңбектеріндегі негізгі ұғымдардың анықтамаларын салыстыру параметрлерін құрастырыңыз.
3. Педагогиканың әдіснамалық білімдерінің жіктемесін В.И. Журалевтің еңбектеріндегі қағидаларға сүйеніп негіздеңіз.
4. Педагогика саласындағы жаңа әдіснамалық білімнің пайда болу көздеріне сипаттама беріңіз.
5. Әдіснамалық білімнің негізгі ұғымдарының 2-3-не анықтама беріңіз (педагогика әдіснамасы», «педагогика әдіснамасының құрылымы», «педагогика әдіснамасының қызметтері», «педагогика әдіснамасының түрлері», «педагогика әдіснамасының деңгейлері», «педагогика әдіснамасының пәні», «педагогика әдіснамасының деңгейлері», «әдіснамалық зерттеу», «әдіснамалық негіздеу», «әдіснамалық рефлексия», «әдіснамалық аппарат», «әдіснамалық мәдениет», «әдіснамалық білім», «әдіснамалық мәселе», «әдіснамалық бағдар», «әдіснамалық тұғыр», «әдіснамалық қағидалар» және т.б.).
Негізгі әдебиет
1. О науке: Закон Республики Казахстан . Алматы: ЮРИСТ, 2011. – 20 с.
Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңы. Астана, 2011.
2. Таубаева Ш.Т. Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 340 бет.
3. Философия и методология педагогики: научные школы стран СНГ и Республики Казахстан: хрестоматия. Под ред. д.филос.н., профессора А.Р. Масалимовой. - Алматы: Қазақ университеті, 2017 .- 402 с.
4. Методология педагогики: монография/ Е.А. Александрова, Р.М. Асадулин, Е.В.Бережноваи др.; под общ.ред. В.Г. Рындак. – М.: ИНФРА-М, 2018 – 296 с.
5. Бордовская Н.В. Диалектика педагогического исследования: монография/Н.В. Бордовская. – Москва: КНОРУС, 2018.- 512 с.
6. Мардахаев Л.В. Магистерская диссертация: подготовка и защита: учебно-методическое пособие.- М.: Квант Медиа, 2018. – 106 с.
7. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике: монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 423 с.
11-дәріс. Тақырыбы: Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әдіснамалық тұғырлары: мәні, жіктемесі және мазмұны. Педагогикадағы жүйелілік әдіснамасы және гуманитарлық әдіснама. (шолу дәрісі)
Достарыңызбен бөлісу: |