«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет73/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Дәрістің мақсаты: Докторанттардың педагогика әдіснамасы мәнін гносеологиялық, философиялық, ғылымтанулық тұғырлары туралы ғылыми білімдерін қалыптастыру.
Дәрістің негізгі терминдері: таным, ғылыми таным, таным теориясы, әрекет, зерттеу әрекеті, педагогикалық зерттеу, оқу-зерттеушілік әрекет.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Педагогика әдіснамасы мәнін зерделеу тұғырлары.
2. Педагогика әдіснамасының практикалық бағыттылығы .
3. Педагогика әдіснамасының эвристикалық әлеуеті.


1. Педагогика әдіснамасы мәнін зерделеу тұғырлары.
Педагогикалық әдіснамасының қалыптасу үдерісін талдап қорыту педагогикалық әдіснаманы түсінудің белгілі ұстанымдарын біріктіретін ортақ дүниені анықтауға және олардың айырмашылықтарын белгілеуге мүмкіндік береді.Мұны талдауда автор Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, Б.С. Гершунский және Н.Д.Никандровтың, В.Е.Гмурман, В.В.Краевский, С.И. Колташ, А.Г. Кузнецова, М.Н.Скаткин, Е.В. Титованың және басқалардың белгілі жұмыстарына сүйенеді. Мысалы, педогогиканың даму бағыттарын талдай келе, В.Е. Гунурман: «Педагогика әдіснамасы мәселелерін шешу философиялық және ғылымтану әдебиеттерінде түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар әдіснаманы әдістер туралы ғылым, басқалары философиялық үрдістер қолданылатын сала, үшінші біреулер әдіснама тек жалпы емес, сонымен қатар, нақтылы ( басқа терминология бойынша – арнаулы) зерттеу әдістерін жинауға арналған деп түсіндіреді. Аталған қарама – қарсы тұғырлар әдістемелік мәселелердің өрісін не қисынсыз тарылтады, не шексіз кең ұлғайтып жібереді» ­- деп атап көрсеткен еді .
Педагогикалық әдіснаманың мәнін ашу және оны іздеу бағытындағы алғашқы тұғырлардың бірі гносеологиялық деп аталады.Бұл атау педагогикалық әдіснама ұғымына туыстас « әдіснама» ұғымы ғылыми әдебиетте « гносеология» немесе « таным теориясы» ұғымдарына жақындығымен сипатталады.Аталмыш тұғырды жақтаушылар педагогикалық әдіснаманың бір бағыты – педагогикалық болмысты танып – білу әдістеріне немесе педагогикалық объектілерді тану үдерісінің өзі туралы ғылымға баса мән береді.Бұл ретте, педагогикалық болмысты тану және түсіндіру әдістерін толықтыру және жаңартудың факторлары мен бастаулары, сондай – ақ , педагогикалық болмысты қайта құру әдістері туралы ғылым ұзақ уақыт назардан тыс қалып келді.Педагогикалық әдіснаманы бұлайша түсінуге сәйкес, белгілі отандық әдістемеші М.А. Данилов былай деп жазды: « Педагогика әдістемесі – дамушы қоғам жағдайында үздіксіз өзгерістегі педагогикалық болмысты дәл сипаттап көрсететін ғылымды қалыптастырудың қағидалары, тұғырлары және тәсілдері туралы педагогикалық теорияның бастапқы ережесі, негізі және құрылымы туралы білімдердің жүйесі болып табылады».
Педагогикалық әдістемені гносеологиялық мектептің ( И.С. Ладенко ) дербес ғылыми пәні ретінде ресімдеу:
- педагогикалық болмыс объектілерін талдау және оларды дамытудың шарттарын іздеуде қайшылықтар теориясына сүйенген;
- педагог – зерттеушілердің ғылыми – педагогикалық ойлаудың проблемалық сипатына басымдық пен бағдар ұстануына және ғылыми – педагогикалық ізденудің логикалық негіздерін іздеумен байланысты болды.
Әдіснамалық ізденудің осы бағытына тән педагогикалық әдіснаманың тек қана гносеология ғана емес, сонымен қатар, онтологияның қызметін қатар атқаратын таным кеңістігінің гетерогендігін акценттеу шындығында матричной болатын. Жекелей алғанда, бұл ғылыми – педагогикалық фактілерді сипаттап, педагогикалық объектілердің мәнін ашатын , олардың бұдан әрі өзгеруі мен дамуының табиғаты мен шарттарын ғылыми түсіндіретін сала ретінде педагогикалық ғылым пәнінің түсіндіруінде қарастырылады.
Қаралып отырған кезеңнің ғалым – педагогтары қауымдастығы санкция жасаған педагогика саласына диалектикалық ғылымның пәндік үлсінің сызбасы педагогикалық объектілердің бірқатар сипаттамаларын түрлі жүйелерге біріктіруге және педагогикалық болмыстың алуан түрлілігін бейнелейтін педагогикалық зерттеушілердің санқырлы болғанымен бірегей кең әдістемелік стратегиясының қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді. Аталмыш факті әдістемешілердің педагогикалық әдістемені қалыптастырудың бірінші сатысының өзінде жүйелеуші тұғыр идеясы тірегінің көрсеткіші болып табылады.
Педагогика әдіснамасы пәнін дамытудың гносеологиялық парадигмасы аясында фундаменталды ( іргелік) және теориялық педагогикалық білім алудың логикалық моделін жасау, оны талдау мен бағалаудың тиімді құралдары педагогикалық болмысты танудың диалектикалық логикасын тірек ете отырып , күрделі үдерісінде анықталды.Таным теориясын дамытудың арқасында ғана педагогиканың әдіснамалық мәселелері саласында көптеген зерттеушілер педагогикалық болмыстытанудың табиғаты мен логикасын және әдістерін , көптеген педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің мәндік сипаттамаларын анықтау және түсіндірудің тәсілдерін анықтай отырып, гносеологиялық тұғырды дамытты.
Нәтижесінде, педагогиканың әдіснамалық педагогтың қолданысына зерттеу мәселесі мен оның нәтижелерін бағалауға дейін ойлау үдерісін қамтып, ашатын педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру логикасын жан – жақты түсіндіру енді.Бұл логика белгісіз пән немесе педагогикалық іздену мәселесі көбінесе біртіндеп гипотеза (болжам) түрінде анықталады және тұғырнамалық ( концептуальный) идея түрінде, кейін мінсіз және мүлтіксіз құрылымдалған тұғырнама (концепция) немесе формальды – логикалық модуспен ( рәсімдер, құралдар және әдістермен) ресімделеді.
Белсенді даму үстіндегі педагогикалық әдіснама аясындағы гносеологиялық тұғырмын қатар, педагогикалық ғылым, оның объектісі мен пәні шегінде өмір сүретін философиялық жүйе қаралған тағы бір ұстаным анықталды. Педагогикалық ғылымды дамыту әдіснамасы ретінде философиялық деп аталатын екінші тұғырдың авторлары, атап айтқанда, түрлі педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді тануға және зерттеуге қолданылатын диалектиканың ережелері немесе доктриналары мен заңдарын, философиялық идеяларын қарастырады. Екінші ұстанымның жақтаушылары педагогикалық әдіснаманың , оның « бастапқы ережелері мен қағидалары, түсініктердің мәні мен жүйесі ең алдымен, философиялық тұғырнамамен анықталады және аталмыш ғылыми білім саласының құрамдас бөлігі болып табылмайды» деп тұжырымдайды. Тарихи талдауда аталмыш бағыттың өкілдері педагогикалық әдіснаманың ғылыми – педагогикалық білімнің дербес саласы ретінде даму мүмкіндігін жоққа шығарғанын атап өту маңызды.
Философия мен педагогика әдіснамасын теңдестіру педагогтар ғана емес, бірқатар философтар тарапынан қарсылық туғызды. Белгілі философтар және педагогтар ( П.В. Копин, В.Н. Садовский, В.А. Лекторский, Э.Г. Юдин, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский, В.В. Краевский, Г.П. Щедровицкий және т.б ) бұл ғылым салаларының шекарасынын анықтау философиялық мәселелердің шектен тыс ұлғаймауына мүмкіндік беретінін атап көрсетті.Философия нақтылы білімнің арнаулы саласына жататынын, біздің жағдайымызда педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелері есебінен теориялық ғылымтануға айнала алмайды. «Философиялық талдау педагогикалық талдаумен қатар қолданылуға , бірақ оның орнына қолданылмауға тиіс. Педагог-зерттеушілердің педагогикалық болмыс объектілерін зерттеуде тек философиялық талдау бағытын ұстануы тұйыққа әкеп тірейтіндігі көпке айқын болды.
“ Біздің кезімізде қалыптасқан педагогика ғылымы – қолданысындағы педагогикалық талдауды философиялық талдаумен алмастыруға '' ұсыныс, В.В. Краевскийдің әділ түрде ескертуі бойынша осы заманғы педагогтардың зерттеу жұмыстарының сапасын және соған орай педагогика ғылымының даму тиімділігінін көтеруге ықпал жасай алмайды.
Отандық педагогика тарихының бүкіл кеңестік кезеңінде ұзақ уақыт бойы маркстік-лениндік әдіснама педагогика ғылымының оның практикасымен байланысты түрде табиғаты мен дамуын объективті түрде және жан- жақты түсіндіретін бірден – бір дұрыс ілім ретінде саналды. Марксистік – лениндік әдіснамаға педагогтар ең алдымен педагогикалық болмысты дамыту жолдарын тану, түсіндіру және бағдарлауда басшылыққа алынатын педагогикалық бағдардың жиынтығы ретінде қарады. Осыған байланысты, педагогикалық әдіснаманы дамыту тарихында Ресейдегі Кеңес кезеңіндегі педагогикалық ғылым мен практиканың өзін дамытуға елеулі ықпал еткен үшінші идеялогиялық тұғыр болғанын айтуға болады.
Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңде 2001 жылғы әдіснамалық семинардың ғылыми мақалаларының жинағының алғы сөзінде В.В Краевский былай деп жазды: « ұсынылған тұғырлардың қалыптан тыс , пікірлердің әралуандығымен бірге өткен уақыттарда баршаға міндетті идеялогиясыз елестету мүмкін емес әдіснама енді мүмкін болды. Осылайша әдіснаманың өз алдына өмір сүруге құқықы туралы ертеректе туындаған ой қолдау тапты».
Ғылым әдіснамасы мәселелерін басты назарға алған отандық философтар ( Э.Г. Юдин, М.Г. Ярошевский, А.Г. Спиркин т.б) әдіснаманы жеке ғылым және оның даму құралдарын ғылыми қызметтің құрылымы, пішіні мен тәсілдері және үлгісі жөніндегі қағидалар ретінде қарастыру қажеттігіне барынша ден қойды. Осының арқасында философия аясында әдіснама туындап, белсенді түрде дамыды, ал қазіргі кезеңде ғылым дамуының тарихы дамуда.Осының ықпалымен педагогикалық әдіснаманы түсінуге деген көзқарас біртіндеп өзгеріп, гносеологиялық, философиялық және педагогикалық тұғырлар барған сайыт жиі сынға ұшырай бастады.
Нәтижесінде, төртінші тұғыр – ғылымтану анықталып, педагогтардың әдіснамалық зерттеу өрісінің пәндік шекарасын анықтайтын және әдіснамалық, тарихи және теориялық білімдерді ажыратып және біріктіріп ғылыми- педагогикалық білім құрамын жаңартатын ғылыми білімнің айрықша саласы ретінде түсінтіруімен ерекшелене бастады. Бұл тұғырдың ұстанымы бойынша педагогикалық әдіснама аясында ғылыми жүйе ретінде педагогика ғылымын дамыту қағидаларының, құралдарының, әдістері мен үлгілерінің ерекшеліктерін, объектісі жүйе ретінде педагогикалық ғылым және оның даму үдерісі болып табылатын, табиғаты жағынан ғылыми зерттеудің әдіснамалық рәсімдері мен жеке әдістерін зерттеп айқындайтын ғылыми сала болып табылады.
Баяндалған идея мазмұнында педагогикалық әдіснамаға «білім жүйесі сондай- ақ, осындай білім алу жіне арнаулы- ғылыми педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша қызмет жүйесі» ретінде педагогикалық әдіснамаға неғұрлым жалпы анықтама беріледі және әрі қарай мазмұны толығады.Мысалы, педагогикалық әдіснама мағынасында «педагогикалық болмысты бейнелейтін білім алудың қағидалары, тұғырлары және тәсілдері туралы, педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу және бағдарламаларды, логика мен әдістерді негіздеу, зерттеу жұмыстарының сапасын бағалау жөніндегі қызмет жүйесі» түсініледі.
Философиялық және педагогикалық білімдерді дамыту үдерісінде осы заманғы философтар мен педагогтар педагогикалық әдіснама объектісі мен пәні аясында педагогтардың жобалау қайта құру әдістемесі мен ғылыми-танымдық әдіснамасын ажырата бастады.Осыдан барып « танымдық және қолданбалы деп айтылуы мүмкін педагогикалық ғылым жүйесін салыстырмалы түрде ерекшеленген қос кіші жүйесін құру идеясы пайда болды. Біріншісі шығарда ғылыми теориялар түрінде білімдер- бейнелеулерді береді. Алайда, оларды алу үшін ғылыми танымның әдісі пайдаланылады, оның құрылуы және қызмет етуі ғылыми танымның әдіснамасына, сондай-ақ, танымдық кіші жүйесінің құрамына кіретін ғылымдар рефлекстеледі.
Екіншісі шығарда шындығында қолданбалы ғылыми - педагогикалық білімді – педагогикалық практиканы қайта құру әдісін береді. Алайда, оларды алу үшін практиканы қайта құру әдістерін әзірлеуде шешілетін арнаулы аралық тапсырма болып табылатын ерекше білімдер- бейнелеулер қажет. Бұл білімдерді алу үдерістері қолданбалы зерттеулер деп аталынуы мүмкін. Олар ғылымның қолданбалы кіші жүйесінің ішкі аралық буынын құрайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет