«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Профессор Б.Т. Барсайдың «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» т



бет140/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Профессор Б.Т. Барсайдың «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы докторлық диссертациясы бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі қағидаларға тоқталайық. Олар: 
1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары: тұлғалық тұғыр – студенттердің өздерін субъект ретінде сезінуіне көмектеседі; әрекеттік тұғыр – болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің құрылымын және мазмұнын меңгеру тетігін айқындауға мүмкіндік жасайды; жүйелілік тұғыр – кәсіби әрекет барысында студенттерде кәсіби-дидактикалық құзыреттілікті әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттер бірлігінде қарастырады; ақпараттық тұғыр – болашақ мұғалімнің ақпараттар кеңістігінде еркін жұмыс жасай алуына бағыттайды; мәдениетнамалық тұғыр – студенттердің қоғаммен, адамдармен қарым қатынастағы өркениеттілігінің, мәдениетінің негізі.
2. Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерін дайындауда олардың кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесін құрудың теориялық негіздері - тұлғалық-бағдарлы білім беру теориясы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың басты бағдары, педагогикалық үдеріс теориясы - болашақ мұғалімнің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың объектісі, іс-әрекет теориясы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғыры, пәндердің интеграциясы туралы теориялар - болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылады;
3. «Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің - педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық–педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби және дидактикалық құзыреттілігінің үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз дамыта білу қабілеті» деп айқындалуы «бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы» деп нақтыланған бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің анықтамасы негізінде ұсынылады.
4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жалпыдан жекеге логикасы бойынша әдіснамалық, теориялық, оқу-әдістемелік және ақпараттық технологиялық қамтамасыз ету түрінде ұсынылады.
5. Әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттерге сәйкес өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлеріне негізделіп түзілген болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі.
6. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі олардың бастауыш сынып оқушыларына білімді дүниенің ғылыми бейнесі негізінде меңгертетін сапалы білім беруге мүмкіндік жасайды.
Тағы бір мысал үшін П.Ш. Маханованың «Оқушылардың оқығандығының диагностикасы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы бойынша қорғауға ұсынылатын қағидаларды тұтастымен қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет