«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Курстық жұмыс және оларды орындау әдістемесі



бет148/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Курстық жұмыс және оларды орындау әдістемесі
Мақсаты: Студенттерге курстық жұмыстың түрлері және орындалу әдістемесімен таныстыру.
Жоспары:
1.Курстық жұмыстың мақсат міндеттері
2.Курстық жұмыстың құрылымы және орындалу әдістемесі
3.Курстық жұмысты безендіру жолдары
4.Қорғаудың ережелері. Қазіргі таңда болашак педагогты жан-жақты кәсіби шеберлікпен дайындау мөселесі бүгінгі күн төртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Педагогтың кәсіби шеберлігінің бір саласы оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында, күнделікті педагогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өскелең үрпақтың оқу мен тәрбие қүралдарын, жолдарын анықтап білуінде.
Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер институт, университет қабырғаларында жүргенде курстық жұмыстар, соңғы курстарда дипломдық жүмыстар орындайды.
Курстық жұмыcтың мақсаты — студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып қалыптастыру. Енді осы жоғарыда аталған курстық жүмыстың түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтейік:
Теориялық-логикалық сипатгағы курстық жүмыстар. Берілген әдістерді терең оқу арқылы бір ғылыми мәселенің ашылу жағдайын қарастырады. Студенттер мүндай жұмыстарды орьндай отырып, библиографиялық ізденіс жасай білуі керек. Әдеттегі берілген материалдарға талдау жасайды. Зерттелінетін мәселе бойынша ұсыныстар жасап, жаңа идея ұсына алады немесе бұрынғы идеяға түзету енгізеді қорытынды жасайды.
Тарихи логикалык сипаттағы орындалатын курстық жұмыстар. Белгілі бір кезеңдегі өскелең ұрпақтың тәрбие жұмысын қалыптастыру заңдылықтарын, нәтижелерін, мақсатын зерттеу. Мұндай типтегі курстык жұмыстарды негізінен тарих, философия факультеттерінің студенттері белгілі бір тарихи құбылыстың мән-жайын, тарихи оқиғаның шығу себептерін, педагогика тарихы, баспасөз тарихы туралы мәселелерді зертгеу барысында орындайды. Бүл жағдайда тарихи ғылымдарда пайдаланатын зерттеу әдістері қолданылады. Олар: тарихи материалдарды тарихи теориялық түрғыдан талдау, жүйелілік талдау, құрылымдық талдау, статистикалық талдаудан тұрады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет