2. Педагогика саласындағы әдіснамалық білімнің даму деңгейлері.
Педагогиканың әдіснамалық білімдерінің мазмұны. Педагогика саласында ғылым мен тәжірибенің алға қарай дамуын әдіснамалық жағынан қамтамасыз етуді сапалы басқару үшін ең алдымен әдіснамалық білімінің мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Мұнда әдіснамалық білім педагогика әдіснамасының құрылымын кеңейтіп, тәрбие мен білім, ғылым мен тәжірибенің қайта құрылуына мүмкіндік тудырады.
Ғылымда әдіснамалық білімнің түрлі жіктелулері белгілі. Әдіснаманы мазмұндық және нақтылық деп бөледі. Мазмұндық әдіснамаға ғылыми білім құрылымы; ғылыми теорияның пайда болуы, өзгеруі және қызмет етуінің заңдары; ғылыми ұғымдар қоры; ғылыми әдістер құрамы; ғылымилық өлшемдері мен шарттары кіреді. Нақты әдіснама ғылым тілінің мәселелерін, білімдер жүйесі типологиясын, зерттеу әдістерін жасайды.
Әдіснама мәселелері философияда екі бағытта жасалуда: гносеологиялық–логикалық жалпы зерттеулер мен шынайы өмір әрекеті үдерістері және зерттеу нысандарын зерттеу. Педагогика әдіснамасын анықтауда келесі келісілген анықтамаларды қабылдауға болады: бұл педагогикалық болмыстағы қайта құру және зерттеу әдістері және зерттеу ұстанымдары енетін педагогика ғылымының бөлімі. «Педагогика әдіснамасы» ұғымы көлеміне әдіснама иерархиясы әсер етеді: жалпы әдіснама, педагогика әдіснамасы, педагогика ғылымындағы пәндердің және нақтылы білімдердің әдіснамасы. Бірақ қазіргі жағдайда педагогикадағы жеке зерттеулер және сол сияқты көлемді зерттеулерді жинақтауда әдіснамалақ қамтамасыз етудің иерархиялық модельдері қажет.
Әдіснамалық білім құрамы мәнді жаңартуды күтеді. Педагогикадағы әдіснамалық білімнің құрылымдық-мазмұндық анықтылығы, қайта құру іс-әрекетінде және зерттеуді жақсартуда маңызды рөл атқаратын қырларын дамыту өте маңызды.
Көрсетілген топтарды әдіснамалық білім құрамына енгізуде объективті себептер кездеседі. Біріншіден, әрбір топтағы білімнің педагогикалық болмысқа қатысты жалпылығы және қайта құру, зерттеу әдістері және ұстанымдары туралы педагогика ғылымының саласы ретіндегі педагогика әдіснамасының ғылыми анықтамаға сәйкес келуі. Әдіснамалық білімге келтірілген топтардағы қатынас негізі және педагогика ғылымы және практикасының жаңаруының тиімді формалары, олардың іргелілігіненегіз болады. Педагогика әдіснамасы білімінің ұсынылған құрамының логикалық негізгі сапасына оның кешенінің біртұтастығы,практиктер және теоретиктер шешетін міндеттерге сәйкес әдіснамалық білім құрылымдарын қайта құрулардың мүмкіндігі жатады.
Қазіргі кезде әдіснамалық білімнің мәні, құрылымы, мазмұны және атқаратын қызметі, оны қолдану мүмкіндіктерін терең ұғыну үдерісі байқалады. Ғалым В.И. Журавлев әдіснамалық білімнің құрамын былайша анықтайды. Педагогиканың әдіснамалық біліміндегі әрбір блок ғылыми және практикалық міндеттерді шешіп, әдіснамалық қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. 1. Ғылымның әлеуметтік міндеттері тәрбие тәжірибесінде және педагогика әдіснамасында өзіндік орын алады. Олар Үкіметтің құжаттарындағы сипаттамадан және оларды шешу бағыттарынан тұрады. Педагогика ғылымы және практикасын жетілдіру үшін мемлекеттік мақсатты жеке, кәсіптік, атқарушылық, орындаушылық міндеттерге көшіру үдерісі қажет.
2. Екінші топтағы әдіснамалық білімді философиялық, гносеологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар, еңбектер құрайды.
3. Педагогика ғылымы туралы білімдер – өзгермелі әріпедагогиканың әдіснама құрылымындағы үлкен көлемді блок. Әдіснамалық білімнің дамуы – педагогикалық мәліметтер банкін жасау. Бұл педагогикалық тәжірибе теориялық зерттеулер мен іс-тәжірибелермен қамтамасыз етілген.
4. Педагогикадағы ұғымдар қоры тәрбие және әдіснаманың мазмұндық компоненті ретінде педагогикалық үдерістің дамуында және педагогика ғылымы мен тәжірибесі ұштасуында ерекше рөл атқарады. Мұнда ғылым алдында ақпараттар қорын құру туралы мәселе туындайды.
5. Педагогикалық зерттеулер әдістері – әдіснамалық білімнің негізгі блогы. Педагогикалық зерттеулер әдістерінің қайта құрылуы бірнеше бағытта іске асуы керек. Бәрінен бұрын, дәстүрлі әрбір әдісті оның негізгі сапалары мен сипаттамалары және мүмкіндіктерін танымдық құрал ретінде бағалау керек. Педагогика ғылымы әдістерін сапалы жетілдіруде ұжымдық ғылыми әдістерді жасау маңызды болып табылады.
6. Педагогикалық болжаудың әдістері мен ұстанымдары. Кез келген ғылыми ізденістің бөлігі педагогикада жаңа шешім, әдістемелік, ұйымдастырушылық немесе басқа да құрастыру элементтерін көрсетеді.
7. Педагогикалық шынаы болмысты қайта құрудың әдістері мен ұстанымдары. Диагностикалық, түсіндірмелік әдістер қарқынды дамуда.
8. Педагогикалық зерттеулер нәтижелерін және бағыттарын идеологиялық тұрғыдан түсіндіру.
9. Педагогиканың өлшемдік аппараты педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми және тәжірибелік нәтижелерінің сапасы мен тиімділігін жеткілікті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Өлшем жүйесінің әдіснамалық негізінсіз шынайы жетістіктің сапасын тиімді бағалау және басқару қызметін жүзеге асыру мүмкін емес. Көрсеткіш пен өлшем жүйесінің болмауы педагогикалық үдерісті тежейді.
Сонымен, педагогикадағы әдіснамалық білімнің құрамы осындай. Мұны қолдану педагогиканың әдіснамасын жоғары сатыға көтеріп, оны педагогикалық үдерісті жеделдетудің стратегиялық құралына айналдыра алады.
Педагогика жаңа фактілермен толығып отырғанда ғана дами алады. Ол үшін теориялық ұстанымдар жиынтығынан тұратын, зерттеудің ғылыми негізделген әдістері, яғни әдіснама қажет.
Әдіснама нақты зерттеудің мазмұнында, материалында, логикасында, автор ойының дамуында болады. Қазіргі кезде теориялық ойлау мен практикалық әрекетте мұғалімді әдіснамалық жағынан дайындау қажеттілігі туындап отыр.