«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


- педагогиканың философиялық негіздері



бет15/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

- педагогиканың философиялық негіздері (педагогикалық парадигма, ғылым философиясы, білім беру философиясы жеке тұлғаның менталитеті, педагогикалық ғылымтану);
- педагогика әдіснамасының қазіргі кезеңдегі бағыты (әдіснамалық мәселе, әдіснамалық білім, әдіснамалық зерттеу, әдіснамалық тұжырымдама, әдіснамалық зерттеудің ұстанымдары, инновациялық зерттеу, мұғалімнің инновациялық даярлығы);
- педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері (педагогикалық зерттеу логикасы, педагогикалық зерттеу әдістері, педагогикалық зерттеу нәтижесі, педагогикалық зерттеу сапасы).


4. Ғылым тұжырымдамалары және олардың педагогикадағы көрінісі.

Философия ғылымы ғылыми әдіснамамен толығып отырады. Мәселен, философ В.Г. Черников “диалектикалык әдіснама” ұғымын енгізеді. Диалектикалық әдіснама (қыскаша, диалектика) күрделі кешенді білім беру:


1) дамудың жеке өз алдына табиғатпен, адаммен өзара бірлікте дамудың объективті шындык бейнесін керсетеді;
2) адамның ойлау және тану субъективті шындығының философиялық бөлімі ретінде көрсетіледі;
3) адам мен табиғаттың, адам мен коғамның объективті-субъективті, материалды-рухани, практикалык өзара қарым-қатынасының ақиқатын бейнелейді.
В.П. Кохановский әдіс пен әдіснаманың өзара байланысын қарастырып, әдістердің классификациясын береді. Автор әдіснамалық білімнің көпдеңгейлік концепциясын ұсынады: философиялық әдістер, жалпығылыми бағыттар мен әдістер, жалпығылыми әдістер, зерттеудің пәнаралық әдістері.
Терминдердің этимологиялық мағынасына сәйкес әдіснаманы әдіс жайындағы ілім, кеңінен ашқанда, теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру, реттесу, құру бойынша принциптер жүйесі жайындағы ілім деп қарастыруға болады.
Қоғамдық практиканың кеңеюі мен баюы таным әдістерін қайта қарастыруды, жетілдіруді талап етеді. Ғылыми танымның дамуы барысында ойлау әдіс-тәсілдері жетіліп, әдіснаманың қайта құрылуына әкелінеді. Сондықтан әдіснама философия білімінің жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Қазіргі кезеңдегі ғылымның дамуы оның әдіснамалық негізін жете зерттеумен сипатталады. Бұл бір жағынан, ғылымның алдында тұрған жаңа міндеттермен, сондай-ақ ғылымға казіргі кезеңде белгілі білім мен әдістер көмегімен шешуге болмайтындығымен, ал екінші жағынан - ғылымның артқан эвристикалык әлеуеті бойынша түсіндіріледі. Қазіргі кезеңде әлемдегі болып жаткан құбылыстарды және пәнді тану сол үрдістің «өзіндік танымымен», оның өзіндік дамуының шарттары және заңдылыктарымен анықталады. Бұдан шығатын қорытынды: білім беру саласындағы ғалым-теоретиктер мен ғалым-практиктердің барлық күш-жігерін ғылымның тиімді жақтарын зерттеугеғ ғылымның әрі әдіснамалық таным, әрі жеке ғалымдардың әдіснамалық проблемеларымен бірлікте қарастыруын қажет етеді.
Ғылыми философия тұрғысынан педагогиканың генезисіне көзқарас. Ғылымның қалыптасу үдерісіне ғалымдар ХХ ғасырда ғылыми білім тез қарқынмен дамыған кезде, оның адам өміріне әсері күшейген уақытта аса назар аударды. Ғылымның өзі де зерттеу мәселесіне айналды. Өз зерттеулерінде ғылымның қалыптасу мәселесін ең басты зерттеу пәні ретінде қарастырған ғылым философиясының ойшылдары (К.Поппер, Т.Кун, М.Полани, С.Тулмин, И.Лакатос, П.Фейерабенд және басқалар) ғылым деген не, ғылыми таным ерекшелігі неде, ғылымның құрылымы мен қызметтері қандай, оның даму сипатына не әсер етеді деген сұрақтарға жауап іздеді. Ғылым туралы пайымдауларды қайта қарастыру қазіргі педагогиканың қалыптасуына тікелей қатысы бар болғандықтан да қажет. Бұл үшін ХХ ғасырға дейін ғылым философиясы өкілдері «ғылыми заң» деп нені түсіндіргенін еске түсіру керек. Сол тарихи кезеңде көпшілік ғалымдар әлемді зерттеушілердің байқауына тәуелсіз деп таныды. Әлемдегі тәртіпті ньютондық түсінік осыған алып келді. Барлығы да заңдармен басқарылады деп түсінілді. Ғалымдар ғылыми әлем құпиясын ашуға, оны түсіндіруге, ондағы әрекеттенуші күштерді тануға қабілетті деген күмәнсіз пікірде болды.
Әрине, барлық ғалымдар дәл осылай ойлаған жоқ. Олар адам айнала қоршаған дүниемен танысуда әлем туралы сезімдік куәліктер-мәліметтер бар деп айтты. Ғылымдағы бұл бағыт логикалық эмпиризм деп аталды. Осы бағытты қолдаушылар ғылымды жоққа шығаратын адасуларды, ойдан құрылғандарды «ғылымнан қуу» керек, ғылымның негізгі қызметі, олардың көзқарасына – сезімдік шындық болмысты сипаттау. Бұл бағыт өкілдері нағыз ғылымның моделін ұсынды. Ғалым әрі сезімдік қабылдауды, әрі зерттеу барысында алынған сезімдік мәліметтерді негіздейтін «хаттамалық сөйлемдерді құрастыра алатын болуы керек» деп шешті. Кез келген ғылымның эмпирикалық базисі осылайша түсінілді. Ғылыми қағиданың өлшемі верификация болды. Бірақ осындай ғылымды негіздеу бағдарламасының орындалуы мүмкін емес еді. Сонымен бірге логикалық эмпиризм ғылымның эмпирикалық базисі мен тілінің шынайылығы туралы ойлануға мәжбүр етті. Бұл педагогикаға да өз әсерін тигізді. Педагогика өзінің ұғымдық тілін, эмпирикалық базасын қайта тексерді және пайымдады, педагогика ғылымының құрылымы, оның теорияларының құрамы туралы ойланды. Жалпы алғанда, логикалық эмпиризм ғылымилықтың жаңа көкжиегіне жетуге ықпал жасады.
Бертінде ғылым феноменін басқа құралдармен сипаттау және түсіндіру қажет болды. Ғылымға оның тарихы арқылы қарауға ұмтылыс жасалды. Ғылымның тарихы ғылыми әрекеттің ерекшелігін зерделеу кілтіне айналды. Зерттеушілер назарын осылай қайта бағдарлауда Карл Раймонд Поппер үлкен рөл атқарды. К.Поппер индукция әдісі ғылымды негіздеуде ішінара ғана қолданатынын дәлелдеді. К.Поппердің бұл ойлары оны фальсификационизм деп аталатын әдіснаманың, кез келген қағидалық ғылымилығын анықтаудың әдіснамасын жасауға әкелді. К.Поппер ойшыл ретінде әлемнің объективті өмір сүруіне сенді. Ол ғалым осы әлем туралы шындық білім алуға ұмтылатынын жоққа шығарған жоқ. Ғалымдар әлемді тану үшін болжамдар жасайды, теорияларды құрастырады, тіпті заңдар ашады. Бірақ олардың ешқайсысы ашылған жаңалықтар шынайы деп айта алмайды.
Поппердің пайымдауынша, ғылыми білімнің ғылымилығы оның жоққа шығарыла алуында (фальсифицируемость). Бір білім басқа біліммен (әсіресе жоққа шығарылмаған, бірақ жоққа шығарылатын әлеуеті бар) жоққа шығарылу үдерісі ғылымның даму үдерісі деп түсіндіріледі. Поппер фальсификациялану ұстанымын ұсынып, ғылым туралы таралған пікірді өзгертті. Ол ғылымның негізгі міндеті пән туралы шынайы білімге қол жеткізу емес, ғылыми теорияларды ұсыну, қалыптастыру және өз кезегінде фальсификациялау деді. Поппер ғылымның логикасынан ғылымның тарихына қарай ауысты.
Педагогика ғылым институтының тарихилығын тез арада көңіл аударып, фальсификациялану педагогикалық ұғымдық аппараттан орын алды. Сонымен педагогика өзінің теориялық құрылымдарына, қолданбалы жасалымдарына тереңірек үңілетін болды.
К.Попперден кейін ғылымның өз тарихына терең бойлауға жол ашылды. Осы жолға ғылым дамуының тарихилығы негізінде көп зерттеушілер назарын аударған тұжырымдаманы Томас Кун жасап шығарды. Т.Кун ғылым философиясына ғылыми білімнің өсуін сипаттауда және түсіндіруде негізгі болып табылатын «парадигма» ұғымын енгізді. «Парадигма» ұғымын тарихтың нақты бір кезеңінде ғылыми қауымдастық мойындаған ғылыми жетістіктер жиынтығы деп түсіндірді. Парадигмалық білімдер үлгісіне әлем туралы жаңа білім жасауда ғалымдардың көпшілігі пайдаланатын Ньютонның, Максвеллдің, Бордың, Эйнштейннің теориялары жатады.
Кун үшін парадигма – теория ғана емес, әрі ғылыми әрекет үлгісі. Бұл үлгі өзін пайдалану барысында жан-жағынан үшкірленген,әрі қырланып жаңарып отырады. Біртіндеп ол анық бола бастайды да, зерттеу жүргізуде аса қажет құралға айналады. Парадигма, сондай-ақ, зерттеу алаңын белгілі бір деңгейде тұжырымдай алады, шындық болмыс ғылыми зерделеу аясындағы сұрақтарды топтастырып анықтауға мүмкіндік туғызады. Сонысымен парадигма зерттеу әрекеті аясында қандай фактілер алынатынын анықтайды. Парадигма ғылыми қауымдастықтың санасын игеріп алады. Парадигманы қабылдай отырып, ғалымдар зерттеушілік әлеуетін күшейтіп отырады.
Қайсыбір парадигманы өз әрекетіне үлгі еткен ғылымды Кун «нормадағы ғылым» деп атады. Нормадағы ғылымда парадигма белгілеп берген нақты міндеттерді шешу жолы беріледі. Зерттеу әрекетін парадигма анықтайды. Тек сол ғана ғылымға қандай әдістер мен құралдарды пайдалануға болатынын хабарлап отырады. Парадигмаға сүйене отырып, жаңа білім, жаңа заңдар, заңдылықтар ашылады, фактілер табылады, орнығады. Бірақ тарих көрсеткендей, парадигма кейбір зерттеу міндеттерін шешуге мүмкіндік жасай алмайтын уақыт та келеді. Кунның айтуынша, ғылымда аномалиялық жағдаят туындайды, парадигманың жеткіліксіздігі сезініле бастайды. Демек дағдарыс туындап тұр. Енді бұрынғы парадигма ғылымдарды біріктіре алмайды. Ғылым дамуының нормалық кезеңі аяқталды. Оның орнына ғылыми революция келеді. Осы кезде ғана, дейді Т. Кун К.Поппердің айтқаны болып жатады. Ғалымдар бәсекелес болжамдарды тексереді және қайта тексереді. Ең соңында жаңа парадигма пайда болады. Осы жаңа парадигманы қабылдаған ғалымдар өз ғалымының пәндік алаңын жаңаша көріп, жаңаша зерделейді. Жаңа парадигмаға негізделген зерттеулер көбейе түседі. Ғылымға оның дамуының нормадағы кезеңі қайтып оралады. Кунның пікірінше, ғылыми білім үдерісінің мәселесін шешетін ғылымның циклдік дамуы осылайша жүреді. Ғылым тарихы, логика мен гносеологияға қарағанда, күрделі жағдаяттарды шешу жолдарын жақсырақ көрсетеді дейді Т.Кун.
Т. Кун парадигмалық білімдер туралы айтқанда жаратылыстану ғылымдары жетістіктеріне сүйенді. Ол бұл ғылымдарды, гуманитарлық ғылымдарға қарағанда, қалыптасқан ғылымдар деп есептеді. Кунның тұжырымдамасын қабылдаған ғалымдар оны гуманитарлық ғылымдарға да таратты, көшірді. Олар парадигмалық білім үлгісіне Платон мен Аристотельдің, Августин Блаженный мен Фома Аквинскийдің, Кант пен Гегельдің көзқарастарын жатқызды. Осындай көзқарас педагогикада да орын алды. Педагогикалық таным үдерісін де Т.Куннің әдіснамалық схемасын пайдаланып, түсіндіруге болады деді. Педагогикада парадигмалар, ғылыми революциялар туралы айтыла бастады. Педагогикада ғылымды түсінудің Кунның үлгісіне аса қызығушылық таныту осы күнге дейін жалғасуда. Демек, К.Поппер мен Т. Куннің ғылымды талдаудың тұжырымдамалық схемалары ғылыми білімнің дамуында түпнұсқалы және қызықты. Ғылымға ғылым тарихы арқылы қарау теорияларды, заңдарды, ғылыми нәтижелерді тарихи шартты салыстырмалы түрде, яғни тарихи-әлеуметтік шарттарға байланысты қарастыруға әкеледі. Ғылыми білімнің осындай тарихи шарттылығын ХХ ғасырдың екінші жартысында Пол Фейерабенд өз тұжырымдамасын «эпситемологиялық анархизм» деп атап, өз көзқарасын анық білдірді.
Оның түсінігінше, ғылымдағы өзара өлшемсіздік ұстанымдарының салдары ретінде әдіснамалық анархизм туындайды. Әрбір ғалым өз тұжырымдамасын басқа тұжырымдамалармен салыстырмай жасаса, оны болмайтындықтан, онда анархизм ғылым үшін «норма» болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет