3-дәріс. Тақырыбы: Философия және педагогика: өзара байланысы мен әрекеттестігі. Педагогиканың философиялық бағдарлары (дәріс-консультация)
Дәрістің мақсаты: Докторанттардың зерттеу барысында философиялық бағдарларды қисынды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Дәрістің негізгі терминдері: философия, педагогика, философиялық бағдар, , таным теориясы.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Философия және педагогиканың өзара байланысы
2. Философия және педагогиканың өзара әрекеттестігі
3. Педагогиканың философиялық бағдарлары
1. Философия және педагогиканың өзара байланысы
Педагогика және философия. Философиямен байланыс - педагогикалық ойлардың дамуының бұлтартпас шарты. Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Олар теориялық зерттеу – тәжірибемен тікелей, педагогикалық болмыспен – жанама, ал философиямен тікелей байланыста болатындықтан, педагогикалық теорияны құру үшін керек. Бірақ философия мен педагогиканың арақатынасы мәселесінде бәрі анық десек, дұрыс болмаған болар еді. Соңғы жиырма жылдықта біздің санамызда көлемді ұғыммен аталатын құндылықтар жүйесін құрайтын дүниетанымдық пайымдау өзгерді. Бір-ақ нәрсе қалды – педагогикадағы философиялық тұжырымдардың орнына келген екі тарихи шартты көзқарастар қалды.
Біріншіден, бұған, педагогиканы “қолданбалы философияға” жатқызуға ұмтылатындар енеді. Екіншіден, керісінше, философиядан педагогиканы бөліп қарастыруды ұсынатындар жатады.
Бұл екі көзқарасты да тарихи тұрғыдан түсіндіруге болады. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, ерте кезден философиялық жүйенің бір бөлігі болып келді. Оның ғылым ретінде философиядан “бөлектенуі” басқа ғылымдармен қатарлас болды. Бірінші көзқарасты білдірушілер пікірінше, педагогиканы білімнің практикалық қолданбалы саласы ғана деп білуін философиялық ғылымдар – этика, логика, эстетика тәрбиенің мақсаттарын жалпылама қарастырудан деп түсіндірді. Екінші бағытты қолдаушылар педагогикада философиядан бас тартуға әрекеттенуде. Олар ХІХ ғ. аяғында, бірінші үрдіс өз күшінде тұрғанда әрекеттенді. Бұл екі бағыт бүгін де педагогикада, кей уақытта бір-бірімен жанжалжасып қалуға дейін барып та қатар өмір сүруде.
Бұл мәнді сұрақтарға көзқарастағы айырмашылықтар педагогикалық зерттеулердің барысына, нәтижелеріне және бағасына мәнді әсер ететіндіктен, бұл екі бағыттың көріністерін тәптіштеп қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |