Педагогиканың философиямен байланысы. Қазіргі күні философияның педагогикада әдіснамалық қызмет атқаратыны күдік тудырмайды, алайда, осы заманғы жағдайда педагогиканың пәнаралық байланысы жаңаша даму үстінде. Бұл үрдістің ХХ ғ. ортасында басталуы ойлау қызметінің бөліп қарауға, оқытуға және дамытуға мүмкін ортақ үлгісі болатындығын Мәскеу әдіснамалық үйірмесі жұмысының нәтижелері дәлелдеді. Осы көзқарасқа сәйкес әдіснама қызметі ойлау және ойлау қызметі рәсімдерін ұйымдастырумен байланысты туындайды.
Педагогика ғылымын дамытудағы басты (беталыс) үдеріс – объективті түрде жаңа педагогикалық білімді іздеу. Философияда да мұндай үдеріс бар және оның мәнісі – осы білімді және оның басқа ғылыми білімдер арасындағы орнын іздеу болып табылады. Осылайша, философия ғылымда бар әдістер «жұмыс істемегенде», әдіснама ретінде қажет болмақ. Философия ғылымды іздену бағытымен қамтамасыз етеді, өзіндік әдіснамасын жасауға көмектеседі. Осымен философияның міндеті аяқталады. Нақтылы ғылыми зерттеулермен ол айналыспайды. Бұл философия ілімінің өз сипатына байланысты.
Педагогикадағы пайда болған жаңа әдіснамалық бағдарлар ғылыми танылған соң педагогтардың танымдық және тәжірибелік қызметінің логикасына әсер етеді, яғни әзір қайта қарауға жатпайтын шүбәсіз білімге айналады. Екінші мыңжылдықтың соңындағы оқиғалар дәл қазір осындай сәт туғанын көрсетеді.
Философтар ғылымның әдіснамасының іргелі мәселелерін және жеке ғылым салаларының әдіснамалық пайымдауларын зерттеуде: диалектиканың, логиканың және таным теориясының бірлігі (М. Ж. Әбділдин, Б.М. Кедров, П.В. Копнин және баскалар); материалистік диалектиканың категориялар жүйесін (А. Н. Нысанбаев, А.П. Шептулин, Ф.И. Георгиев, А.Е. Фурман және баскалар); қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі заңы (С. П. Дудель, В.П. Тугаринов, Ф.Ф. Вяккеров және т, б.); тарихилық пен логикалықтың өзара қарым-қатынасы (А.Г. Спиркин, М.Н. Алексеев, С. Добриянов); теориялық жүйені құру ұстанымдары (А. И. Ракитов, П.В. Йолон, В.Н. Голованов, М.Ш. Хасанов); жаратылыстану ғылымы саласындағы диалектиканың мәселелері (М. С. Сабитов, В.А. Фох, М.Э. Омельяиовский, А.Д. Александров, П.К. Анохин, Н.П. Дубинин және басқалар), қоғамдық ғылымдардағы диалектикалық мәселелер (П. Н. Федосеев, Ф.В. Константинов, А.М. Румянцев және т. б.). Бұл талдаудан жеке ғылымдардың әдіснамалық мәселелері мен танымның жалпы әдіснамасының жасалуының өзара шартты байланыстс екендігі көрініп-ақ тұр.
Сонымен, ғылым әдіснамасы — ғылыми білімнің құрылымын, негіздеу және даму әдістерін, ғылыми танымның әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылымтанудың бөлімі.
Педагогиканың әлем назарындағы философиялық бағдарлары: Неомарксизм, Экзистенциализм, Феноменология, Структурализм, Прагматизм, Герменевтика, Аналитикалық философия, Персонализм, Постмодернизм, Философиялық антропология. XX ғасырда философия ғылымы танымды мәдени-әлеуметтік феномен ретінде қарастырады. Оның негізгі мақсатына ғылыми білімді қалыптастыру әдісінің тарихи өзгерісі, ғылыми білімді қалыптастыру жолдары мен осы үрдіске мәдени әлеуметтік факторлардың әсерлері қандай екенін зерттеу кіреді. Ғалымдар В.С. Степин, В.Г. Горохов, М.А.Розов өздерінің “Ғылым мен техника философиясы” атты оқу құралында ғылыми танымның ерекшеліктерін, оның қазіргі өркениеттегі алатын орны, ғылыми революциялар мен ғылыми өнертапкыштың келу кезендерін сипаттайды (1996 ж).
Философия ғылымы ғылыми әдіснамамен толығып отырады. Диалектикалық әдіснама (қыскаша, диалектика) күрделі кешенді білім беру
1) дамудың жеке өз алдына табиғатпен, адаммен өзара бірлікте дамудың объективті шындык бейнесін керсетеді;
2) адамның ойлауы және тануы субъективті шындығының философиялық бөлімі ретінде көрсетіледі;
3) адам мен табиғаттың, адам мен коғамның объективті-субъективті, материалды-рухани, практикалык өзара қарым-қатынасының ақиқатын бейнелейді.
Ғалымдар әдіс пен әдіснаманың өзара байланысын қарастырып, әдістердің классификациясын береді, әдіснамалық білімнің көпдеңгейлік тұжырымдамасын ұсынады: философиялық әдістер, жалпығылыми бағыттар мен әдістер, жалпығылыми әдістер, зерттеудің пәнаралық әдістері.
Терминдердің этимологиялық мағынасына сәйкес әдіснаманы әдіс жайындағы ілім, кеңінен ашқанда, теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру, реттесу, құру бойынша ұстанымдар жүйесі жайындағы ілім деп қарастыруға болады.
Қоғамдық практиканың кеңеюі мен баюы таным әдістерін қайта қарастыруды, жетілдіруді талап етеді. Ғылыми танымның дамуы барысында ойлау әдіс-тәсілдері жетіліп, әдіснаманың қайта құрылуына әкелінеді. Сондықтан әдіснама философия білімінің жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Қазіргі кезеңдегі ғылымның дамуы оның әдіснамалық негізін жете зерттеумен сипатталады. Бұл бір жағынан, ғылымның алдында тұрған жаңа міндеттермен, сондай-ақ ғылымға казіргі кезеңде белгілі білім мен әдістер көмегімен шешуге болмайтындығымен, ал екінші жағынан — ғылымның артқан эвристикалык әлеуеті бойынша түсіндіріледі. Қазіргі кезеңде әлемдегі болып жаткан құбылыстарды және пәнді тану сол үрдістің «өзіндік танымымен», оның өзіндік дамуының шарттары және заңдылыктарымен анықталады. Бұдан шығатын қорытынды: білім беру саласындағы ғалым-теоретиктер мен ғалым-практиктердің барлық күш-жігерін ғылымның тиімді жақтарын зерттеуге ғылымның әрі әдіснамалық таным, әрі жеке ғылымдардың әдіснамалық мәселелерімен бірлікте қарастыруын қажет етеді.
Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы мәдени-өркениеттің дамуының негізгі көрінісі болып табылады. Білім берудің жаңа парадигмасын практикада жүзеге асыру үшін педагогтың кәсіби-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Педагогтың кәсіби- зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру: әлемдік бәсекеге кабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа парадигманың қоғамды дамытудағы үлесі, жалпы орта білім беретін және жоғары мектептердегі инновациялық реформаларды жүзеге асыру, білім беру саласындағы инновациялык өзгерістер, оку-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттык, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және т.б.
Педагогтың зерттеушілік әлеуетін қалыптастыру білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру практикасында өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін практикалық бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды. Сондықтан да педагогиканың философиялық бағдарларын пайымдау аса қажет деп білеміз.